Қазақ теледидарындағы жастар бағдарламалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:24, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тележурналистикасының теориялық және тәжірибелік мәселелерінің көкейтестілігі курс жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды. Қазақ теледидарының Жастар редакциясы көрермен бойына адамгершілік, имандылық, инабаттылық, парасаттылық, еңбекқорлық қасиеттерін сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын өсіре түсу мақсатында қызмет етті. Жастарға қандай да болмасн тәрбие ұрығын сепкен нәрсенің маңызы зор, мәртебесі биік болар анық. Себебі, жастар – егеменді Қазастанның болашағы, тәуелсіздіктің көк туын аспандата ұстар тұғыры. Еліміздің іргесін шайқалтпай, өркениет өресін

Работа содержит 1 файл

курс.docx

— 107.87 Кб (Скачать)

Қазақ теледидарындағы жастар бағдарламалары

 
 
 
КІРІСПЕ 
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тележурналистикасының теориялық және тәжірибелік мәселелерінің көкейтестілігі курс жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды. Қазақ теледидарының Жастар редакциясы көрермен бойына адамгершілік, имандылық, инабаттылық, парасаттылық, еңбекқорлық қасиеттерін сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын өсіре түсу мақсатында қызмет етті. Жастарға қандай да болмасн тәрбие ұрығын сепкен нәрсенің маңызы зор, мәртебесі биік болар анық. Себебі, жастар – егеменді Қазастанның болашағы, тәуелсіздіктің көк туын аспандата ұстар тұғыры. Еліміздің іргесін шайқалтпай, өркениет өресіне жетелеп, гүлдендіру жастардың үлесіне молырақ тиетіні қай қоғамда болмасын айнымас шындық. Сондықтан да аға буын желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпаққа келешектің кілтін аманат етіп, үлкен үміт артады. Жастар редакциясы тәрбие құралы ретіндегі теледидар мүмкіндігінің шексіздігін дәлелдеп берді. Қоғамдық оқиғаларды қалт жібермей бақылап, елеңдеп тұрған жастарға ақ, қарасын сарлап, оң бағыт сілтеді, қоғамдық пікр қалыптастрып, жаңа істің жаршысы, жастардың тікелей ұйымдастырушсы бола білді. Өз дәуірінің үнін, кезеңінің келбетін нанымды бейнеленеді. Жастар бағдарламасының тарихи иірімдерінен айшықты да ажарлы, көркем де көкейтесті, өткір де өнегелі хабарлардың болғанына көз жеткіземіз. Бағдарламаның қаншалықты беделге ие екендігін анықтау үшін қоғамдық пікірге көп көңіл бөлді, хаттармен жұмыс жасап, аудиторияның талабы, көңіл-күйімен санасты, хабарды көрермендердің жас ерекшелігі мен кәсібіне лайықтап ұсынды. Жастар редакциясы әдебиет пен өнердің, білім мен еңбектің қасиетін таразылаған киелі мекенге айналды. Жастар студиясының қасиетті төріне кімдер келіп, кімдер кетпеген. Асыл сөздің арнасы тарихтың бір қойнауында қатталған күйі қалып қойғандай. 
Қазақ теледидары жастар бағдарламасының тарихы – бүгінгі балалар мен жастарға арналған бағдарламалардың алтын дәңгегі, қайнар бұлақ бастауы. Кеңестік қызыл империяның күйреуі, саяси-экономикалық сілкіністер, қоғамдық-экономикалық қатынастардың өзгеруі хабарлардың идеясын өзгертіп, мазмұнын жаңартса да, түрі, мақсаты өзгермек емес, ол – жастардың тіршілігі, ойы, арманы. Ол – болашақ қамы. Теледидар жастардың өміріне берік орныққандықтан, олардың өмірін көгілдір экрансыз елестете алмаймыз. Сондықтан хабарлар мәнсіз жасалмауы тиіс. Жастар бағдарламасы жоғары білімдік деңгейі мен қоғамдық-саяси белсенділігін көрсете отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуыны көмектесті, олардың табиғатына сай бағыт-бағдарынанықтады. Ертеңгі ел басқарар жас азаматтардың бүгінгі дүниетанмы, өмірдегі күрделі құбылыстарға деген көзқарасы, болашақ жас мамандардың арман-мақсаты, ой елегінен өткізер өлшемдері, көкейкесті ашық әңгімесі бүгін де жалғастығын табуы тиіс еді. Бүгінгі қоғамның бар саласын қамтып отырған реформалар жастардың тәрбиесіне, рухани сана-сезіміне көлеңкесін түсірмеуі қажет. Жастар редакциясының соқтықпалы, соқталы жүріп өткен жолында аты неше рет өзгергенімен заты жастардікі болды. Уақыт рухына сай тақырыбы мен мазмұны өзгерсе де, мақсат-мүддесі өзгерген жоқ. Оның жастарды тәрбиелеудегі жылдар бойы қалыптасқан жүйесі болды. Қазір сол жетістіктерден айырылып барамыз. Жастардың көзқарасын, белсенді өмірлік бағытын қалыптастырып, тәрбиелеудегі теледидардың рөлін зерттеудің әлеуметтік және саяси мәні бар, мұндай бағдарламалардың мақсаты қашан да күрделі, арқалар жүгі жүгі ауыр. Себебі жас көрермендер - оңы мен солын жаңа аңғарып, өмірдің кілтін жаңа алғандар. Олардың табиғаты еліктегіш, сенгіш. Біз неліктен жас өркендерге тәрбие берудегі теледидардың үлесін көбірек айтамыз? Мұның себебі басқа ақпарат құралдарынан гөрі теледидардың аудиторияны қамту мүмкіндігі жоғары және сөзбен де, көрініспен де қызықтырып, иландырып, әсер етер ықпалдығы басым, жедел. Телехабарлар тек мазмұнымен емес, хабарларды бере білудің пішінімен де маңызды, оынң аудиториясы қоғамның даму бағытын анықтайтын рухани және әлеуметтік потенциал. Жастар редакциясының қырық жылдық тәжірибесі теледидардың шығармашылық зор мүмкіндіктерін көрсетті, оның жүріп өткен ізі мен мол тәжірибесі бүгінгі бағдарламаларға үлкен үйрену мектебі болары даусыз. Сонымен қатар бүгінгі толыққанды ақпараттың тұғырын ұстап, білікті сөздің тізгінін ағытқан журналистердің басым бөлігі жастар бағдарламасында ысылып, тәжірибе жинақтаған. Олардың шығармашылық мол тәжірибесін саралап, журналистік шеберлік сырларына ғылыми тұрғыдан баға беру - парыз. Қазақ теледидарының пайда болуы қалыптасу тарихына байланысты еңбектер баршылық, ал жастар бағдарламасының тарихын бүтін, жүйелі зерттеген еңбек жоқ, ол бүгінгі күнге дейін жан-жақты, терең зерттелу нысанына айналмады. Сондықтан әр кезеңдегі жастар бағдарламасын топтастырып, жинақтап, тұтастықта зерттеудің, даму сатыларын айқындап, жаңаша көзқараспен баға беріп, ой қорытудың зәрулігі арта түседі. Осы уақытқа дейін Жастар редакциясының әр түрлі қоғамдық-саяси кезеңдегі ұйымдастырушылық жұмыстарына, озық ойлы парасатты азаматтар тәрбиелеудегі қосқан үлесіне, қоғамдық ойды қалыптастырған халықтық сипатына жете назар аударылмай келгендігі ақиқат. Қазақ теледидарына жаңа пішін, түр енгізген жастар бағдарламасы хабарларының мазмұны (тақырыбы, идеясы) мен пішінін (тіл, стиль, сюжет) және жанрлық ерекшеліктерін, көркемдік деңгейін ғылыми жүйеде талдай отырып, тәжірибесін тарату, бүгінгі жастарға арналған хабарларға үлгі ретінде ұсыну зәрулігі қазіргідей қазақ тіліндегі жастарға арналған бағдарламалар деңгейінің төмендеп кеткен тұсында уақыт талабына сай туындап отыр. Олай болса, жас ұрпақты тәрбиелеуде теледидар мүмкіндігін пайдалану үшін бай тәжірибесін өнеге тұта отырып, бүгінгі хабарларды жоғары деңгейге көтеруіміз керек.  
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бүгінде жастар тәрбиесі шет қалған жоқ па? Олардың арасындағы қылмыстың өсуі жастар тәрбиесіне деген салқындықтың салдарынан емес пе? Деген мәселе біздер - журналистер 
Қауымын көп толғаныдарыды. Тек білімді, парасатты жас қана елдің ертеңгі тұтқасына жарайды. Олай болса, Қазақ теледидарының жастар бағдарламасы іскерлік, жан-жақтылық, төзімділік, имандылық, инабаттылық тәрізді қасиеттерді көгілдір экран арқылы жастарға арнай беруі тиіс. Бүгінгі жастар бағдарламасы қандай болуы керек? Хабардың алдағы мақсат, міндеттері тұрғысында ұсыныс, пікірлер айтылып, дамуының басты бағыттары айқындалды.  
Қазақ теледидары жастар редакциясының сөз қылған, көтерген тақырыбын басқа да ақпарат көздерінің қозғағандығы белгілі, ол жаңалық емес. Мәселе – Жастар редакциясы сол міндетті қалай орындады? Аудиторияға хабарды қандай жолмен, қандай тәселдермен жеткізді? Қандай бағыт ұстанды? Жұмысқа осы тұрғыдан келу мақсат етілді. Оның ішінде, Қазақ теледидары жастар бағдарламасының 40 жылдық мұрасын саралап, маңызын көрсету, тәжірибесін тарату қаралады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей негізгі міндеттерді белгіленді: 
- жастар телехабарларының қалыптасуы мен дамуындағы проблемаларды ашып, Кеңес дәуіріндегі мақсатын, идеологиялық жұмысының бағытын анықтау, жастар редакциясы ұйымдастырған хабарлардың пәрменділігін, насихаттық ықпалын, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін көрсету; 
- әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты телехабарлардың мазмұнын саралап, тақырыптық ауқымын зерттеу, құрылымдық, көркемдік сапасын талдау; 
- хабарды берудің пішіні мен бағдарламаның жанрлық, тілдік, стильдік әдіс-тәсілдерін, журналистік шеберлік деңгейін айқындау, хабарлардың түрлеріне талдау жасап, тарихи тағылымы жайында ой қорыту; 
- хабардың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағартушылық, танымдық, моральдық, проблемалық, итернационалдық-патриоттық, эстетикалық сипатын айқындап, бағдарламалардағы ұлттық нақышты көрсету; 
- тәрбие құралы ретіндегі мәніне бойлап, Қазақ теледидарындағы орнын анықтау; 
- жастар бағдарламасы тарихындағы көтерілген мәселелердің өміршеңдігін, бүгін де маңызын жоймағандығын дәлелдеу, қазіргі таңдағы жастар бағдарламасының хабарлары дамуының басты бағыттарын айқындау.  
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеудің көзі ретінде Қазақ теледидары ме радиосы республикалық корпорациясы мұрағатының мәліметтері, коммунистік партияның теледидар мен жастар жөніндегі қаулылары, жұмыс тақырыбына байланысты шыққан мерзімді басылымдар мақалалары, Қазақ теледидарында жұмыс істеген журналистер Қ.Игісінов, Н.Иманғалиұлы, Ф.Бегенбаева, Ә.Ысқақова және тағы басқалардың естеліктері пайдаланылды.  
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ теледидары жастар бағдарламасы туралы арнайы зерттелген бұл жұмыста жастарға арналған хабарлардың тақырыбы мен идеясы, жанрлық, тілдік, стильдік ерекшеліктері, ұлттық дәстүрмен сабақтастығы, әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты тақырыптық жаңашылдығы, көркемдік, публицистік деңгейі жан-жақты зерттеліп, тұжырымдалды. Қоғамдық пікір қалыптастырудағы хабарлардың тиімділігін, пәрменділігін арттырудағы шығармашылық ізденістер сөз етіліп, Жастар редакциясының шын мәнінде жастардың көзі мен құлағы және тілі (А.Байтұрсынов) бола білгендігі, халықтық сипатының басымдығы нақты деректермен дәлелденді. Жазылған еңбекте жастар бағдарламасының пайда болуы мен дамуындағы проблемалар ашылып, жаңа телехабар пішіндерінің пайда болғандығы айқындалды.  
Жастар бағдарламалары көптеген қызықты топтама, айдар, тақырыптық жеке хабарларды қамтиды. Жастар редакциясы шығармашылық процесте соны әдістерді меңгерген, телекөрермендерге әр түрлі психологиялық тәсілдермен әсер етіп, хабардың қабылдау мүмкіндігін арттырған, аудиторияны сендіре аклу қабілетін, батылдық, шыншылдығын көрсеткен. Сатиралық, публицистік тұрғыдағы төл туындыларын жасай білген. Жұмыста журналистік ізденістің сырлары ашылып, жастар бағдарламасының одан әрі дамуына байланысты ұсыныс, пікірлер айтуға талпыныс жасалды.  
Жұмыстың құрылымы. Курс жұмысы ... бөлімнен, ... тақырыпшадан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста ... әдебиет пайдаланылды. 
ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ.  
С.Масғұтов Жастар редакциясының қалыптасу кзеңіндегі кейбір бағдарламалардың бағытын атап өтеді1. Профессор М.Барманқұлов баспаөз, радио, теледидар жанрларын салыстыра зерттеп, олардың өзара әсерін айтады. Қазақ теледидары мен радиосының нақты тәжірибесін талдай отырып, біршама хабарларға тоқталады. Алайда ойын-сауықтық сиапты басым «Алтыбақанды» конкурстық бағдарламалар қатарына жатқызған2. Қ.Тұрсынов «Қазақ теледидарындағы дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбын қозғай отырып3 «Құрдастардың» «Алтыбақан», «Көкпар», «Арай», «Атамекен», «Мың да бір рахмет» топтамаларына тоқталады. Дегенмен бұл бағдарламалар тыңғылықты зерттеу нысанына айналмаған. Зерттеуші Қ.Аманбаев Қазақ теледидарынң қалыптасуы мен дамуын еңбегіне арқау етіп, жастарға арналған хабарлардың теледидар бағдарламасында маңызды орын алатындығын айтады4. Сонымен қатар Алматы, Өскемен, Қарағанды студияларының бірлескен шығармашылық қызметі нәтижесінде тәжірибе жинақталып, жастар бағдарламасының қалыптасқандығы, көгілдір экранның әңгіме, репортаж, интервью тәрізді жанрларын, конкурстық түрлі хабарларды дамытып, кеңіткендігін орынды бағалайды. Ә.Сүлейменова ұлт тілдеріндегі телехабарлардың ерекшелігі мен спецификасын зерттей отырып, көп тілді телдидар қызметін талдаған. Сонадй-ақ Жастар редакциясының «Ақиқат», «Ар» бағдарламаларын тікелей эфирдегі әңгме ретінде атай келіп, «Ар» студиясының қазақ аудиториясына әсер ету ықпалы жөнінде әңгіме қозғайды5. Алайда «Ақиқат» саяси клубы мен «Ар» жастар студиясы» жастармен үнемі тікелей эфир арқылы жүздескен жоқ. Мерзімді баспасөз бетіндегі бірді –екілі шағын мақалалар жеке хабарларға сыни тұрғыдан келген6. «Республикалық теледидардағы балалар хабарының типологиясы (Қазақ теледидары бойынша) тақырыбымен Ғ.Ыбраева кандидаттық диссертация қорғап, балалар хабарына шолу жасайды7. Жастар мен баспасөз мәселелеріне байланысты Ресей зерттеушлрі ғылыми еңбектер жазды8. Ал зерттеші А.Н.Селестиненің «Теледидардың жас адам тұлғасын қалыптастырудағы ролі» деп аталатын9 ғылыми жұмысы мен Л.А. Васильеваның «Теледидар жұмысшы жастарды тәрбиелеудегі коммунистік партияның белсенді көмекшісі»10 тақырыбымен қорғалған кандидаттық диссертацияда жастарды тәрбиееудегі теледидардың ролі аталып, Ленинград тлестудиясының хабарлары мен тәжірибесіне талдау жасалынды. С.Мұратов пен Г.Ференің «Репортаж с линии горизонта» (Москва, 1975) кітабынан басқа жастар теледидарының тәжірибелік және теориялық проблемаларын қарастырған еңбектер саусақпен санарлық11. Ал жастар санасының әлеуметтік+психологиялық ерекшеліктерін, қоғамның мәдени-рухани, әлеуметтік-экономикалық дамындағы жастардың орны туралы зерттеу еңбектерін жазған ғалымдар баршылық. Олар: Блинов Н.М., Иванов А.П., Ильинский И.М., Кашулин В.С., Рамазанов В.М. т.б.12 
2 ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛЫНА ТҮСУІ 0,8см. 
2.1 Жастарға арналған хабарлардың қалыптасуының бастапқы кезеңі. «Студияның алғашқы... балалар мен жастарға арналған хабарына Ж.Смақов, М.Бармнқұлов, Р.Қалкенова көп еңбек сіңірді»- деп жазды С.Масғұтов13. Пайдалануға берілуге тиіс Алматы, Қарағанды, Өскемен студиялр құрылыстарының дер кезінд бітпеуі лғашқы телехабарлардың сапасына кері әсерін тигізді. Арнайы жабдықталған студияның болмауы салдарынн хабарлар қуықтай диктор бөлмесінде жасалды. Суретшілер хабарды кез-келген жерде безендірсе, әртістер ауызғы бөлмедекиім ауыстырды14. Алғашқы жылдары теледидар экранынн іш пыстырлық әңгімелесулер мен дәріс оқулар көп көрініс берді. Жылжымалы телестанция жоқ болғандықтан, хабартек камераның мүмкіндігі бойынша жасалды. Бірізді, бірсарында хабарлардың мәтін мен суреті нашар үйлесті. Сондай-ақ телеэкранда киноматериалдан гөрі фотоматериалдар көп орын алды. Жастар редакциясында жазушы, сазгер, суретшілердің шығармалары сирек көрсетілсе, Баллар редакциясынд бөбектерге арналған қазақ әндері жетіспеді. Хабардың негізгі кейіпкері адмдар болса сандар мен техникалық териндерден көрінбей, екінші жоспарға жылжып қалған. Басым бөлігі сөз бен қысқа суреттерден тұратын бағдарламаларда сол кезеңнің көкейтесті мәселелері сирек көтерілді. Алғашқы хабарлардың экрандағы көрінісі айтарлықтай болған жоқ, сызқтар пайдаболып, қарайды немесе жоғалып кетті. Сурет бар жерде де сөздің шамадан тыс қолданылуы бұл кезеңдегі хабарлардың көбіне тән ортақ кемшілік. Студиялардың арасындағы бағдарламалардың алмасылуы, тәжірибе бөлісуі өмірдің өзінен тған қажеттілікке айналды. Көп сөзділік, дерек, оқиғаны тек шолуға пайдалну, жеделдіктің болмауы, жиырма минут бойғы «Садық атаның бос әңгімелері» көрерменді жалықтырып-ақ жіберді. Қоғамдық-саяси хабарлардың қызықсыз, ұзақ болуы теледидардың табиғатын блдіретін көріністік-бейнелеушілік құралдарды дұрыс пайдалана алмағандықтан еді. Хабар кейіпкерлері әңгімелесудің орнына қағаздан оқып беретін. Редакцияның өзідайындаған драмалық қойылымдары, киноочерк, репортаждары сирек болды15. Кейбір хабарлардың нашарлығы дикторға да байланысты. Оның сөйлеу мәдениетінің төмендігі, көрермендермен табиғи қарым-қатынасты орната алмауы бұл кезеңдегі хабарлардың құнын түсірді. Келе-келе тудия көкейкесті мәселелерді қозғап, моральдық, этикалық, педагогтық тәрбиені қамти бастады. Ғылмның әр саласына байланысты танымдық бағдарламалар көбейді. 
