Инвестиция ұғымы және оның жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 15:24, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты.

Содержание

Кіріспе 3
Инвестиция ұғымы және олардың жіктелуі 5

Қазақстанның ұлттық экономикасындағы инвестициялық қызметінің

негізгі мәселелері 7
Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру

жолдары 12

Қорытынды 15

Қолданылған әдебиеттер 16

Работа содержит 1 файл

Курсач готовый.doc

— 174.00 Кб (Скачать)
 

    Кестеден байқайтынымыз, өндірісті инвестициялауға салынған меншікті қаражаттардың үлесі 2000-жылы 64,3% құраса, 2004-жылы  бұл көрсеткіш 61,0% дейін төмендеген. Сәйкесінше, инвестициялауға тартылған қарыз қаражаттардың үлесі 35,7%-дан 39,0%-ға жетіп жығылған.  Сонымен қатар, меншікті қаражаттардың абсолюттік өсімі 1999-2004 жылдары 209% құраған.

    Кәсіпорындардың инвестициялық қаражаттар тарту  құрылымы да көңіл аудартады. Әдетте, қарыз қаражаттар тарту экономиканың қаржы институттары жүйесі – банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, лизингтік компаниялар, шағын несие ұйымдары. Қаражаттар тартудың нысандары алуан түрлі болады.

    Тартылған қаражаттардың құрылымында банктік  несиелердің үлесі артып келеді. Айталық, 2000-жылы тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі 14,5% болса, 2004-жылы бұл көрсеткіш 20,1% жеткен.

    Өзге  инвестиция көздерінің құрылымында  лизингтік несиелердің ерекше орын алатынын айта кету керек. Негізгі құралдарға салынған инвестициялардың құрамында  лизингтік несиелердің үлесі дамыған елдерде 20-30% құрайды, дамушы елдерде 10-20% дейінгі шамамен сипатталады. Қазақстанда аталған көрсеткіш 2003-жылы небәрі 1% құраса, 2004жылы 2% жеткен. Көршіміз Ресейде бұл көрсеткіш 5% құрайды. Бұл, әрине, отандың тауар өндірушілердің негізгі қорларын жандандыру мәселесіне қажетті көмек бере алмайтындығының куәсі.

    Бүкіләлемдік  банктің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын  ұйымдар екі миллионнан астам  кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелердің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде шағын несиелердің үлесі небәрі 2% ғана жетеді.

    Қазақстан экономикасының негізі болып саналатын шағын бизнес субъектілеріне тоқталар болсақ, олар үшін инвестициялық қаражаттар тарту қазіргі таңда ең көкейтесті мәселе болып отырғаны анық. Олар үшін бүгінде инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі – банктік несиелер болып отыр. Шағын несие ұйымдары мен лизингтік компаниялар елімізде енді ғана қалыптасу үстінде. Шағын кәсіпорындарға берілетін банктік несиелердің үлесі де жыл санап азайып келеді (3.2-кесте).

      Келесі кестенің мәліметтеріне сүйенсек, банктік мекемелердің шағын бизнес субъектілерін қаржыландыруға жұмсаған қаражаттары соңғы жылдары абсолюттік көрсеткіші бойынша динамикалық түрде артып келеді. Айталық, аталған секторға берілген несиелер 1999-жылы 39,9 млрд. теңгені құраса, 2003-жылы бұл көрсеткіш 196,2 млрд. теңгеге жеткен, яғни, бір көзбен қарағанда, соңғы бес жыл ішінде шағын кәсіпорындарға берілген банктік несиелердің сомасы 5 есе өскен.

Банктердің  шағын бизнес субъектілеріне несиелік салымдары

 

    млрд. теңге

Несиелік  салымдар 1999-жыл 2000-жыл 2001-жыл 2002-жыл 2003-жыл

Жалпы банктік несиелер

148,8 276,2 489,8 672,5 978,1
Шағын бизнеске несиелер 39,9 74,2 122,0 146,5 196,2
- ұлттық валютада 22,3 40,7 46,7 55,5 104,4
   қысқа мерзімді 12,5 23,2 24,1 30,7 48,3
   ұзақ мерзімді 9,9 17,6 22,6 24,8 56,2
- шет ел валютасында 17,5 33,5 75,3 91,1 91,8
   қысқа мерзімді 8,0 17,0 36,1 32,4 32,4
   ұзақ мерзімді 9,5 16,5 39,2 58,7 59,4
Жыл бойындағы өсім, % 64,0 85,1 64,4 20,0 33,9
Шағын бизнеске берілген несиелердің үлесі, % 26,8 26,9 24,9 21,8 20,0
 

    Алайда, осы несиелерді жалпы несиелер құрылымындағы үлесі тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда кері көріністі байқаймыз. Жалпы экономикаға берілген несиелердің құрылымында шағын кәсіпорындарға берілген несиелердің үлесі 1999-жылғы 26,8%-дан 2003-жылы 20,0%-ға дейін төмендеп кеткен. Бұл еліміздегі шағын бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының әлі де болса «жаяу баяңмен» іске асырылып жатқандығын көрсетеді.

    Еліміздегі  кәсіпорындық сектордың дамуын және отандық бәскелестік қабілеті жоғары тауарлардың өндірілуін қамтамасыз ету үшін аталған кемшіліктерді  жоюдың немесе төмендетудің шараларын  іздестіру қажет. Арнайы қаржы-несиелік мекемелер жүйесін қалыптастыру арқылы қолайлы инвестициялық жағдайлар жасайтын қаржылық инфрақұрылымды жетілдіре түсу қажет. Бұл жерде құнды қағаздар нарығының экономиканың нақты секторына ақша ағындарын тиімді орналастыратын ролін көтеру де шешуші роль атқарады.

