ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 08:12, дипломная работа

Описание работы

Инвестициялық қарекет және оның сферасы сұраныспен, ұсыныспен және инвестиция бағасымен анықталады. Инвестициялық нарықтың конъюктурасы инвесторлар үшін өте маңызды. Әсіресе, ол дамушы елдер үшін. Өйткені жаңа ғана тәуелсіздік алған елдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары табыс көзін іздеп жүрген шетелдік инвесторларға жаңа тұтыну нарығы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасы негізінен мұнай экспорттау және инвестицияның ағылуы арқасында жоғарғы қарқынды дамып келеді.

Содержание

Кіріспе 2
I тарау. Инвестиция түсінігі 3
1.1 Инвестициялық қызметті іске асыру принципі 3
1.2 ҚР-ғы иновациялық және инвестициялық жағдай 4
1.3 Мемлекеттік инвестициялық саясаттың өзекті мәселелері 6
IІ тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың негізі, мәні және құрылымы 8
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың ұғымдары мен түрлері 8
2.2. Инвестицияландырудың әлемдік тәжірибесі 10
2.3. Инвестициялық қызметті реттеудің теориялық негізі 12
IІI тарау. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау 15
3.1 Инвестициялық саясат - дамудың алғы шарты 15
3.2 Қоржындық инвестиция қарекеті 19
3.3 Кәсіпорындағы инвестициялаудың ішкі көздері мен әдістері 21
3.4 Инвестициялық жобаны бағалау әдістері 24
IV тарау. ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары 29
4.1 Әлеуметтік салада инвестициялық процесті реттейтін құралдар 29
4.2 Инвестицияның әлемдік экономикаға қозғалысының қазіргі кездегі тенденциялары 30
Қорытынды 32
Қолданған әдебиеттер тізімі 33

Работа содержит 1 файл

Инвестиция Курстық жұмыс Акнур.DOC

— 272.00 Кб (Скачать)

      Тартылған шетел инвестициясына  үлкен процент төлейтіндіктен, оны рационалды пайдалану жолдарын іздеу керек. Сондықтан инвестиция көзінің альтернативасын іздеуді талап етеді. Бұл ішкі ресурстар.

      Мемлекеттік реттеудің сенімді  экономикалық құралы болып салық  табылады. Инвестицияны өндірістік  сфераға жұмсайтын кәсіпкерлерге деген салық сауда орындарына жұмсайтын кәсіпкерлерге салатын салықтан әлде қайда төмен болу керек. Отандық инвесторларға деген талап шетелдіктермен салыстырғанда қатты болмауы керек. Сонда ғана отандық өндірісті жандандыруға болады.

      Инвестицияның көлемі қосымша көздердің құрылуына да байланысты. Солардың ішіндегі инвестиция көзінің елеулісі және ел бюджетінің табыс жағын көбейтуінде үлкен орын алатыны шетелдік компаниялардың басқарылуы беріліп қойылған кәсіпорыннан түсетін табыс болып табылады. Өкінішке орай, мұндай кәсіпорындарда табысты тығып қалу жағдайлары кездесіп жатыр. Классикалық мысал ретінде мұнай өндіру мен металлургия кәсіпорындары жатады. Мұнай бағасының өскенімен бюджетке түсетін табыс мөлшері ұлғаймай тұр. Қаржы Министрлігі және салық полициясы қатаң бақылау орнату қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

IІ тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың негізі, мәні және құрылымы

2.1 Қазақстан Республикасындағы  инвестициялардың  ұғымдары мен түрлері

     Инвестициялар – мүліктің барлық түрі (жеке сұранысты  қанағаттандыратын  тауарлардан  басқа). Оның  ішіне   лизинг  нысандары,  сонымен бірге заңды тұлғаның жарғылық капиталына құюшы инвестордың   құқықтары және де кәсіпкерлік қызметке қажетті тіркелген активтерді  өсіру  құқықтары кіреді.

     Инвестициялық  қызмет деп – заңды және жеке тұлғалардың   коммерциялық жарғылық капиталына немесе кәсіпкерлік қызметке қажетті тіркелген активтерді өсіруге қатысу бойынша қызметтерін атаймыз. Инвестициялық   преференция Қазақстан Республикасының заң шығаруына  сәйкес инвестициялық жобаны іске асырушы ҚР заңды тұлғаларына   берілетін  мекен-жайлық  сипаттағы  жеңілдіктер  болып  табылады.

