Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 15:24, курсовая работа
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты.
Кіріспе 3
Инвестиция ұғымы және олардың жіктелуі 5
Қазақстанның ұлттық экономикасындағы инвестициялық қызметінің
негізгі мәселелері 7
Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру
жолдары 12
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16
Өкінішке орай, жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың деңгейі төмен болып қалып отыр – небәрі 19%. Еліміздегі инвестициялар деңгейін екі есеге дейін арттыру қажет. Қазіргі кезде инвестициялардың басым бөлігі (80%-ға дейін) негізінен айналымдық қаражаттарға немесе қысқа мерзімді негізгі құралдарға бағытталуда. Елден сыртқа қарай капитал ағындары орын алуда. Осы орайда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ынталандыру бірінші кезектегі мәселе болып отыр.
Қазақстандық
кәсіпорындардың халықаралық
Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда инновациялық қызметтің қажетті инфрақұрылымының жоқтығынан, инвестициялық жаңалық ашқан кәсіпорындар бірқатар қиындықтарға тап болады. Сол себепті жаңа технологияны ойлап табудан, оны жүзеге асырып, өндіріске енгізуге және өнімдер шығаруға дейін ұзақ уақыт кетеді. Атап айтсақ, қаржы институттары, әдетте, технологилық сипаттағы инвестициялық жобаларды тәуекел деңгейінің жоғары болатындығына байланысты қаржыландыруға құлықсыз. Сондай-ақ, несиелерді кепілдендіруге жоғары талаптар қойылады, ғылыми-зерттеу жұмыстарының құнын бағалау механизмі жоқтың қасы, несиелердің мөлшерлемелік деңгейі әлі де болса жоғары деңгейде қалып отыр.
Жоғарыда айтылған мәселерді шешумен қатар, инвестициялар туралы заңнаманы да жетілдіріп, инвестициялық белсенділікті арттыратын жағдайлар жасау керек. «Инвестициялар туралы» жалғыз заң еліміздегі инвестициялау және инвестициялық жобалау мәселелерін шешуге жеткіліксіз. Атап айтқанда, тікелей, қоржындық және ішкі инвестицияларды тарту арқылы инвестициялық жобаларды тиімді құруға және жүзеге асыруға кедергі болып тұрған келесі жағдайларды айтуға болады:
Қазіргі таңда кәсіорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуі үшін аталған мәселелерді шешу қажет, атап айтқанда келесі шараларды жүзеге асыру керек:
Аталған
шаралардан басқа инвестициялар
және инвестициялық жобалау туралы
біртұтас заңдық және нормативтік-құқықтық
негіздерді дәлірек айтқанда, Инвестициялық
кодексті қалыптастыру қажет. Бұл инвестициялық
саясаттың және инвестициялық жобалауды
жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты
анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытынды
Қазақстанда жүргізілген 4 кезең төмендегідей нәтижелерге әкелді:
- реформалаудың бірінші кезеңі-инвестициялық жекешелендіру қорының (ИЖҚ) қалыптасуына және капиталдың үкімет кепілдемесі арқылы тартылатындығына жағдай жасады.
- екінші кезең - жекешелендіру процестерінің белсенді жүруін және акциялардың мемлекеттік пакеттерінің 80%-ға дейіні шетелдік инвесторларға сатылуын қамтамасыз етті, осы уақытта төлемдердің төленбеуі және отандық тауар өндірушілердің банкротқа ұшырауы проблемалары қат-қабат жүріп отырды.
- үшінші кезең-жекешелендіру процесінде республикалық нарықта шетелдік банктердің рөлін "тереңірек" өтті; нәтижесінде инвестициялық саясаттың аргентиналық қателіктері болған, атап айтқанда: аз шығынды әдіс өңдеу, ғылыми технологиялар салаларының туындауына жағдай жасамай, керісінше дәстүрлі салалар экспортын кеңейту құралдарының дамуына жағдай жасады.
Тиімді инвестициялық саясаттың жоқ болуы "өсу нүктесі" болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік бермеді; ол сыртқы экономикалық саясатты "өсу локомотивінен" "тежеу локомотивіне" айналдыруды, әлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының төмен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды.
Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының баюы жағдайында жүріп жатыр және ұлттық валютаны жоюда.
Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар жаңа, яғни 20 мың жұмыс орны бар кәсіпорындардың құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді.
Экономиканың
қазіргі кездегі төртінші кезеңге
енуі еңбек бөлінісінің халықаралық жүйесіне
кіру нәтижесінде мемлекет рөлін күшейту
қажет екендігін қайтадан талап етіп отыр.
Пайдаланылған
әдебиеттер мен электрондық
сілтемелер: