Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 21:58, курсовая работа
Қазақ баспасөзі өз бастауын ХIX ғасырдың екінші жартысынан алады. 1870-1882 жылдары Ташкенттен «Түркістан уалаятының газеті» шығып тұрды. Бұл Түркістан генерал-губернаторының ресми газеті еді. «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет қазақ және өзбек тілдерінде жарық көрген. Аталмыш газет жабылған соң 1888-1902 жылдар аралығында Дала генерал-губернаторының Омбыдағы кеңсесі жанынан «Акмолинскимь областнымь ведомостямь» газеті жанынан «Дала уалаятының газеті» қосымша ретінде шығып тұрды. 1905-1907 жылдары «Серке» және «Қазақ газеті» оқырмандарға жол тартты. Алайда бұл басылымдардың қоғамдық-саяси өмірге аса ықпалы бола қойған жоқ. Ал 1911 жылы шыға бастаған «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналы ел өміріне етене араласты.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Газеттің жарыққа шығу тарихы
1.1. «Айқап» неге шықпай қалды?
1.2.«Қазақ» газетінің шығу тарихы
2. «Қазақ» - қоғамдық- саяси және әдеби газет
3. «Қазақ» жабылды, бірақ оның басты мақсаты орындалды
4. «Қазақ» газетінің зерттелу кезеңдері
5. Газетттің қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірін сипаттаудағы орны
5.1.Қазақтың бар қайғысы жер мәселесі
5.2. «Қазақ» газетіндегі көтерілген оқу –тәрбие мәселелері
6.Газет публицистері және олардың жариялаған мақалалары
6.1. «Қазақ» газетінің бас редакторы-Ахмет Байтұрсынов
6.2.Газеттің екінші редакторы-Міржақып Дулатов
6.3.Әлихан Бөкейханов– публицист
6.4. «Қазақ» газетін шығарушылардың құрамындағы – Жақып Ақбаев
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кезінде басылым әскери цензураның қатаң бақылауында болған. Газет бетінде жарияланған әрбір мақаланы, хабарды барынша мұқият тексеріп отыруды, баспасөз заңын бұзса, редакторларын жауапқа тартуға, соттауға бұйырған баспасөз ісінің бас басқармасы граф? Орал, Орынбор губернаторларына жазған құпия хаттары мұрағатта сақталған. Көптеген қиындықтарға қарамастан газет 1918 жылдың қыркүйек айына дейін үзбей шығып тұрған. Қазақ ұлттық баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мұндай ұзақ уақыт жарық көрген басылым жоқ.
Қазақ газетінде де жер мәселесі үздіксіз көтеріліп отырды 1905-1907 жылдардағы көтерілістен кейін патша үкіметі қазақтардың жерін тартып ала бастаған. Бұл туралы А.Байтұрсынов: “Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зары жер мәселесі. Бұл қазақтың тірі я өлі болу мәселесі” – деген.
Жер – тіршілік көзі. Ал мал баққан
қазақтың онсыз шаруасын жүргізуі өте
қиын. Газеттегі Әлихан Бөкейхановтың
«Айналма» атты мақаласы тағы да жер
жөнінде. Қазақтың жер жөніндегі
законға көзін ашу. «…Мал бағатын
жерден мұжықтан басқа орыс баласына қазақ
жері берілсін деген закон жоқ. Орыс мақалы
бар: «Заң арба жетегі, қалай қарай бұрсақ,
сол жақта болады» деген. Жер министрінің
мекемесі Министрлер Советіне мақұлдатып,
патшаға қол қойғызып алып отыр. Сібірде,
Степной облыстарда һәм Түркістанда мал
бағамын десе, отыз алты жылға торгсыз
арендаға мал бағатын жер берілсін деп.
Оброчний устав деген закон бар. Мұның
93-101 статьяларында айтылған, қазына жері
арендаға торгсыз берілетін мұжық обществосы
деген. Жер министрі осы жаңа айтылған
законды аттап өтіп, судай кешіп отыр.
Бұл бір айналма.
Павлодар уезінде қала саламын деп кескен
«Ертіс», «Ермак» деген екі жер бар. Бұл
жер Ертістің күнбатыс қабағындағы қазақ
жері. Осы қалалар жері арендаға беріледі
орысқа ғана, орыс дініндегі адамға ғана.
Өзге орыс патшасының панасындағы жұрт
жер арендаға алатын жолынан правосынан
шығып қалған. Закон арқылы орыс патшасының
панасындағы адам правосынан сот тергеп,
айыпты деп тапса, айрылады. Не жұрт правосын
мінесе, Г.Дума, Г.Совет һәм патша үшеуі
мінейді. Жерді орысқа ғана беремін деп
жұрт правосын Министрлер жоғалтып, законды
аттап өтіп отыр. Міне, тағы бір айналма».
Автор жергілікті ұлт өкілдерін орыстандырудың
жымысқы саясатын, сондай-ақ әділетсіздікті
осылай ашқан.
Газет рәміздік- бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
Газетте XX ғасырдың басындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, қазақ шаруашылығының жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған құнды мақалалар жарияланды.
XX ғасырдың бас
кезіндегі қазақ өміріндегі
«Қазақтың» басты бағыты ағартушылық мәселесін қамтыды. Өнер, білім жағынан қалың қазаққа бас көз болды. Мысалы: «оқу жайы», «Қазақша оқу жайы» атты мақалалар оқудың мән жайын, маңызын, әсіресе, «Қазақтың шаруасына, бір жақтан надандықтан кемшілік келген де, екінші жақтан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдігнен , теңдігіне қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат істеп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Бұл заманда қол жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер –білімге мезгіл өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында шаншылмас едік, бізде өз алдымызда бір жұрт екенімізді білдірер едік» – десе, «Орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, қазақша оқы, жаза білген соң, шама келсе орысшада білу керек», -дейді. Газет 1913 жылы жарияланған матеиалдарында оқудың мән жайын, маңызын айтып көпке түсіндіруге тырысса, екінші 1914 жылғы «Бастауыш мектеп» (№61), «Мектеп керектері» (№62), «оқу мезгілі» сияқты мақақаларында мектеп, медересе жайларын нақты көрсетіп мұқтаждарын айтады.
Оқу- ағарту мәселесіне «Қазақ» газеті көп көңіл бөліп, қазақ даласында жаңадан мектеп медреселер салудың қажеттілігі осы істің барысы туралы хабарларды кеңінен жариялап отырды. Сондай-ақ қазақ тілінде шыққан кітаптардың бағыт-бағдары, алатын орны жөнінде қысқаша сын мақалалар өте көп жазылды.
Жер бетіндегі тіршілік иесі еркіндік үшін жаратылған. Өсімдік екеш өсімдік те қалағанынша өркен жайып, өз қуаты жеткенше күнге қарай бой созуға ұмтылады. Жан-жануар атаулының да аңсары сол. Ал, адам ше ?! Шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап, құндақтауға көнбей еркіндіккее талпынған тірі пенде қашан жер қойнына кіргенше өз мүддесі жолында тырмысып, тырбынып өтпей ме?! Тіпті, нағыз тәубәшіл де төзімді кісінің жан сарайына үңіліп қарасақ, оның да көкірегі еркіндікке бұлқынған арман мен мұратқа толы.
Шыққан тегі мен өскен тарихының, әдет-ғұрпы мен мінез-құлқының, табиғи ортасы мен шаруашылығының, ең соңында, тілі мен дүниетанымының ортақтығы бір ұлт етіп ұйытқан кез келген халық та әлгі жеке адам сияқты ғұмыр бойы азат ел болуды, жұмыр жер бетінен, адамзат тарихынан өзіне лайықты орнын алуды армандап өтеді. Арманынан айырылған, мұратын жоғалтқан адам да, халық та дара тұлғалық қасиетінен айырылып, азып-тозып, ақырында жоғалып бітеді.
Үш жүз жыл бойы бодандық бұғауында тұншыққан қазақ халқының қайтадан дербес мемлекеттік орнатып, айналасы төрт-бес жылдың ішінде төрткүл дүниеге танылуына жеткізген қандай ұлы күш еді,-деп таң қалатындар болса, сол ұлы күш осы ғасырлар бойы халқымыз көкірегінен өшпеген азаттық рухы.
«Заманына қарай амалы» деген сөз бар. Мұның мағынасы – заманның түріне қарап іс- істеу. Төңірекке қарасақ, түнерген-түнерген бұлттар көрінеді, түбі қандай белгісіз, не боларын білмейміз. Нұр болып жауып, жерімізді көгертіп, несібемізді молайтар ма?
