Жер мониторингі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 15:45, реферат

Описание работы

Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiлетiн жер қорының сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн базалық (бастапқы), жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Жер мониторингі жайлы жалпы мәлімет..........................................................4
2. Жер мониторингін ұйымдастыру және жүргізу...............................................7
3. Жер мониторингін жүргізу тәртібі....................................................................9
3.1. Жер мониторингін жүргізудің негізгі бағыттары.......................................12
Қорытынды..........................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................15

Работа содержит 1 файл

МОНИТОРИНГ.docx

— 42.10 Кб (Скачать)

Мазмұны: 

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Жер мониторингі  жайлы жалпы мәлімет..........................................................4

2. Жер мониторингін  ұйымдастыру және жүргізу...............................................7

3. Жер мониторингін  жүргізу тәртібі....................................................................9

3.1. Жер мониторингін  жүргізудің  негізгі бағыттары.......................................12

Қорытынды..........................................................................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................15

 

Кіріспе

     Жер мониторингi болып жатқан  өзгерiстердi уақтылы анықтау,  оларды бағалау, одан әрi дамуын  болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын  жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу  мақсатында жүргiзiлетiн жер қорының  сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн  базалық (бастапқы), жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi.

     Жер  мониторингi қоршаған табиғи ортаның  жай-күйi мониторингiнiң құрамдас  бөлiгi және сонымен бiр мезгiлде  басқа да табиғи ортаға мониторинг  жүргiзу үшiн база болып табылады.

Халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларға сәйкес Қазақстан  Республикасы жердiң ғаламдық мониторингi бойынша жұмыстарға қатысуы мүмкiн.

     Жерге  меншiк нысандарына, жердiң нысаналы  мақсаты мен пайдаланылу сипатына  қарамастан Қазақстан Республикасының  барлық жерi жер мониторингiнiң  объектiсi болып табылады.

     Жер  мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды  жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге  асырады.

     Жер  мониторингi бойынша мемлекетаралық  және халықаралық бағдарламаларды  iске асыру Қазақстан Республикасының  басқа мемлекеттермен жасасқан  келiсiмдерi мен шарттарында айқындалатын  тәртiппен және жағдайларда жүзеге  асырылады.

     Жер  мониторингiн жүргiзу және оның  деректерiн пайдалану тәртiбiн  Қазақстан Республикасының Үкiметi  айқындайды.

     Жер  мониторингiн жүргiзу кезiнде қажетті  ақпаратты алу үшiн қашықтықтан  зерделеу, жер бетiн суретке түсiру  және бақылау әдiстерi, сондай-ақ  қор деректерi қолданылады.

     Жер  мониторингiн техникалық қамтамасыз  ету жер ресурстарын басқару  жөнiндегi тиiстi аумақтық органдарда  ақпаратты жинау, өңдеу және  сақтау пункттерi бар автоматтандырылған  ақпараттық жүйе арқылы жүзеге  асырылады.  Жер мониторингiнен  алынған нәтижелер автоматтандарылған  ақпараттық жүйенiң мұрағаттарында (қорларында) және деректер банкiнде  жинақталады. Азаматтар, кәсiпорындар мен мекемелер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар жер мониторингiнiң мәлiметтерiн белгiленген тәртiппен пайдаланады. 

  1. Жер мониторингі жайлы жалпы түсінік
 

     Адамның әртүрлі ғылыми және тәжірибелік іс-әрекетінде бақылау әдісі қолданылады. Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастырудың үлгілері Гай Секунда Плинийдің «Жаратылыс тарихы» кітабында сипатталған. Орта ғасырларға дейінгі ең толық энциклопедия болып саналатын отыз жеті томда астрономия, физика, география, зоология, ботаника, ауыл шаруашылығы, медицина және тарих бойынша мәл»меттер келтірілген. Соңғы жүз жылда бақылау жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

     Техника дамуымен байланысты  адамның табиғатқа деген әсері  ұлғая бастады, оның табиғи  ресурстарды толық пайдалануға  қолы жетті, осыған байланысты  геофизикалық ақпарат оған қажетті  болып отырады. Бұл ақпарат  арқылы әртүрлі іс-шараларды орындау  үшін оңтайлы табиғи жағдайларды анықтауға, шаруашылық үшін қолайлы немесе қолайсыз жағдайларды болжауға болады және адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері үшін қолайсыз факторлардың әсерін азайтуға болады. Мұндай ақпаратқа қоршаған ортаның іс жүзіндегі жағдайын бақылау және табиғи жағдайлардың өзгерулерін болжау кіреді. Соңғы уақытта адамның табиғатқа деген әсері өсуде және табиғатты жобасыз пайдаланудың кері әсері бар екені мәлім. Осыған байланысты биосфераның жағдайы туралы толық ақпараттың қажеттілігі де туындап отыр.