1960 жылдағы хабарлардың дені орыс тілінн аудрылған көшірмелер. Бұл жылдар үшін экономика, мәдениет, ғылымға байлансты очерктердің өте құнды болғандығы шындық. Әйтсе де «Полоцк жері хақынды», «Магдебургте туған», «Тюрингия әсерлері» тәрізді очерктердің тілі қайталауға толы, көркемдігі нашар, сөйлемдердің стилі мен құрылсы қазақ іліне бейімделмеген. Аудармалардың шамадан тыс көптігі де бұған әсерін тигізді. Мысалы: «Қырым аспанының астында партизандарға қойылған ескерткіштер көп. Олар ашық аспан астында. Оларды қоршаған тыныштық»16 немесе «Ол тек саған келу үшін келмеген болар»17, «Сосын-ақ тайганың сұсты пейзажына жоғары вольтты линиялар сіңісіп кете берді»18. Кейде эфирдегі үш сағаттың ½ бөлігін көп сериялы шетелдік телефильмдер алып жатты. Бұл шетелдік телефильмдердің берілуіне шығармашылқ ізденістер емес, аудару ғана мақсат етілгендіктен, жансыз, іш пыстырарлық дүниелер болып қалған.  
«Құрдастар», «Ровесники», «Шұғыла», «Радуга» бірлестіктері құрылғаннан кейін, олар өзара шығармашылық тұрғыдан бәсекеге түсті, бұл хабарлардың сапасын арттыруға, редакция қызеткерлернің үнемі ізденіп отыруына, бірлесіп ойлануына жағдай туғызды. Тұрақт кейіпкерлері мен қызықты қойылымдар арқылы көрермендермен тығыз байланыс орнатып, танымдық, блмдік сипатымен баурап алған «Ойлан, тап!», «Бәрін білгім келеді», «Жұлдызша», «Жауқазын», «Біздің глобус», «Өнер көзі халықта», «Спорт мектебі», «Айтыс –асыл қазына» топтама хабарлары жастарға атамекеннің әсемдігін танытып, қастерлі ұлттық өнерді түрлерн кең насихаттады, жастарды еңбекке, ұлттық мұраны бағалй білге үйрету ұлттық қолөнер негізінде жетілдірілді. 1966 жылы 10қарашада «Орта, арнаулы мектептің жұмысн одан әрі жетілдіру туралы» ҚазақстанКомпртиясы Орталық Комиетінің қаулысы қабылданды19. Осыған орай мектеп оқушылрына арналған хабарлар мектеп бағдарламсы бойынша көптеп ашлды. Тұрақты топтама хабарлар бөбектерге арналған, мектеп оқушылары үшін, төменгі, жоғары класс оқушыларына, студенттерге арналған деп бөлінді. Жас ерекшеліктеріне қарай бұлай бөле отыып, хабар ұйымдастырудың тұрқты аудиторияны қалыптастыруға игі ықпалын тигізгендігі анық. 
Т.Айбергенов, Ж.Нәжімеденов, М.Мақатаев сынды қазқтың ақиық ақындарынң бейнесі, олардың ойлы кейіптерімен астасқн әсем ейзаж, жағымды баяу әуен мен шабыттан оқылған жыр жолдары, кинотаспалар мен киноочерктерден үзінділер «Қайнар» әдеби хабарынң мазмұнын байыта түсті. Хабрда қолдан құрастыруға келмейтін сусын қандырар шәрбат жырдың қыры мен сыры, поэзия әлеміне саяхат жасалды. Жастар редакциясы жас поэзияның шығармашлқ фестивалін жиі ұйымдастырып, жас талапкерлерге ақ жолтледі. «Сенің кітап сөреңде» айдр бойынша бүлдіршіндер мен жасөспірімдер Ы.Алтынсарин, С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Бегалин, ӨТұрманжанов, М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев т.б. шығармаларымен жете таныс болды. 
Осылайша 1960 жлғы бағдарламалар өткірәселелерді мқсаты түрде қозғай отырып, алдыңғы ұрпақтың ерлігн әңгімеледі, жақсы мінез-құлықтарды үлгі ете отырып, жоғары патиоттық рухт батыл насихаттады. Ресми міндеттен тыс, қазақ халқының бай ұлттық өнерін, салт, дәстүрін жастардың есіне салып, олардың ұмытылмай, қайта жаңғыруына үлесін қосты.  
Алғашқы елехабарлардың артықшылғы – тәрбиелік мәнінің жоғарылығы. Хабарды ұтымды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің ойдағыдай қалптасуы, теледидардың техникалық жағынан жетілмегендігі салдарынан бастапқы хабарлардың осындай кемшлктері болды.  
Алғашқы жылдардағы жастр телехабарларына мыныдай ортақ сипаттама беруге болады: 
1. Жеке хабарлардың берлуі (топтам хабарлар аз болды); 
2. Географиялық аймағынң тарлғы байқалады (Алматы студиясының жастар мен балаларға арналған бағдарламалары тек Алматы қаласынан ұйымдастырлған);  
3. Қазақ тілндегі хабарлар аз, көпшілгі орыс тілінен аударылған көшірмелер; 
4. Тақырып аясы тар; 
5. Қоғамдық-саяси мәнінің төмендігі (көкейтесті мәселелердің аз көтереліп, көрермендерге кешігіп жетуі); 
6. Жанр түрлері жұтаңдау (камераның мүмкіндігіне байланысты оқиға болған жерден репортаж аз т.б.); 
Мұндай кемшлктерге: 
А) кадрлар тәжірибесінің жеткіліксіздігі; 
ә) штаттағы қызметкерлердің аздығы; 
б) қазақ тіліне шорқақ журналистердің болуы; 
в) материалдық – техникалық жетіспеушілік; 
г) телеорталықтар құрылысының баяу жүргізілуі себеп болды. 
2.2 Телехабар пішіндерінің пайда болуы. 1970-80 жылдары Қазақ теледидары жастар бағдарламасының шығармашылық тұрғыдан қанат жайып, жарқырап көрінгендігі, әр түрлі телетәсілдерді оңды пайдаланып, хабардың мазмұны мен берілуі, суреттердің көрінісі, кинотаспалардың сапасы, хабрдың музыкамен көркемделуі жиналған мол тәжірибесімен ұштасып, телекөрермендерде елең еткізген, соны, тың бағдарламаларды телеэкрнға шығаруға мүмкіндік берді. Ұлттық бояуы қанық, әдет-ғұрып, салт-санамызбен астасып, жарастық тапқан «Алтыбақан» арқылы бүгінде халқымыздың әдебиеті мен мәдениетінің мақтанышы болған ақын, жазушылар, өнер тарландары кеңінен танылды. Бүгінгі қазақ эстрадасы жарық жұлдыздарының тұсауын кескен де осы хабар. «Алтыбақанда» аулдың алты ауызы, қонақ кәде тәрізді жоралғылар, домбыра жағалату салты, қыз мен жігіт айтысы, қыз қуу, ақсүйек, орамал тастау ұлттық ойындары қайтадан жаңғырды. Хабар бастан–аяқ бір сюжетке құрылған, оқиғалары бір-бірінен өрбіп отырады. Орамды ұйқас, жарасымды әзіл, ұтымды ой, көркем тіл, тапқырлық бірнен-екіншісіне жеңіл ауысып, желісін жымдастырып жібереді. Ән айтылса, қазақтың халық әндері, би биленсе, қазақтың ою-өрнегі, әдет-ғұрпы бейнеленіп, хабардың ұлттық бояуын қоюлатты. Осының бәріне қарамастан, хабар өту жинақы.  
«Алтыбақан» - ұлттық бояу, реңі қою, әсіресе ауыл жастарның өнерін дамытуға арналған мәдени-рухани бағыттағы алғашқы ойын-сауық бағдарламасы, ол өзінің бар болмыс, бітімімен Қазақ теледидары тарихында «ұлттық хабар» ретінде қалады. Хабардың аты, ұлттық киімдер, ойындар, ұлттық дәстүрге, әдет-ғұрыпқа негізделген мазмұны, түрі бұған дәлел.  
Сонымен қатар, «Көкпар» хабарының да ұлттық бояуының басымдығын атауға болады. Әйтсе де «Көкпар» сол кездегі Орталық теледидардың «Что? Где? Когда?» бағдарламасының баламасы. «Көкпар» бұл телеойыннның өрнегіне, сыртқы түріне еліктеді, ал ішкі мазмұны өзінікі, өз соқпағын тез тауып, ұлттық дәстүрмен жалғастық тапты. Бүгінде көптеп кездесетін көшірме хабарлардан «Алтыбақан» өзінің түпнұсқалық сонылығымен ерекшеленіп, құны арта түседі. 
«Көкпар» алғашқы эфирге шыққаннан бастап-ақ назарға ілігіп, әрқилы пікірлер айтылды. 1984 жылы О.Бөкеев «Көкпарға» деген ықыласын былай білдірді: «Бәрн біліп, зердеңе тоқып жүру мүмкін емес. Сондықтан да өз басым «Көкпар» хабарын үзбей көруге тырысамын және осы хабардан өзіме ылғи қосымша информация алып жүрген сияқтымын. «Көкпардың» жастарға, білім қуған, оқуға, тоқуға ұмтылған қыз-жігіттерге берері көп қой деп ойлаймын. Зерделі жастардың білім-білігіне әзірше көңіл толмай жүр. Сол себептен де «Көкпаршылардың» іздене түскенін, намысты қолданбермес үшін ойлырақ болғандығын қалар едік23. 
Хабардың мыныдай ерекшеліктері болды: 
1. «Көкпар» алғыр ой мен ұшқыр қиял, тапқыр шешім мен табанды пікір, біліктілік пен білімділік бәсекесі; 
2. Жастардың бірлесіп ойлау мәдениетін қалыптастырады; 
3. Білім толықтырады; 
4. Эмоциялық әсері (бей-жай қалдырмау, өзара пікір таластыру) жоғары болады.  
Ойындағы халқымыздың арғы-бергі тарихын, мәдениетін, рухани мұрасын жаңғыртып, еске алуға жетелеген ойлы сұрақтар барысында жастардың білім парасаты, дүниетанымы, тапқырлығы танылды.  
Алматы, Павлодар, Қарғанды, Ақмола облыстық телевизиялық студияларының көмегімен де хабарлар ұйымдастырылды. Бұл бағдарламалардың ықпалдылығын сол кезде жер-жерлерде «Алтыбақндар» мен «Көкпарлардың» ұйымдастырыла бастағандығынан көруге болады. «Көкпар» тек зерделі жастар сайысын ұйымдастырып қана қоймай, белгісіз өнерпаздарға жол ашты, республикадағы студент жастардың өміріне серпіліс енгізді. Жеңімпаз команда халықаралық жастр орталығына баратын тегін жолдамаға ие болды. Хабардың тағы бір мақсаты – ойлау мәдениетін қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ойынды жеткізе білуге мысқалдай болса да көгілдір экран арқылы көмектесу. Ойлануға берілген 60секунд ішінде тас-түйін болып, бар мүмкіндікті сарқа пайдалануға, қиыннан қиыстырып, аяқ асты шешім қабылдауға үйрету.  