Болмаса, дауыл болып соғып,үйімізді жығып тастар ма? Көзіміз бұған жетпейді. Жалаң аяқ, жалаң бас, жеңдеріміз қиюсыз, етектеріміз жиюсыз ашылып, шашылып қамсыз жатқан халықпыз. Күннің не боларынан ешкімнің көзі жетпейді. Дауылды жауын ету қолымыздан келмейді, үйлеріміздің қирамаи қалуына амал ету керек. Сол амалға кіруге жұртқа мұрындық болатын нәрсенің бірі газет. Халыққа газеттің керегі қандай? «Айқап» журналында қазақ халқының әдет-ғұрып, тәрбие мәселелеріне арналған Жақып Ақбаевтың «Туысқан бауырларына бір насихат», Шәкәрім Құдайбердиевтің «Біздің мұқтаждарымыз», «Сөз таласы», Мұқамеджан Сералиннің «Біздің бұрынғы һәм қазіргі халіміз» сияқты бірқатар еңбектері жарияланған.
Бұдан біздер әсіресе, XX ғасырдың басында шыға бастаған биресми ұлттық басылымдарда әдет-ғұрып, оқу-тәрбие мәселелерінің бірте-бірте алдыңғы қатарға шығып, халықтың рухани байлығын бұрынғыдан да байыта түсуге, отарлықтың кесірінен барынан айырылғандардың санасын оятуға барынша күш салғандығын байқаймыз.
XX ғасырдың басында қазақ халқының көзі мен құлағы және тіліне айналған тағы да бір басылым, ол – «Қазақ» газеті. Мұнда желкен деген бүркеншік атпен жазған автордың «Өтінішке жауап», Х. Досмұхамедовтың «Тамыр дәрі қақында» және тағы да басқа көптеген авторлардың ұлттық әдет-ғұрып , оқу-тәрбие мәселелеріне арналған мақала, очерк, әңгімелері жарияланған.
Қасақстанның Россияға ерікті қосылуы нәтижесінде орыс халқы мен ќазаќ халқының алдыңғы қатарлы өкілдері арасында рухани және достық қарым-қатынастар қалыптаса бастады.
Қазақ ағартушылары Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсаринның және Абай Құнанбаевтың қоғамдық саяси көзқарастары орыстың алдыңғы қатарлы революцияшыл демократтарының әсерімен қалыптасты.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-саяси көзқарасының демократиялық бағытта болып қалыптасуына оның 1860 жылы Петербургте болуының ерекше маңызы болды.
Шоқан Петербургте болған кезінде алпысыншы жылдардың қозғалысын зерттеді. Сол кездегі таңдаулы журналдарды оқиды. Бұл кездегі таңдаулы журналдар А.И. Герценнің шет елде шығарып тұрған «колоколы» , Н. Г. Чернышевский мен Н.А. Добралюбов тұсындағы «Современник» (1854-1862) болатын.
Шоқан Уәлиханов өзінің публицистикалық мақалаларында халық бұқарасының мүддесін қорғады, әділеттік күшін күресті. Мысалға оның «Сот реформасы» деген хатын алуға болады. Бұл өтініш ретінде жазылған жай хат емес, қазақ халқының әлеуметтік шаруашылық және мәдени өмірінің көкейтесті проблемалық мәселелерін қорғайтын публицистикалық мақала.
Қазақстанның Россияға қосылуының прогресшіл маңызын қазақтың ағартушы –демократияның ішінде бірінші болып дұрыс түсінген, қазақ халқының ұлы орыс халқымен дос болуына насихаттаған Шоқан болды. «Орыспен біз тарихи байланыстамыз, онымен біздің қанымыз араласқан»-деп жазды ол.
Сонымен қатар Шоқан өз халқының ұлттық намысын қорғай да білді. Кейбіреулер ойлағандай қазақ халқы «Сондай тағы және дөрекі емес, қоғамдық прогреске бейім және болашағы зор халық» деп танытты ол өз халқын басқа жұртқа. Ол өз халқы мен отанына деген шын сүйіспеншілігін басқа халықтарды, алдымен ұлы орыс халқын, оның озат мәдениетін алдыңғы қатарлы адамдарын сыйлаумен ұштастырды. Орыстың революцияшыл демократ публицисттері сияқты Ш. Уәлиханов өз халқына жаны ашығандықтан оның надандығын, әдеп-ғұрпының зиянды жақтарын ешбір іркілместен қатты сынады.
Сөйтіп Ш. Уәлиханов
«Сот реформасы туралы» деген
публицистикалық мақаласында
Гуманист - публицист әйел теңдігі мәселесінде өзінің «Сахарадағы мұсылманшылдық туралы» деген мақаласында да баса көңіл бөлді. Ол қазақтардың балаларын тумай жатып атастырып, балиғатқа толмаған қызын қалың малға сатып, жесір әйелді әмеңгерлік салтымен зорлап қосатын тағылық әдеттеріне қарсылық білдірді. Шоқан мұның бәрін адам өміріне еткен қастандық, оның правосына қол сұққандық деп білді де, әйел теңдігі мәселесін күн тәртібіне қойды. Ол «Қазақтар қыздарын жасқа толмай күйеуге бермейтін болсын, ата-аналары өздерінің балдарын тұрмысқа шығуға, үйленуге күштемейтін болсын» деп ұсыныс енгізді.
