Қазақстан Республикасының Конституциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 04:07, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан елтаңбасы, 11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның жаңа мәтіні бекітілген. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының Конституциясы.docx

— 31.11 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Конституциясы

Тарихы

Қазақстан Республикасының  Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан  өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді  іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден  мәселелері, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан елтаңбасы, 11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның  жаңа мәтіні бекітілген. 1992 жылы Қазақстан  БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы  ашылды.

1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз  Қазақстанның бірінші конституциясы  қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның  сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

1995 ж. наурызынан бастап  егемендіктің тағы бір белесі  басталды. Ол республиканың Конституциялық  Сотын танумен, Жоғары Кеңес  депутаттарының өкілеттілігіне  қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан  халықтарының Ассамблеясы ашылуымен  байланысты.

1995 жылы 30 тамызда республикада  бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа  Конституциясы қабылданды. Дауыс  беру еліміздің қалалары мен  ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде  жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы  Конституциядан айырмашылығы оның  мазмұнының сапасында еді. Жаңа  Конституцияға алғаш рет азаматтың  құқығына қатысты ғана емес, адам  дүниеге келген сәттен одан  ажырамас құқықтарына да қатысты  нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан  Республикасының Президенті саяси  жүйенің басты тұлғасы болып  табылады, билік тармақтарынан жоғары  тұрады. Бұл президенттік басқару  жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық  бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі  палаталы (жоғарғы палаталы —  Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. 
Республикалық референдум нәтижесі жарияланған күні, яғни 1995 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді. 
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы № 2454 «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлығына сәйкес Конституция мәтінінің түпнұсқасы Президентте сақталады.

 

Қазақстан Парламентінің  Сенаты

Қазақстан Республикасының  Парламенті Сенаты - әрбiр облыстан, респ. мәндегi қаладан және ҚР астанасынан екi адамнан, тиiстi облыстағы, респ. мәнге ие қаладағы және ел астанасындағы барлық өкiлеттi органдар депутаттарының бiрлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады.

Сенаттың жетi депутатын Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмiне Президент тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.

Қазақстан Республикасының  кемiнде 5 жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары бiлiмдi және кемiнде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республика аумағында кемiнде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы 6 жыл өкiлеттiк мерзiмге Сенат депутаты бола алады.

Сенат депутаттарын сайлау —  мәслихат депутаттарының бiрлескен отырыстарында өткiзiледi.

Конституцияның 55-бабына сәйкес, Сенаттың ерекше құзырына мыналар жатады: Президенттiң ұсынысы бойынша Жоғ. сот төрағасын тағайындау және қызметтен босату, Президенттiң Бас прокурорды және Ұлттық Қауiпсiздiк к-тiнiң төрағасын тағайындауына келiсiм беру; Бас прокурорды, Жоғ. сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергiлiктi өкiлеттi органдардың өкiлдiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату; Президенттi қызметтен кетiру туралы Мәжiлiс көтерген мәселенi қарау, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Парламентінің  Мәжiлiсі

Қазақстан Республикасының  Парламенті Мәжiлiсі - Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл 

Мәжілістің тоқсан сегіз  депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде  жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын  Қазақстан халқы Ассамблеясы  сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті  сайлауы Парламенттің жұмыс істеп  тұрған сайланымы өкілеттігінің  мерзімі аяқталардан кемінде  екі ай бұрын өткізіледі 

Парламент немесе Парламент  Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс  сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі 

Қазақстан Республикасының  азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты  тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс  стажы бар, тиісті облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде  үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады 

Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі

Парламенттің депутаты Қазақстан  халқына ант береді 

Мазмұны  

[жасыру] 

1 Мәжіліс тарихы

1.1 Бірінші сайланым (1996 - 1999)

1.2 Екінші сайланым (1999- 2004)

1.3 Үшінші сайланым (2004-2007)

1.4 Төртінші сайланым (2007-2011)

1.5 Бесінші сайланым (2012 жыл - )

