Инвестия жобалады талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:53, реферат

Описание работы

Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны бiздiң әлеуметтiк –экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:
1) республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк –демографиялық, этно- мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;
2) қазiргi Қазақстан жағдайында бiз ұлттық экономиканы құру процесiндемiз және де әлемдiк экономикалық тарихта әкiмшiлiк –жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бiзге ұқсас ешбiр ел жоқ;

Содержание

Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекетінің аймақтық реттеуiнің негiзгi мәселелерi.
Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу
Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi
Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

investisia referat.docx

— 41.55 Кб (Скачать)

 Шетел елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және фирмалардың жоспары маңызды роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі жағдайда шетелдік өндіріс сфераларын жеңілдікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің бақылау функцияларын күшейту тәжірибесін қолданған жөн. Өйткені Қазақстанда үш жыл бұрын осы қарастырылып отырған саланы несиелеуде және салық салуда барлық жеңілдіктерді алып тастау туралы шешім қабылдады, ал несие ресурстары көбінесе коммерциялық делдалдық жүйеге «қызмет көрсетуге», басқаша айтқанда тауар айналымына жұмсалады. Осындай саясаттың кері әсері әлі де сезуде. Біздің республикамызда әлі де бұл салада, керісінше, заңды және жеке тұлғалардығ өндірістік қызметпен айналысуға ынталарын жоятын қатал жүйе талдауда.

1992 жылдан бастап ҚР Президенті өндіріс саласындағы шағын және кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы жарлықтар мен заңдарға қол қойды.

 Шет елдегі баға белгілеу механизмі үлкен қызығушылық көрсетуде. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу, саланың бірінші буынына табыс және пайда сомасының минималды деңгейін қамтамасыз етуде кепілдік беру түрінде құрылған. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей дағдарыс жағдайынан шығу жолында үкімет баға белгілеу мен баға деңгейіне әсіресе халықтың тауар тұтынуын бақылауын күшейтті. Қазір біз өндіріске және өндіріс құралдары мен тұтыну заттарды сатуға монополия жағдайындағы бағалардың толық ырықтандырылуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығын материалды өндіріс саласы ретінде даму үшін қажетті дотацияларды бөлмеу жолымен келе жатырмыз. Мұндай көзқарас республикамыздың ЖҰӨ-нің үштен бірін құрайды, экономиканың аграрлы секторының өнімдеріне баға белгілеу және баға мәселелерін Үкімет көз алдынан тыс қалдыруда

 

 

 

 

 

    1. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі

 

Халықаралық тәжірибе мемлекеттік  секторды реформалау процесінің мәні туралы куәландырады, атап айтқанда мемлекеттік  қызметтерді ұсыну жүйесін жетілдіру  саласында және ең жоғары деңгейде осы процессті үйлестіру қажеттігі  туралы. Тұрақты нәтижелерге жету үшін мемлекеттік қызметтер саласында  реформалар жүргізу кезінде мемлекеттік  қызметтерді ұсыну жүйесін қолдауда инфрақұрылымның тиісті элементтерін бір уақытта дамыту қажет. Ол тәрізді  инфрақұрылым зерттеулер жүргізу, деректердің  ақпараттық базасын қалыптастыру, кеңестер беру мен мемқызметкерлерді сияқты қызметтерді тұтынушыларды да оқыту  арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну процессін жеңілдететін ұйымдар мен мекемелердің желісін жасауды білдіреді.

Шет елдердегі ұқсас ұйымдар  өздерінің қызметін мынадай қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:

- тұтынушының қажетіне  барынша жақындату және бағдарлау;

- қызметті басқару мен  қызметтерді ұсынудағы кәсібилік;

- нәтижелер тұрақтылығы;

- олардың қызметінен тәжірибелік  пайда.

1980-1990 жж. АҚШ-та  нарықтық институттар үлгісі  бойынша мемлекеттік басқару  жүйесін, мемлекеттік қызметті  «клиенттерге» қызметтер көрсетуге  бағдарлауды қайта құру және үш Е  (Economy, Effectiveness, Efficiency) базасында «жаңа мемлекеттік менеджментке» көшу жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалды, ол үнемділікті, тиімділікті және нәтижелілікті білдіреді, яғни үш Е жүйесі өзара байланысты үш компонентті қосады: үнемділік, шығындардың тиімділігі және нәтижелілігі. Теориядан тәжірибеге жолды елдің мемқұрылысы тиімсіз және азаматтар үшін жабық монополияға айналды деп белгілеген және мемлекеттік басқару жүйесіне толық реинжиниринг (reinventing the government) жүргізуді ұсынған АҚШ вице-президенті Ал.Гораның комиссиясы салды. Қорытындысында елде мемлекеттік сектордың «нәтижеге ресімделген» моделі әзірленді және іске асырылды, онда кіші нәтижеге азаматтарға және олардың ұйымдарына көрсетілетін қызметтер, соңғыларының жариялық билік аппаратының қызмет етуіне қанағаттануы түсініледі.

