Инвестициялық салық преференциясы бойынша корпоративтік табыс салығының қолданылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 12:49, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасында бүгінгі күнгі экономикалық өсу және оны тұрақтандыру үшін шетел капиталын әкелу және оны дұрыс және тиімді игеру басты бағыттардың бірі, халық шаруашылығы объектілері және –өндіріс салаларының өмір сүруіне қолайлы болуы үшін шетел капиталының экономикалық қаржылық және ұйымдастырушылық регламенттеленуі инвестициялаудың қауіпсіздігінің табыстылығын нормативті-құқықтық қамтамасыз ету және қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Инвестициялық салық преференциясы бойынша корпоративтік табыс салығының қолданылуы.docx

— 33.31 Кб (Скачать)

«Инвестициялық салық преференциясы бойынша корпоративтік табыс салығының қолданылуы» тақырыбына

                                               Реферат

        Қазақстан Республикасында  бүгінгі күнгі экономикалық өсу және оны тұрақтандыру үшін шетел капиталын әкелу және оны дұрыс және тиімді игеру басты бағыттардың бірі, халық шаруашылығы объектілері  және –өндіріс салаларының өмір сүруіне қолайлы  болуы үшін шетел капиталының  экономикалық қаржылық және ұйымдастырушылық регламенттеленуі  инвестициялаудың қауіпсіздігінің табыстылығын нормативті-құқықтық қамтамасыз ету және қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

         Әлеуметтік-экономикалық жағдай да Қазақстанның даму жолы ұзақ мерзімді перспективада әлеуметтік және саяси тұрақтылықты сақтау, тиімді басқару, жағымды ұстап тұруды қажет  етеді. Елдің ұлттық артықшылығы  иілгіш және балансталған экономиканы  құруға бағытталуы керек, ол халықаралық  деңгейде бәсекелесе алуы тиіс, бұл  жеделдетілген экономикалық өсуге  елдің тұрмысының қолайлы жағдайда болуына себебін тигізеді.Инвестицияны реттеудің  және қолдаудың әдістері инвестициялық  преференцияның көрінісі ретінде мемлекет заңында көрсетіледі, яғни нақтылық сипатқа ие – инвестициялық салықтық преференция.        Инвестициялық преференция  берудің негізгі шарттары –инвестицияны экономиканың приоритетті секторларына салу, олардың тізімін Қазақстан үкіметі  бекітеді.

Инвестициялық салықтық преференциялар келесідей  түрде беріледі: инвесторларға корпоративтік  табыс салығы бойынша, егер инвестор жаңа өндіріс  ашатын жағдайда немесе өндірісті кеңейтетін болса  жеңілдіктер беріледі.

      Жалпы тікелей инвестицияны кәсіпорынға  салу кезінде инвесторды  бәрінен  бұрын  қызықтырады мынадай жағдайлар:

  • Толыққанды ашық ақпараттың бар  болуы;
  • салықтық жеңілдіктердің болуы;
  • шынайылығы;
  • жетімділігі;
  • толықтылығы;
  • шынайылығы;
  • оны  берудің  оперативтілігі (уақыттылылығы).

 

    Инвестициялық салықтың ерекшеліктерінің бірі преференциялардың  уақыты өткеннен кейін заңмен бекітілген нормада салықты төлей береді. .     Заңда инвесторларға өтемақы  нормасы да қарастырылған.  Мемлекеттік  қолдау мақсатында салықтық преференциядан басқа кедендік жеңілдіктер, яғни олар импортталған құралдарға кедендік баж төлемдерін төлеуден босатылады.

Инвестициялық преференциялар,инвестордың мемлекеттік органмен жасасқан    контрактісі    негізінде    беріледі. Қазақстанда   салық   преференциялары   мен  кедендік жеңілдіктерден басқа заңда  мемлекеттік гранттар көрсетілген, яғни инвестициялық жобаны жүзеге асыру  үшін қажет мемлекеттік мүлікті  қайтарымсыз беру. Заң мемлекеттік  грант ретінде мына объектілерді айқындайды: жер учаскелерін, ғимараттарды, машиналарды  және құралдарды. Және де мемлекеттік  грант көлемі инвестициялық жобаның 30%-нен аспау керек.

