Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 15:53, реферат
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық – экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты.
КІРІСПЕ
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық – экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Елбасымыз В.А.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында ұзақ мерзімді дамуымыздың жеті басымдығын көрсетіп берді. Осы басымдықтардың бірі инвестициялық ахуалды жақсарту болатын. Елдің экономикалық өсуін тұрақты дамыту үшін алдымен инвестициялық белсенділікті арттыру қажеттілігін Президентіміз атап өтті.
Инвестициялық саясат
күрделі қаржыны, қорларды өндіретін,
өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын
салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз
етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны
жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі
оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға,
қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске
жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын
өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға
көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты
қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Тікелей
инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының
қабылдаушы ел территориясында өндірісті
ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар
арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік
нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал ,
капитал дегеніміз - тауар өндірісінің
жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде
пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы
процесінде тікелей өндірушілер өндіріс
құрал – жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің
қолына жинақтала бастады. Өндіріс құрал
жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс
күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды.
Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік
өндіріске айналуын көрсетеді.
І
ИНВЕСТИЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ
БАҚЫЛАУ
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы "Инвестициялар туралы" қабылданған заңының қоғамдағы саяси мәні зор. Елдің экономикасын көтеру халықтың тұрмыс деңгейінің жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған бұл заң Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи құжаттардың бірі деп айтуға болады. Ұлттық табыстың ұлғаюы экономикалық дамуға өз ықпалын тигізіп қана қоймайды, қоғамның саяси әлеуметтік дамуына үлкен серпіліс береді Сондықтанда инвестициялар тарту қоғам үшін өте қажет. Инвестициялық жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығында (254 жоба), білім беруде (147) және денсаулық сақтауда (98) іске асырылған. Қаржылық инвестиция дегеніміз ұйымның немесе мемлекеттік пайыздың облигацияларға өзгеде құнды қағаздарға салынған салымдар және заңды немесе жеке тұлғаларға берілген зайомдар. Инвестицияларды жүйелік бақылау аудиттің мақсатын қызмет етуші субьектілердің инвестициялар есебі мен салық салудың сәйкестігін нақты осы уақыттағы нормативті құқықтық актілерге сәйкестігін анықтау болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін төмендегі мәселелерді шешу керек.
Инвестицияларды жүйелі бақылау және аудит кезіндегі басты мақсат – обьектілерді анықтау.
Обьектілерге ұзақ мерзімді инвестициялар, өзгеде инвестициялар, оның ішінде ұзақ және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, инвестицияны қайта бағалаудан пайда болған төленбеген капитал, инвестициядан түсетін кіріс және шығыс.
Инвестицияларды жүйелі бақылауды жоспарлау қаржылық инвестициялардың операциялар аз болады, бірақ олардан түсетін кіріске байланысты олардың әр қайсысына жеке жеке зерттеу және бағалау керек. Жүйелі бақылау үшін арнайы дайындалған жұмыс бағдарламасы және арнайы тестілер жинағы болуы керек.
2010 жылы аймақта жалпы құны 33,2 млрд. теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асырылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде 11 жоба индустрияландыру картасы аясында іске асырылды.
Биылғы жылы жалпы құны 54,6 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба, оның ішінде 9 жоба индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылатын болады. Инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың 40%-ға жуығы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, көлік және коммуникацияны дамытуға бағытталған. Бұл ретте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы инвестициялық жобалар ең қымбат жобалар болып саналады. Мәселен, аталған саладағы бір жобаның шығыстары 5,1 млрд.теңгені құрап, барлық инвестициялық жобалар бойынша орташа құннан бес есе асып түскен.
Осы инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілген Шиелі ауданындағы қамыс жаңқалары плиткасы өндірісі республикада баламасы жоқ инновациялық жоба.
Сондай-ақ, наурыз айында бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесу барысында бірнеше жылдар бойы шешімін таппай келген «Шыны зауытының құрылысы» жобасын биылғы жылдан бастап жүзеге асыру жөнінде «ҚазСтройСтекло» компаниялар тобымен Меморандумға қол қойды. Өткен аптада Қызылорда қаласында алғашқы өсімдік майын өндіретін цех іске қосылды, бұл өңірдің сырттан әкелінетін тауарға тәуелділігін біршама азайтады.
Қазіргі таңда аймақта өнеркәсіп өнімдерінің
93-94 пайызы тау-кен өндірісіне тиесілі.
Ал өңдеу өнеркәсібі 4 пайызды құрайды.
Біздің міндетіміз - өңдеу өнеркәсібі
өнімін кемінде жалпы өнімнің 8 пайызына
жеткізу. Бұл - үлкен міндеттеме. Межеленген
көрсеткішке қол жеткізу үшін өңдеу өнеркәсібі
бойынша инвестициялық жобаларды көбейтуіміз
керек.
1.2 Инвестицияны жүйелі бақылаудың ақпараттары
Жүйелі бақылау мен инвестиция аудитіне кіріскенде аудитор ақпараттың иегізгі көздерін аныктауы тиіс. Бүл жағдайларда ақпарат көздері бірнеше болуы мүмкін.
1. Инвестиция есебі бойынша бастапкы есептік құжаттама түрлері:
2. Мәмілелер
бойынша талаптардың міндеттемелерін
белгілейтін құжаттар түрлері:
3. Түгендеу бойынша бастапқы есептік құжаттама түрлері:
4. Шаруашылық
жүргізуші субьектілерге инвестиция
есебі бойынша шаруашылық операцияларын
көрсету үшін
қолданылатын есеп регистрлері:
Баланста инвестицияны көрсетудің дұрыстығын тексеру мынадай бірізділікпен жүзеге асырылады: баланс – Бас кітап – 12 журнал-ордер – бастапкы кұжаттар.
Аудитор инвестициялар жөніндегі операциялар аудитінде, әдетте, қаржылық есептілікте бекітулерге қатысты аудиторлық процедуралар жүргізіледі: бар болуы, аяқталғандығы, құнды анықтау, құқықтар мен міндеттер, ұсыныстар мен ашып көрсетулер.
Бар болуы мен аяқталғандығы туралы. Мұнда бағыттар бойынша аудиторлык тексеру ауызша сұраудан басталуы мүмкін. Сұрау барысында есепті кезеңде кандай өзгерістер болғаны және құнды қағаздардын қайда сақталатыны анықталады. Егер олар ұйымда сақталса, оларды қарап, санау керек, яғни түгендеу жүргізген жөн. Егер құнды қағаздар, сенімді тұлғада (депозитарий, банк, т.б.) болса, онда ол тұрғыдан жазбаша анықтама алу керек.
Құнды анықтау туралы. Инвестицияға шықкан шығындар кұжатпен рәсімделіп, синтетикалык жэне аналитикалық есепте көрсетілуі тиіс. Аудитор инвестиция құнын бағалаудың қандай тәсілі іс-тәжірибеде қолданылатынын және ол кәсіпорынның есеп саясатында белгіленген нұскаға сәйкес келетіндігін анықтауы керек. Жеке инвестицияның құны келісімшарттар, накладнойлар (жүккұжаттар) және де меншік қүқығын растайтын басқа құжаттар бойынша аныкталады.
Құқықтар мен міндеттер. Инвестицияға меншіктік құқық құнды қағаздарды сату-сатып алу шарттары, басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге салымдарды тапсыру-қабылдау актілері, бағалы қағаздар сертификаттары, акционерлер (акция) тізілімінің көшірмелері, "ДЕПО" шоты бойынша көшірмелер (егер оньщ иесінде акция есебі құжатсыз түрде жүрсе немесе егер құнды қағаздар депозитарийге салынса), банк көшірмелері мен меншік құқығының көшуін растайтын басқа құжаттарға тиісті төлем құжаттары бойынша тексеріледі.
Ұсыну мен ашып көрсету.
Аудитор инвестицияның мөлшерін, бағытын,
мақсатқа сәйкес талдап, сонымен оларды
қажетті жағдайда ашып көрсетеді. Есепке
алып, дұрыстығын зерттеу керек. Егер ұзақ
мерзімді инвестициялар қаржылык есеп
беру үшін елеулі болса, аудитор оларды
бағалау мен ашып көрсетуге қатысты тиісті
жеткілікті аудиторлық дәлелдер алуы
керек. Ұзақ мерзімді инвестицияға катысты
орындалатын аудиторлық процедураға,
әдетте, субьектінің инвестицияны ұзақ
мерзімді негізде ұстауды жалғастыру
қабілетіне қатысты дәлелді қарау, басшылықпен
мұндай ниет жайында талқылау, сондай-ақ
осы мәселе жөнінде жазбаша ұсыныстар
алу кіреді.
ІІ ИНВЕСТИЦИЯНЫ
ЖҮЙЕЛІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ
ЖОБАЛАРДЫ ТЕСТІЛЕУ
2.1 Инвестицияға қатысты операцияларды тексеру және жүйелі бақылау
Ыктимал бұрмалаулардың сипаты