Австралияда Жаңа Зеландия үлгісі бойынша бюджеттік  ақша бөлулерді қызметтерді жеткізуші  ведомстволардан қызметтерді тұтынушы ведомстволарға қайта бағыттауды жүзеге асыру болды. Жеткізушілер алушы  ведомстволардың қызметтерді төлеу  есебінен ақыны жанама алатын болды. Осыдан басқа қызметкерлерге өзінше бонус ретінде жыл сайынғы  операциялық шығындардың 1,25% «тиімділік дивиденді» енгізілді. Реформалардың  бір нәтижесі 1990-1997 жж. мемлекеттік  аппарат санының 29% қысқартылуы болды. 

Қазіргі уақытта азаматтар  мен ұйымдар мемлекеттік қызметтерді  ұсыну тәртібі туралы ақпаратарды  алуға елеулі уақытша, ұйымдастырушылық, қаржылық шығындарды тартады.

Әлемдік тәжірибе (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Швеция және басқалар) мемлекеттік  қызметтер туралы ақпаратқа азаматар мен ұйымдардың қол жетімділігін қамтамасыз етудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі мемлекет жасайтын Интернет желісінде  мемлекеттік қызметтердің порталдары болып табылады. Мысалы, Канада да белгілі  бір қызметті қашан қалай алу  мүмкіндігі туралы халыққа қажетті  ақпаратты беретін «1-800 Канада»  деген телефондалған орталық  қызмет етеді. Сондай-ақ бастаушы кәсіпкерлерге  кеңес беру бойынша қызметтер  көрсететін «Рұқсат ету орталығы»  қызмет етеді. Бұл орталықтар Канаданың  барлық жерлеріндегі мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында орналасқан. Олардың  ерекшелігі кәсіпкерлерге кеңестер берумен қатар олар елеулі сандағы мемлекеттік қызметтерді көрсетеді және «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді.

2002 жылы Польшада мемлекеттік  қызметтің ақпараттық орталығы  құрылды. Оның құрылуының мақсаты  мемлекеттік қызметтер түрлері,  жеке мемлекеттік органдар мен  мекемелердің қызметінің аясы  және т.б. туралы ақпараттарға  қатардағы азаматтар мен мемқызметкерлердің  өздерінің қол жетімділігін кеңейту  болып табылады.

Грецияда әкімшілік жүйенің  реформасы шегінде бірыңғай ақпараттық желіге біріктірілген мемлекеттік  қызметтер жөніндегі кеңестік орталықтар құруды көздеген  «Сапа бағдарламасы»  әзірленген.

Венгрияда аймақтардың бірінде  ұшқыр жоба жүзеге асырылған, оның шегінде  барлық мемлекеттік мекемелердің қатысуымен ақпарттық орталық құрылған. Бұл  орталық әртүрлі мемлекеттік  қызметтермен өзара әрекеттестік туралы ақпараттарға азаматтардың қол жетімділігін ашты. Бұдан әрі бұл тәжірибе елдің  барлық жеріне тарайды.   

Осы салдағы шетелдік тәжірибені жинақтай келе қаралатын институттардың тиімділігі олардың қызметін басқарудағы  кәсібилікпен, ұсынылатын қызметтердің қол жетімдігі және мемлекеттік  қызметтердің әлеуетті тұтынушыларының  мейлінше кең қамтылуымен анықталады деп айтуға болады.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдалану мемлекеттік  қызметтерге және олар туралы ақпараттарға тұтынушылардың қол жетімділігін кеңейтуге  мүмкіндік береді.

Қолжетімділік пен ақпараттандырудың  мынадай тәсілдері ұсынылады:

1) Интернет желіс арқылы:

әкімшілік реглдаменттердің мәтіні ведомстволардың ресми сайттарында  жарияланады.

Австралияда 1997 жылы «Достастықта қызметтер көрсету жөніндегі  агенттіктер туралы» заң қабылданды. Осы заңға сәйкес сол жылы «Centrelink»  мемлекеттік мекеме құрылды. Ол 25 федералдық министрліктер мен мемлекеттік  агенттіктер атынан және серіктестік  ретінде Интернет, клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі телефондалған  орталықтар арқылы және кәдімгі офистерде  мемлекеттік қызметтер ұсынады. Сайтағы ақпарат 56 тілде берілген. «Centrelink» еңбек, көлік, ардагерлердің  істері жөніндегі, денсаулық сақтау, білім және ғылым, ауыл шаруашылық, сыртқы істер және сауда, комуникациялар, ақпараттық технологиялар, мен өнер және де басқада көптеген министрліктердің қызметтерін ұсынады. Бұл жағдайда қызмет ақысы электрондық аудармалар, чектер және т.б. жолмен жүргізілуі мүмкін. 2002 ж. бұл органдармен 700 мың мүгедекке, студенттерді қоса есептегенде 500 мың  жас кісілерге, 1,1 млн. жұмыссыздарға, 2 млн. зейнеткерлерге, 1,8 млн. отбасыға қызмет көрсетілді. Бұл органда 24 мың  қызметкер жұмыс істейді.

Австралияда ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдалану негізінде  қызметтер көрсету аясындағы  басқа үлгісі «Canberra-Connect» жобасы болып табылады, ол арқылы астана халқына  барлық мекемелерінің қызметтері көрсетіледі. 2003 жылы мамырда «Canberra-Connect» кәдімгі офистерде 132, Интернет арқылы 77 және телефондалған орталықтар арқылы 62 қызмет түрін көрсетті. Осы ұйымның веб-сайты арқылы он-лайн режимінде кәсіпорынды тіркеу, автомобилді тіркеу, коммуналдық қызметтердің төлемдері, жұмыс іздеу, денсаулық сақтау қызметтері және басқалар сияқты қызметтер көрсетіледі. 2001 жылғы «Canberra-Connect» жобасы қызметінің нәтижесі бойынша кіріс сомасы 161 млн., 2002 ж. – 205 млн. Және 2003 ж. – 310 млн. жуық австралия долларын құрады.

 Мемлекеттік қызметтерді  ұсынуды жетілдіру процесстері  тәжірибеде қызметтердің тұтынушыларымен  «кері байланыс» қағидасын пайдаланумен  тығыз байланысты.

АҚШ-та «Бірінші басымдық»  жалпыұлттық бағдарлама шегінде  ұсынылатын қызметтердің сапасын бағалауға  және тұтынушылардың күтімін зерделеуге мониторинг жүргізіледі. Осылармен  қатар жеке меншік сектор ұсынатын қызметтердің сапа стандарттарының  деңгейіне жету үшін кемшіліктер  айқындау мен ұсыныстарды жинау  мақсатында қызметтерді ұсыну процессінде  халықпен тікелей байланыстағы мемлекеттік  қызметкерлер арасында тұрақты сұраулар жүргізіледі.

Австралияда «Canberra-Connect»  веб-сайтында әрбір жеке алынған  қызмет түрлерін көрсетеді жетілдіру  жолын ұсынатын қалаушылар толтыруы мүмкін нысандар берілген.

Германияда алынатын мемлекеттік  қызметтердің сапасы туралы халықтың оң пікірін қалыптастыру үшін тұтынушыларды  қорғайтын және келіспеушілік жағдайды шешудің ерекше үрдісін болжайтын  арнайы қаулыларды пайдалану, сондай-ақ тұтынушылардан тұрақты сұраулар жүргізу  қарастырылған.

Ұлыбританияның муниципалитеттері  көрсетілетін қызметтердің сапасы және олардың көлемінің сәйкестік  дәрежесі мен салық жүкетмесінің сапасы туралы халықтан тұрақты сұраулар жүргізіп отырады. Әрбір муниципалитет  нақты жоспарлар мен бағдарламалардан тұратын белгілі бір «мақсаттарға жетудің стратегиялық тәртібін»  әзірлейді.

