Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау

Автор: l***********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 11:56, реферат

Описание работы

Еңбек ресурстары – бұл дене қабілеті, арнайы білім мен тәжірибе жиынтығына орай материалдық жасай және қызмет көрсету саласында еңбек ете алатын халық бөлігі.
Халықтың жалпы санынан еңбек ресурстарын бөлудің критерийлері мемлекет орнатып, қоғамдық құрлысқа, адамдардың өмір сүру ұзақтығына, өзге әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты болып, осыған орай ресми мемлекттік актілерді қабылданатын еңбекке қабілетті жастың шектері болып табылады. Мысалы, АҚШ-та еңбекке қабілетті жастың ең төменгі шегі ұлдар мен қыздар үшін 14 жас, жоғарғы шегі ерлер үшін – 65 жас, әйелдер үшін – 63 жас деп белгіленген. Қазақстан Республикасында ерлер үшін еңбекке қабілетті жас 16-63 жас аралығын, әйелдер үшін 16-58 жас аралығын құрайды.

Работа содержит 1 файл

Енбек ресурстары.docx

— 24.80 Кб (Скачать)

Т. Рысқұлов атындағы

Қазақ экономикалық университеті 
 
 
 
 
 
 
 

    БАЯНДАМА 

Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен  халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Тексерген: Ақпанов Ж.Қ.

    Орындаған: Әлімова А.А. 
     
     
     
     
     
     

Алматы  2011жыл

Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен  халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау

  Жұмыс күшіне қажеттілік  пен оның ұсынысын  жоспарлау 

      Еңбек ресурстары – бұл дене қабілеті, арнайы білім мен тәжірибе жиынтығына орай материалдық жасай және қызмет көрсету саласында еңбек ете алатын халық бөлігі.

      Халықтың  жалпы санынан еңбек ресурстарын  бөлудің критерийлері мемлекет орнатып, қоғамдық құрлысқа, адамдардың өмір сүру ұзақтығына, өзге әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты болып, осыған орай ресми мемлекттік актілерді  қабылданатын еңбекке қабілетті  жастың шектері болып табылады. Мысалы, АҚШ-та еңбекке қабілетті жастың ең төменгі шегі ұлдар мен қыздар үшін 14 жас, жоғарғы шегі ерлер үшін – 65 жас, әйелдер үшін – 63 жас деп  белгіленген. Қазақстан Республикасында  ерлер үшін еңбекке қабілетті  жас 16-63 жас аралығын, әйелдер үшін 16-58 жас аралығын құрайды.

      Еңбек ресурстарының құрамына мыналар  кіреді:

  • еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық
  • жұмыс істеуші жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі);
  • қоғамдық өндіріске қатысушы жұмыс жасынан үлкен халық.

      Еңбекке қабілетті халыққа жұмыс істемейтін 1 және 2 топтағы мүгедектер, сондай-ақ жалпы тәртіппен белгіленген  жұмыс жасынан жеңілдетілген  шартпен зейнеткерлікке өткен тұлғалардан  басқа, жұмысқа қабілетті жастағы  адамдар жатады.

      Еңбек қізметіне байланысты еңбек ресурстарының  құрамында санаттар ажыратылады.

  • қоғамдық өндірісте шұғылданатындар;
  • жеке еңбек қызметімен  шұғылданатындар;
  • үй немесе жеке қосалқы шаруашылықпен шұғылданатындар;
  • әскери қызметшілер.

   Еңбек ресурстарының сандық және сапалық  сипаттамасы бар. Алғашқыларға сан  мен құрам көрсеткіштері (жасы, жынысы, қоғамдық топтар және т.б.), екіншілерге  – білім деңгейінің, кәсіби біліктілік құрлымының және т.б. көрсеткіштері  жатады.