Публицистикалық және ғылыми зерттеу мақалаларында Шоқан қазақтың әдебиеті мен тілін дамытудың жолдарын айтып, жөн сілтеді. Ол «Халқымыздың бай және ақындық қасиеттен кен де емес тамаша әдебиеті бар» – деп мақтаныш етті және өзі жақсы білетін халықтың ауыз әдебиеті мұралары мен орыстың класикалық озық әдебиеті қазақтың жазба әдебиетінің жаңа бағытта дамуыныың қайнар көзі, үлгі өнегесі болады деп білді. Ол өз халқының ауыз әдебиеті мұраларын, ақындардың шығармаларын қоғамдық даму процестерімен байланысты зерттеп, келелі пікір айтты.
Ш. Уалиханов журналистиканың саяси маңызын, атқаратын ролін жоғары бағалады. Баспасөз жұмысына қатынасу оның ертеден бергі арманы еді. Оның «Абылай», «Қырғыздар туралы», «Жоңғар очерктері « сияқты төрт-бес мақаласы 1861 жылы жарық көрді.
Шоқан еңбектерінің барлығы дерлік орыс тілінде жазды. Бірақ ол бастауыш білімді өзінің ана тілінде алып, хат таныды. Егер де сол кезде қазақ баспасы, қазақша газет, журнал болса, Шоқан мақалаларын, очерктерін, әдеби зерттеулері мен сындарын өзінің ана тілінде бастырып шығарған болар еді. Алайда өз еңбектерін қай тілде жазбасын Шоқан өз халқының қамын ойлап, қалың бұқараның мүддесін қорғады, қайтсе де өзінің артта қалған орыстың озат мәдениетіне жанастыру үшін күресті.
Сөйтіп, Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан қазақтың көрнекті ғалымы, демократ ағартушысы болуымен қатар қазақтың публицистикасы мен баспасөзінің негізін салушыларының бірі болды.
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық және демократиялық көзқарастары орыстың қоғамдық ой пікірімен педагогикалық ғылымының алдыңғы қатарлы өкілдерінің – Чернышевскидің, Добролюбовтың, Ушинскийдің тағы басқалардың әсерімен қалыптасты.
Демократияшыл бағыттағы орыс журналистикасы Алтынсаринді қызықтырған, ол XIX –ғасырдың 50-жылдарының аяқ шенінде және 60-жылдардың бас кезіндегі журналдарды қажымай талмай оқып, «Жаңа журналистиканың» бетіндегі шетелдіктермен сөздерді және өзіне керекті фактілерді ұқыпты түрде жазып алып отырған. Жазып алынғандары қалың дәптерге айналған.
Баспасөзді халық ағартудың, қоғамдық ой-пікірді дамытудың аса маңызды құралы деп таныды ол. Қазақша газет, журнал болмағандықтан Алтынсарин халыққа жалпы білім тарататын, өнер үйрететін кітап шығаруды талап етті. «Молдалардың оқытып жүрген араб, парсы, татар кітаптарының бәрі де адам баласын дұрыс ойдың бәрінен адастырады, кері кетіреді. Ал басқа халықтар сияқты қазақтарға да олардың өздеріне түсінікті тілде жазылған, оқығанда ақыл беріп, ой түсіретін кітаптар керек» деп жазды ол.
Осындай мақсатты көздеген Алтынсарин 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы « және «Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы « деген екі кітабын орыс әрпін қазақша бастырып шығарды.
Алтынсариннің «қазақ хрестоматиясы» әрі оқулық, әрі көпшілікке арналған публицистика және көркем әдебиет шығармаларының жинағы, халыққа әртүрлі білім беретін энциклопедиясының рөлін атқарды.
Алтынсарин 1862 жылғы бір хатында «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық. Бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз. Қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық. Мәселе оны ағартуды болып отыр» –деп жазды.
Газетте жарияланған мақаларында Алтынсарин қазақ елі отырықшы болуға әлі әзір емес, сондықтан бұл халықтың көшпелі салтын бірден жойып жіберуге болмайды. Ондай шара қолданудан бұрын әуелі сол халықтың өнері мен салтын білген жөн деп қазақтарды зорлап отырықшылыққа айналдыруға қарсы болды.
Информация о работе Газет публицистері және олардың жариялаған мақалалары