     Біздің елде мониторинг жүйесін  талқылау бұрынғы Совет Одағы  уақытында Найробида (Кения, 1974 ж)  жиналған мониторинг бойынша  Бірінші үкіметаралық кеңестің  алдында ғана жандандырылды. Бірақ  биосферадағы антропогенді сипаты  бар өзгерістерді ерте кезде  де гидрометеорологиялық қызмет  атқаратын.

     Сонымен, ластаушылардың мониторинг  жүйесі қазіргі уақыттағы табиғи  ортаны бақылау қызметінің бөлігі  бола алады және оның бақылау  бекеттерінің жүйесін, телекоммуникациялар  желілерін, мәліметтерді өңдеу  орталықтарын пайдалана алады.  Антропогенді сипатта бар өзгерістерді  анықтайтын қоршаған ортадағы  бақылау жүйесінің жұмысын қамтамасыз  ету үшін ондағы табиғи өзгерістер  жайлы толық ақпарат керек,  яғни мониторинг жүргізу қажет.

     Мониторинг келесі негізгі бағыттарды  қамтиды:

  • қоршаған табиғи ортаға әсер ететін факторлар мен қоршаған ортаның күйін бақылау;
  • табиғи ортаның нақты күйін бағалау;
  • қоршаған ортаның күйін болжау және бағалау.

     Мониторинг – латын тілінен  алдын алатын, бақылайтын, алға қарайтын  деп аударылады. Ал ағылшын тілінде  «мониторинг» бақылау жүргізу,  қадағалау деген түсінікті береді. «Мониторинг» деген терминді  алдын ала дайындаған бағдарлама  бойынша қоршаған орта бір  немесе бірнеше элементтерін  кеңістікте және уақыт бойынша қайта бақылау жүйесі.

    

     Сонымен, мемлекеттік жер мониторингі – жер күйінің өзгеруін уақытымен анықтау мақсатында, жер күйін бақылау, осы өзгерістерді болжау, бағалау және кері процестердін алдын алу, жою жайында ұсыныстарды әзірлеу, жер кадастрын жүргізу мен жерді пайдаланудың мемлекеттік бақылау және қорғауды жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың сонымен қатар, азаматтарды қорщаған орта оның ішінде жердің күйі жайында ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

     Жер мониторингі жер ресурстарын  басқарудың жалпы жүйесіне кіреді. Бұл жүйе келесі бір-бірімен  байланысты блоктарды қамтиды:  жерге орналастыру, жер кадастры, ізденістер, мониторинг, геоақпараттық-техникалық  блогы.

     Ал жер мониторингі болса үш  өзара байланысты блоктардан  тұрады:

  1. Биосфералық (жаһанды)
  2. Биологиялық (санитарлық)
  3. Геоэкологиялық (табиғи шаруашылық)

     Жер ресурстарын басқару Агенттігімен  жүргізілетін мониторинг геоэкологиялық  мониторингтің бөлігі болып табылады.

     Жер мониторингін жүргізу мақсаты  – табиғатты қорғау іс-әрекеті  және экологиялық қауіпсіздікті басқару ақпаратты қамтамасыз ету.

     ҚР барлық жер қоры жер мониторингісінің  объектісі болып табылады.

     Жер ресурстарын экологиялық  қауіпсіз және тұрақты пайдаланудың  құқықтық негізінің жоқтығы, сонымен  қатар басқару органдарының барлық  сатыларында жер қорының күйі  туралы мәліметтермен қанағатсыздандырлық  қамтамасыз етілуі жер телімідерінің  жоғалуына, топырақ эрозиясына, шөлейттенуге  т.б. әкеліп соғады, оның барлығы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

     Қазіргі уақыттағы жерді пайдаланудың  барлық түрлерінің қатерлі экологиялық  салдары бар. Табығатты пайдалану  стратегиясын өзгерту, республикамыздың  әр аумағында осындай қатерлі  салдарды жою мақсатымен оны  үздіксіз жетілдіру табиғатты  пайдалануды экологиялық орнықтырудың  негізгі ғылыми проблемасы болып  табылады.

     Қоршаған ортаның барлық компоненттерінің  ластануын, сонымен қатар биосфера  күйі жайлы ақпараттың қажеттілігі  қоршаған ортадағы ластаушы заттардың  концентрацияларын үздіксіз бақылауды,  яғни мониторингі, оның ішінде  жер мониторингін талап етеді.  Шешім қабылдау үшін жер қорының  күйі жайлы дәл және жаңартылып  отыратын мәліметтерге талдау  жасалынуы қажет, яғни қоршаған  ортаны, алдымен оның басты объекті  жерді жүйелік кешенді бақылау жүргізу керек.

     Кез келген ақпарат, сонымен  қатар кадастрлік ақпарат ескіреді  және үнемі жаңартуды қажет  етеді. Кадастрлік ақпараттың  жаңартылуы, сонымен қатар жердің  сапалық сипаттамаларын алу жер  мониторингі кезінде алынады.  Мысалы, жер мониторингі жұмыстарын  жүргізгенде жердің техногендік  ластану аймақтарын анықтау жұмысы  жүргізілген еді. Ластану аймақтары 

экономикалық  аймақтарына салынып экологиялық  жағынан аса құнды жерлердің  картасы алынған және жер учаскелерін сертификаттау жұмыстары басталған.

  

  Жер  мониторингінің талаптары:

  • жер қорының құрылымы мен түрлі жерлердің күйінің өзгеруін уақытымен анықтау, өзгерістерді бағалау, болжау, зиянды процестердің салдарын алдын алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;
  • жер кадастрын жүргізуді, жерді тиімді пайдалануды, жерге орналастыруды ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • жер учаскелері мен жер алқаптарының күйін бағалау;
  • топырақ құнарлығының өзгеруі, топырақтың ластануы және топырақтағы басқа да өзгерістермен байланысты процестердің дамуын бақылау;
  • табиғи азық алқаптарының өсімдік жамылғысы күйінің өзгеруін, топырақтың деградациясын, оның қалпына келу қарқынын, радионулейдтердің жиналу деңгейін, сонымен қатар, топырақтың антропогендік жүктемелерге төзімділік дәрежесін бақылау;
  • елді мекендердің, өндірістік объектілердің астындағы жерлердің күйін бақылау;
  • жердің күйін жүйелі түрде бақылау;
  • жер қорында болып жатқан өзгерістерді анықтау, осы өзгерістерді бақылау және талдау;
  • зиянды  процестердің алдын алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;
  • нысаналы мақсатын және рұқсат етілген пайдалану түріне байланысты жерді пайдалануды үздіксіз бақылау;
  • белгілі уақытқа жердің сапалық күйі жайлы болжау жасау;
  • әкімшілік-территориялдық құрылымның шекаралары мен ауданның өзгеруін бақылау;
  • гумус қорының азаюын бақылау;
  • топырақтағы микроэлементтердің өзгеруін бақылау.
 

     Мониторингті жүргізу уақытында келесі мәселелер шешіледі:

  • жер күйінің өзгеруін уақытында анықтау, оларды бағалау, болжау  және қатерлі процестердің салдарын алдын алу жйне жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;
  • мемлекеттік жер кадастрын, жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізуді, жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласындағы басқа да функцияларды, жерге орналастыруды ақпараттық қамтамасыз ету;
  • азаматтарды жер күйі жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету.
 
  1. Жер мониторингін ұйымдастыру және жүргізу
 

       Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

     Жер мониторингi бойынша мемлекетаралық  және халықаралық бағдарламаларды  iске асыру Қазақстан Республикасының  басқа мемлекеттермен жасасқан  келiсiмдерi мен шарттарында айқындалатын  тәртiппен және жағдайларда жүзеге  асырылады.

     Меншігіне, құқықтық режиміне және пайдалану мерзіміне қарамастан  ҚР-ның барлық жер қоры мониторинг объектісі болып табылады.

     Қазіргі уақытта мониторингтің  түрлері көп. Әр салада мониторингті  түрлі факторлар бойынша топтастырады. Жер санаттарына байланысты мониторинг жеті түрге бөлінеді.

     Әкімшілік-территориялдық бөлінуі бойынша жер мониторингі үш түрге бөлінеді:

1.ҚР  жерінің жер мониторингі;

2.Облыс  жерлерінің жер мониторингі;

3.Қала  және аудан жерлерінің жер  мониторингі.

     Территорияны қамтуы бойынша мониторинг келесі түрлерге бөлінеді:

1.глобальды;

2.ұлттық;

3.аймақтық;

4.локальды.

     Глобальды мониторинг – планетамыздағы барлық жердің күйін бағалауға мүмкіндік береді және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүргізіледі.

     Ұлттық мониторинг – республика деңгейінде арнайы органдармен жүргізілетін мониторинг.

     Аймақтық мониторинг – белгілі бір физикалық-географиялық, экологиялық немесе басқа да шекаралармен шектелген ірі аймақтар мен территория шегіндегі процестер мен құбылыстарды бағалауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Жер мониторингі