   Еңбек ресурстарының жас құрылымы келесі негізгі жас топтарын бөлуді ұйғарды: 16-29 жастағы; 30-56 жастағы тұлғалар; зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (61-63 жастағы  ерлер, 56-58 жастағы әйелдер); зейнетенрлік жастағы тұлғалар (63 жастан үлкен  ерлер, 58 жастан үлкен әйелдер). Кейде  жас құрылымын анықтау үшін 10 жылдық жас аралығы халық құрамында 20-49 жастағы тұлғалар мен ерлердің үлес салмағы қаншалықты көп болған сайын, еңбек белсенділігі соншалықты жоғары.

   Еңбек ресурстарының жыныстық құрлымы  оның құрамындағы ерлер мен әйелдер  санының ара-қатынасымен сипатталады. Ол, әдетте , еңбек ресурстарының  негізгі көзі еңбекке қабілетті  жастағы халық бойынша анықталады. Қазақстан Республикасында, мысалы, ерлердің үлес салмағы - 47%, әйелдердікі -53% құрайды. Мұндай ара-қатынас экономикалық дамыған елдер үшін қалыпты деп  есептеледі.

   Еңбек ресурстарын білім деңгейі сипаттау үшін келесі маңызды көрсеткіштер пайдаланылады:

  • жалпы, арнайы және жоғары білімнің деңгейі;
  • әлеуметтік топтар бойынша білім деңгейі.

   Білім деңгейі бойынша жоғары, арнайы орта, орта және толық емес орта білімі бар  еңбек ресурстары санының арасындағы ара-қатынас атқарылатын жұмыс  немесе иеленетін лауазымына қарамастан анықталады.

   Қызмет  түрлері мен біліктілік деңгейі  бойынша қызметкерлердің ара-қатынасы еңбек ресурстарының кәсіби-біліктілік құрылымын сипаттайды. Кәсіптер еңбектің сипаты және мазмұнымен, экономиканың жекелеген салаларының жұмыс  істеу ерекшеліктері және жағдайларымен  анықталады. Жалпы кәсіптер ішінен мамандықтар бөлінеді. Еңбектің күрделілігіне  қарай біліктілігі жоғары, білікті  және біліктілігі жоқ қызметкерлер бөлінеді.

   Еңбек ресурстарының қызметкерлер санаттары  бойынша ара-қатынасын анықтаған  кездк жұмысшылар мен қызметкерлер, оның ішінде басшылар, мамандар және т.б. ескеріледі.

   Еңбек ресурстарының құрылымын білу оларды тиімді пайдалану бағыттарын анықтау  үшін қажет. Еңбек ресурстарын қалыптастыру негізі адамдардың тууы мен өлуі нәтижесінде  ұрпақтар алмасуы арқылы жүзеге асырылатын халықтың ұдайы өсіп-өнуі болып табылады, яғни туу деңгейі мен өмір сүру ұзақтығы артқанда халық санының, демек  еңбек ресурстарының, өсімі орын алады. Мысалы, Қазақстан Республикасы бала тууы тым төмен елдер тобына жатады. Соңғы жылдары 1000 адамға 15,5-17,3 сәбиден келеді. Өлім мен өмір сүру ұзақтығының қысқаруы байқалуда. Одан әрі де осындай жағдай сақталса, халық саны мен еңбек ресурстарының  азаюы орын алады.

   Еңбек ресурстарын қалыптастырған кезде  олардың аумақтар, халық шаруашылығының салалары және қызмет түрлері бойынша  қайыра бөлінуіне әкелетін халықтың көші-қоны маңызды болып табылады. Алйда ең алдымен халық шаруашылығының қажеттіліктеріне оның көлемі мне бағыты сәйкес келмесе, экономикалық даму үшін халықтың аумақтық жылжымалылығын бағалау біркелкі емес.Бұл бір елді мекендерде еңбек ресурстарын шамадан тыс ұсынуға немесе өзгелерінде олардың жетіспеуіне әкелуі мүмкін, екі жағдайда да ол келеңсіз құбылыс болып табылады.

