Газет публицистері және олардың жариялаған мақалалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 21:58, курсовая работа

Описание работы

Қазақ баспасөзі өз бастауын ХIX ғасырдың екінші жартысынан алады. 1870-1882 жылдары Ташкенттен «Түркістан уалаятының газеті» шығып тұрды. Бұл Түркістан генерал-губернаторының ресми газеті еді. «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет қазақ және өзбек тілдерінде жарық көрген. Аталмыш газет жабылған соң 1888-1902 жылдар аралығында Дала генерал-губернаторының Омбыдағы кеңсесі жанынан «Акмолинскимь областнымь ведомостямь» газеті жанынан «Дала уалаятының газеті» қосымша ретінде шығып тұрды. 1905-1907 жылдары «Серке» және «Қазақ газеті» оқырмандарға жол тартты. Алайда бұл басылымдардың қоғамдық-саяси өмірге аса ықпалы бола қойған жоқ. Ал 1911 жылы шыға бастаған «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналы ел өміріне етене араласты.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.
1.Газеттің жарыққа шығу тарихы
1.1. «Айқап» неге шықпай қалды?
1.2.«Қазақ» газетінің шығу тарихы
2. «Қазақ» - қоғамдық- саяси және әдеби газет
3. «Қазақ» жабылды, бірақ оның басты мақсаты орындалды
4. «Қазақ» газетінің зерттелу кезеңдері
5. Газетттің қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірін сипаттаудағы орны
5.1.Қазақтың бар қайғысы жер мәселесі
5.2. «Қазақ» газетіндегі көтерілген оқу –тәрбие мәселелері
6.Газет публицистері және олардың жариялаған мақалалары
6.1. «Қазақ» газетінің бас редакторы-Ахмет Байтұрсынов
6.2.Газеттің екінші редакторы-Міржақып Дулатов
6.3.Әлихан Бөкейханов– публицист
6.4. «Қазақ» газетін шығарушылардың құрамындағы – Жақып Ақбаев

ІІІ. Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қазақ реферат.doc

— 583.50 Кб (Скачать)

III.Қорытынды

 

                 

Газет қолдан-қолға, ауылдан-ауылға тез тарап, оқырманын көбейте түсті. Оны сол кезде Дала және Түркістан уалаяттарына немесе 9 облыс пен 1 губернияға бөлінген қазақ мекендеген жердің бәрінде жаздырып алды. Сондай-ақ Киев, Қазан, Санкт-Петербург, Томск және басқа да қалаларындағы университеттерде оқитын қазақ студенттері де жаздырып алып тұрғандары туралы деректер бар. Жалпы XIX ғасырда оқыған қазақ жастарының саны жылдан-жылға өсіп отырған. Жазушы-аудармашы Ғалым Ахмедовтың 1996 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Алаш «Алаш» болғанда» атты кітабында 1917 жылға дейін жоғары білім алған ұлт жастары туралы біраз мәліметтер бар. Олар Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Киев, Каир, Стамбул, Варшава, Том, Омбы, Орынбор, Саратов қалаларындағы университеттер мен институттарда оқығандар. Соның ішінде 27 адам XIX ғасырдың соңынан 1901 жылға дейін білім алғандар. Олардың арасында Ахмет Бірімжанов, Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Бақтыгерей Құлманов, Әли Көтібаров, Серәлі Лапин, Дінмұхамед Сұлтанғазин секілді жұртшылыққа кеңінен танымал тұлғалар бар. Ал XX ғасырдың басынан Қазан төңкерісіне дейін бұлардың саны 78 адамға жеткен. Бұлардың қатарында да қазаққа белгілі тұлғалар: Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Халел Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Райымжан Мәрсеков, Әлімхан Ермеков, Санжар Асфандияров, Ғалел Ғаббасов, Нәзір Төреқұлов, Мәннан Тұрғанбаев және тағы басқалар бар. Аз уақыттың ішінде «Қазақ» газеті күллі ұлттың асыға күтетін және сүйіп оқитын басылымға айналды. Алғашқы жылы 3 мың дана таралыммен шыққан газеттің аз уақытта жазылушылар есебінен бірнеше есеге көбейгеніне көңіл аударған Оксфорд университеті зерттеушілерінің мәліметіне қарағанда, газет саны көп кешікпей 8 мыңнан асып түскен. «Қазақстан» мен «Қазақ газеті», сондай-ақ «Айқап» журналы негізінен қаржының жетіспеуінен жабылып қалған болса, «Қазақ» газетінің сенімді демеушілері болған. Оған дәлел ретінде мынаны айтуға болады. Газет шыға бастаған 1913 жылдың ақпанынан 1917 жылдың соңына дейін оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынов бірнеше рет тұтқынға алу немесе айыппұл төлеу секілді түрлі жазаға тартылса, абақтыға жабылған әр жолы бірнеше мың патша рублі мөлшерінде ақшалай кепілдік төлеп босап шығуына тура келетін. Ол заманда мұндай қаржыға «Қазақ» секілді бірнеше газет ұйымдастыруға болатын еді. Газеттің құрылтайшылары – Әлихан Бөкейхановтың өзі мен оның серіктері Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатов сынды «батысшылдар» болатын. Оларды неге «батысшылдар» атады? Әлихан Бөкейханның 1910 жылы Санкт-Петербургте «Қазақтар» атты тарихи очеркі жарық көрген. Сол очеркінде ол қазақ арасында қалыптаса бастаған екі саяси толқынның барын, оның біріншісін «Ұлттық діни қозғалыс» деп, ал екіншісін «Батысшыл» деп атауға болатынын айтқан. Батысшылдардың қазақ даласының келешегін саналы түрде Батыс мәдениетін жүзеге асыру арқылы көретінін жеткізген. Ал Әлихан Бөкейханов кім? «Наш современник» журналының 1989 жылғы 7-ші санында мәскеулік жазушы Ирина Стрелкованың «Заметки о национальном» атты мақаласында: «…Букейханов был крупнейшим деятелем своего времени, видным экономистом. Но до последнего времени даже и представить было невозможно, что в Казахстане кто-то решится написать и издать обьективную биогрофию Букейханова… Но разве не интересно, что в статье «Благое дело» Букейханов агитировал за кооперацию для казахов?» деп жазыпты. Стрелкованың сөзінің жаны бар. Күні бүгінге дейін Әлихан Бөкейхановтың экономикадағы еңбектері тереңнен қозғалған жоқ. Абайтанушы Қайым Мұқамедханов: «Әлихан Бөкейханов мамандығы жөнінен терең білімді экономист болуымен қатар, үлкен ғалым – тарихшы, әдебиетші, жалынды публицист, журналист әрі шебер аудармашы да еді», – дейді. Бөкейханов «Қазақ» газетіне дейін «Сибирские вопросы» мен «Реч» сияқты орталық басылымдарда қазақ даласының басым бөлігінің егін шаруашылығын дамытуға жарамсыздығын, оның экономикалық тиімсіздігін, крестьян шаруашылықтарының күйзеліп, олардың қайтып кетуге немесе кәсібін өзгертіп, мал шаруашылығымен айналысуға мәжбүр болып жүргендігін айтып, үкіметтің қоныстандыру саясатын қатты сынға алған. Ол ұлтын, жерін осылай қорғап бақты. 

«Қазақтың» 19-санында Әлихан Бөкейхановтың «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен «Төртінші дума һәм қазақ» деген мақаласы жарияланған. Автор бұл еңбегінде «Степное положениенің» 136 статьясына байланысты талдау жасай келіп, «…Жаңа шыққан закон осы қазақ баласының жолын, правосын жоқ қылмақ», – дейді. Ал жер кімдерге сатылады? Законның қитұрқы астарын автор оқырмандарға былай жеткізген: «…Түркістанда көп қызметтен қалған чиновниктер бар екен. Бұлар қазақ жеріне ғашық екен. Закон жобасы осы бишараларды жұмбақтап, «православный баласы» қылып жерге бишара мұжықпен ортақ қылмақ екен. Сөйтіп қазақ жері сияқты май көрінгенде Түркістан төрелері тонды айналдырып киіп, бишара мұжық болған екен. Хохол жұртының жақсы мақалы бар, қай діндесің деп хохол жұртынан сұраса, бұл бишара жауап берген: «Май берген діндемін»,– деп. Закон жер христианға ғана беріледі деп шыққан соң, Түркістаннан басқа жерден де май жейтін хохол табылады ғой. Өткен жылы үшінші дума тарқады. Дума өз үйін түзетуге ақша бермек болып, закон жобасы қаралған еді. Сонда Қазан депутаты Мақсұдов сөйледі: «Сіздер думаның үйінің төбесін түзетеміз деп отырсыздар, әуелі думаның өз төбесін түзетіңіздер. Түркістаннан қазақ жерінен думада бір депутат жоқ. Осы облыстарға депутат беріңдер», – деп. Биыл Мәскеу депутаты Шешкин осы жоғарыда жазылған закон қаралғанда сөйледі: «Бұл қалай, Түркістанның, қазақ жерінің сөзіне Забайкал, Харьков депутаты тұрып сөйледі, бұлардың өз депутаты қайда? «Үшінші июнь» ақсақ законын түзеу керек», – деді». 
«Газетімізге штраф» деп аталынған шағын хабардың жұрт назарын өзіне бірден аударғаны кәміл. «80 нөмір «Қазақта» жаңа закон жобасы туралы жазылған бас мақала үшін (Қара: Закон жобасының баяндамасы – құр.) Оренбург губернниясының бас начальнигі шығарушыға мың жарым сом штраф салды, төлемесе үш ай абақты. Шығарушы Ахмет Байтұрсынов жаңа шыққан жас газетке мың жарым сом төлеу ауыр болатындығын ойлап, 3 ай отыруға риза болғаннан кейін, 20 октябрьде кешкі сағат 10-да полиция абақтыға отырғызған еді. Былтырдан бері денсаулығы нашар болғандықтан абақтының ауасына 3 ай отыруға шыдамайтындығы білініп, 22 октябрьде мың жарым сомды төлеп абақтыдан шықты». Осы хабардан газеттің үнемі үкімет назарында, цензуралық қатаң қадағалауда болғанның өзінде ұлттың мүддесіне қайшы келетін заң жобаларын батыл сынап отырғаны байқалады. 
Газет қазақ әдебиетіне де көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы солардың бірі ғана. Енді осы мақаладан да үзінді келтірейік. «Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, тіпті жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан, Абайдың сөздері кітап болып басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың аты, сөзін естімедім дегенге недәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді. Қай жерде ақындар жайынан я ақындардың сөздері жайынан әңгіме болса, Абайдың сөзін атамайтын адам болмады. Абайдың сөзін көрмей тұрғанда, мақтанғандарына сенбей, қазақ үкілеген өз құнанын өзгелердің тұлпарынан артық көретін мінезі болушы еді, мақтап отырған Абайы біздің Әбубәкір, Сейдахмет, Ақмоллаларымыз сықылды біреу ғой деп жүрдім. 1903 жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөздеріндей емес. Олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қаласың. Кей сөздерін ойлап дағдыланған адамдар болмаса, біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайында жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады». Ол исі қазаққа кемел ойдың иесі Абайдың ақындығын осылай таныстырды. Оның «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлең мәтінін келтіре отырып, хақиқатты тануға, бойына біткен ерекше зеректікті жан-жақты ашып, талдап берген. Жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің «Егемен Қазақстан» газетінің 2003 жылы 30 қазандағы санында «Ұлт ұстазы» атты көлемді мақаласы жарық көрді. Ол сол мақаласында Ахмет Байтұрсыновтың Абайды талдауына тоқтала келіп: «…Өзі де ірі, жазып отырған адамы да ірі. Ірі болмағанда қайтеді, Ахмет қазағының қаймағы, данышпан Абайын жұртына таныстырып отыр емес пе! Ұлы Абай! «Қазақ» газетінде басылған бұл мақала кезінде айрықша оқиға болғаны сөзсіз. Абайын таныған ұлт бақытты, соны Ахаң түсінді. Ахаң Абайды тану арқылы өзі өсті және оны жасырмайды да. Былайғы жердегі Ахмет Байтұрсыновтың рухани көсемі Абай болған, ол Абайға табынған, пір тұтқан. Егер Абайтану ілімі бар десек, соның басында Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов тұрары хақ. Екі алыптың бас Алыпты танығаны мәртебе!»,– дейді. 
«Қазақта» жарияланған «Аңдаспаған мәселе» турасында», «Дума маңайында неге кісіміз жоқ?», «Потанин докладынан», «Қазақтан солдат алына ма?», «Бастауыш мектеп», «Тағы соғыс», «Шоқан Шыңғысұлы Уалихан», «Социал-демократтар ұсталу», «Мұсылман сиезі», «Әдебиет кеші», «Шаруа кеңесі», «Кімге өкпелеуіміз тиіс?» және тағы басқа да мақалалар ел іші мен шетелдердегі жағдайлар туралы оқырмандарға мол мәліметтер ұсынады. 
Оксфорд университетіндегі Орталық Азияны зерттеу қоғамының пікірінше: «Қазақтың барлық маңдайалды жетекшілері оның («Қазақ» газетінің) қызметкерлерінің арасында жүрді, оның ішінде М.Жұмабайұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, Е.Омарұлы, А.Х.Жүндібайұлы, М.Тынышбайұлы және тағы басқалар…». «А.Байтұрсынұлы және басқалар өздерінің қазақ тарихы, қазақ фольклоры және лингвистикасы туралы зерттеулерін жариялады. Жалпы «Қазақ» газеті өте жоғары ғылыми деңгейге жетті». Сөз жоқ бұл газет шығарушыларына берілген жоғары баға. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бас редактор  Бүркітпай Аяған «Қазақстан»ұлттық энциклопедия» . том5.Алматы,2003.719бет,б.194-195.

 

  1. «Қазақстан тарихы» көне заманнан бүгінге дейін.5том,т.3. «Атамұра» баспасы. Алматы,2002. 765бет,б.700-711.

 

  1. «Қазақстан тарихы» очерктер.Алматы: «Дәуір» баспасы-1994.445бет,б.110-117.

 

  1. Жақып Б., «Публицистикалық шығармашылық негіздері» − Алматы, «Қазақ университеті», 2007 ж.

 

  1. “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010

 

  1. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009

 

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

 

  1. Байтұрсынов А. Шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1989

 

  1. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008

 

  1. Қ.Атабаев "Алаш айнасы" газеті ақпараттық порталы 2009 жылдың 15 сәуір  

Информация о работе Газет публицистері және олардың жариялаған мақалалары