     Инвестициялық жоба деп – істегі өндірістерді кеңейту мен жаңартуға   және жаңаларды құруға инвестицияларды қарастыратын шаралар кешенін  атаймыз.

     Инвестициялар мемлекеттік грант түрінде болуы  да мүмкін.  Мемлекеттік грант  деп біз Қазақстан Республикасының  жеке меншігі   болып, Қазақстан  Республикасының заңды тұлғасына  инвестициялық  жобаны  іске  асыру  үшін  жерді  пайдалануға  берілетін  мүлікті    айтамыз.

      Инвестициялар  туралы  Қазақстан  Республикасының   заң шығаруы  Қазақстан  Республикасының   Конститутциясы  мен  басқа  да   нормативтік құжаттарға   негізделеді. Атаулы  заң  келесіде  берілгендермен  байланысты  қатынастарды  реттемейді:

  • мемлекеттік  бюджеттен  алынған  қаражаттармен инвестицияны  іске  асыру;
  • коммерциялық  емес  ұйымдарға,  соның  ішінде  білім  беру,  қайырылымдық,  ғылыми және  діни  ұйымдарға,    капиталды  енгізу.

      Инвестиция  бұл  кем  дегенде  екі  жақтың:  кәсіпкер (жобаны іске  ұсынушы)  және инвестор (жобаны  қаржыландырушы)  арасындағы   қарым-қатынас  болып  табылады.   Жобаның  нәтижелі  және жемісті  болуы  екі жақтың  неғұрлым  тіл  табысуына  байланысты. Экономикалық жүйелері  терең дамыған елдердің инвестицияны жоспарлау мен талдауда  айтарлықтай тәжірибелерін есепке  ала отырып, оған немқұрайлы  қарау дұрыс болмас  еді.  Бүгінгі таңда барлық  елдерге ортақ қолданылып  келе  жатқан  инвестициялық жобаларының тиімділігін бағалау критерийлері мен жоспарлау әдістері  әр түрлі мемлекеттердің инвесторлары мен  кәсіпкерлері  арасындағы түсіністікті қамтамасыз ету құралы болып табылады.  Ондайларға UNIDO, Дүниежүзілік  банк  немесе  Қайта  құру  және  дамудың  Европалық банкі сияқты беделді халықаралық ұйымдардың инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесін жатқызуға болады. Олардың  барлығының да ортақ ерекшелігі ретінде ақша ағымдарын талдау әдісі негізінде құрылған инвестициялық анализдің классикалық ұстанымдарына негізделетінін танимыз. Сонымен бірге қоршаған экономикалық ортаны сипаттайтын факторлардың ықпал  етулерінің  нәтижесі  болып  табылатын  ақша  ағымдарын  қалыптастыру  ерекшеліктері  ескерілуі  тиіс.

      Барлық  инвестицияларды  негізгі  екі  топқа  бөлуге  болады:

  • портфельдік (қоржындық);
  • капитал құрушы (нақты).

      Портфельдік  инвестициялар – жобалар тобына  (мысалы   түрлі кәсіпорындардың   құнды қағаздарын  сатып алу)  капитал салу. Портфельдік инвестициялар жасау кезінде   инвестордың негізгі  міндеті, әдетте, қор нарығындағы құнды қағаздарды сатып алу және сату   операциялары арқылы жүргізілетін инвестициялық портфельді  қалыптастыру мен оны басқару болып табылады. Сонымен, портфельдік инвестициялар   қысқа  мерзімді қаржы операциялары  болып табылады.

     Нақты инвестициялар – ұзақ мерзімді жобаға құйылып, нақты активтерді сатып алумен байланысты болып келеді. Инвестицияларды  топтауда түрлі  әдіс-тәсілдерді  қарастыруға  болады.

Мүлік инвестициясы (материалдық  инвестиция).

     Атаулы  инвестициялар ретінде өндірістік үрдіске тікелей қатысатын инвестицияларды атаймыз. Мысалы, құрал-жабдық  инвестициясы, ғимарат инвестициясы,  материалдар  қоры  инвестициясы т.б.

Қаржы инвестициялары.

