Институционалды инвестор

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 20:20, курсовая работа

Описание работы

Институционалды құрылым экономикада екі рөл атқарады. Бір жағынан, оңтайлы шешімдер қабылдау үшін шаруашылық қызметтерді тоқтатады. Ал, екінші жағынан экономикалық қызметтерді шоғырландыру құралы ретінде қызмет атқарады. Институционалды құрылым – бұл экономикалық келісімдердің қатысушыларын біріктіруді қамтамасыз ететін буын болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Институцион.портфель.doc

— 371.50 Кб (Скачать)

     АҚш-та, Англияда, Голландияда, Швейцарияда және Швецияда институционалды инвесторлар активтерінің ЖІӨ-ге қатынасы 110-220% арасында өзгеріп тұруда. АҚШ-тың жеңілдіктері бар: Институционалды инвесторларының капиталы негізінен қызметкерлер мен жұмысшылардың және кәсіпкерлердің жарнасынан қалыптасады. Бұл жарналар едәуір ұзақ мерзімге 10 және одан да көп жылдарға орналастырылады. Сондықтан институционалды инвесторлар мемлекеттік және жеке бағалы қағаздарды сатып алатын ұзақ мерзімді ақша құралдарын иемденеді. Институционалды инвесторлардың 80% бөлігін жеке корпорациялардың бағалы қағаздары құрайды. Сонымен  қатар, активтердің 30%-нен жоғарғысы жай акцияларға тиесілі, осы арқылы институционалды инвесторлар әр түрлі корпорациялардың саясатына белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді, сондықтан осы саясатты қолдануға болады.