Өнер, ғылым, білімдегі ерекше өмір жолы бар адамдармен жастар арасындағы салиқалы әрі салмақты әңгімелер барысында көптеген жасөспірімдердің бойында адамгершілік қасиеттері бас көтеріп, биік мақсаттары қалыптасты. «Атамекен», «Мың да бір рахмет». Бұл екі хабардың мазмұны мен мақсаты біреу. Ол тарихты іздеу, өткен мен бүгінгіні табыстырып, жоғалып кеткендерге іздеу салу. Хабар екі заман арасындағы көзге көрінбес құпия жіптің түйінін шешіп, ширықтырғандай. «Атамекен» -туған жерге дегн сүйіспеншілік пен атамекенді жаңғыртқан, жасартқан ұрпақтар еңбегіне деген алғыс. 1979 жылдың наурыз айында берілген «Атамекен» хабарында Шолпан Иманбаеваның өмірі сөз болады. Одан тәрбие алған, оқыған, оны көрген адамдардың (қарттардың) естелігі беріледі. Осыдан 52 жыл бұрынғы, яғни 1927 жылғы «Еңбекші қазақ» газетіндегі жарияланған шағын хабар оқылып, ондағы баяндалған жер бөліске қатынасқандар сахнаға шығады. Хабарда тылда бірге жұмыс істеп, кейіннен бір-бірінен адасып қалған достарды табыстырады. Осыдан 34 жыл бұрынғы киносюжеттер көрсетіледі. Кинокадрлардан өздерін, таныған немесе сол оқиғаның куәсі болғандар сахнаға шығады. Ол 1945 жылғы Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерей тойынан түсірілген киноленталар еді. Сахнаға Қажымұқанның немере інісі Икен шығады24. Бір ауданның шежіресін шерткен тарихи әрі таза ұлттық мәселелерді қамтыған мұндай хабарлар Ақмола, Жезқазғаннан да жасалынды.  
«Әдептен» озбайық» теледиспуты теледидар өміріне хабарды берудің тжаңа пішінін әкелді. Қозғалған мәселені көрерменге арнайы дайындалған қойылымдар, оқиғалар арқылы жеткізеді. Бұл тәсіл өте әсерлі шықты әрі тез қабылданды, хабардың мағынасын аша түсті.  
«Парыз бен Қарыздың» алғашқы бастамасы болған «Жүректен қоқозғайық» хабары жастардың рухани өмірін саралады. Иықтан басқан ауыр жүк тығырыққа тіреген сәтте қазақ жастарының санасына қозғау салып, болашаққты бағамдады. Тоғышарлықпен кіреукеленен жастардың сезімін тазартуға күш салды. 1983 жылдың наурыз айынан бастап эфирге шыққан теледиспут бірден көрермендердің назарын аударды. Хабардың тілі бай, өткір әрі философиялық тұжырымдамаға толы еді. Жастардың рухани мәдениеті туралы толғанған бұл хабардың мағынасы 10-15 жыл өтсе де әлі күнге мазмұнын жойған жоқ. Хабарда мансапқорлық, еліктеу, көрсеқызарлық, дүниеқоңыздық, тоғышарлық ащы сынға алынады. Тоғышарлық қалай пайда болады? Себебі не? Оны қалай жою керек? Хабарда тек тоғышарлық туралы ғана баяндап қоймайды, оның шығу тегіне үңіледі, жою жолдарын іздейді. 
«Жүректен қозғайық»хабарының ерекшелігі – айтылған сөздің өтімділігіне, аяғына дейін жетуіне үлкен мән беруі. Ақ пен қараны қатар, қарсы қою арқылы жастардың көзін шындыққа оңай жеткізеді. Көрерменді тек қуаныш, қол жеткен табыстар туралы айтып толғандыра бермей, өмірдің көлеңкелі кейбір тұстарына тоқталу тәсілімен ойландыра білу – батыл қадам.  
Біз 1980-90 жылдардағы жастар хабарын сөз етіп отырсақ та, айтарр пікірімізді бүгінгі өлшеммен толғаймыз. Мұның басты себебі – бұл хабарлардың тақырыбының әлі күнге тың, ескірмегендігі. Бізді жастардың рухани байлығы әлі де алаңдатып келеді. Қалта байлығын рухани байлықтан жоғары қоятын жастардан ертеңгі күні не күтуге болады? Олар қарақан басының қамын күйттеп кетпей ме? 
Жастардың желтоқсандағы ерлік қимылдарында халық санасын оятуға себеп болған «Жүректен қозғайықтың» ыстық табы бар, хабар ащы шындықтың тиегін ағытты. Ондағы көтерілген мәселелер бір адамның ғұмырына арқау болатындай салиқалы. 
«Жолдас» телефестиваліне ұсынылған хабарлардың мағынасы өткір, композициялық құрылымы ширақ, ойы ұтымды. Жезқазған облыстық телерадио компаниясының «Туған күн неге тойланбады»25 деген хабары ішіп алған бұзақылардың қолынан қаза тапқан қыршын жас туралы. Хабарға қылмыскердің тобында болған бала дда тартылады. Оқиға бүге-шүгесіне дейін баяндалған әңгімеде қатерлі қылмыстың туу себебін іздейді.  
«- Құлмырза бір үйдің жалғызы еді. Артындағы аңырап қалған анасымен кездесе қалсаң: 
- Асқар-ау, Құлмырзам қайда? Десе не дер едің?» 
Көрерменнің тамағына тығылған ащы өксік хабардың соңындағы асқан шеберлікпен пайдаланған психологиялық толғаныстан болған еді. Не айтарын білмеген бала төмен қарап міңгірлеген болды. Хабардың шешімі мақсатына жетті. Жас жүректер бір бұлқынып, жанашырлық сезімі бас көтерді. Ар мен қиянаттың арасындағы шекара ашылып, жасөспірімдердің бойында адамгершілік қасиеті ұялады.  
Біз 1980-90 жылдардағы хабарлардың мазмұнға, түрге молығып, көркемдігінің арта түскенін көреміз. Бұл жылдары редакция талантты жастарды халық арасына кеңінен таныстырып, жастардың эстетикалық, этикалық, және рухани мәдениетін көтеруді, қазақ халқының өнерін насихаттап, ұлттық дәстүріміздің терең тамырынан нәр беруді, еңбексүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеуді басты мақсат тұтты. Қоғамдық-саяси, лирикалық-публицистік, пікірталас-проблемалық және сазды-көңіл көтерерлік бағдарламалардың жүгін көтерген 20 жылда жоғарыдағыдай мазмұны мен түрі әралуан, еті тірі, тың хабарлар көптеп жасалынды. Хабарлардың қайсысы болмасын жастар тіршілігін жан-жақты көтеруге тырысқан, игі дәстүрлерді жас ұрпаққа үлгі етіп, ұсына білген. Халқымыздың басынан өткен ерлік оқиғаларды баяндау арқылы жан-дүниесіне әсер ете білген. Жастар бағдарламасының 1980 жылдың аяғында салмақтана түскенін, қоғамдағы күрделі мәселелерді өз әлінше шешуге тырысқанын, хабарлардың ақпараттық-көркемдік тұрғыданпікірталас, ой додасына ауысып, талдау, сараптау бағытын ұстанғанын байқаймыз.  
3 ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІЗДЕНІСТЕРІ 0,8. 
3.1 Демократия мен жариялылық жағдайындағы жастар хабарының жаңашылдығы.  
3.2 Хабардың мазмұны мен идеясы және жанрларының жетілуі 
1990 жылдары республика өміріндегі саяси өзгерістер, әр түрлі көзқарастар, ой еркіндігі Жастар редакциясының да бағытын, мазмұнын өзгертті, бағдарламалардың танымдық, тарихи сипаты белең алды. Партия көсемдеріне риясыз сеніп, комсомол беделін жоғары бағалаған жастардың бұл өзгерістерді қабылдай қоюы оңайға түспеді. Осы құбылысты дұрыс түсінген редакцияның белсенділігі артып, талдамалы-сараптау әдісін қолданды. Демократия табалдырығына аяқ артқан алғашқы жылдары тіл, дін, ұлттық дәстүр, мәдени мұра, имандылықты жаңғыртып, тарихтағы тың деректерді аршуға атсалысқан бағдарламалар мамандар пікірімен дәйектеліп отырды. Жаңа, тың тақырыптардың ашық айтылуы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі жастар бағдарламасының мәні мен маңызын арттырды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жасстар бағдарламасының мақсаты – қазақ ұлтын індетке ұшыратқан ашаршылық, қуғын-сүргін, қиямет-қайымды жаңаша көзқараспен бағалап, зерделеп көрсету, ұлттың рухын көтеруге ат салысу, тарих шынддығын қалпына келтіруге үлес қосып, жастарды ұлттық бұлақтан сусындату болды. Телекөпір, саяси портрет, авторлық бағдарлама, телемарафон, тікелей байланыс жанрлары пайда болып, пікірталас згеше қырыммен көрінді. Талдау-сараптама бағдарламалары өткенге көз жүгіртіп, тарих ақтаңдығының себебін іздейді, экономикалық өзгерістерге байланысты байланысты тиісті манмандармен сұхбаттасады. Хабарларда аққа қара жағылған сұрапыл кезеңдегі асыра сілтеудің құрбаны болған жандардың ащы әңгімелері, көрген соққысы, бір ауыз сөзге бола жастығын қуғын мен қапаста өткізген жандардың тағдыры, халыцқ күйзелісі жайында ашына айтылды. Ашаршылыққа байланысты сол тарихи кезеңді баяндайтын құжаттарнеге екенін архивте жоқ, тек ресми телеграммалар бар. Аш, жалаңаш балалар мен қауқарсыз сәбилерді ссүйреп бара жатқан адамдардың аянышты кейпі. Бұлар – жеке архивтердегі сурет, құжат, күнделіктер екендігі архив құжаттарына сүйене отырып баяндалады.26 «Саяси сөздер, жиналыстар, тартыс-талас тасқындатқаннан гөрі, ойланатын, білім беретін хабарларды жұрт күтеді, ұнатады. «Қарыз бен парыз», «Ақиқат» ұштала, тереңдей түссе»27, - деген пікір «Ақиқаттың» да «Парыз бен «Қарыз». «Жүректен қозғайық» тәрізді салиқалы, салауатты хабардың бірі болғандығын дәлелдейді. «Ақиқат» саяси пікірталас клубында қозғалған мәселелердің пайда болуы, шығуы, шешілу жолы толық, жан-жақты талданды. Хабар аайтыла-айтыла жауыр болған пікірлерге соқпай, нақты талдау мен ұсыныстар жасауды мақсат тұтты. Эфирге шыққан жылға жуық уақытта «Ақиқатқа» 1000-нан астам хат келді. Олардың көпшілігі Жамбыл, Шымкент, Семей, Ақмола, Жезқазған, Қарағанды облыстарынан және 60-70 %-ы ауылдық жерлерден еді. Хабардың басым бөлігін жастар, 13 %-ын қариялар жазған28.  
1992 жылы Қазақ Мемлекеттік телекомпаниясының Ұлттық арнасы жанынан «Ар» Жастар студиясы құрылды. «Ар» бағдарламасында өзіндік пішін бар»,- деген еді профессор Н.Омашев29. «Ар» - «Алаш Рухы», бұл – «Арым – елімнің садағасы, арды аяққа таптауға болмайды» деген ойдан туған еді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейінгі жастардың көңіл-күйін «Ар» асқан шындықпен, дәлдікпен, тарихи мәнін саралады. Жұмыссыздық, жетім бұрыштағы қазақ жастарынынң үйсіз-күйсіздігі жайында ащы айтылды. «Ар» студиясының мақсаты халықтық дәстүрге, мәдениет пен өнерге жастардың сүйіспеншілігін арттыру. Бағдарламада егеменді елдің ертеңі жастарға байланысты болғандықтан, олардың тіршілігін жан-жақты көрсетуге тырысқан оптимистік көзқарастар басым. Қазақстанның саяси-экономикалық ахуалына баға беріп, егемендіктің мұраттарын баянды етуді насихаттады. Көптен көмулі жатқан, көлеңкеде қалған рухани қазынамызды жаңадан аршуға кіріскен кезеңдегі қоғамдағы өзгерістерді дұрыс түсіндіріп, болашақты бағамдап, жастардың бейнесін орынды көрсете білді. Халқымыздың ғасырлар бойғы салт-ғұрпындағы игіліктері мен ізгі қасиеттерді олардың бойына сіңіруге күш салды.  
«Бозбала мен бойжеткен» 1994 жылғы «Қазақстан – 1» телеарнасы бойынша «Жастар арнасынан» берілетін жалғыз хабар еді. Хабардың тақырыбы жастар үшін ең өзекті, келелі мәселелерді қозғады. Қазақ халқының таихы, әдебиеті, мәдениеті, өнері, тіл, дін, патриотизм, қазақ жастарының ой-өрісі, білімге құштарлығы, рухани дүние және байлық, қылмыс және парақорлық, жұмыссыздық, кәсіпкерлік, мал табу, сауда-саттық, қиындыққа төзбей, рухани азғындаған жастар, өзге дінге өзеуреу, әсіреқызыл еліктеу тәрізді көкейкесті, көлеңкелі мәселелердің көпшілігі осы хабарда қозғалды. Жастардың бүгінгі бет-бейнесі мен болашақтағы міндет, мақсаты, борышы сарапталып, жалпы адами қарым-қатынас, жақсы қасиеттер мен жаман қылықтар пікірталас негізінде ашылды. Эфирден өткен хабарлар барысында жастардың да түсінігі, білімі, біліктілігі, адамгершілік бейнесі танылып жатты. Болашақта ел тізгінін ұстайтын да, оны салауатты елдердің қатарына қосатын да өздері екендігін жастардың терең түсінетіндігі хабар барысынан жақсы байқалды.  
Әр облыстан келген көптеген хаттар хабардың географиясын кеңейтуді өтінді. Техникалық, экономикалық тапшылыққа қарамастан, облыстарға шығып жасалынған хабарлардың сапасы жалғыз камерамен түсірілгендіктен, айтарлықтай болған жоқ. Теледидар құрылымындағы сол кездегі басшылықтың жиі ауыса беруі де бағдарламаларға кері әсерін тигізді. Монтаждауға берілетін уақытты шектеу хабарлар сапасының нашарлығына соқтырды. Кешкә 21 мен 23 аралығында арасына шетелдік фирмаларың жарнамасы салынған көркем фильмдер көрсетілгендіктен, «Бозбала мен бойжеткен» хабары ұзақ уақыт бойы эфирге түнгі 12-ден кейін шығып жүрді. Хабардың тиімді уақытта көрсетілуі аудиторияның ара салмағына тікелей баяланысты екендігін ескерсек, жастар бағдарламасына деген салқындықтың лебін сезгендей боламыз. Хабарды түсіретін оңды студияның жоқтығы , техникалық мүмкіндіктің шектеулілігі осындай қиындықтарды кесе-көлденең тартты. Бірнеше хабардың жүгін арқалаған «Бозбала мен бойжеткеннің» тақырып ауқымы өте кең, өнер мен пікірталас бір хабардың бойында тоғысты. Сондықтан, хабардың әр тақырыпты жан-жақты, терең талдауға мүмкіндігі жетпеді, аз уақыттың ішінде әр нәрсенің басын бір шалып, сипай қамшылап, өте шықты, ал мұндай шикілі-пісілі дүниелердің көрермен жастар талғамынан шығуы екіталай.  
Қорытынды. Біздің ижастар телехабарлары тарихынан тағылым алар тұсымыз көп. Бүгінде сондай қарқын, ықыласпен, ізденіспен хабарлар жасалса, жастар бағдаламасы ендігі өзінің ұмтылған биігінен көрінер еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы, алғанда қазақтілді ақпарат  тұтынушылары мен журналистерін  Қазақстанда екінші қатардағы топ  ретінде қабылдау әбден орныққан құбылысқа айналуда. Үш жыл бұрын  «Астана» телеарнасы қазақтілді өнімдерді жансыз аудармаға өткізу арқылы қазақ көрермендерін менсінбегені өз алдына, оның кесіріне қарсы болған белді журналистерді қудалап шығарып жіберді де, телеарнадағы орныққан қазақы телеөнім шығаруға бейім ортаны қуыршақ топқа айналдырды. Қазақстан егемен ел болғалы қалыптасқан жекеменшік санаулы телеарналардың бірі «31 арна» ресейлік ТНТ медиатобына сатылып, шетелдік ақпарат тарату көзінің елдің Ақпарат кеңістігіне емін-еркін кіруіне жағдай жасалды. Сөйтіп, халықтың ақпарат тұтыну қабілеті шетелдік идеологияға көзбе-көз бет бұрды. Бұл жайттың өзі Қазақстандағы ақпарат кеңістігінің иесіз қалғандығын көрсетіп отыр. Қазақстан халқы сырттан келетін ақпаратты талғамай жұтатын, таңдамай қабылдайтын идеологиялық мутантқа айналу үстінде. Кез келген тәуелсіз елге тән ақпараттық қауіпсіздік саясаты бізде байқалмайды. Әлі күнге елдің ақпарат кеңістігін қорғауға бағытталған құзырлы құжат жоқ. Қазақстанның электрондық БАҚ саласын дамытудың қарымды шаралары белгіленбеген. Бұған жауапты тиісті органның немен айналысып отырғаны беймәлім. 
Соның нәтижесінде, елдің телеарналары түгелімен тоқырау үстінде. Бұрынғы өрлеген биіктен де айырылып қалғандай ахуал орнап отыр. Аталмыш салада дамудың орнына өзгені көзсіз, мазмұнсыз көшіру мен көрерменді алдаусырату, құқығын аяққа басу орын алған. Бұл ахуалға сауатты түрде мониторинг жасау жүйесінің де жоқтығын қосыңыз. 
Телеэкрандағы тіл мәдениеті мен сауат, дикциялық айтылым сын көтермейді; дикторлар мен комментаторлар, журналистердің басым көпшілігі белгілі дайындық сатысынан өтпеген, тәжірибесі іріктелместен, талап қойылмастан экранға шығуда; мұндай өнім көрермен талғамын төмендетіп, оларды отандық телебағдарламалардан жирендіруде. Өкінішке орай, көп жағдайда электрондық БАҚтарға іштей мәдениеті мен рухани деңгейі бар, сауаты жоғары мамандар емес, керісінше, тұлғалық жағынан қалыптаспаған, айдағанға жүретін, өз пікірі мен халыққа берері аз шикі жандар ғана тартылады. Нәтижесінде ел көрермені отандық сапасыз электрондық ақпарат өнімдерін тұтынудан бас тартып, «халықаралық» тұтынушы болуға мәжбүр. 
Мемлекет құраушы саны мен сапасы өскен сол ұлттың ақпараттық рухани сұранысы қалай қанағаттандырылуда? Бұл жағдайдың шетелдегі қандастарымыздың деңгейінен де төмен екені неге сөз жүзінде ғана қалып отыр? Өз жерінде 70 пайызға жеткен қазақ халқы теледидардан өзінің рухани-мәдени құндылығын емін-еркін тұшына алмауда. Бір де бір телеарна бүгінде қазақ халқының бай ән-жыр мұрасын және ұлттық болмысымызды заманға сай жаңғыртатын қоғамдық-саяси бағдарламаларды тәулік бойы көрсете алмауда. Күй, терме, жыр секілді мыңдаған жылдар бойы ұлтты қалыптастырған рухани мұраның ең болмаса радиотолқыннан жүйелі естілмей, телеэкраннан көрсетілмеуі халықты өз тамырынан ажырата түсетін факторға айналуда. 
Қазақ тіліндегі телеөнімдердің басты сипаты аударма болып табылады: жаңалықтар да, публицистикалық көрсетілімдер де осыған негізделген; ал деректі және көркем фильмдер өзгенің тұрпайы аудармасы күйінде, дубляждық қызметтен құралақан қалуда. Бұл – аударма өнімге деген сәйкес талаптың жоқтығынан, аудармалық телеөніммен айналысу ісі бетімен жіберілгендігінен. 
Жекеменшік ЭБАҚтарда қазақтілді өнімдерге деген екінші пландық көзқарас толық орныққан. Оның нәтижесі қайдан шығып отыр? Отандық кадрлар ығысып, олардың орындарын шетелдік азаматтар еркін түрде иеленуде.

