Бауыржан-аты айналған батыр

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 17:43, реферат

Описание работы

Өңірімізде аты аңызға айналған хас батыр, даңқты қолбасшы, жерлесіміз Бауыржан Момышұлының ғасырлық мерейтойын өткізу шаралары басталды. Облыстық кешенді жоспарға сай бағдарламалық іс-шаралардың тырнақалды жобасы Батырдың кіндік қаны тамған топырақтан бастау алды. Осы аптада ауданымызда ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Работа содержит 1 файл

Бауыржан.docx

— 68.77 Кб (Скачать)

Аңыз-Батырдың есімін ұлықтау жөніндегі шаралар өңірімізде жыл соңына дейін жалғасады.

Абылай СӘРСЕН, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

Бәукеңмен мен қалай кездестім?

1943 жылдың қысы болатын. Мен Жамбыл қаласындағы облыстық оқу бөлімі жанынан ашылған он айлық мұғалімдер курсын бітіріп, Талапты жеті жылдық мектебінде мұғалім болып жұмыс істеп жүрген кезім. Қыстың бір күні «ауылға Бауыржан Момышұлы келді» деген сөз тарады. Сол тұста «Социалистік Қазақстан» газеті Бауыржанның соғыстағы ерліктері туралы көп жазатын. Оны біз қызыға оқып, шәкірттерімізге айтып отыратынбыз.

Міне, көптен күткен күн де келді. Батырды көруге бір ғана Талапты емес, басқа ауылдардан да адамдар көп жиналды. Түс шамасында ақ боз атқа мінген, үстінде ақ тоны, тапанша кабуры бар, белін былғары белбеумен буынған, басында папахасы бар отыздардан жаңа асқан жас жігіт келді. Қасында ауданнан ілескен төрт-бес адам бар. Клуб маңында су жиналып лай болып жататын шұңқыр болушы еді. Сол тұста алда келе жатқан Бауыржанның аты омбылап, әрең шықты. Батыр оған қарамастан аттан секіріп түсті де, ауыл қарияларымен амандасты.

Клуб  іші тар. Оның алдыңғы жағына әр ауылдан жиналған белсенділер отырып алған. Ал ауыл қариялары мен ақ жаулықты аналар олардан кейінгі қатарларда отырған. Ал өзгелері түрегеліп тұр.

Бәрі жайғасып болған соң төрде отырған Бауыржан орнынан тұрып, алдыңғы қатарда отырған белсенділерді тұрғызды. Олардың орнына артта отырған Дошанай молда, Мұса, Әліпбай, Дәуіт, Әбдікерім бастаған тағы бір топ қарттар мен ақ жаулықты аналарды өзі сүйемелдеп, қолтықтап отырғызды. Біз жастар сонда Бауыржанды тағы бір қырынан танығандай болдық. Ол – үлкенді сыйлау еді. Ал ол тұста белсенділерді құрметтеу жаппай етек алған болатын.

Міне, бізге Бауыржан осы іс-әрекетімен үлгі көрсетіп кетті. Оны ауыл қариялары ұзақ уақыт әңгіме қылды. Батасын беріп жүрді. Бауыржан Отан, ата-бабаларымыздың батылдығын, сондай-ақ өзі басқаратын батальонымен 25 рет жау қоршауын бұзып шыққандығын, ондағы қазақ жігіттерінің еш ұлттан кем еместігін, соғыста нағыз ерлерше шайқасып жүргендерін жыр етіп айтты. Тұс-тұстан сұрақтар да қойылып жатты. Сіз басқаратын бөлімде жуалылық жауынгерлер болды ма? – деп сұрақ қойды біреу.

- Осы Жуалыдан мына Құлый атадан Барақаттың Сатан деген баласы болды. Ел қатарлы соғыс ауыртпалығын көтере білді. Соғыста туған бауырыңа да жеңілдік жасай алмайсың. Соңғы кезде ғана жастығын ескеріп хозвзводқа ауыстырдым, - деді.

Соғыстағы шеніңіз қандай? деген сұраққа Бауыржан: «подполковникпін, мыңбасымын» деді. Одан әрі ол қазақ халқының жақсы салт-дәстүрі, бала тәрбиесі, үлкенді сыйлау және өзі туралы біраз әңгімелер айтты. Көбісі есімізде қалмапты. Ал маған «Оқуға тұрарлық бала болса оқыт, ал оған арзымайтын болса өкпем жоқ» деп иығымнан қағып аттанып кете барды. Бұл Бауыржан Момышұлымен алғашқы кездесуім болатын. 
 
 
 
 

          

 
 
 
 

Информация о работе Бауыржан-аты айналған батыр