Тәжірибеде тұтынушымен  «кері байланыс» қағидасын пайдалану  қызметтерді ұсыну саласындағы  қазіргі заманғы ахуалды зерделеудің  және тұтынушылардың қажеттіліктері мен  күтімін ескере отырып мемлекеттік  қызметтерді одан әрі жетілдіру  стратегиясын қалыптастырудың тексерілген  және тиімді әдісі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Аймақтық басқару жүйесіндегі  негізгі әрекеттесуші элементтер, біздің ойымызша, басқару түрлері (ағымдағы, перспективалы және стратегиялық), басқару функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау),функцияны  мағынаға толтыру мақсатындағы нақты  қабылданатын шешімдер,оларға сәйкес басқару әрекеттестігінің арнаулылығы  және бағыттылығы, және де әдістер, тәсілдер және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару стратегиясы болуы  керек.

 Қорыта келе аймақтық  проблемаларды зерттеуде жүйелік  талдауды қолдану зерттеушінің  инструментарийін кеңейтіп, жасалынатын  аймақтық экономиканы басқару  үлгісінің нақтылық және барабарлық  деңгейін көтеретіндігін, экономикалық  кеңістіктің құрылуында жаңа  мүмкіндіктер ашатынын айта кеткен  жөн.

 Нарықтық экономикасы  дамыған елдерде жергілікті басқарудың  түрлері мен формаларының кең  диапазоны байқалды. Халықаралық  тәжірибеге сәйкес, біз келесі  бағыттарда реформалар жүргізуіміз  қажет:

- Мемлекеттік саясатты  жасау әдістерін конъюнктуралық  факторларды емес, халықаралық назар  мен стратегиялық мақсаттарды  ескере отырып ұштау.

- Әр түрлі әлеуметтік  топтардың назарын жақсылап бақылау  арқасында мемлекеттік қызметтерді  таратуда бағыттылықты күшейту.

- Мемлекеттік қызметтердің  сапасын жақсарту және нәтижелілігін  жоғарылату, нновациялық жақын келуді, прогрессивті практикалық тәжірибені  ендіру.

 

- Азаматтардың қажеттіліктерін  толық қанағаттандыру және қызметті  электронды жүйе арқылы тарату  үшін мемлекеттік басқаруда ақпараттық  жүйелерді қолдану. 

- Қызметкерлерді ынталандыру  жүйесін өзгерту, жұмыс көрсеткішін  бағалау жүйесін жақсарту, және  де осындай қызметке әйел адамның,  басқа ұлт өкілдерінің, мүгедектердің  кең қол жеткізе алуы арқылы  мемлекттік қызметке жаңарту  енгізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымы туралы : Қазақстан Респ. 1993 ж. 8 желт. №2572-XII заңы// ЮРИСТ [Электронды ресурс] : анықтама жүйе /Шығыс-Қазақстандық аймақтық орталық. - Өскемен : Юринфо, 2007.
  2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару : Қазақстан Респ. 2001 ж. 23 қаңт. Заңы №148 // ЮРИСТ [Электронды ресурс] : анықтама жүйе /Шығыс-Қазақстандық аймақтық орталық. - Өскемен : Юринфо, 2007.
  3. Айтаханов Е. Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жоспарлау процесстерін басқару проблемалары /Е. Айтаханов //Вестник, Әль-Фараби ат.КазГУ. Сер. экон. - 2002. - №2(30). - б. 12-15.
  4. Алдияров С. Қазақстан аймақтарының негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары және дамуды жалпы бағалау әдісі /С.Алдияров, К. Кабдуалиева, Л. Елеусиз // Транзиттік экономика. - 2006. - №1. - б. 81-86.
  5. Воронин А. Г. Муниципалды шаруашылықты басқару негіздері : оқу құралы/ А. Г Воронин, В. А.Лапин, А. Н. Широков. - М. : Дело, 1998. - 128 б.
  6. Шығыс Қазақстан сан бойынша - 2005 : жыл сайынғы стат. жинақ - Өскемен: ШҚО статистика басқармасы, 2005. - 150 б.
  7. Бердалиев К. Қазақстан экономикасын басқару негіздері /К. Бердалиев. - Алматы : Экономика, 1998. - 148 б.
  8. Шығыс Қазақстан сан бойынша: стат. жинақ - Алматы : Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі, 2006. - 136 б.
  9. Гаврилов А. И. Аймақтық экономика және басқару: жоғарғы оқу орынд.оқу құралы / А. И. Гаврилов. - М. : ЮНИТИ - ДАНА, 2002. - 239 б.
  10. Гамарник Г. Облыс экономикасын басқару жүйесін жетілдіру /Г. Гамарник, Н.Сердюк // Поиск. - 2002. - №2. - б. 98-100.

Информация о работе Инвестия жобалады талдау