 көрермені тек қана өгей  өнімді тұтынуға мәжбүр етілуде.  Мұның артында қазақ тележурналистикасы  дамымасын, мамандары кері кетіп,  телеарналар ол жағынан тәуелді  күй кешсін деген қитұрқы саясат  жоқ емес пе?! Осының бәрі неге  назарға алынбайды? 
ақпараттың тетігі болып табылатын бұл салада мемлекеттік тілге деген құрмет атымен жоқ, тіпті, қазақтың бір сөзін дұрыс айта алмайтындар диктор болып жүруге қандай негіз бар? Нәтижесінде қазақтілді журналистер өз елінде шешуші рөлде емес, екінші сұрыпты адамдардың күйін кешуде. Режиссер, видеоинженер, оператор секілді техникалық мамандар орыстілділердің қолымен жүзеге асу толық қалыптасқан. Сонда қазақтілді маманға бұл елде не істеу қалды?! Тіпті, бізге жеткен кейбір ақпаратқа қарағанда, қазақтілді азаматтардың азаматтық-моральдық құқықтары аяққа басылуда. Мысалы, аталған телеарналарда орамал тартатын қыз-келіншектер моральдық қысымға ұшырап жүргендігі мәлім болуда. Бұл жекелеген адам құқығы болғанымен, сайып келгенде қазақ этносының құндылықтарын таптау көрінісі болып табылады. Бұл бізді туып, өсірген орамалды аналарымыздан бас тартумен бірдей акция! Нағыз саяси бағасы – моральдық бейбастақтық! 
Жалпы саралай қарағанда, қазақстандық радиотолқындар мен телеарналардың бір де бірі 24 сағаттық көрсетім тәулігін өз өнімдерімен игере алмай отыр. Оның бір себебі, төл өнімдерінің жұтаңдығы, өнім шығаруға қабылетсіздік болса, ал оның арғы түбінде халықтың, көрерменнің қажетіне жарайтын өнімдерге деген талаптың жоқтығы қылаң береді. 
Біздің ойымызша, елдің электрондық БАҚ саясатына деген мемлекеттік назарды түгелдей қайта қарау керек.

 

 

 

 

 

 

 

Сұлтан Оразалы: Әр ұрпақ  телеэкранға өз келбетiн әкеледi

С. Оразалы

Сұлтан Шәрiпұлы Оразалы. Қоғам қайраткерi, жазушы, көсемсөз шеберi, теледраматург, аудармашы, баспагер... Ол теледидар саласына “Қымызхана”, “Кек”, “Отырар ойраны” сынды телеқойылымдар, “Сұхбат”, “Кездесу”, “Сахна” тәрiздi әдеби публицистикалық туындылар, халық санасын оятқан “Айтыс”, “Халық қазынасы” атты хабарларды алып келдi. Бұл хабарлар жарыққа шыққан сайын миллиондарды экран алдына жинап, Қазақ теледидарының абыройын асырды. Қазақстандағы телеөнер бүгiнге дейiн бұл хабарларға балама таба алмай келедi. Сұлтан Шәрiпұлы лауазымды мемлекеттiк қызметтер атқара жүрiп те теледидардан қол үзген емес. Ол соңғы жылдары түсiрген “Қазақ зиялылары туралы антология” деректi фильмдер топтамасы жұртшылықтан жоғары баға алды. Бiз бүгiн теледидардың өткенi, бүгiнi, болашағы туралы Сұлтан Шәрiпұлымен ой бөлiскендi жөн көрдiк.

– “Қазiргi қазақ телевизиясының дамуына үлес қосып отырғандардың басым көпшiлiгi – жастар” дейдi КТК телеарнасының редакторы О.Баймұрат. Жалпы, жастар қазақ теледидарын “бiз жасадық” дейдi. Ал аға буын тележурналистер қазiргi жастарды “НТВ, CNN арналарына елiктейдi, солардан көшiредi” деп кiнәлайды. Бұл пiкiрлерге Сiз қалай қарайсыз?

– Ең алдымен, жастардың  бүгiнгi телевизияның дамуына үлес қосып  отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Телеөнер негiзiнен жастарға тән iзденiмпаздықты, әдемiлiктi, ұшқырлықты, алғырлықты қажет ететiн өнер. Онда қатып қалған қағида жоқ. Әр ұрпақ телеэкранға өз келбетiн әкеледi. Сондықтан ұрпақ алмасқан сайын жаңа буын алдыңғылардың орнын толтырып отырады. Бiрақ “Әр буын телеэкранға қандай туындылар әкелдi? Көркемөнерге қандай олжа салды?” деген мәселелердiң жөнi бөлек. Бұл ретте терең зерттелген нақты дәлелдерге сүйенген жөн. Сондықтан қазақ теледидарын “бiз жасадық” деп кейбiр жастардың айтуы ұшқары пiкiр деп ойлаймын. Ал егер КТК-ның қызметкерi солай ойласа, ол өз телеарнасының қысқа ғұмырымен ғана өлшеген болар. Қазақстанда “Көгiлдiр оттың” жанғанына жарты ғасырдан асып кеткенiн, осы жылдарда бұл өнер салсында өз iзiн қалдырған әлденеше буынның өткенiн ескермеу, әрине, әбестiк. Өнердiң дамуына дәстүр жалғастығы ерекше әсер етедi. Қазақ поэзиясының бүгiнгi дамуына Абай биiгiнен, қазақ прозасының дамуына Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсiрепов шыңынан көз салмай, әдiл бағасын айту бекершiлiк. Өнерде де солай. Ә.Қастеевсiз Қазақстандағы сурет өнерiн, Ш. Аймановсыз киноөнерiнiң бүгiнгi болмысын елестете аламыз ба? Бұл жерде әр дәуiрдегi суреткерлердiң өзiндiк ерекшiлiгi мен өнерге қосқан үлесiн аспаннан түскендей жеке-дара бөлiп алу қисынсыз болар едi. Сондықтан кiм қай телеарнада жұмыс iстесе де оның жасағанын жалпы телевизия тарихынан бөлiп қарауға болмайды. Кешегiсiз бүгiн жоқ екенiн ұмытпаған жөн.

Ал бүгiнгi телеарнадағы елiктеу, көшiру туралы мәселеге келетiн болсақ, оны жоққа шығара алмаймыз. Турасын айтсақ, жалаң елiктеу мен көшiру – өнер емес, дәрменсiздiк. Ал басқалардың үздiк өнерiн үйренiп, өзiнше жол iздеу, сөйтiп жаңа сапалы бағдарламалар тудыру – iзденiмпаздықтың белгiсi. Бұл – барлық елдерде бар үрдiс. Мәскеу телевизиясындағы КВН, “Что, где, когда?”, “Поле чудес” және т.б. бағдарламаларының түп негiзi Батыс елдерiнен келген. Бiрақ оларды орыс журналистерi танымастай өзгертiп, әрлеп, ұлттық мазмұнмен байытып, жаңа сипаттағы туындыға айналдыра алған. Егер бiздiң телеарнада осындай дәстүр қалыптасса оны, әрине, қолдау керек.

– Телевизияда әр маманның өз орны бар. Егер бiр хабарды алатын болсақ, оны эфирге шығарғанға дейiн ондаған адам тер төгедi.

Техникалық құрал-жабдықтарды, онымен қамтамасыз ететiн инженерлердi айтпағанда, эфирге шыққан туындыдағы сөз, сурет, жарық, әуеннiң басын қосып көркемдiк тәсiлдер арқылы автордың ойын бейнелi жеткiзуге күш салатын маманның режиссер екенi анық. Театрда, кинода – ол басты тұлға. Ал телевизияда – оның орны хабардың жанрына қарай өзгерiп отырады. Публицистiк, ақпараттық хабарларда алғы шепке журналистер шықса, көркем телевизияда режиссер шеберлiгi мен шығармашылық қуаты маңызды роль атқарады. Бiрақ режиссер неғұрлым талантты болса, өз қолтаңбасын қандай жанрда болса да сақтай бiледi.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақ телевизиясының тарихында бiр топ көрнектi телережиссерлер еңбек еттi. Олар – С.Шәрiпов, Ш.Агишева, Е.Просолов, Е.Голосков, Е.Сацук, А.Бапишев, С.Естемесова, Ә.Дүйiмбаев, Ы.Қасымов, Ш.Баймолдина, Е.Головинский, К.Қорғанова, М.Байсамбаев, Ж.Мұқатаев, В.Понамарев т.б. Бұлар негiзiнен телеқойылымдар мен көлемдi көркем хабарларда, музыкалық туындыларда, бейнефильмдер жасауда көзге түстi. Ал жастар мен балаларға арналған хабар жасауда өзiндiк шеберлiк танытқан режисерлер де аз емес едi. Осылардың iшiнде телевизия табиғатын жетiк игерген, барлық жанрда да тамаша туындылар жасаған С.Шарипов пен Ш.Агишеваны ерекше айтар едiм. Олар аса жауапты, көп сағатқа созылатын мемлекеттiк (кейде Бүкiлодақтық) мәнi бар жиындар мен мерекелерден жүргiзген репортаждардан бастап, күрделi телеқойылымдарды экранға сәттi шығаратын. Солардың iшiнде Ш.Агишева экрандаған түрiк драматургi В.Онгореннiң “Әсия” телеқойылымы көркемдiк сапасы жоғары, Қазақ телевизиясының үлкен белесi болған үздiк туынды екенiн айту ләзiм.

Қазiр техниканың дамуына байланысты телевизияның көркемдiң бояуы кеңи түстi. Тiптi техника күшiмен жасалатын арнайы эффектiнi пайдалану арқылы да көркемдiк нәтижеге қол жеткiзуге болады. Бұл ретте “Қазақстан” телеарнасының “Екi жұлдыз” бағдарламасының режиссурасын бөлiп атар едiм. Сондай-ақ осы арнадағы “Меншiктi мекен”, “Сен сұлу”, “Қазақтың 100 әнi” бағдарламаларының сәттi шығуы режиссер еңбегiне тiкелей байланысты.

– Телевизия туындыларын  үнемi бақылап, сын тезiне салып отыратын маманданған сыншылар жоқ. Бiрақ соңғы жылдары зерттеу еңбектерiмен айналысып жүрген ғалымдар бар. Олар телевизияның тарихы мен теориясын пайымдап, бүгiнгi даму бағыты туралы да пiкiрлерiн ара-тұра бiлдiрiп отырады. Естуiмше, жоғарғы оқу орындарында телевизия мен радио туындыларынан қорғаған ғылым кандидаттары бар көрiнедi,бiрақ олардың бiрде-бiр мақаласын көрген емеспiн. Телевизияның тарихы мен өткен елу жылдағы экранға шыққан хабарларын талдап, көлемдi еңбек жазған филология ғылымының докторы Құдайберген Тұрсыновты ерекше атау керек. Ол соңғы жылдары бiрнеше кiтап шығарды. Солардың iшiнде “Қазақ теледидары: тарих пен тағлым”, “Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары” атты еңбектерi әзiрге қазақ телевизиясын жан-жақты зерттеген бiрден-бiр еңбектер. Ал “Қазақ телевизиясы” атты көп томдық энциклопедиялық ауқымдағы еңбегi осы жаңа өнер саласындағы айтылмай жатқан кем-кетiктi толтыра ма деген үмiт бар.

Өздерiнiң шығармашылық жолын  негiзге ала отырып көгiлдiр экранның көптеген мәселелерiн көтерген Ғ.Шалахметовтiң “Мир приносит счастье”, Махат Садықтың “Деректi фильмнен үлкен киноға дейiн”, Серiк Аббас-шахтың “Өзiм және телевизия туралы...”, т.б. кiтаптары жұртқа берерi мол туындылар. Бұл кiтаптардың шығуы көгiлдiр экрандағы iзденiстердiң текке кетпейтiнiн айқындайды.

Информация о работе Қазақ теледидарындағы жастар бағдарламалары