Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:35, курсовая работа
Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Қысқартылған сөздер тізімі................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
1 Жобалық талдау түсінігінің теориялық аспектілері...............................6
1.1 Жобалық талдаудың маңызы мен мақсаты....................................................6
1.2 Жобалық талдаудың түрлері............................................................................7
1.3 Жобалық талдаудың қағидалары...................................................................11
2 Қазақстан Республикасындағы даму институттарының инвестициялық жобаларын талдау.................................................................14
2.1 Жобалық талдаудың концептуалды негіздерін бағалау..............................14
2.2 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау......................................................................................................................21
2.3 «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-ның инвестициялық жобаларын сипаттау..................................................................................................................29
3 Қазақстан экономикасындағы инновациялық-инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы.........................................................................34
Қорытынды..........................................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................41
Қосымшалар
2 қадам. Альтернативті жобалардың әрқайсысына әр мақсатқа жету үшін сандық өлшемін анықтайды (абсолютті мәнде немесе жақсысына қарай пайыздық қатынаста). Әр жоба үшін кешендік (комплекстік) критерийдің салмақталған мәнін есептейді:
G0 = 0,3 • ω1 + 0,2 • ω2+ 0,15 • ω3+ 0,2 • ω4 +0,15 ω5 .
3 қадам. Үздік вариантты таңдауы жалпыланған критерийдің максимум критерийі бойынша жүргізіледі.
Экономикалық тиімділік дайын өнім мен ресурстардың мүмкін болатын сатып алу құнымен, ішкі бағамен және мемлекеттің айырықша ерекшелігі болып табылатын және әлемдік бағалармен және қағидалармен сәйкес келмейтін тағы басқа нәрселерді есепке ала отырып бағаланады.
Экономикалық тиімділікті бағалаудың іріленген процедурасы мынадай түрге ие:
Институцноналдық талдау
Институционалдық
талдау инвестициялық жобаның ұйымдаст
Ішкі факторларды бағалау әдетте келесі нұсқау бойынша жүреді.
Сыртқы факторларды талдағанда негізгі басымдылықтар келесі аспектімен шарттасылған.
Мемлекеттік саясат, мұнда нақтырақ талдау үшін келесі позициялар бөлінеді:
экспорттау мүмкіндіктері;
Тәуекелді талдау
Тәуекелді талдаудың мәні мынада. Жіберілген сапасына тәуелсіз болашақтың әрқашанда белгісіздік элементі бар. Мысалы, керекті мәліметтердің көп бөлігі қаржылық талдау үшін (шығындар элементтері, бағалар, өнімнің сатылу көлемі және т.с.с.) белгісіз болып табылады. Болашақта болжаудың жақсы жаққа да, жаман жаққа (пайданың төмендеуі) да өзгеруі мүмкін. Тәуекелді талдау барлық өзгерістерді, қай жағына болса да, есепке алуды қажет етеді.
Жобаны іске асыру процесінде келесі элементтер өзгеріске ұшырауға бейім: шикізат пен қосалқы бөлшектердің құны, капиталдық шығындардың құны, қызмет етудің құны, сатудың құны, бағаның құны және т.с.с. Нәтижесінде шығатын параметр, мысалы, пайда кездейсоқ болады. Тәуекел ықтималдық таралу мен ықтималдықтар түсінігін қолданады. Сонымен тәуекел теріс пайда алу, яғни залал шегу ықтималдығына тең. Жоба факторларының өзгеріс диапазоны қаншалықты кең болса, жоба тәуекелділігі соншалықты жоғары.
Кейде тәуекелді талдау процесінде төмендегі нұсқау бойынша жүргізілуі мүмкін сценарийді талдаумен шектеледі.
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) – 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Даму Банкі туралы» 2000 жылғы 28 желтоқсандағы №531 жарлығы негізінде «Қазақстан Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы заңға сәйкес ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстан Даму Банкі құрылды.
Банктің миссиясы – Қазақстанның бәсекелесе алатын шикізаттық емес экономика секторының дамыту ісінде мемлекетке көмектесу.
Банктің мәртебесі – Қазақстан экономикасының шикізатсыз секторын қаржыландыратын ҚР Үкіметінің инвестициялық институты.
Банктің міндеттері:
Басым салалардағы ірі жобаларды жүзеге асыру: энергетика, көлік, металлургия, химия және фармацевтика, мұнай химиясы, мұнай өңдеу, машина құрылысы, басқа да салалар (құрылыс материалдары, туризм, агроөнеркәсіптік кешені және т.б.).
