Автор: l***********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 11:56, реферат
Еңбек ресурстары – бұл дене қабілеті, арнайы білім мен тәжірибе жиынтығына орай материалдық жасай және қызмет көрсету саласында еңбек ете алатын халық бөлігі.
Халықтың жалпы санынан еңбек ресурстарын бөлудің критерийлері мемлекет орнатып, қоғамдық құрлысқа, адамдардың өмір сүру ұзақтығына, өзге әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты болып, осыған орай ресми мемлекттік актілерді қабылданатын еңбекке қабілетті жастың шектері болып табылады. Мысалы, АҚШ-та еңбекке қабілетті жастың ең төменгі шегі ұлдар мен қыздар үшін 14 жас, жоғарғы шегі ерлер үшін – 65 жас, әйелдер үшін – 63 жас деп белгіленген. Қазақстан Республикасында ерлер үшін еңбекке қабілетті жас 16-63 жас аралығын, әйелдер үшін 16-58 жас аралығын құрайды.