   Көші-қон  туралы барлық деректер ел мен аймақтардағы халықтың дәл санын анықтау, халық  және еңбек ресурстарымен байланысты көрсеткіштерді есептеу үшін пайдаланылады. Сөйтіп, еңбек ресурстарының көлемі мен құрылымы демографиялық факторлармен (халық саны оның жас-жыныстық құрылымы және т.б.) және көші-қон үдерісімен анықталады.

   Еңбек ресурстарын бөлу аймақтардағы бар  экономикалық  потенциалға негізделе  отырып жүзеге асырылады. Жұмыс көлемі, халық шаруашылығы құрылымының  өзгерісі барысыеда еңбек ресурстарына деген қажеттілік те өзгереді.

   Қоғам үшін барлық еңбек ресурстары толығымен  қатыстырылатын нұсқа ең оңтайлы  болыа табылады. Алайда нарықтық экономикада  бұл шарт тіпті жұмыс күшіне деген  қажеттілік жоғары елдерде де тыс  сирек сақталады. Оның себептері, соның  ішінде объективтік сипаттағы, көп. Ең алдымен бұл өндіріс құрылымын  жетілдірген кезде жұмысшылар мен  қызметшілер санын қысқарту қызметкерлер бөлігінің жұмыс жағдайына қанағаттанбауына байланысты жұмыстан шығуы, жаңа жұмыс  орнын іздеу, экономикалық дамудың  циклдік сипаты, маусымдықтың ықпалы және т.б. Осыған орай нақты жағдайда еңбекке қабілетті халықтың бәрі бірдей қоғамдық қажетті еңбекпен шұғылданбайды.Экономикалық дамуды жоспарлаған кездегі маңызды  міндет жұмыс күшінің шамадан  тыс артып кетпеуіне жол бермеу және сонымен бірге оны барынша  тиімді пайдалану мақсатында еңбек  ресурстары нарығының әрекет етуін  қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамдық еңбекпен шұғылданатын еңбекке қабілетті  халықтың үлесін арттыру, зейнеткерлік жастағы адамдар мен жасөспірімдерге  осындай мүмкіндік беру әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартады. Қажет болған кезде, әсіресе дағдарыс және ел ішіндегі өзге қолайсыз жағжайда, еңбек ресурстарының  сыртқы нарығы қарастырылады.

   Еңбек ресурстарын жоспарлау келесі міндеттерді  шешуге қызмет ететін демографиялық  болжамдарды әзірлеу үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады:

  • халықның келешектегі саны мен оның жас-жыныстық құрылымын анықтау;
  • еңбек ресурстарының негізгі көзі –еңбекке қабілетті жастағы халық санын бағалау;
  • әлеуметтік-экономикалық даму келешегін негіздеу;
  • әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму тұжырымдамаларымен келісілген демографиялық  даму тұжырымдамасын әзірлеу:
  • демографиялық дамудың мүмкін болатын мәселелерін бағалау;
  • демографиялық саясатты әзірлеу үшін негіз жасау.

   Болжамдық  есептер үдерісінде халық санын, оның жасжыныстық құрылымын, еңбек  ресурстарының сандық және сапалық  сипаттамаларын анықтаумен қатар халықтың табиғи және механикалық қозғалысты, өмір сүрудің орташа ұзақтығы, халықтың көші-қоны, отбасылардың саны мен құрылымы сияқты маңызды параметрлерге сипаттама  беріледі.

   Халық щаруашылығы салаларының жұмыс  күшіне қажеттілігі қалыптастырылады және потенциалды еңбек ресурстарымен  оның теңдестік дәрежесі анықталады.

   Жоспарлау үдерісіне келесі кезеңдер кіреді:

  • еңбек ресустарының құрамын, олардың пайдаланылу дәрежесін, толықтыру

          мүмкіндіктері  мен көздерін, жұмысқа орналастыруды талдау, еңбек

          ресурстарының шамасы мен құрамына  әсер ететін факторларды анвқтау;

  • халықтың келешектегі саны құрылымын есептеу;
  • еңбек ресурстарын қалыптастыру көрсеткіштерін есептеу;
  • материалдық өндіріс салалары мен өндірістік емес өрісте шұғылданатын қызыметкерлер санын есептеу.