     Атаулы  инвестициялар қаржы мүлігіне ақша салынымын, басқа  фирманың ісіне араласу құқықтары мен қарыз құқықтарын иеленуді  қарастырады.

Материалдық  емес  инвестициялар.

     Аталған  инвестиция  материалдық  емес  құндылықтарға  жасалады.  Ондайларға кадрларды даярлау, зерттеулер мен  жасап шығаруларға   жасалған, жарнамаларға жасалған инвестицияларды жатқызамыз. Сонымен  бірге оған жобаны негіздеуге жасалған инвестициялар (бастапқы  инвестициялар) немесе  кәсіпорынды  сатып  алу  немесе  құру  кезінде  жасалатын нетто-инвестициялар және де  кеңейту  мақсаттағы  өндірістік  әлеуетті   өсіруге бағытталатын инвестициялар   жатқызылады.

     Реинвестициялар, яғни бос инвестициялық қаражаттарды қайта  байластыру.   Оларға   келесілерді  жатқызуға  болады:

  • ауыстыру инвестициясы нәтижесінде қолдағы немесе істегі  нысаналар  қайтадан  жаңаға  ауыстырылады;
  • технологиялық құрал-жабдықтарды немесе үрдістерді жаңалауға  бағытталған инвестициялар;
  • шығару  бағдарламаларын  өзгертуге  бағытталған  инвестициялар;
  • өнім  номенклатурасының өзгеруімен, өнімнің жаңа түрлерін  жасап  шығару  мен  өткізудің  жаңа нарығын  ұйымдастыруымен  байланысты   диверсификацияға  жасалатын  инвестициялар;
  • болашақта  кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз  ету  мақсатында НИОКР-ге,   кадрларды  дайындауға, жарнамаға,  қоршаған ортаны   қорғауға бағытталатын инвестициялар. Нетто-инвестиция мен  реинвестициядан  тұратын брутто-инвестициялар.

     Кең мағынада, банктік инвестиция – пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған актив операцияларының жиынтығы.

     Ал  тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

     Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп  – негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да айтуға болады.

     Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық  саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

Инвестициялар туралы  шешім  қабылдау  басқару  міндеттерінің  бірден-бір   маңызды және күрделісі болып  табылады. Сонымен  бірге  инвестор  мүдделері  саласында   қоршаған  әлеуметтік-экономикалық   ортадан бастап,   инфляция  көрсеткіштері, салық  жағдайлары, нарықтың  даму  қарқыны мен  болашағы, өндірістік  қуаттардың, материалдық қорлардың  бар  болуы  және жобаны қаржыландыру стратегиясымен аяқтап, кәсіпорынның  экономикалық   қызметінің барлық  аспектілері  кіреді.

2.2. Инвестицияландырудың әлемдік тәжірибесі

 

     Шетел инвестициялары капиталдың халықаралық  қозғалыс нысандары ішінде басты рөл атқаруда. Тауарлық өндірістің әлемдік нарық деңгейінен әлемдік шаруашылық деңгейіне өту кезеңінде тауардың халықаралық айналымы ғана жүрмей, сонымен бірге сол тауарды өндіру факторларының айналымы, яғни капиталдың инвестициялар түріндегі айналымы жүреді. Егер капиталдың импорты туралы мәліметтерді қабылдайтын елдер бойынша оны тарату көрсеткіштерімен үйлестірсе, онда тікелей шетел инвестицияларының үш полюсті глобалды құрылымы пайда болады: Америка Құрама Штаттары, Еуропа бірлестігі және Жапония. Бұл үштік бүкіл инвестициялардың импорт және экспорт көлемінің 4/5 құрайды.

     АҚШ капиталдың ең ірі импортері болып  саналады. Ал Еуропалық бірлестікте интеграция деңгейі ішкі аймақтық тікелей инвестициялар негізінде ұлғайды, ал бүкіл аймақ бойынша капиталдың ең ірі экспортері ретінде жұмыс атқара бастады. Жапонияда инвестицияларды шығарудың жоғары ұлғаю деңгейі байқалуда, сәйкесінше ол әлемде «сыртқы экономика» саласына жағымды әсер етеді. Сол уақытта бар мәліметтерге сәйкес Азия елдері (Жапониядан басқа) жақын жылдарда батыс еуропа елдерінен тікелей шетел инвестицияларын ынталандыру көлемі бойынша бір қадам алдыда жүруде. Эксперттердің көз қарасы бойынша шетелдерге капиталды салудың ең перспективті әдістерінің бірі болып өндірістік шығындарды азайту емес, шетел нарығына енуді ұлғайту саналады.

