Жер пайдалану құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 20:28, реферат

Описание работы

Жерді пайдалану құқығына, табиғи ресурстарды пайдаланудың ерекше құқықтық белгісі бар түрі ретінде, айрықша тоқтала кеткен жөн. Жерді пайдалану құқығында, табиғатты пайдалану құқығының басқару түрлері сияқты, мақсаттық сипат бар. Бірақ кейбір жағдайларда ол жер учаскесінде жеке меншік құқығына жақын құқықтық режиммен азаматтық айналымға кіреді.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

Жер пайдалану құқығы түсінігі

Жер пайдалану құқығының түрлері

Уақытша жер пайдалану құқығы

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Жер пайдалану құқығы.doc

— 83.00 Кб (Скачать)

         Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен беріледі. 
          Уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi түрiнде және тозған әрi бүлiнген жердi қалпына келтiру үшiн берiлетiн жағдайларды қоспағанда, бес жылдан аспауға тиiс. 
          Үйлер (үй-жайлар) мен ғимараттарға берiлген жер учаскесiн уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды, соның iшiнде ғибадат құрылыстарын уақытша өтеусiз пайдалану мерзiмiмен айқындалады. 
          Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн иелiктен шығаруға, соның iшiнде оларды кейiнгi жер пайдалануға бepугe жол берiлмейдi.

          Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы (жалдау) 
          Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкiн. 
          Уақытша өтеулi жер пайдалану құқығы шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына - 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.

          Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Жер пайдалану құқығын беру жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу, сату, сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жалдау — бастапқы жер пайдаланушы өзінің Жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, өзіне тиісті учаскені өкілетті органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша пайдалануға беретін жағдайда, ал өтеусіз уақытша пайдалану — келісімшарт негізінде пайда болады. Кейінгі жер пайдаланушының өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беру құқығы жоқ, ол уақытша жер пайдаланушы болып есептеледі. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың, шет ел тұлғалары қатысатын біріккен кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алуына болады, бірақ олардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланушыға беруге құқығы жоқ.  

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                             ҚОРЫТЫНДЫ 

            Қорытындылай келе, жер пайдалану құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы болып табылады. 
              
Пайдалану құқығын, өз өкілетілігінің бірі ретінде, меншік иесі өзінің меншігіндегі табиғи ресурстарға қатысты жүзеге асырады. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, әрқашанда, пайдаланушының меншігіндегі ресурстарға қатысты емес, құқықтың басқа субъектіснеің, негізінен мемлекеттің меншігіндегі ресурстарға қатысты жүзеге асырылады. Тек жер учаскісінің пайдалану құқығы ғана мемлекеттік те, жеке де меншікті жерлерге қатысты болуы мүмкін.

           Жерді пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтемдi немесе өтеусiз болуы мүмкiн. 
      Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығында тиесiлi жер учаскелерiнде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiру тұрақты және өтеусiз жер қойнауын пайдалану құқығымен жүзеге асырылады. 
          Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың барлық қалған түрлерi уақытша және өтемдi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады.

            Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу, сату, сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі.

      

Информация о работе Жер пайдалану құқығы