Қазақ теледидарындағы жастар бағдарламалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:24, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тележурналистикасының теориялық және тәжірибелік мәселелерінің көкейтестілігі курс жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды. Қазақ теледидарының Жастар редакциясы көрермен бойына адамгершілік, имандылық, инабаттылық, парасаттылық, еңбекқорлық қасиеттерін сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын өсіре түсу мақсатында қызмет етті. Жастарға қандай да болмасн тәрбие ұрығын сепкен нәрсенің маңызы зор, мәртебесі биік болар анық. Себебі, жастар – егеменді Қазастанның болашағы, тәуелсіздіктің көк туын аспандата ұстар тұғыры. Еліміздің іргесін шайқалтпай, өркениет өресін

Работа содержит 1 файл

курс.docx

— 107.87 Кб (Скачать)

Ал телевизиядағы туындыларға жедел баға беруде, көрерменнiң көңiлiн экрандағы жақсы дүниелерге аударып, олардың талғамын тәрбиелеуде күнделiктi баспасөздiң орны айрықша. Бұл ретте “Егемен Қазақстан” газетi кезiнде “Не көрiп жүрсiз?” деген айдармен көптеген мақалалар жариялаған едi, өкiнiшке қарай, бүгiнде ол саябырсып кеттi. Ал “Айқын” газетiнiң апта сайын “Дидар” деген айдармен үзбей, табанды түрде мақалалар топтамасын беруi құптарлық. Онда қазiр көзге түсiп жүрген телемамандардың сұхбаты жиi жарияланады. Әрине, жазушы сырын жазушының өзiнен артық ешкiмнiң айта алмайтыны сияқты телемамандардың өз тәжiрибелерi мен ойға түйгендерiн ортаға салуы шағын экрандағы өнердiң жасырын сырларын ашуға тигiзетiн пайдасы зор. Дегенмен “Айқын” газетiнiң басшылығы осы айдардағы мақалалардың, әсiресе, сырт пiкiрлердiң сапалы, кәсiби тұрғыдан биiк талғаммен жазылуына мән берiп отырса, ол көрерменге де, телевизия қызметкерлерiне де, жас өнерiмiздiң дамуына да пайдалы болар едi.

– Бiр баспасөз мәслихатында режиссер Болат Атабаев мырза: “Мен жылдан астам уақыт болды қазақ баспасөзiн оқымаймын, оқығым келмейдi. Себебi, барлығының жазу стилi ұқсас, моральдық деңгейден ары аспайды. Сондықтан қазақ журналистерiн жек көрем” деген едi. Атабаев мырзаның сынына қалай қарайсыз?

– Бұл бiлгiшсiнген адамның астамшыл сөзi тәрiздi. Мен ол кiсiнi танымаймын, еңбегiн де бiлмеймiн. Бiрақ мына сөзiне қарап сондай ойға тiрелесiң. Бүкiл қазақ баспасөзiне, барша журналистерге күл шашу – ол ақылдылық емес. Мен күн сайын 15-тен аса орыс-қазақ тiлiндегi газет-журналды оқып, қадағалап отырамын. Сонда қазақ елiнiң тағдыры, тарихы, ғылымы, мәдениетi, тiлi, дiнi туралы қазақ газеттерi мен журналдары көсiле жазады. Ал орыстiлдi басылымдарда ел тағдырынан гөрi түрлi жанжал, қорлық-зорлықтарға газеттен көп орын берiледi. Ел iшiнiң жанға батқан мәселелерi, бүкiл халықты толғандырып отырған тiлi мен дiн мәселесi т.б. олардың қаламына iлiкпейдi. Ғаламтордан терiп алып газет бетiне көшiрген шетелдiк материалдарды Қазақстандағы орыстiлдi журналистердiң еңбегi деуге аузым бармайды. Бұл жерде Атабаев мырзаның талғамын түсiну қиын. Менiң ойымша, Атабаев ұнатпайды, оқымайды екен деп қазақ журналистерiнiң қылшығы қисая қоймас. Ал егер қазақ журналистерiнiң шамына тиiп, “ояту үшiн” олардың туындыларында өзектi, өткiр ойлар, санаңда жатталып қалатын сирек деректер, мағлұмат көп болса екен деген игi тiлекпен айтса, жөн басқа. Ол үшiн жек көрудiң қажетi жоқ, өзiңде бармен газет бетiнде бөлiсiп, үлгi көрсетсе, әлдеқайда пайдалы болар едi.

– Өзiңiз айтқандай, тұтас шолып қарасам, теледидар менiң бүкiл ойлау жүйемдi өзгерттi. Бұл – адамзат жасаған барша өнер атаулының басын қосып, кiрiктiрген синтездiк өнер. Сондықтан оған бiр ғана әдебиеттiң, яки театр, музыка, киноөнерiнiң немесе суретшiнiң тұғырынан ғана қарай алмайсың. Бұнда осының бәрiнiң де қасиетi бар, бiрақ өзгеше дүние, өзiнше әлем. Мен өзiмнiң алғашқы зерттеу еңбегiм – “Шындық және көркемдiк шешiм” атты монографияны үш айда жазып шықтым. Осылай кете берсем талай жерге шабатын едiм. Өйткенi, көп шешiлмей, бiрақ бағытта, томаға-тұйық, өзiңмен өзiң отырып жұмыс iстейсiң. Ал телевизиядағы әрбiр жарты сағаттық бейнефильмге бұдан да көп уақытым кетiптi. Әрi оның азабы мен мехнаты, техника мен әртүрлi мамандық иелерiне кiрiптарлық жүйкеге айрықша салмақ түсiредi. Телевизиямен тағдырын байланыстырған адамға жәй талантты болу аздық етедi. Ол да осы өнердiң өзi сияқты жан-жақты: бiлiмдiлiк, iскерлiк, алғырлық, тапқырлық, еңбекшiлдiк, көпшiлiкпен жұмыс iстей бiлетiн, тiптi, керек жерiнде билiк таныта алатын қасиеттерi болса ғана мақсатына жетедi. Телевизия балауса жастан шыңдалған, жан-жақты маман өсiрiп шығарады.

– Осы ретте  тележурналистiң белгiлi тақырыпта мамандануына қалай қарайсыз?

– Заманның да, телевизияның да даму үрдiсi солай. Кезiнде бiр газеттен оқығаным бар едi: Нобельдiк сыйлық алған, қатарынан озған, ұлы математик орта мектеп оқулығындағы есептердi шығара алмай қиналыпты. Бұған таңырқаудың қажетi жоқ. өйткенi белгiлi бiр ғылымды үңги зерттеген ғұлама өзiне қажетсiз ақпараттармен басын қатырмайды. Телевизия дүниеге келген алғашқы кезеңдей емес, қазiр оның да сала-саласында өз iсiн үздiк меңгерген мамандар өсiп жетiлдi. Сондықтан журналист те әр ғылымның басын шалмай, бiр саладан, мысалы, экономиканы, финансты, өнердi, мәдениеттi, ауыл шаруашылығын, саясатты т.б. терең игерген адам болса, олардың пайымына көрермен де, сол саланың мамандары да иланар едi. Американдық CBS арнасында Уолтер Кронкайт деген журналист болды. Ол өз елiнiң саяси өмiрiн бес саусақтай бiлетiн. Оның пiкiрiмен президенттер де санасатын. Сол Кронкайт алпысыншы-жетпiсiншi жылдары кезектi Президент сайлауында ұйқы-күлкiсiз 24 сағат репортаж жүргiзгенде, оның таңдауы кiмге қарай ауса, сол үмiткердiң алған даусы да өсiп отырған. Совет телевизиясындағы Юрий Жуковтың “Телевизиялық әңгiмелерiне” тек совет басшылары мен көрермендерi ғана емес, әлемдiк саясаткерлер де құлақ түретiн. Бұндай журналистер қоғамдық пiкiр қалыптастырудың үлкен шеберлерi едi. Ал бiздiң елiмiздегi телеканалдарда тек спорт журналистерi ғана тұрақты түрде өз тақырыбымен айналысады. Бiрақ олардың iшiнен Диас Ахметшәрiп сынды бiрен-сараны болмаса, бiр кезде жастардың кумирiне айналған Сейдахмет Бердiқұлов, Несiп Жүнiсбаев тәрiздi спорт журналистерiн табу қиын.

Өткен жылы “Қазақстан”  телеарнасынан Азиада күндерi өзi бiлмейтiн  спорт тақырыбында хабар жүргiзiп көрген әншi Мәдина Садуақасованың сәтсiз әрекетi – қаншама танымал болсаң да “бiлегiң көтермейтiн шоқпарды белiңе байлама” дегеннiң керiн келтiрдi. Телеэкран табиғаты шынайылықты қалайды.

– Қазақстанда  екi жүздей әртүрлi деңгейдегi телеарналар бар. Солардың iшiнде қай арна қазiргi ақпараттық технологиялар дәуiрiнiң тасқынына төтеп бере алады деп ойлайсыз?

– Бұл сұраққа нақты  жауап беру үшiн барлық телеарналардың басты бағдараламаларын көрiп, шығармашылық мүмкiндiктерiн ғылыми, сыншылық тұрғыдан сараптау керек. Менде ондай мүмкiндiк жоқ. Жергiлiктi телеканалдардың қайдан көрсетiлетiнiн де бiлмеймiн. Ал республикаға кеңiнен таралатын 7-8 каналды алатын болсақ, олардың iшiнде “Қазақстан” мен “Хабардың” орны бөлек. Соңғы 5-6 жылда “Қазақстан” телеарнасы әрбiр маусымда жаңа бағдарламалар ашып, шығармашылық iзденiстерi толастамайды. Биылғы “Қазақтың 100 әнi” бағдарламасы бiрте-бiрте көркейiп, бет-бағдарын айқындап, көрерменннiң көзайымына айналып келедi. “Хабар” агенттiгiнiң “Таразы”, “КТК” арнасындағы “Кейiпкер”, “7” арнаның “Нысана” сараптамалары көңiл бөлуге лайық туындылар. Биылғы жылдың аяғына қарай тұтастай қазақ тiлiне көшетiн “Қазақстан” телеарнасының жүгi жеңiл болмайды. Бiрақ бұл ұжымның ұлттық хабарлар жасауда тәжiрибесi мол, ел сенiмiн ақтайтыны сөзсiз.

Қазiргi замандағы ақпараттар тасқыны жан-жақтан қаумалаған заманда  ұлттық телеарна өз бетiн нақты айқындап, шығармаларының көркемдiк сапасына қатты көңiл бөлгенi жөн. Ұлттық әдет-дәстүрдi түп негiзге ала отырып, заманның талабына сай көркем бояулар, стильдiк iзденiстер, жаңа түр табуға талпынса, еңбектерi жанбақ. Қазiр елiмiздегi басты телеарналардың техникалық мүмкiндiктерi өте зор. Тек сол қаруды лайықты пайдалана бiлетiн талантты шығармашылық топтарды жасақтай алса жарар едi. Әр телеарнада дарынды екi-үш топ жұмыс iстесе, сол телеарна ақпараттық тасқынға төтеп берiп, өз бейнесiн, ерекшелiгi мен ұлттық қасиетiн сақтап қалмақ.

 


Информация о работе Қазақ теледидарындағы жастар бағдарламалары