Инвестия жобалады талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:53, реферат

Описание работы

Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны бiздiң әлеуметтiк –экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:
1) республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк –демографиялық, этно- мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;
2) қазiргi Қазақстан жағдайында бiз ұлттық экономиканы құру процесiндемiз және де әлемдiк экономикалық тарихта әкiмшiлiк –жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бiзге ұқсас ешбiр ел жоқ;

Содержание

Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекетінің аймақтық реттеуiнің негiзгi мәселелерi.
Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу
Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi
Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

investisia referat.docx

— 41.55 Кб (Скачать)

 Австрия, Италия, Франция,  Оңтүстiк Корея, Жапония және  тағы басқа елдердiң үкiметтерiнiң  баға деңгейiн реттеу АҚШ елiмен  салыстырғанда өте қатал тәртiппен  және арнаулы экономиканы басқару  органдарымен жүзеге асырылады.  Мысалы, Францияда мемлекеттiк баға  реттеу қызметтерi бәсекелестiк  Кеңес арқылы жүргiзiледi және  халық шаруашылығындағы бағаның  бестен бiр бөлiгiн қамтиды.  Австрияда мұндай қызмет баға  туралы арнайы заң арқылы жүзеге  асады. Ол мемлекеттiң экономика  өрiсiнде туындайтын төтенше жағдайын  болдырмауын реттеуде үлкен рөл  атқарады. Осы мемлекетте баға  ырықтандыруының бастапқы кезеңi  соғыстан кейiнгi (1946 –1947) 3-4 онжылдыққа  созылды. Бiрақта, әлi күнге дейiн  Экономика министрлiгi мен үкiметтiң  тарапында сол елде өндiрiлген  және импорттық тауарларға баға  деңгейiн реттеу кең өрiс алуда.  Бiрiншi топтағы тауар туралы сөз  болса, онда оларға деген бағаны  реттеу ең алдымен өндiруге  кеткен шикiзат материал ресурсының  бағасы төмендеу фактiсi ескерiледi, ал егер екiншi топтағы болса,  онда ауыл шаруашылығында өндiрiлген  өнiмдi елге өткiзу кезiнде қолданылатын  баж салығын төмендету фактiлерi  ескерiледi. Мемлекеттiң осындай бақылау  жасау функцияларын күшейту, әсiресе  экономикалық дағдарыстан шығу  кезiнде қолдану пайдалы екенi тәжiрибе жүзiнде дәлелденген.  Бiздiң жағдайымызда француз үкiметiнiң  шағын және орта бизнестi жеңiлдетiлген  несие, салық салу механизмдерi  арқылы және бағаны құруда  арнайы құқықтар бойынша басқару  iсiн жүргiзу тәжiрибесi пайдалы  болар едi.

 Мемлекеттiк баға реттеудiң  басты объектiсi ауыл шаруашылық  өндiрiсi болып табылатынын бүкiл  дүнижүзiлiк тәжiрибе көрсетiп  отыр. Ғылыми талдау шаруашылық  өндiрiсiнiң бiрқатар ерекшелiктерiн  бөлiп көрсетедi. Бiрiншiден, ол  табиғи-климаттық жағдайға байланысты. Бұл тәуелдiлiк фермердiң және  аграрлы сектор субъектiсiнiң табиғи-климаттық  фактордың қолайсыз жағдайға  да табыс пен пайда табуын  объективтi және өзектi проблемаға  айналдырады. Оны шешуде басты  рөл ауыл шаруашылық өнiмдерiне  бағаны мемлекеттiк реттеуi және  сол механизмдер арқылы ауыл  шаруашылық жұмыскерлерiнiң еңбегiн  ынталандыру

 Екiншiден, тұрғындардың  тамақ өнiмдерiне қажеттiлiгiн уақытында  қамтамасыз етiлуiнде (сондай-ақ  өндiрiс тауарларына) ауыл шаруашылық  өнiмдерiн табиғи өңделген түрлерiне  негiзгi көңiл бөлiнедi. Әлеуметтiк  түрдегi мiндеттердi шешуде және тұрғындардың  өмiрiн қамтамасыз етуден ауыл  шаруашылық өнiмдерiне баға құру  процесiнде негiзгi мемлекеттiк басқару  органдары шеттеп тұра алмайды.  Осындай объективтi араласу әр  түрлi басымды механизмдерде әкiмшiлiк,  экономикалық, тiкелей, жанама, құқықтық  және аймақтық реттеуде орын  алады.Олар көбiнесе әр елдiң  әлеуметтiк –шаруашылық, құрылымдық, институционалдық ерекшелiктерiне  байланысты.

 Үшiншiден, аграрлы  сектор қандай да болмасын  жүйеде мемлекеттiң қолдауына  мұқтаж, әсiресе ғылыми-техникалық  қызмет көрсету бағыты мен  нақты инновациялық – инвестициялық  шараларды iске асыруда. Мысалы,

 Дамыған елдердiң шаруашылық  тәжiрибесi көрсеткендей, iшкi нарықтағы  тауар өндiрушiлердiң ықыласын  қорғауда және сыртқы экономикалық  қатынастардың тиiмдiлiгiн арттыруда  лицензиялық, кедендiк кiрiстер  және тарифтiк реттеу механизмдерiн  қолдану әр елдiң геосаясатының,  табиғи – тарихтық, табиғи-экономикалық  және әлеуметтiк –мәдени ерекшелiктерiне  байланысты. Сонымен қатар әлемдiк  нарық пен әлем шаруашылық  интеграциясына кiру ықыласы ескерiледi.

 

2. Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу

 

 Көптеген Шығыс Еуропа  елдерi бұрыннан Экономикалық  өзара көмек Кеңесiнiң құрамында  болып (қаңтар 1949 ж.), қоғамның тұрмыстық  экономикалық негiзi мен саяси  құрылымы бiркелкi болуына қарамастан  орталықтандырылған шаруашылық  жүйесiнен нарықтық экономикалық  өте бастады. Экономикалық жағынан  қарайтын болсақ, олардың айырмашылығы  меншiк түрлерiнiң өндiрiс құралдарымен  қатынасына, өнеркәсiптiң мамандану  түрлерi, халық шаруашылығының ұйымдастыру  мен басқару құрылымына байланысты  болуда. Сондықтан экономикалық  реформаны әр түрлi басымды механизмдердi қолдану арқылы, яғни үдемелi қарқындық  пен мерзiмдiлiк арқылы, әр түрлi жүйелер мен ресурстарды сақтау  қағидаларын қолдана отырып жүргiзу  керек. Мiне осы тұрғыдан алға  қойған мiндеттердi шешуге нарықтық  экономикаға көшкен елдердiң тәжiрибесiн  жинақтап жаңа нарықтық жолмен шаруашылық жүргiзуге көшу. Шаруашылық жүргiзудiң бiр түрiнен екiншi түрiне көшуде жоғарғы жағдайды қорытындылай келiп, келесi ережелерге сүйенуiмiзге болады:

- меншiк түрлерiне қарамастан  мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру  және шаруашылық әрекетiне жағдай  жасау; 

- мемлекеттiк кәсiпорындарды  уақтау, тауар өндiрушiлердi демонаполизацияландыру  және монополияға қарсы күрестiң  қызметiн күшейту; 

- нарық механизмiнiң ерекшелiктерiне  байланысты экономиканы басқару  құрылымын жетiлдiру;

- қаржы –банк жүйелерін  реформалау және бюджеттік инвестицияны  қысқарту;

- елдің экспорттық әулетін  арттыруда бәсекелестік қабілеті  бар өнеркәсіпті мемлекеттік  тарапынан қолдану; 

- шетел инвестицияларын  енгізуде және біріккен өндіріс  қызметін қолдауда саяси, құқықтық  және шаруашылық жағдай жасау; 

- ұлттық валютаның айналымда  болуын қолдау және қамтамасыз  ету. 

 Жоғарыда көрсетілген  шараларды экономикада нарықтықты  реттеу механизмдері ретінде  қолдануда әр елде өзінің ерекшеліктері  есепке алынады. Ең қолайлы  жағдайда Венгрия болды. Бұл  елде экономикалық реформа үш-он  жыл бұрын басталған. Шаруашылық  жүргізуде кәсіпкерлікті ынталандырудың  түрлерін алдын ала ескере  жүргізген. Халық шаруашылығының  алдыңғы буындарындағы құқық  негіздерін жасауда экономикалық  ассоциациялар заңы негізгі роль  атқарады. Мемлекеттік кәсіпорындарды  экономикалық ассоциацияларға айналдыруда  тиісті шешімдер қолданылды. Мемлекеттік  жекешелендіруде көп жағдайда  уақтау және жұмыс істеп тұрған  кәсіпорындарды қайта құру шаралары  жүргізілді. Бұл шаралар тек бұйрық  түрімен емес, еңбек ұйымдарының  және олардың басшыларының қолданылуымен  жүргізілді. Соның нәтижесінде үш  жылда (1989-1991жж) елде шағын және  орта кәсіпорындар төрт есе  көбейді. Конъюктураның өзгеруіне  байланысты кәсіпорындардың қызметінде  қажетті икемділік пайда болды.  Мемлекеттік тарапынан бұл процесс  қолдау тапты. Қаржы- шаруашылық  жағдайлары мен халық шаруашылығына  керекті өнім шығаратын кәсіпорындар  банкрот жағдайына ұшыраса, жеңілдік  несие беріп санация жасалған  немесе бұл кәсіпорындарды басқа  меншікке (соның ішінде шетелдіктерге)  берілді. 

 Бұған нарық инфрақұрылымының  құрылуы (қордық қызметтердің  пайда болуы мен дамуы, тауарлы  және брокерлік биржалар, инвестициялық  қорлар, несие – банк қызметтері) және қаржы – банк жүйелерінің  реформалануы мүмкіндік туғызды.  Экономикадағы дағдарыстық жағдайдан  шығуды банкротқа ұшыраған өнеркәсіптегі  жекешелендіру процесі инвестициялық  бағыт алды. 1993 ж. 600 өнеркәсіптің  жартысына жуығы инвестордың  ықыласына байланысты жекешелендірілген,  ал 40 % -дан жоғарысы өнеркәсіптердің  өздерінің ықыластарына байланысты  жекешелендірілген. Нарықтық шаруашылық  даму «төменнен» негізделіп жоғарыдан  ұйымдық, құқықтық, не экономикалық жағдай жасалуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, тауарлы материалдық құндылықтардың өндіріс құралдары мен халық тұтыныу тауарлары және «қозғалысына» толық еркіндік беру маңызды шара болып табылады. Бірінші жағдайда олардың қозғалысы шарт негізінде қамтамасыз етілсе, ал екінші жағдайда фирмалық дүкендер негізі мен халыққа сауда қызметін көрсету орындары арқылы жүргізіледі.

 Нарық жағдайда шаруашылық  жүргізуге дайын Австрия болды.  Баға құру мен еңбек ақыны  реттеу, шетел инвестицияларымен  ыньаландыру, сыртқы экономикалық  қатынастарды либерализациялау, ақша  айналымын тұрақтандыру, ұлттық  валютаны конверсиялау жөніндегі  шаралар 40 -жылдардың соңынан  жүргізіле бастады Нәтижесінде  осы шаралар «мемлекет пен  жеке меншіктің арасындағы ұтымды  пропорцияны қалыптастыруға, орталықтандырылған  және нарық құрылымдарының байланысын  үйлестіруге, халықтың басым көпшілігінің  тұрмыс дәрежесін жақсартуға»  негіз болды. 

 Қаржы тепе-теңдігіне  көңіл бөле отырып Австрия  үкіметі әлеуметтік серіктестік  пен шағын бизнесті қолдауға  ерекше көңіл болды. Австриялық  тәжірибедегі үкімет тарапынан  жасалған бәсекелестік шаралары  нарық экономикасының қолайлы  жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Бұл жерде әсіресе шағын және  орта фирмалардың құрылуын және  әлем шаруашылық процестеріне  ұлттық экономиканың араласуын  қолдау шаралары көрсетіледі.  Мұндай ынталандыру жаңа құрылған  шағын, орта фирмаларға мемлекет  тарапынан жәрдем ақы немесе  жеңілдетілген салық салу түрлері  арқылы жүргізіледі. Осындай фирмалардың  (өнеркәсіптердің) қызметтеріне  тауарларды сату ережелері, дұрыс  емес бәсекелестікке жүргізілген  шаралар, жергілікті жабдықтау,  картельдер туралы т.б. заңдар  құқықтық негізі болып табылады.

 Өнеркәсіптерді бақылау  және кәсіпкерлер мен бизнесмендердің  саудаға шығу ережелерін бақылау  мемлекеттің құқықтық қызметтерінің  бірі болып табылады.

 Австрияның тиісті  мемлекеттік органдары сыртқы  экономикалық қатынастарды тереңдетуде  экспорттық түсімдердің және  импорттық төлемдердің тең болуы  қағидаларына сүйенеді. Ұлттық банкінің  монополистік жағдайы жойылуына  байланысты елдің валюталық режімі  және сыртқы сауда либерализацияланады  және де валюталық операцияларды  жүргізуде коммерциялық банктердің  қызмет ету аясы кеңейеді. Көп  жағдайда аталған қағидалар орындалмайды, сондықтан экспорттық түсімдердің  көптеген бөлігі сыртқы қарызды  өтеуге кетеді.

Чехия республикасы үшін әлеуметтік - экономикалық салада тиімді және кешенді  қайта құруларды салыстырмалы түрде  қысқы мерзімде тез жүзеге асыру  тән. Кезінде (1994 ж. сәуірінде) осы республиканың  премьер – министрінің экономикалық реформалар барысын талдау негізінде  жасаған қорытындылары нақты  қоғамдық өмірдің саяси, шаруашылық, әлеуметтік күрделілігі «нарықтық  экономиканы дамытуды және құруды бір  орталықтан жоспарлауға мүмкіндік  бермейтінің» қуаттап береді.

 Егер шаруашылық жүргізудің  нарықтық моделіне өту заңдылығын  былай қойсақ (жекешелендіруді реттеу  бағаны ырықсыздандыру және т.б.) онда ең кемінде жоғарыда аталған  қорытындылардың үш негізгі түріне  көңіл аудару керек. 

 Біріншіден, бұл жерде  тиімді макроэкономикалық саясатты  дұрыс негіздеу және қолдау  болып отыр. Оны жүзеге асыру  бағаларды ырықсыздандыру және  сыртқы сауда үшін негіз дайындау  мақсатында реструктивті вариантын  (өндіріс пен экспортты тежеу)  тұрмысқа енгізуден басталды.

 Екіншіден, ұлттық  капиталмен салыстырғанда шетел  капиталын тартуға артықшылық  берілмеуге тиіс. Мұның себептері  мынадай: а) шетел капиталы  ақыр аяғында белгілі бір ел  үшін қымбатқа түседі және  ә) шетел көмегі көбіне екі  ұшты мағынаға ие.

 Үшіншіден, «қалған  дүниеден көмек емес, сауда мен  айырбас керек» деген қағиданы  басшылыққа ала отырып, шетелдік  нарықты ашып, дамыту қажет. 

Көптеген экономикалық реформаларды бастан кешірген басқа елдерге қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік  реттеудің күшті құралдарын (директивті жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, «ғылым-өндіріс» циклін жоспарлау, несие-салық және баға саясатын жүйемен  жүргізу) қолданды. Сол сияқты нәтижелер  бір қатар Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде – Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Филиппинде, Сингапурда, Тайландта  және т.б. елдерде байқалады.

 Жапония мен Оңтүстік  Кореяда мемлекеттік реттеу ішкі, жалпыұлттық өнім, жинақ көлемі  және қор, еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігі т.б. көрсеткіштерді  қамтитын экономикалық жоспарлау  арқылы жүргізіледі. Әлемдік шаруашылық  интеграцияға кіру статегиясында  қаржы-банк, салық баға және сыртқы  экономикалық саясатты жүргізу  шаралары қолданылды.

 Бұл шаралар жоғары  аталған елдердің табиғи –  экономикалық, геосаясаттық және  әлеуметтік ерекшеліктері бойынша  жүргізілді: әр елдегі мемлекеттік  реттеудің тәжірибесін ретроспективалық  талдау екі негізгі аспектіден  тұрады:

 - біріншіден, экономиканы реформалауда басқа елдердің қатесін болдырмау;

- екіншіден, біреудің позитивті тәжірибесін дұрыс пайдалану реформаға кеткен шығынды азайтуға және уақытты үнемдеуге көмектеседі.

 

 3. Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi

 

 Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бұл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары үшін қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкішілік және нарықтық мезанизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ.

Информация о работе Инвестия жобалады талдау