     Демографиялық болжамдар халықтың табиғи және механикалық  қозғалысының

 көрсеткіштеріне  негізделеді

  Табиғи қозғалысқа негізделген халықтың келешектегі санының  С болжамы жалпы түрде мына формуламен есептеледі:

                              С=Сб+Kт*Cб-Kө*Cб 

мұндағы, Сб- базистік кезеңдегі халық саны;Кт-туудың күтілетін коэффициенті; Кө-өлімнің  күтілетін коэффициенті.

     Жоспарлық есептеулер кезінде әлеуметтік-демографиялық  саясат шараларын ескеру керек. Оның басты мақсаты – туудың, өлімнің  келеңсіз тенденцияларын өзгерту, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту негізіндегі  қоғам жағдай мен алғышарттар  жасау.

     Халық құрылымының жоспарлық есептері белгілі уақытта (одан кейінгі есептеулер үшін бөліп табылатын соңғы халық  санағының күніне) халықтың қалыптасқан  құрылымы, яғни халықтың жанас, және отбасылық  жағдай және т.б. байынша бөлінуі,бекітілетін  онвң мәнін құрайтын жастарын жылжыту  әдісі мен жүзеге асырылады. Есептік кезенде бұл құрвлвм туу, өлу коэффициенттерінің, көші-қон үдерісінің, олрдың ықпалы жылжыту коэффициенттерінің көмегімен болжамда ескерілетін өзге факторлардың өзгеруінің әсерімен өзгереді.Әлдебір халық тобының аталмыш кезеңдегі саны көрсетілген коэффициенттерге көбейтіледі. Алынған нәтиже келесі кезеңге «жылжытылады», сөйтіп бір мезгілде әрі айнымалы, әрі таза құрылымдық өзгерулер ескеріледі.

     Жастарын  жылжыту қорытындысы бойынша  барлық , оның ішінде еңбекке қабілетті  жастағы, халықтың күтілетін саны анықталып, оның жас-жыныстық құрылымы есептеледі.

      Еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті  халық саны еңбекке қабілетті  жастағы халықтың жоспарланатын  санынан еңбекке қабілетті жастағы  жұмыс істемейтін I және II топтағы  мүгедектер, сондай-ақ жеңілдетілген  шартпен зейнетақы алатын еңбекке  қабілетті жастағы жұмыс істемейтін тұлғалардың күтілетін санын  азайту арқылы анықталады.                     Жұмыс істемейтін I және II топтағы  мүгедектер, сондай-ақ жеңілдетілген  шартпен зейнетақы алатын еңбекке  қабілетті жатағы тұлғалардың саны олардың базистік кезеңдегі еңбекке  қабілетті жастағы халықтың құрамындағы  алатын үлесі және жоспарлық кезеңдегі  оның болжамдық өзгерісі негізінде  анықталуы мүмкін.

     Еңбекке қабілетті жастан асқан жұмыс  істемейтін тұлғалардың (зейнеткерлердің) саны еңбекке қабілетті жастың шегінен  шыққан халық саны туралы деректер және зейнеткерлер мен зейнеткерлік жастағы жұмыс істейтін тұлғалардың  қалыптасқан ара-қатынасын талдау негізінде анықталады. Сондай-ақ мемлекеттің  саясатын да ескеру керек.

     Еңбек ресурстарын жоспарлаумен қатар  оларды пайдалану жоспарларын әзірлеудің де маңызы бар. Бұл жоспарлардың басты  міндеті экономиканың жұмыс күшімен  қамтамасыз етілу дәрежесін, оның тапшылығы  мен молдығын анықтауболып табылады. Болжамдық есептер негізінде  еңбек ресурстарын тиімді пайдалану  және потенциалды еңбек ресурстары мен халық шаруашылығының оларға деген қажеттіліктерін тендестіруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар  әэірленеді.

Информация о работе Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау