Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 04:07, реферат
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан елтаңбасы, 11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның жаңа мәтіні бекітілген. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды.
Мәжілістің құрамына бұрынғы
сайланымның депутаттық корпусынан
– 39 депутат, мемлекеттік басқару
органдарынан – 24 адам, жергілікті басқару
органдарынан – 19 адам, бизнес құрылымдарынан
– 8 адам, білім беру, ғылым және мәдениет
саласынан – 8 адам және басқа салалардан
9 адам кірді. Палатада білімі бойынша
әр түрлі біліктілігі бар
Төртінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орта жасы – 52 жас, бұл үшінші сайланымдағыдан бір жасқа төмен. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылады – 44 депутат, одан кейінгі топ 40-тан 50 жасқа дейінгілер – 36 депутат, 60 жастан асқандар – 23 адам және саны ең аз топ 30-дан 40 жасқан дейінгілер – 4 депутат.
Мәжіліс Төрағасы - МУСИН Аслан Есболайұлы. Өкілеттігін 2008 жылғы қазанда тоқтатты.
Мәжіліс Төрағасы - МҰХАМЕДЖАНОВ Орал Байғонысұлы
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович. 2010 жылғы наурызда депутаттық өкілеттігін тоқтатты.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - ЖҰМАҒҰЛОВ Бақытжан Тұрсынұлы. Депутаттық өкілеттігін 2008 жылғы сәуірде тоқтатты.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - КӘРІБЖАНОВ Жәнібек Сәлімұлы
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - БОБРОВ Владимир Яковлевич
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы Жарлығына байланысты өз жұмысын аяқтады.
Бесінші сайланым (2012 жыл - )
Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда жасақталды.
Сайлауға жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 7 %-дан астам дауысына ие болып, Парламент Мәжілісіне өтті, олар: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (80,99%), «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы (7,47 %), Қазақстан коммунистік халық партиясы (7,19 %).
Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясынан - 83 депутат, «Ақ жол» партиясынан – 8 депутат, ҚКХП-дан 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан халқы ассамблеясынан 9 депутат бар. Мәжілісте барлығы 107 депутат жұмыс істейді.
Мәжілістің құрамына бұрынғы сайланымның депутаттық корпусынан 43 депутат өтті. Палатада білімі бойынша әр түрлі біліктіліктегі инженерлер – 30 депутат, 21 педагог, 13 заңгер депутат бар. 21 депутаттың экономикалық білімі, 10 депутаттың ауыл шаруашылығы білімі бар. Депутаттық корпуста сондай-ақ дәрігерлер, философтар, тарихшылар, саясаттанушылар, әскери адамдар, журналистер, мәдениет және өнер қызметкерлері өкілдері мен өзге де мамандық иелері бар.
Мәжілісте 2 академик, 17 ғылым докторы және 25 ғылым кандидаты жұмыс істейді, 60 парламентарийдің екі жоғары білімі бар. Палатада түрлі ұлт өкілдерінің құрамы кеңейді. Депутаттық корпус құрамында 76 қазақ, 21 орыс, 3 украин, 2 неміс және бір-бірден татар, шешен, кәріс, өзбек және ұйғыр бар. Депутат әйелдердің саны – 26.
Мәжілістің депутаттық корпусының орта жасы – 56 жасты құрайды, бұл төртінші сайланымдағыдан төрт жасқа жоғары. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылады – 47 депутат, 60 жастан асқандар – 34, содан кейінгі топ 40 жастан 47 жасқа дейінгілер – 22 депутат және ең аз топ 30 жастан 39 жасқа дейінгілер - 4 депутат.
Мәжіліс Төрағасы - НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - ІЗМҰХАМБЕТОВ Бақтықожа Салахатдинұлы