     Бұл үштіктің ішінде капиталдың белсенді қиылысуы жүреді. Екі жақтың келісімімен  жүргізілетін сауда әлемдік саудаға  қарағанда белсенді жүргізілуде. Аталған  әдістерге қарамастан, дамыған елдер, соның ішінде индустриалды елдер шетел инвестицияларын енгізу үшін жақсы жерлер болып саналмайды. Бірақ олардың рөлі маңызды және салмақты болып келеді және де ол біршама дамуда. 3/4 салынған инвестициялар көлемі өндірісі дамыған елдерде жүреді, ал 1/4 – дамыған елдерде. Ал жаңа инвестициялар ағымының қатынасы келесідей: өндірісі дамыған елдерде 3/5 ал дамыған елдерде 2/5.

     Қазақстанға тоқталсақ тікелей шетел инвестицияларының орташа  сомасы 4 млрд. құрайды. Ал ол әлемдік деңгейде жылдық ағымның 0,25 % құрайды. Тікелей шетел инвестицияларына шет елде меншікті бастапқы сатып алу, сонымен бірге кәсіпорын мен инвестор арасындағы жүргізілетін мәмілелер жатады. Тікелей инвестиция құрамына келесілер кіреді:

  • компаниялардың шетелге меншікті капиталын салу – филиалдардың капиталы және еншілес және ассоциацияланған компаниялардың акцияларының бөлігі;
  • пайданы қайта инвестициялау – тікелей инвестордың кәсіпорынның кірісі мен шетел инвестицияларынан бөлік, ал ол дивидендтер түрінде таратылмаған және тікелей инвесторға аударылмаған;
  • капиталды ішкі корпорациялық аударудың несие және қарыз нысанында бір жағынан тікелей инвестордың болуы, ал екінші жағынан – еншілес, ассоциацияланған компаниялар және филиалдардың болуы.

      Бірақ елдердің барлығы өзінің статистикасында  тікелей инвестицияларды осылай жіктемейді. Мысалға, Жапония пайданы қайта инвестициялауды тікелей инвестиция деп қарамайды.

      Негізінен капиталды экспорттау субъектілері болып шетел инвестициялары бар  кәсіпорындар және де тікелей инвесторлар  табылады. Шетел инвестициялары бар  кәсіпорын акционерлік немесе акционерлік емес қоғам болып табылады. Бұл жағдайда тікелей инвестордың – басқа елдің резидентіне 10%-дан жоғары қарапайым акциялармен дауыстары (акционерлік қоғамда) немесе олардың эквивалиенті (акционерлік емес қоғамда) болуы керек.

      Шетел инвестициалары бар кәсіпорын келесідей  нысандарда болады:

  • еншілес компания – бұл жағдайда кәсіпорында резидент емес инвестор 50 % дан жоғары капиталға ие болады;
  • ассоциацияланған компания – бұл жағдайда кәсіпорында резидент емес инвестор 50 % дан төмен капиталға ие болады;
  • филиал – тікелей инвестордың кәсіпорынның түгелімен ие болуы.

      Тікелей инвесторлар санына қаржылық мекемелер  тобы кіреді (банктер, инвестициялық, сақтандыру және басқа да өндірістік емес компаниялар). Олар қаржылық нарықта делдалдар ретінде жұмыс атқарады және тікелей инвестициялар жүргізеді. Сонымен қатар олар ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелерінің пайда болуымен және шетел компанияларының негізгі капиталының бөлігін және акцияларды сатып алумен байланысты  банктердің мәмілелері саналатын тікелей инвестицияларды жүргізуге құқығы бар. Банктік аядағы депозиттер және бақа да қарапайым активті және пассивті операциялар портфельді немесе басқадай инвестицияларды айтуға болады. Егер белгілі бір кезең ішінде инвестор шетел кәсіпорынында капиталының өзінің бөлігін ұлғайтты, мысалы, портфельді инвестиция болып саналатын 5%-дан 10%-ға дейін өсуі. Бұл кезде шетелден капиталдың жаңа ағымы ғана тікелей инвестиция саналады.

Информация о работе ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары