Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 15:45, реферат
Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiлетiн жер қорының сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн базалық (бастапқы), жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Жер мониторингі жайлы жалпы мәлімет..........................................................4
2. Жер мониторингін ұйымдастыру және жүргізу...............................................7
3. Жер мониторингін жүргізу тәртібі....................................................................9
3.1. Жер мониторингін жүргізудің негізгі бағыттары.......................................12
Қорытынды..........................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................15
Локальдық мониторинг – аймақтық деңгейден төмен орналасқан объектілерде, тіпті жеке жер учаскелерінде және қарапайым ландшафты-экологиялық кешендерде жүргізіледі.
Өзгеру сипаты бойынша фондық және импактты мониторингтің түрлері қарастырылады.
Фондық жер мониторингі адамның ешбір әсері тимейтін жерлердің күйін бақылау жүйесі болып табылады және ол биосфералық қорықтарда жүргізіледі.
Импактты жер мониторингі антропогендік факторлар әсер ететін жерлерде жүргізіледі.
Бақыланатын процестерге байланысты мониторинг:
1.эволюциялық;
2.циклдық;
3.антропогендік;
4.төтенше мониторинг түрлеріне бөлінеді.
Эволюциялық жер мониторингі тарихи даму процестермен байланысты.
Циклдық жер мониторингі тәуліктік, маусымдық, жылдық табиғи өзгерістермен байланысты.
Антропогендік жер мониторингі адамның іс-әрекетімен байланысты.
Төтенше жер мониторингі өндірістік авариялар, экологиялық, табиғи апаттар және катастрофалармен байланысты.
Мерзімі мен жүргізу уақыты бойынша негізгі, мерзімді, жылдам өткізілетін және ретроспективті жер мониторингі болып бөлінеді
Негізгі жер мониторингі мониторингті жүргізе бастаған кезде объектілердің күйін белгілейді.
Мерзімді жер мониторингі белгілі мерзім сайын жүргізіледі(1,5,10...жыл).
Жылдам өткізілетін жер мониторингі үнемі, үздіксіз жүргізіліп ағымдағы өзгерістерді белгілейді.
Ретроспективті жер мониторингі алдындағы бақылаулардың тарихи талдауын береді.
Мониторинг жүйелерін топтастыруды бақылау әдістерінде негіздеуге болады. Мысалы, физикалық, химиялық, биологиялық көрсеткіштер бойынша және қашықтықтан мониторинг жүргізу.
Химиялық мониторинг –
Физикалық мониторинг –
Биологиялық мониторинг –
Қашықтықтан жүргізілетін
Экологиялық мониторингті үш сатыға бөлуге болады:
Сонымен қатар мониторингті
3.
Жер мониторингін жүргізу
принциптері
Мақсаты мен талаптарына байланысты жер мониторингінде келесі жүргізу принциптері бөлінеді:
Бір-бірімен сыйымдылығы және салыстыруға болатындығы принципі жер мониторингін жүргізудің негізгі принципі болып табылады. Оның маңызы бірыңғай топтастырғыштарды, нормативтік-техникалық негіздердің бірыңғай мәліметтерін, бірыңғай мемлекеттік координаталар мен биіктіктер жүйесін қолдануда.
Әдістер мен технологиялардың бірлігі принципінің мақсаты мониторингті келісіп жүргізуде.
Мәліметтердің дәлдігі және сенімділік принципі жер мониторингі мәліметтерінің нақты күйі мен пайдалануына сәйкестігін қарастырады.
Мәліметтердің толық болуы принципінің маңызы белгілі мәселелерді шешу үшін ақпарат толық және жеткілікті болуында.
Жер мониторингін үздіксіз жүргізу принципінің маңызы жер қатынастарында, кейбір категориялардың саны мен сапасында, жер қорын таратуы мен құрамында болып жатқан өзгерістерге байланысты мониторинг ақпаратты жүйелік немесе мерзімдік жаңарту арқылы жүргізуде.
Көрнектілік принципін қолданып мониторингті жүргізу уақытында түрлі карталарды, сызбаларды, атластарды, есеп берулерді қолдану.
Мәліметтерге қол жетерлік принципі – мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болатын мәліметтердің басқаларына қол жетімді болу керек.
Арзандылық пен тиімділік принципі бойынша жер мониторингінің мәліметтерін қабылдау, жүйеге келтіру, сақтауды қамтамасыз ететін әдістер, технологиялар мен тәсілдер қолданылады.
Орталықтан басқару принципі жер мониторингін ҚР-сы бойынша бірыңғай әдістеме арқылы және ҚР-ның жер ресурстарын басқару Агенттігімен жүргізуді қарастырады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік территориалдық жер торабы қалыптасқан. Ол әртүрлі табиғи аймақтардағы 600 астам стационарлық және жартылай стационарлық экологиялық бекеттерді қамтиды. Жер күйін бағалау жүйелі бақылауларды өзгерістердің бағыты мен интенсивтілігін талдау және алынған көрсеткіштерді нормативтік көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Жер күйінің көрсеткіштері белгілі мерзімге қатысты абсолюттік және салыстырмалы мәндер арқылы көрсетіледі. Жер күйін бағалаудың нәтижелері бойынша өзгерістердің дамуы мен бағытын сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар мен кестелерді қосып жылдам мәліметтер, баяндамалар, ғылыми болжамдар мен ұсыныстар жасалады.
Қазақстан
Республикасында жер
Жер мониторингін техникалық қамтамасыз ету тиісті мемлекеттік органдар мен жер ресурстарын басқару жергілікті комитеттерінде ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау орындары бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі. Керекті ақпаратты алу үшін жер мониторингінде қашықтықтан зерттеу, жер бетіндегі түсірістер мен бақылаулар, фондық бақылаулар қолданылады. Қалалар, облыстардың жер ресурстарын басқару комитеттері 1 наурыздан қалдырмай тиісті органдарға аймақтардағы жердің күйі жайлы баяндамалар береді, ал өте қауіпті процестерді анықтағанда жылдам мәліметтер береді. Жер ресурстарын басқару Агенттігі мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі аймақтық жер мониторингі және мемлекеттік жер кадастры материалдарын жинақтап қорытады және 30 сәуірден қалдырмай Үкіметке ҚР-ғы жерлердің күйі мен пайдалануы жайлы мемлекеттік баяндама ұсынады. Кәсіпорындар, мекемелер, азаматтар, халықаралық ұйымдар, шетелдіктер мен жеке тұлғалар жер мониторингі мәліметтерімен белгіленген тәртіппен пайдаланады.
Жер мониторингінің
Жер мониторингін жүргізу кезінде ақпаратты алу жолдары:
Жер мониторингің жүргізу үшін
ақпаратты жинау түрлі
Жер қорын зерттеу мақсатымен түрлі министрліктер мен ведомстволар жүргізетңн тексерістер, бақылаулар мен түсірістер салалық нормативтік-техникалық құжаттар незігінде жасалған болатын. Бірақ жер қорын зерттеу бірыңғай мемлекеттік тәсілдерді талап етеді, өйткені жер ресурстары қоршаған табиғи ортаның маңызды бөлігі, ауылшаруашылық, орман шаруашылығының басты өндіріс құралы және кәсіпорындар мен мекемелерді орналастырудың кеңістік негізі болып табылады. Жер мониторингі табиғи ресурстардың басқа мониторингтері мен кадастрларының арасындағы байланыс рөлін атқару керек және оған мемлекеттік статус беру керек.
Әртүрлі деңгейлердегі экологиялық жағдай туралы ақпаратты жердің карталық негізіне салынған графикалық мәліметтерден тұратын экологиялық жағдай жоспарының көмегімен алуға болады. Жүргізілетін мониторингтің түріне қарай картографиялық негіздің әртүрлі масштабтарын қолданады.
Бақылаулар жер қорының барлық
категориялары бойынша
Ақпаратты алуды едәуір
Ғарыш аппараттарынан және
Аэроғарыштық мониторингтің
Жер ресурстарының күйін