Осы
келтірілген факторлар Қазақстанның қор
нарығында САРМ теориясын қолдануға мүмкін
болмайтындығын көрсетеді. Оларды қолдану
тек кейбір қор нарығының жеке сегменттерінде
ғана болуы мүмкін, мысалы, мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығында, оның дамуына
сыртқы әсерлер де көп.
Мемлекеттік
емес ЖЗҚ-ның инвестициялық портфельдерін
оңтайландыру есебі қазіргі кезде
барлық қорлар үшін міндетті шектеулер
жүйесін қабылдайды: бір инвестиция
объектісіне салынатын үлесі – 10%; мемлекеттің
бағалы қағаздарының инвестициясы – 40%-тен
кем емес, қазақстандық тіркеушілер қызметі
ЖЗҚ әдістемесі бойынша инвестициялық
портфельдің тәуекелі – 0,5%-тен аспауы
қажет.
Жинақтаушы
зейнетақы қоры, зейнетақы төлемдері
бойынша міндеттемелерін орындағанда,
жинақ мерзімінде инвестиция тиімділігі
жеткен нақты мәннен алынады және орта
нарықтық табыс нормасының минимумына
кепілдеме береді. Сондықтан олар портфель
құрамын, есептің қойылымын кері аударып
қолданады. Бұл жағдайда оңтайландыру
мәселесі инвестициялық портфельдің күтілетін
табысын, тәуекел дәрежесін лимиттеу
r
кезінде максимал мәнге жеткізу. Бұл
кезде портфельді оңтайландыру есебі
келесі түрге ие болады.
(1)
Бұл
кезде қор өзінің максималды тәуекел
дәрежесін анықтауы тиіс. Ол инвестиция
қызметінің нормативті есептеуіне сәйкес
немесе одан жоғары, егер қорда бірнеше
инвестициялық портфель болса, онда қолданылатын
тәуекел деңгейімен шектеледі. Инвестициялық
портфельдің оңтайландыру есебін формула
түріне келтірейік:
1.
Зейнетақы қорының жалпы құрылымында
белгіленген жарна схемасы бойынша құрылған
келісім шарттар көбірек болады. Сол себептен
оңтайландыру факторы ретінде тәуекелдің
минималды деңгейінде талап етілетін
минималды табысқа жету алынады.
2.
Соған сәйкес оңтайлы портфель
моделі келесі түрде жазылады (қарастырылған
табыс бойынша шектеулерді қолданамыз):
(2)
Келтірілген
модель инвестициялық портфельдің
жалпы түрін сипаттайды (оны шартты
оңтайлы лимиттелген дейміз). Бірақ
инвестициялық портфельді оңтайландыру
есебінің құрамында өтімділік деңгейінің
шарты бар болса, онда қосымша шектеулер,
мысалы өтімділік бойынша шектеулер енгізіледі:
d
(3)
Сәйкес
оңтайлы модельдер келесі түрде
жазылады:
Жарнасы
белгіленген қор
Төлемі белгіленген
(4)
(5)
Өтімділік
шектеулері 0,1 сәйкес болса, онда модель
келесі түрге енеді:
(6)
Инвестициялық
портфельдің құрамында баға құның
өсіретін құралдар үлесі бар болса,
онда оңтайландыру есебіне қосымша
шарттар енеді:
(7)
(«БТА-Қазақстан»
ЖЗҚ-ның жұмыс істеу үдерісінде
қосымша шарттар тууы да мүмкін. Сондықтан
келтірілген мысалдарға ұқсас оңтайландыру
жүйесіне қосымша шектеулер енуі мүмкін.
Бір ғана ерекшелігін атап өтейік: шарттар
саны көп болған кезде инвестициялық оңтайлы
портфельдің саны шектеулі болады.
Берілген
теңдеулер мен қарастырылған шектеулер
(өтімділігі бойынша НР) инвестициялық
портфельді құру бойынша бағдарлама инвестициялау
объектілерін анықтайды және компьютерде
өңдеген соң ең тиімді нұсқа таңдалады.
Көптеген
экономикалық әдебиеттер авторларының
ойынша консервативті бағытталған оңтайлы
портфельде сегізден жиырмаға дейін
өзара байланысы жоқ әртүрлі құралдар
болуы тиіс. Сонымен қатар, келесі жағдайлар
шексіз әртараптандырудың мүмкін еместігін
байқатады:
- қанша көп
болса да инвестицияланған сома жоғарыдан
шектелген, ал көптеген қаржы нарығының
сегменттері инвестиция көлемінің белгілі
минимумынан кем болмауын талап етеді;
- тиімді басқару
үшін тұрақты түрде актив портфеліне енетін
конъюнктураны тексеру және фундаменталдық,
техникалық талдаулар жүргізу қажет, олай
жасау ірі және алдыңғы қатарлы қаржы
институттарына да қиын.
Модельдеудің
ұсынылған нұсқасын мемлекеттік
емес жинақтаушы зейнетақы қорының
инвестициялық портфелін тікелей
құру мен негіздеуде қолдануға болады.