Жаңа инвестицияға мемлекеттік көмек берудің артықшылығы  бұрынғымен салыстырғанда:

  • корпоративтік табыс салығына жеңілдік берілді, яғни инвестор қаншалықты көлемде негізгі қорды инвестициялайтынына байланысты;
  • қаншалықты деңгейде жеңілдіктер беруді есептеу тартылатын инвестицияның сапасына байланысты болады;
  • заңмен өз еркімен сақтандыру енгізіледі, яғни коммерциялық тәуекелдік сақтандыру;
  • заңда инвестициялық дауды шешу тәртібі өзгертілген, яғни инвестор үшін екінші оң жағдай. Біріншіден инвестициялық даудың кең ұғымы пайдаланылады, екіншіден барлық дауларды халықаралық арбитражда шешуге мүмкіндік бар.

      Сонымен,инвестициялық салық преференциялары – қызмет  түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалануға арналған өндірістік арналымының үймереттері мен ғимараттары, машиналар мен жабдықтар құнының шегерімдеріне жатқызу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы. Инвестициялық салық преференциялары, преференцияларды стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторының секциясы қарастырған кызмет түрлері бойынша беріледі. 
Инвестициялық салық преференциялары инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi. Преференциялар салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн келiсiм-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:

  • келiсiм-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;
  • жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркелген активтердi пайдалануға берген кезден бастап берiледi.

Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөнiндегi инвестициялық жоба (жобалар) шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан  құрылған салық төлеушiлер үшiн  корпорациялық табыс салығы бойынша  преференциялар есептелген корпоративтік  табыс салығын жүз пайызға азайтуға құқық бередi. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөнiндегi инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және заңда қойылған талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпоративтік табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, көрсетiлген тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын преференцияларды қолдану мерзіміне байланысты тең үлестермен шегерімге жатқызуға құқық береді.      

      2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) жаңа Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілді, ол экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға, бизнесті «көлеңкеден» шығаруға ықпал етеді деген мақсатпен жаңартылды. 

Жаңа Салық кодексі: 

  • экономиканың шикізат емес секторына түсетін жалпы жүктемені азайтуды; 
  • экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға ықпал ететін жағдайлар жасауды; 
  • салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және салықтық рәсімдерді оңайлату есебінен бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуды көздейді. 

Мынадай нормалар Салық кодексінің неғұрлым маңызды әрі тұжырымдамалық негізгі тұстары болып табылады: 

Салықтық жүктемені төмендету  мақсатында 2009 жылдан бастап корпоративтік табыс салығының ставкасы 30 % -дан 20 %-ға дейін төмендеді; 

корпоративтік табыс салығы ставкасының төмендеуіне қосымша инвестициялық салықтық преференцияларды алу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді, инвестициялық салықтық преференциялар корпоративтік табыс салығы бойынша ғана берілетін болды. Жеңілдік үш жылға дейінгі кезең ішінде инвестицияларды жедел шегеру нысанында қолданылады; 

сонымен бір мезгілде зияндарды  ауыстыру мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін  ұзартылды, бұл инвестициялық жеңілдіктердің артықшылықтарын толық пайдалануға  мүмкіндік береді; 

Преференциялар беру тәртiбi мен шарты Қазақстан Республикасының  инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.

Инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген кезге дейiн  күнтiзбелiк он екi ай iшiнде мемлекеттiк  тiркеуден өткен салық төлеушiлер  жаңадан құрылған салық төлеушiлер  деп танылады.

Корпоративтік табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану  үшiн салық төлеушi жаңадан iске  қосылатын тiркелген активтер бойынша  олардың құнын iшкi топтың құн балансына енгiзбейдi және олар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.     

Егер салық заңында өзгеше белгiленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi аталған күннен бастап күнтiзбелiк үш жылдан аспауға тиiс және ол әрбiр жекелеген жағдайда қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады. Қазақстан Республикасының Үкiметi қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай корпоративтік табыс салығы бойынша преференцияларды қолданудың аталған күннен бастап күнтiзбелiк он жылдан аспайтын өзге мерзiмiн белгiлей алады. 
     Инвестициялық салық преференциялары салық төлеушiнiң таңдауы бойынша және Салық Кодексінiң 124 , 125-баптарына сәйкес қолданылады және преференциялар объектiлерiнiң құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесi шығыстарды шегеруге жатқызуды бiлдiредi.   