2 Сыртқы сілтемелер

3 Дереккөздер


Мәжіліс тарихы

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген  бүкіл халықтық референдум нәтижесінде  бұрынғы мемлекеттік құрылыстың  кемшіліктерін жойған Қазақстан  Республикасының жаңа Конституциясы  қабылданды. Ол Парламентті заң  шығару қызметiн жүзеге асыратын, қос Палатадан: Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жоғары өкiлдi орган ретінде айқындады.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қолданыстағы  Конституцияны қабылдағаннан кейін  Қазақстандағы экономикалық реформаны  жүргізу үшін «даңғыл жол» ашылды. Бейнелеп айтқанда, барлығын да басқарған, бірақ ештеңені басқара алмаған  Жоғарғы Кеңестің орнына, осы жылдардың  ішінде елдің бет-бейнесін өзгерткен  заңдарды қабылдаған қос палаталы кәсіби Парламент келді», - деп атап көрсетті.

Осы Конституцияда «Парламент»  деген ұғым алғаш рет ресми  түрде бекітілді. Ел Президенті Конституция  қабылданғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Конституциялық заң  күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке  депутаттар сайлауы болып өтті.

Парламенттің қос палаталы құрылымы саяси жағынан толысқан, еліміздің саяси болмысындағы жаңа элементке айналды және әлемдік  практикада қабылданған парламентаризмнің  қағидаттарына сай болды. Ең бастысы, Қазақстанда қос палаталы Парламентті  құру қабылданатын заңдардың сапасын  жақсартуға мүмкіндік берді.

Бірінші сайланым (1996 - 1999)

Қазақстан Республикасы Парламентінің  Мәжілісіне алғашқы сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда болды. Мажоритарлық жүйе негізінде 67 депутат сайланды. Бірінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері 1996 жылы 30 қаңтарда бірінші сессияның ашылуынан басталды.

Депутаттық корпуста жергілікті атқарушы органдардың және мәслихаттың басшылары мен қызметкерлері басым болды - олар 19 адам. Әрбір бесінші депутат кәсіпорынның, қауымдастықтың, фирманың, қордың және басқа құрылымдардың басшылары болып жұмыс істеген. 9 депутат ғылым, жоғары оқу орындары қызметкерлері, мұғалім болған. Әрбір оныншы депутат Президент Әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық комитеттердің қызметкерлері болған. 4 парламентарий уақытша жұмыс істемеген. 11 депутат - аграрлық салада, 3 депутат мәдениет саласында жұмыс істеген. Екі депутат құқық қорғау органдарының қызметкері және инженер-экономист болып істеген. Бір депутат – заңгер, біреуі әскери қызметші және біреуі зейнеткер болған. Мәжілісте 7 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Парламентарийлердің арасында 9 депутат әйел болды.

Мәжіліс Төрағасы - Марат Тұрдыбекұлы Оспанов.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары - Василий Иванович Осипов.

Екінші сайланым (1999- 2004)

1999 жылдың күзінде енгізілген  конституциялық өзгерістерге сәйкес  алғаш рет Орталық Азия өңірінде  аралас схема бойынша Қазақстан  Республикасы Парламентінің Мәжілісіне  сайлау өтті, бұл саяси партияларға  тең өкілдік негізінде партиялық  тізім бойынша Парламентке сайлану  мүмкіндігін берді. Осындай жаңалықтардың  нәтижесінде бұл сайлау, парламенттік  үлгідегі саяси партиялар құру  процесін ынталандыра отырып, жоғары  саяси мәнімен және баламалы  түрде өтуімен ерекшеленді. Сайлауға 10 саяси партия қатысты. Мажоритарлық  бір мандатты округтарда 547 кандидат  тіркелді. Жалпы сайлау барысында  сол кезеңде Қазақстан үшін  бұрын-соңды болмаған кандидаттар  саны – орташа есеппен бір  орынға сегіз адам тіркелді.

Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты округтар бойынша 67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялардан 10 депутат сайланды. Олар жеті проценттік барьерді еңсерген төрт партияның – «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік партияның өкілдері болды. Сайланған 77 депутаттың 8-і - әйелдер, 74-і – жоғары білімді, 30-ға жуығы екі жоғары оқу орындарын бітірген адамдар болды. Депутаттар арасында 1 академик, 7 доктор және әртүрлі мамандықтары бар 20 ғылым кандидаты болды.

Депутаттық корпустың  басым көпшілігі инженерлер – 30, заңгерлер – 22, экономистер – 16, педагогикалық білімі барлар – 14, ауыл шаруашылық ғалымдары мен мамандары  – 8, сондай-ақ журналист, дәрігер, тарихшы, менеджер, әскери қызметші, халықаралық  қатынастар маманы және т.б болды.

Мәжіліс Төрағасы - Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары - Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеев.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары - Сергей Александрович Дьяченко.

Үшінші сайланым (2004-2007)

Үшінші сайланған Қазақстан  Республикасы Парламентінің Мәжілісін  сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болып  өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың ішінде 4-уі – екі сайлау блогының құрамында.

Сайлау нәтижесінде Қазақстан  Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды. 67 депутат Республиканың  әкімшілік-аумақтық бірлігі ескеріле отырып құрылған, шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды. 10 депутат  барабар өкілдік жүйесі бойынша  және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды. Олардың ішінде 7 депутат «Отан» республикалық саяси партиясынан, бір-біреуден «Асар» республикалық партиясынан, «Ақ жол» демократиялық партиясынан және Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияларының «АИСТ» сайлау блогынан (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) сайланған.

Сайланған парламентарийлердің  жалпы санынан 59 депутатты саяси  партиялар ұсынды: «Отан» республикалық  саяси партиясынан – 42, «АИСТ» сайлау блогынан - 11, «Асар» республикалық  партиясынан – 4, «Ақ жол» демократиялық  партиясынан – 1, Қазақстан Демократиялық  партиясынан - 1. Өзін өзі ұсынғандар – 18 депутат.

Палата құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар. Үшінші сайланған Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас  мөлшері – 53 жас, ең жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста. Барлық депутаттар жоғары білімді болды.

28 депутаттың ғылыми дәрежесі  мен атағы бар, олардың ішінде 13 ғылым кандидаты мен 15 ғылым  докторы болды. Парламентарийлер  арасында әртүрлі мамандықтағы  инженерлердің саны едәуір, олар  – 21, заңгерлер – 14, экономистер  – 16. Бұдан басқа, үшінші сайланған  Мәжілісте ауыл шаруашылығы, халықаралық  қатынастар мамандарының кәсіби  біліктілігін иеленгендер, менеджерлер,  дәрігерлер, педагогтар, әскери қызметшілер,  журналистер, мәдениет қайраткерлері  және т.б. болды. 37 парламентарий  екі жоғары оқу орнын бітірген.

Соңғы жылдар ішінде Палатада парламенттік стажы бар депутаттар саны өскен. Мәжілістің 29 депутаты бұрынғы  сайланымда жұмыс істеген, 3 – бірінші  және екінші сайланымда, екеуі - Сенатта, 12 депутат бұрын әртүрлі сайланған  Жоғарғы Кеңестің депутаттары болған.

Мәжіліс Төрағасы - МҰХАМЕДЖАНОВ Орал Байқонысұлы

Мәжіліс Төрағасының орынбасары - ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович

Үшінші сайланған Қазақстан  Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан Республикасы Парламентінің  Мәжілісін тарату және Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы»  Жарлығының қабылдануына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда өз қызметін аяқтады.

Төртінші сайланым (2007-2011)

Төртінші сайланған Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісінің  сайлауы Конституцияға 2007 жылғы  мамырда енгізілген өзгерістер мен  толықтыруларға сәйкес, 2007 жылғы тамызда  өтті.

Жаңартылған Конституцияға  сәйкес Мәжіліс 107 депутаттан құралды. 98 депутат біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жасырын дауыс беру жағдайында жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.

Жеті саяси партия қатысқан 2007 жылғы 18 тамыздағы сайлауда 7 проценттік барьерді тек «Нұр Отан» Республикалық  Халықтық-Демократиялық партиясы ғана еңсерді, одан сайланған депутаттар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды алды. Палатадағы 9 орын Қазақстан халқы ассамблеясы 2007 жылғы 20 тамызда сайлаған депутаттарға берілді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Конституциясы