 Соңғы жылдарда қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан экономикасына шетелден үлкен көлемде инвестициялар келген. Жалпы инвестициялық климаттың жақсаруы Қазақстанның дамуына және Орталық Азиядағы және ТМД елдерінің көшбастаушысына айналдырды. 2006 жылғы мәлімет бойынша негізгі капиталға келіп түскен инвестицияның мөлшері 2810277 млн. теңгені құрады. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда біршама өскендігін кестеден байқаймыз. Келесі кестеден Қазақстанға 2006 жылы тартылған инвестициялары:

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар

  2006ж. қаңтар-желтоқсан Анықтама: 
2005ж. қаңтар-желтоқсан,

қорытындыға  % -бен

Млн. теңге қорытындыға %-бен
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 2810277 100,0 100,0
олардан:      
үйлер мен ғимараттар салу және күрделі  жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар 1302315 46,3 47,3
машинлар, жабдықтар, аспаптар, мұқаммал 1094917 39,0 38,7
өзге  де күрделі жұмыстар мен шығындар 413045 14,7 14,0
Жалпы көлемнен – күрделі жөндеу бойынша  жұмыстар 76821 2,7 2,3

       

      Кестеден көріп отырғанымыздай  шетелден келген тікелей инвестициялар көбінесе мұнай-газ, тау-кен, құрылысқа тартылған. Осыған байланысты оның аймақтарға тартылуы мен игерілуі де біркелкі емес. Неғұрлым мұнай-газ шикізатына бай Атырау және Маңғыстау облыстарында, тау-кен өндірісі дамыған Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облысында игерілген инвестиция мөлшері жоғары.

         
 
 
 
 

Негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру

  2006ж. қаңтар-желтоқсан 2005ж. қаңтар-желтоқсанға %-бен
млн. теңге өңірдің республикалық  көлемдегі үлесі, %-бен
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2810277 100,0 110,6
Ақмола 43431 1,6 107,5
Ақтөбе 199529 7,1 104,3
Алматы 104921 3,7 101,3
Атырау 756638 26,9 102,2
Шығыс Қазақстан 99099 3,5 115,7
Жамбыл 23858 0,9 102,8
Батыс Қазақстан 99077 3,5 103,6
Қарағанды 147310 5,2 91,3
Қостанай 64219 2,3 107,0
Қызылорда 64432 2,3 100,7
Маңғыстау 216343 7,7 143,3
Павлодар 123257 4,4 182,3
Солтүстік Қазақстан 26982 1,0 69,2
Оңтүстік  Қазақстан 76097 2,7 111,6
Астана  қ. 346086 12,3 120,0
Алматы  қ. 418998 14,9 120,6
 

          Бүгінде Қазақстан – әлемнің барынша серпінді дамушы мемлекеттерінің бірі, тікелей тартылған шетелдік инвестициялардың жан басына келетін көлемі жөнінен ТМД мемлекеттерінің арасында көшбасшы. Бүкіләлемдік банк Қазақстанды инвестициялауға барынша тартымды әлемнің 20 елінің қатарына қосты. 2005 жылы ғана тікелей шетелдік инвестициялар 6,4 млрд. АҚШ долларын құрады, ал олардың жалпы көлемі 50 млрд. АҚШ долларына жуықтады.

    Ішкі  инвесторлар да белсенді бола түсті. 2005 жылы негізгі капиталға келетін инвестициялардың өсуі 20 млрд. АҚШ доллары дерлік болса, үстіміздегі жылдың төрт айында ол 1,3 есе өсті. Мұның бәрі осы заманғы экономикалық жүйе құрудағы елдің табыстарын және одан әрі дамудың үлкен әлеуетін көрсетеді.

    Минералдық  ресурстардың зор қоры бар Қазақстан  екі жақты және көп жақты қатынастарда маңызды әріптеске айналуда. Сонымен бірге біз экономиканың шикізаттық бағытынан белсенді түрде арылуға ұмтылудамыз. Біз алдымызға өршіл міндет – әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елінің қатарына кіру міндетін қойып отырмыз. Қазірдің өзінде 7 басым кластерді: туризм, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ мәшинесін жасау, құрылыс материалдары және көлік логистикасы кластерлерін қалыптастыру жөніндегі жұмыс басталып кетті.

    Инвестициялық ахуалды жақсартуға қатысты тұрақты жұмыс жүргізілуде. Мемлекет басым бағыттарда айрықша преференциялар құруда. Құрал-жабдықтар импортын кеден алымдарынан босату да инвесторлар үшін елеулі қолдау болады. Сондай-ақ инвестициялық жобаларға, өңдеу секторын дамытуға қажетті инженерлік құрылыстарға арналған жер учаскелерін мемлекеттік грант түрінде инвесторлардың меншігіне тегін беру жоспарланған. Экономикалық өсуді одан әрі ынталандыру мақсатында ҚҚС ставкасын 2008-2009 жылдары 15%-дан 13-12%-ға дейін кезең-кезеңмен төмендету көзделіп отыр. 2008 жылдан бастап сондай-ақ орта есеппен әлеуметтік салық ставкасы 30%-ға төмендетіледі.  

Қазақстандық  кәсіпорындардың  инвестициялық 

саясатын  жетілдіру жолдары  

    Стратегиялық  тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың  дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. 2003жылы 8-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың экономикалық негіздері мен принциптерін анықтап, еліміздегі инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:

Информация о работе Инвестиция ұғымы және оның жіктелуі