 Қазақстан Республикасының  аумағында алғаш рет пайдалануға  берiлетiн өндiрiстiк мақсаттағы  ғимараттар және құрылыстар, машиналар  мен жабдықтар, егер пайдалануға  берiлген салық кезеңiнен кейiнгi кемiнде үш салық кезеңi iшiнде  бiр мезгiлде мынадай талаптарға  сәйкес келсе:  

1) ) концессия шартының шеңберінде концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) жүргізген және (немесе) алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер  немесе негiзгi құралдар болып табылса;  

2) преференцияларды қолданған  салық төлеушi табыс алуға бағытталған  қызметте пайдаланса;  

3) оларды пайдалану ерекшелiктерiне  байланысты жер қойнауын пайдалануға  арналған келiсiмшарт (келiсiмшарттар) бойынша қызметтi жүзеге асырумен  тiкелей себеп-салдарлы байланысы  бар активтер болып табылмаса;   

4) жер қойнауын пайдаланушы  осы активтер бойынша шеккен  келесi шығыстар салық есебiнде  жер қойнауын пайдалануға арналған  келiсiмшарт (келiсiмшарттар) бойынша  қызмет пен келiсiмшарттан тыс  қызмет арасында бөлуге жатпаса;  

5) Қазақстан Республикасының  инвестициялар туралы заңнамасына  сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн  жасалған келiсiмшарттар бойынша  инвестициялық жоба шеңберiнде  пайдалануға берiлетiн активтер  болып табылмаса, преференция  объектiлерiне жатқызылады.

      Өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесi шығыстар, мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде шегерiмге жатқызылуға тиiс:  

1) халықаралық қаржылық  есептiлiк стандарттарына және  Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк  туралы заңнамасының талаптарына  сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк  есебiнде негiзгi құралдар ретiнде  ескерiлсе;  

2) реконструкциялау, жаңғырту  жүзеге асырылған соң пайдалануға  берiлген салық кезеңiнен кейiнгi кемiнде үш салық кезеңi iшiнде  табыс алуға бағытталған қызметте  пайдалануға арналған болса;  

3) реконструкциялауды, жаңғыртуды  жүзеге асыру кезеңiнде пайдаланудан  уақытша шығарылса;  

4) оларды пайдалану ерекшелiктерiне  байланысты жер қойнауын пайдалануға  арналған келiсiмшарт (келiсiмшарттар) бойынша қызметтi жүзеге асырумен тiкелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;  

5) жер қойнауын пайдаланушы  осы активтер бойынша шеккен  келесi шығыстар салық есебiнде  жер қойнауын пайдалануға арналған  келiсiмшарт (келiсiмшарттар) бойынша  қызмет пен келiсiмшарттан тыс  қызмет арасында бөлуге жатпаса.  

  Преференцияларды қолдану мақсаты үшiн негiзгi құралды реконструкциялау, жаңғырту – келесi шығыстардың бiр түрi ретінде, қаралады: 

  • негiзгi құралдың конструкциясын өзгерту, оның iшiнде жаңалау;  
  • негiзгi құралдың қызмет ету мерзiмiн үш жылдан астам уақытқа ұзарту; 
  • реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшiн осы негiзгi құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтiзбелiк айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негiзгi құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылады. 

 

 Преференцияларды қолдану мақсаты  үшiн мыналар өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттарға жатады: 

  • сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөлiктерiнен); 
  • мәдени-ойын-сауыққа арналған ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөлiктерiнен); 
  • қонақ үй, мейрамхана ғимараттарынан және қысқа мерзiмде тұруға арналған басқа да ғимараттардан, қоғамдық тамақтану ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөлiктерiнен); 
  • офистiк ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөлiктерiнен); 
  • автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бөлiктерiнен); 
  • автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөлiктерiнен) басқа тұрғынжай емес ғимараттар (тұрғынжай емес ғимараттардың бөлiктерi)

Информация о работе Инвестициялық салық преференциясы бойынша корпоративтік табыс салығының қолданылуы