Жеке ЖЗҚ-ның инвестициялық қызметі
мен қызмет ету сипаттарын есепке
ала отырып, қайта қарауға және өзгерістер
енгізуге болады. Қазақстанның
ЖЗҚ-ның инвестициялық қызметі қазіргі
кезде инвестицияланған зейнетақы активтерінің
қажетті табыс деңгейі мен қорғалуын қамтамасыз
ететін есептеріне бағынуы тиіс. ЖЗҚ-ның
активтерінің басым бөлігі экономикасы
дамыған елдерде бағалы қағаздарға салу
арқылы қалыптасады. Өкінішіке орай, Қазақстан
тәжірибесінде активтерді инвестициялауды
зертеулер мен негізді есептеулер кең
тараған жоқ, тек қана зейнетақы қорлары
үшін болашақтағы мән болып отыр. Жоғарыда
айтылғандарды қорыта келе институционалды
инвесторлардың қызметін
дамыту бағыттарына
келесілерді жатқызуға
болады:
- жеке сақтандыру
жүйесін, оның iшiнде жеке сақтандыру сыныптарын
және сақтандыру ұйымдарының агенттік
желілерінің мүмкіндіктерін заңнамалық
кеңейту арқылы дамыту;
- сақтандырудың
әртүрлі сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру
статистиканың қалыптасқан дерекқоры
негізінде тәуекелдер сыныптамасын әзірлеу;
- депозиттерді
сақтандырушылардың халықаралық ұйымының
ұсынымдарын ескере отырып, жеке тұлғалардың
салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік
беру (сақтандыру) жүйесін жетілдіру;
- міндетті
сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру жүйесін жетілдіру;
- капиталдың
жеткіліктігін бағалаудың тәуекелге негізделген
әдісіне жақындату жолымен сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдарын пруденциалдық
реттеуді жетілдіру;
- сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерін
басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды
белгілеу;
- холдингтің
еншілес және тәуелді ұйымдарының бағалы
қағаздарын шығару арқылы ішкі қор нарығын
дамытуды қолдау жөнінде шаралар қабылдау;
- ЖЗҚ-ның, даму
институттарының және жеке меншік ішкі
және сыртқы инвесторлардың қаражатын
тарту жолымен тиімді даму стратегиясын
қамтамасыз ету.
Сурет
5 – Бағалы қағаздар нарығындағы
институционалды инвесторлардың күрделі
мәселелері мен кедергі келтіретін факторлар
жүйесі
- ұлттық және
салааралық ауқымда тұжырымдамалық инвестициялық
шешімдер әзірлеу және инфрақұрылымдық
қызметтерді отандық тұтынушылардың барлығына,
сыртқы нарықтардағы экономиканың шикізаттық
емес салаларына бәсекелі басымдықты
қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды
іске асыруды қамтамасыз ету.
Институционалды
инвесторлардың қызметін
дамытуды іске асыру:
- халықтың
ЖЗЖ-мен қамтылуын кеңейту, мемлекеттік
емес зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдар (ЗАИБЖАҰ) қызметінiң қаржылық
сенiмдiлiгiн және ашықтығын арттыру, зейнетақы
активтерiн инвестициялау үшін қаржы құралдары
ұсыныстарын ұлғайту;
- әртүрлi МЕЖЗҚ-ның
салымшылары арасында зейнетақы жинақтарын
инвестициялаудан түсетін кiрiстердi тұрақтандыру,
ЖЗЖ субъектілерін қадағалау және реттеу
тиiмдiлігін арттыру, ұлттық сақтандыру
индустриясының тұрақтылығын және сенiмдiлiгiн
нығайтуға, елде жеке сақтандыруды дамытудың
бастапқы негiзін қалау;
- мiндеттi сақтандырудың
тиiмдi жүйесiн құруға мүмкiндiк беретiн
ұлттық экономиканың басым салаларының
қажеттіліктерін халықты әлеуметтiк қолдауды
ескере отырып міндетті сақтандыру саласында
ұзақ мерзiмдi мемлекеттік саясатты жасау,
сақтандыру нарығының толыққанды инфрақұрылымын
құруға қолдау көрсетуге, сақтандыру саласында
кадрлық әлеуетті жақсарту;
- сақтандырудың
жаңа өнімдері мен технологияларын енгізуді
жандандыруға, сақтандыру қызметінің
сапасын жақсартуға және оның тізбесін
кеңейту, сақтандыру нарығы субъектілерiн
қадағалау мен реттеу стандарттарын көтеру;
әлеуетті салымшылардың (жеке тұлғалардың)
инвестициялық пай қорларының қызметінің
негізгі қағидалары жайлы жеткілікті
дәрежеде ақпараттандырылмауы;
- бұқаралық
ақпарат құралдарында тәуекелмен инвестицияланатын
жабық инвестициялық пай қорлары жайлы
ақпарат орналастыру, халықтың инвестициялық
қорлар туралы, оларды реттеудің құқықтық
және өзге де механизмдері туралы көбірек
ақпараттануы жағдайында әлеуетті инвесторлар
тарапынан оларға деген қызығушылықтың
жоғарылату;
- инвесторлардың
өз активтерін әртараптандыруға деген
қызығушылығының өсуі, ұлттық сақтандыру
нарығын халықаралық нарықтарға интеграциялау
үдерістерiн және сақтандыру (қайта сақтандыру)
кестесін тереңдетуге мүмкiндiк беру.
ЖЗҚ
үшін инвестициялық мүмкiндiктердiң
кеңеюін, өтелгенге дейiн ұсталатын
ұзақ мерзiмдi қаржы құралдарының ұлғаюын
ескере отырып, орташа өлшемдi номиналды
кiрiс 4,56 6%-ті құрайтын болады деп күтілуде,
жүйе қалыптаса бастаған алғашқы кезде
пайда болған қате шоттар саны едәуiр қысқаратын
болады, «бір салымшы – бiр қор» қағидасы
iске асырылатын болады және МЕЖЗҚ-нa төлемдердiң
тиімділігі артады.
Сонымен, жоғарыда келтірілгендердің
барлығына келесідей шешім шығаруға болады,
яғни инвестициялық үдерістің мәні инвесторлардың
кіріс алу мақсатында қор жинау арқылы
пайда болатын ақша құралдарын орналастыру
үдерісін сипаттайды. Осы арқылы, Қазақстан
экономикасының тұрақты даму жағдайын
тездету үшін бізге келесідей проблемаларды
шешу қажет, солардың ішінде негізгілері
болып: халықтың жинақтарының инвестицияға
ауысуы; әсер етудің әр түрлі тұтқалары
арқылы қор жинау және тұтынуда қорлар
арасындағы байланыстың өте тиімді болуын
қолдау; құрылған және сенімді жұмыс істеп
жатқан институттар құқығына кедергі
келтірмей, негізгі дүниежүзілік тенденциялар
мен институционалды инвесторлар құрылымының
қалыптасуы және дамуы арқылы жалпы сұраныс
пен ұсыныстың арақатынасын теңестіруде
тиімді жолдар іздестіру; ұзақ мерзімді
салымдарды ынталандыру.
Жоғарыда
жүргізілген зерттеу бағалы қағаздар
нарығындағы институционалды инвесторлардың
инвестициялық қызметін жетілдіруге –
ұлттық экономиканы дамыту мен экономикалық
өсу сапасын көтерудің маңызды факторы
деуге негіз болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанда
бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам
мерзім ішінде жұмыс істеуде. Бұл
мерзімде ол құрылудан қалыптасуға
дейінгі барлық эволюциялық дамудың
кезеңдерінен өтті. Бүгінгі таңда
бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибеде
және ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне
сәйкес жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасында институционалды инвесторлардың
даму болашағына тоқталғандықтан жұмысты
қорытындылай отырып, келесідей ұсыныстар
жасауға болады:
- Институционалды
инвесторлардың экономикалық маңыздылығы
мен олардың инвестициялық қызметінің
негізгі құралдары анықталды. Институционалды
инвесторлардың мақсатты бағытын негіздеп
және оның барлық анықтамалары қарастырылды.
Отандық және шетелдік ғалымдардың «институционалды
инвесторлар» ұғымына берген анықтамалары
қарастырылып, соның негізінде бұл ұғымдарға
авторлық анықтама жасалды.
- Институционалды
инвесторлардың инвестициялық қызметін
жүргізуде мемлекеттің рөлі анықталды.
Ел экономикасына бағытталған инвесторлардың
құрылымы зерттелді. Қазақстандағы экономикалық
реформалардың басты бағыттарының бірі
тартымды инвестицияларды жасау болып
табылады, бұл приоритетті салаларды дамытуға
инвестициялық қор, зейнетақы және сақтандыру
қорларының қаражаттарының өсуінен қосымша
табыс алу үшін мемлекетте барлық жағдай
жасалатыны анықталды.
Халыққа инвестициялық қорлар туралы
ақпаратты көбірек беру. Тек қана осындай
жағдайда инвестициялық қорлардың қызметіне
деген халықтың сұранысы мен сенімі арта
түседі және бұл өте маңызды. Менің ойымша,
инвестициялық қорларды жиналған ақша
қаражаттарын елдегі әр түрлі өндірістік,
әлеуметтік және т.б. салалардың дамуына
салуға болады. Сонда ол халықтың әл ауқатының
жақсаруы мен жалпы экономиканың дамуына
әсер етеді. Оған Қазақстанда бағалы қағаздар
нарығына қатысты нормативтік актілердің
жетілдірілгендігі және жұмыс істеп жатқан
инфрақұрлымның, жақын арада бағалы қағаздар
нарығының қарқынды дамуына барлық жағдайлар
жасалатыны анықталды.
- Шет мемлекеттердің
көпшілігінде институционалды инвесторларға,
сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары
мен ұйымдасқан инвестициялау институттары
жатады (ҰИИ). Өз кезегінде, ҰИИ-ға – инвестициялық
қорлар (инвестициялық компаниялар), хедж-қорлар,
банктердің сенім департаменттері кіреді.
Институционалды инвесторлардың ірі топтарына
сақтандыру компаниялары мен жинақтаушы
зейнетақы қорлары жатады.