  1. Нарығы дамыған мемлекеттердегі институционалды инвесторлардың активтерінің 90%-інен астамы бағалы қағаздар. Дүниежүзілік акция мен облигация нарығының көлемі мен институционалды инвесторлардың активтерін салыстыру арқылы, оларға дүниежүзілік бағалы қағаздар нарығының 40-50%-і тиесілі екенін көруге болады. Соңғы уақытта институционалды инвесторлардың маңыздылығының артуымен байланысты «Экономикалық қатынас пен даму ұйымы» атты арнайы статистикалық анықтама басылымын шығара бастады. Бұл мәлімет экономикасы дамыған мемлекеттерде институционалды инвесторлардың рөлін жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының да институционалды инвесторларының маңыздылығы күнделікті өсуде. Институционалды инвесторлардың ішінен бірінші орынды ЖЗҚ алады. Одан кейін СК және ИҚ. ЖЗҚ-ның инвестициялық портфелі 70% бағалы қағаздарға инвестицияланады.
  2. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әрбір қаржылық институт тәуекелді бағалау әдістемесін өздері құрастырады. Соған байланысты институцоналды инвесторлардың инвестициялық портфельдерін талдауға пайдаланылатын САРМ моделі бойынша, оңтайлы инвестициялық портфель тәуекел және тәуекелсіз бөлімдерінің әдістері  қарастырылып, САРМ моделі актив бойынша талап етілетін табыс нормасы мен тәуекелі арасындағы қатынас практикалық тұрғыдан сыналды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына қойылатын талаптар механизмі құрастырылды, Г.Марковицтің тиімді портфель моделіндегі жағдайға ұқсас, құнды өлшем ретіндегі нақты күтілетін құнның сандық баға беру әдістемесі әзірленді.
  3. Талдау негізінде институционалды инвесторларда келесідей күрделі мәселелері мен кедергі келтіретін факторларын атап өтуге болады: жинақтаушы зейнетақы қорларында қор нарығындағы  барлық  бағалы  қағаздардың  категориялары  бойынша табыстылықтың төмендігі; ұлттық  компаниялардың  акцияларына негізделген  туынды бағалы  қағаздарды  эмиссиялау  мәселесі; зейнетақы  қорларының  тәуекел деңгейіне  байланысты   сапасы  төмендігінен  тәуекел  менеджментінің  жоқтығы; инвестициялық құралдардың шектеулігі; әлуетті сақтандырушылардың болашаққа сенімсіздігі; халықтың сақтандыру мәдениетінің төмендігі; іс жүзінде кейбір заң нормалары инвестициялық қорлардың қызметін тежеуі немесе мүлдем орындауға орынсыздығы; белгілі бір рейтингісі жоқ, бірақ шығынсыз кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға рұқсат етілмеуі.
  4. Институционалды инвесторлардың қызметіндегі мәселелерді шешу жолы негізінде біз бірқатар шаралар жүйесін ұсындық. Бұл шаралар жүйесі арқылы институционалды инвесторлардың алдында тұрған кедергілерді жоюға, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуіне әкеп соқтырады. Ең негізгілеріне келесілерді атап өтуге болады: институционалды инвесторлар портфеліндегі қаржылық құралдардың тәуекелін хеджирлеу, ұзақ мерзімді айналыста болатын қаржылық құралдардың үлесін арттыру, зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру; халықтың әлеуметтік қорғалмаған өмiрiн лайықты қамтамасыз ету; өзара сақтандыру және жеке сақтандыруды, оның iшiнде оның ұзақ мерзiмдi және жинақтаушы түрлерiн дамыту; халықтың сақтандыру мәдениетiн арттыру; заң және нормативті-құқықтық актілерді қазіргі заманның талабын және қазіргі нарықтағы (оның ішінде қаржылық нарықтағы) жағдайларды ескере отырып ескертулер мен толықтырулар енгізу қажет. Сонымен қатар, халықтың және кәсіпкерлердің бос ақша қаражаттарын қаржы нарығына тарту үшін оларды ынталандыру; зейнетақы, сақтандыру, инвестиция және венчурлық қорлардың ақша ағынын экономиканың нақты секторына инвестжобаларды жүзеге асыру  үшін жаңа қаржылық құралдарды ұсыну; республикада акция нарығын инвестициялаудың және белсендендірудің ұжымдық формасын дамыту мақсатында  инвестициялық және венчурлық қорларды құруды ынталандыру; инвестициялық қорлары үшін қаржылық құралдарды кеңейту үшін ұйымдастырылған нарықта  ЖШС-нің бағалы қағаздарын сауда саттық бойынша алаңды құру мүмкіндігін қарастыру; туынды қаржылық құралдар нарығының дамуын ынталандыру.
  5. Институционалды инвесторлардың қызметінің инвестициялық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі – бұл институционалды инвесторлардың инвестициялық мүмкіндіктерін едәуір ұлғайту, сонымен қатар, жоғарыда баяндалған ұсыныстарды іске асыру үшін институционалды инвесторлардың инвестициялық қызметін, қаржылық тұрақтылығын нығайту, салымшылардың мүддесін қорғау деңгейін көтеру жөнінде кешенді іс-шаралар қажет. Инвестициялауға қатысты біздің тарапымыздан экономиканың басым секторындағы нақты инвестициялық қызметке байланысты қаржылық құралдарды сатып алу сияқты институционалды инвесторлардың активтерін инвестициялау механизмі және жаңа құралдар ұсынылды. Бұл институционалды инвесторлардың активтерін орналастыру міндетіне сай келеді, себебі табыстылық пен тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы қаржылық құралдарына өзінің қаражаттарын салу салымшының мүддесіне сай болып келеді. Сонымен қатар, бұрын анықталып көрсетілгендей, салымшылардың қорлары ұзақ мерзімді ішкі инвестицияның көзі болып табылады, бұл тек салымшыларға ғана табыс әкеліп қоймай, еліміздің экономикасының өрлеуіне мүмкіндік туғызады, сондай-ақ, Қазақстанның дамуына жағдай жасайды.

  

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША  ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ

  1. Коммерциялық банктер – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы // Алматы,  Экономика. ҚазЭУ хабаршысы журналы,  2006 ж., № 4, 167-171 б., 0,63 б.б.
  2. Қазақстан Республикасының  бағалы қағаздар нарығының кәсіби қызметінің тәуекелдері // Алматы, Қазақ университеті, ҚазҰУ хабаршысы журналы,    2006 ж., № 6 (58), 127-131 б., 0,5 б.б.
  3. Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар портфелін басқарудағы қиыншылықтар мен оны шешу жолдары // Алматы, «Альпари»   журналы, 2007 ж., № 3/4, 140-143 б., 0,5 б.б.
  4. Бағалы қағаздар нарығындағы мәміле жасау механизмі // «Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. 18-20 мамыр, 2005 ж., 5 бөлім, 148-154 б., 0,56 б.б.
  5. Корпоративті бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы // «Бірінші Рысқұлов оқулары»   Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. 16-19 мамыр, 2006 ж., 2 бөлім, 317-320 б., 0,25 б.б.
  6. Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің проблемалары мен даму бағыттары // «Қазақстанда экономикалық ой-сананың дамуы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. 19-20 қазан, 2006 ж., 2 бөлім, 119-125 б., 0,44 б.б.
  7. Инвестициялық қорлардың қаржылық қызметінің тиімділігін анықтау // «Үшінші Рысқұлов оқулары». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. 19-24 мамыр, 2008 ж., 2 бөлім, 0,37 б.б.
 
 
 
 
 
 

\

Информация о работе Институционалды инвестор