Қазақстанның даму банкінің несиелік құралдары
Банктің негізгі міндеттерінің
бірі экономиканы
Банк қызмет еткен күннен бастап Банктің 996,8 млн. АҚШ доллары қатысуымен жалпы сомасы 2 105,2 млн. АҚШ долларын құрайтын, 49 инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мақұлдады, оның ішінде 2009 жылы Банктің 449,5 млн. АҚШ доллары қатысуымен жалпы сомасы 933,4 млн. АҚШ долларын құрайтын 13 инвестициялық жобаны мақұлдаған еді.
2010 жылғы 1 қаңтарда Банктің қызмет етуінің басынан бастап мақұлданған инвестициялық жобаларды игеру 425,6 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде 2009 жылы - жыл басынан 30% ұлғайып, 98,7 млн. АҚШ долларды құрады.
Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру кезеңінде мақұлданған 38 инвестициялық жоба ішінен:
Қазақстан аумағының кешенді
дамуы және олардың Индустриалдық-
Банктің облыстар бойынша несиелеу көлемінің біркелкі болмауының объективті себептері бар. Айталық, көмірсутекті шикізатқа бай Атырау облысында, өндіру салаларында маманданған бірқатар өнеркәсіптік облыстарда (Қарағанды, Павлодар және басқа) несиелеудің шағын көлемі тікелей шетелдік инвестициялардың үлкен көлемімен өтеледі, бұл инвестициялар соңғы жылдары дәстүрлі түрде нақ осы аймақтарға түсіп отырады.
Сондықтан, Банктің Солтүстік
Қазақстан облысындағы мәнді
жобаларды қаржыландыруы
Осылайша, өндірістерді нақ осы облыстарда құра отырып, Банк аймақтық әлеуметтік-экономикалық диспропорцияның жойылуына жағдай жасайды. Банк қатысатын қаржыландыруға мақұлданған инвестициялық жобалардың салалық құрылымы көлік және байланыс (18%), электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату (13,2%), тоқыма және тігін өнеркәсібі (7,4%), басқа металл емес минералдық өнімдерді шығару (27,7%), машиналарды және жабдықтарды шығару (4,3%) және тамақ өнеркәсібі (5,3%), химия өнеркәсібі (4,7%), кокс, мұнай өнімдері мен ядролық материалдар өндірісі (2%), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, баспа ісі (8,4%), ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы (1,6%), көп салалы жобалар (6,1%), электр жабдығын, электрондық және оптикалық жабдықты шығару (1,1%), металлургия өнеркәсібі (0,1%) секілді экономиканың мәнді секторлары жатады.
Көлік және байланыс
Еліміздің индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында өнеркәсіптің және экономиканың басқа салаларының бәсекеге қабілеттілігі көбіне өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның даму жағдайына байланысты екені белгіленген.
Көлік саласындағы басты міндет көлік инфрақұрылымы дамудың шектеуші факторына айналатындай жағдайды болдырмау мақсатында, еліміздің экономикалық өсуінің жоғары қарқынына сәйкес жүк және жолаушы ағындарын кеңейтуді және жетілдіруді қамтамасыз ету болып табылады. Басқа маңызды міндет елдің көлік әлеуетін максималды дамыту болып табылады.
Банк инвестицияларының едәуір бөлігі (18%) көлік және байланыс саласына тиісті, бұл салалар Қазақстан Республикасының көліктік транзиттік әлеуетінің дамуына, қазақстандық өнім экспортының ілгері жылжуына және кеңеюіне әсерін тигізеді, және олар капитал сыйымды болып табылады.
Мысалдардың бірі ретінде солтүстік бағыттағы Ақтау Теңіз Халықаралық Сауда Портын кеңейту бойынша инвестициялық жобасын келтіруге болады. Осы жобаны іске асыру Каспий маңындағы басқа порттарға бәсекеге түсуге қабілетті, бүкіл қазіргі заманғы талаптарға сай келетін ірі теңіз портын құруға, сауда кеме жүзуін нығайтуға және Ұлттық флотты дамыту бағдарламасын жоспарлы түрде жүзеге асыруға, экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдардың тұрақты өрлеуіне, сыртқы экономикалық қызметті кеңейтуге жағдай жасайды. Бұл Қазақстан экономикасының ілеспелі салалары үшін мультипликативтік әсерді қамтамасыз етеді, көлік-логистика саласындағы басқа жобалардың жүзеге асырылуына ықпалын тигізеді.
Информация о работе Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері