Қазақстандағы инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 12:05, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Ивестицияның мәні, пайда болуы және даму тарихы....................................5
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары………………….......................7
2 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері..............................................12
2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары ..................................................................................................................15
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ТАРТЫМДЫ РЕСУРСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ..................................20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................31

Работа содержит 1 файл

инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны.doc

— 249.50 Кб (Скачать)
 

    2-кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, қарастырылып отырылған кезең аралығындағы инвестициялық ағымдардың құрылымында маңызды құрылымдық ілгерімдер болған. Егер 2008 жылдың бірінші жарты жылдығында барлық инвестициялардың жартысына жуығын – 48,4% – кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың қаражаттары құраса, ал 2009 жылдың дәл осы кезеңінде олар 34,3%-ға дейін төмендеген. Сонымен бірге соңғы жарты жылдықта Қазақстан экономикасына тартылған шетелдік инвестициялар 62,2 есеге көбейіп, 766,2 млрд. теңгені құраған. Яғни, дағдарыс қаржылық аяға қысқа мерзім аралығына – 2008 жылдың бірінші жарты жылдығына ғана кері әсер еткен, ал одан кейінгі кезеңде шет елдерден келетін инвестициялық ағымдар белсендірілген.

    Қазақстанның  табиғи ресурстық әлеуетінің жоғары болуына байланысты оның инвестициялық ортасы экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға бағытталып қалыптасқаны белгілі. Ондағы мақсат экономиканы капитализациялауды сәйкес салалар мен өндірістерді дамыту шеңберінде жүргізу. Осындай жолмен өзінің экономикасында дамыған минералды-шикізат кешені бар көптеген елдердің жүргені белгілі. Бірақ бұл жолдың белгілі бір экономикалық шектеулері бар, мәселен баға конъюнктурасының әлемдік шикізат нарығына тәуелділігі. Бәрімізге белгілі, инвестицияланған салымдар олардың біржақты экономикалық бағытталуы кезінде тұрақты жоғары табыстарды әрқашанда әкеле бермейді. Біздің көзқарасымыз бойынша, Қазақстан экономикасындағы инвестициялық белсенділікке баға бере отырып, оның келесідей өзіне ғана тән белгілерін атап өткен жөн:

  • оның динамикасының жоғары тобы;
  • инвестициялық салымдардың экономиканың өндіруші саласында басымдылыққа ие болуы;
  • шетелдік инвестициялар үшін тартымдылықтың жоғарғы деңгейі;
  • инвестициялық ағымдардың қозғалысындағы өзара байланыстардың объективті-субъективті тұрақсыздығын анықтайтын инвестициялық ортадағы экономикалық либерализм элементтерінің бар болуы.

    Инвестициялық саясат саласындағы стратегиялық басымдылықтарды  жүзеге асыру инвестициялық әлеуеттің  қалыптасуынан бастап оны пайдалануға  дейінгі кезеңді неғұрлым тиімді басқаруға мүмкіндіктер беретін шаруашылықты жүргізудің әртүрлі аяларындағы инвестициялық қызметтерді ерекше реттеуді талап етеді. Қазақстандық экономикада он бесжылдық кезең ішінде жүргізілген реформалар нәтижесінде жинақталған тәжірибе инвестициялық әлеуетті басқарудың жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетті. Бұл жерде ең алдымен инвестициялық аядағы қажетті реттелуші ортаны құру бойынша шараларды жүзеге асырудың тізбектілігін айта кеткен жөн. Бұл өте маңызды, себебі осы аяға әртүрлі ресурстарды кездейсоқ енгізу және сонымен бірге олардың құбылмалы қозғалысы бақыланбайтын инвестициялық ағымдар пайдаланылатын қаржылық секторға және экономиканың тағы басқа секторлары мен салаларына өзінің кері әсерін тигізеді. Инвестициялық аядағы реттеуші орта оны ұйымдастыру көзқарастарынан бірқатар белгілерімен ерекшелінеді, оларға келесілер жатады:

  • белгілі бір нақты инвестициялық ахуалды құру бойынша ұйымдастыру-экономикалық шешімдерді іске асырудың кезеңділігі;
  • инвестициялық әлеуеттің қайнар көздерін таңдаудағы ерекшеліктері;
  • инвестициялық қызметті ұйымдастырудағы әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекеттерінің келісімділігі;
  • инвестициялық әлеуетті қалыптастыруға және оның қозғалысына тұрақты, жүйелі түрде мониторинг жүргізу.

    Кез-келген дамушы нарықтық жүйелер сияқты қазақстандық экономика үшін де, ең алдымен инвестициялық қызметті белсендіретіндей және сонымен бір мезгілде жалпы макроэкономикалық ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерістерінде инвестициялық жағдайды теңестіретіндей инвестициялық аядағы реттеуші ортаның шараларын қамтамасыз ету қажет. Бұл жағдайға тез қол жеткізілмегендігін айта кеткен жөн, себебі белсенді түрде қалыптасып келе жатқан инвестициялық кеңістіктегі жағымсыз жағдайлардан айналып кетуге болмады. Сол кезеңде орындаушы және заңнамалық үкіметтің, әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекеттеріндегі келіспеушіліктер инвесторлардың қызығушылықтарын азайтты.

    Қазақстандық  экономиканы белсенді түрде реформалау арқылы және инвестициялық ахуалдың тартымдылығын жоғарылатуға мүмкіндіктер берген заңнамалық база жақсартылғаннан кейін ғана елімізге келген инвестициялардың ағымы жоғарылай бастады. Әртүрлі бизнес-құрылымдардың белсенділігін жоғарылатуға әсер еткен инвестициялар, концессиялар және еркін экономикалық аймақтар және инвестициялық қызметтерге жеңілдіктер мен кепілдіктер беру туралы бірқатар заңнамалық актілер қабылданды. Инвестициялар бойынша Комитеттен бастап инвестициялық жобаларды қабылдайтын, бағалайтын, оларды іске асыруға бақылау жасайтын әртүрлі комиссияларға дейін және сәйкесінше инвестициялық ресурстардың қозғалыстарын, сонымен бірге инвестициялық ортадағы өзара байланыстарды реттейтін ерекше институционалдық базаны құрудың маңыздылығы жоғары.

    Инвестициялық аяны институционалды рәсімдеудің  инвестициялау үдерістерін тез  құруға мүмкіндіктер бергенін айта кеткен жөн. Сол арқылы экономиканы құрылымдық-функционалдық жаңартудың ағымдық және сол сияқты перспективті міндеттеріне сәйкес жаңа шаруашылық байланыстарын орнатуға қол жеткізілді. Осы кезде шаруашылықты жүргізудің белгілі бір аясындағы инвестициялық сұраныс пен инвестициялық ұсыныс конъюнктурасын бағалауға үлкен көңіл бөлінді. Инвестициялық аядағы дамыған институционалдық негіздердің болуы инвестициялық белсенділікті реттеудің кешенді ұйымдастыру-экономикалық тетігінің тұтқасы болып табылатын инвестициялық саясатты жасауға және оны іске асыруға әсерін тигізеді. Инвестициялық белсенділікті реттеу тетігін жетілдіру, біздің көзқарасымыз бойынша үнемі кеңейіп отыратын инвестициялық кеңістікте құрылуы керек, яғни бір жағынан - жаңа, ал екінші жағынан – жұмыс істеп жатқан көлемді инвестицияларды іздестіру. Көптеген елдер үшін шетелдік капиталдың неғұрлым тартымды ресурс болып табылатындығына қарамастан, отандық капиталды тартуға да көңіл бөлу маңызды, себебі, инвестициялық қызмет әрқашанда тәуекелділіктермен байланысты болатындығын ұмытпаған жөн және олардың көбін арнайы кепілділіктермен қамтамасыз ету мүмкін болмайды.

    Мәселен, бүгінгі күні көлемді ішкі ресурстар  Қазақстанның зейнетақы қорларында жинақталған. Олардың көбінің инвестициялық  кеңістіктері анықталған, әдетте, шетелдік активтерде. Бірақ, олардың әлеуеті уақыт өткен сайын көбеюде және олардың инвестициялық қызметтері соңғы жылдары ішкі нарықта белсендірілуде. Осыларды ескере отырып, үкімет жобалық және инфрақұрылымдық облигацияларды шығарған және мемлекеттің инновациялық саясатын іске асыру шеңберінде осы қаржылық ресурстарды зейнетақы қорларында пайдалану көзделуде. Инвестициялық белсенділікті реттеу тетігіндегі осы бағыттың қазіргі уақытқа сай келетіндігін айта кеткен жөн, себебі, ол жаһандық қаржылық дағдарыстар кезінде және шетелдік капиталдар нарығында операциялар жүргізу кезінде жоғары болатын инвестициялық тәуекелділіктерді азайтуға мүмкіндіктер береді.

    Инвестициялық аяның реттелмелі ортасында банктік  секторда қалыптасатын трансферттер ерекше көңіл қоюды талап етеді. Банктер ақша қаражаттары жетіспеген жағдайларда шағын және жеке бизнесті несиелеуге ұмтылмайтыны белгілі. Шағын және жеке бизнесті несиелейтін банктерге мемлекеттің салықтық және т.б. жеңілдіктерді беруіне қарамастан банктік жүйе экономиканың осы секторын инвестициялауға өз үлестерін қоспай отыр. Банктер бұндай несиелерді тәуекелді деп санайды – яғни, шағын кәсіпорындардың банкроттылыққа ұшырау пайызы өте жоғары. Өз кезегінде, әртүрлі формалдылық жеке кәсіпкерлерді банктерге өтініштер жасауына кедергілер жасайды. Банктен несие алу кезінде кездесетін тағы бір мәселелерге – несиелеудің жеңілдік кезеңінің жоқтығын және Қазақстанда шағын бизнес секторын дамытуға бағытталған несиелеудің шетелдік және отандық бағдарламалары туралы ақпараттардың аздығын, сонымен бірге банктен несие алу үшін қажетті құжаттарды дайындау бойынша кәсіпкерлердің білімдерінің жетіспеушіліктерін жатқызуға болады. Сонымен қатар, тағы да басқа бірқатар мәселелер де өз шешімдерін таппаған. Олар негізінен келесідей себептерге байланысты туындап отыр: микронесиелеуді дамытудың заңнамалық-құқықтық және нормативтік жүйесінің жетілдірілмеуі, жоғары пайыздық мөлшерлемелермен, кепілдік қамтамасыз ету талаптарымен, шетелдік серіктестермен байланыстар орнатудағы қиыншылықтармен, кадрларды дайындау деңгейінің әлсіздігімен  байланысты микронесиелеудің қатаң шарттарының сақталуы.

    Қазіргі уақытта экономикадағы капитализация  деңгейінің жеткілікті деңгейде жоғары болуына қарамастан отандық инвесторлар  қарыздық қаражаттарды кең түрде пайдаланады. Соған сәйкес, әртүрлі шаруашылық субъектілері үшін көрсететін өздерінің қызметтері мен ресурстары бойынша кең түрде таралған банктік кәсіпкерлік де нығайған. Ғылыми, техникалық, венчурлық сияқты әртүрлі инвестициялық қорлар ретіндегі инвестициялық ресурстар нарығындағы Қазақстан Даму Банкісін реттеу туралы айтатын болсақ, онда олардың ролінің күннен-күнге жоғарылап келе жатқандығын байқаймыз. Менеджменттің дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты көптеген инвестициялық қорлардың өз қызметтерін тоқтатқанын да айта кеткен жөн. Соған байланысты, қазіргі қаржылық дағдарыстар жағдайында сақтандыру компанияларымен, мемлекетпен өзара қарым-қатынастар орнату негізінде құрылған, менеджмент стандарттарының профилі бойынша сәйкес инвестициялық қоғамдастықтарды құрудың қажеттілігі жоғары. Біздің көзқарасымыз бойынша, инвестициялық ресурстар нарығындағы әртүрлі субъектілердің инвестициялық белсенділігінің реттеушілерін зерттей отырып, нарық жағдайында іскерлік белсенділікті сақтандыруға ерекше көңіл бөлу керек. Ол үшін әсіресе бизнес-ортада жұмыс істейтін шаруашылық құрылымдарының санын көбейту қажет. Реттеуші моделді құрудың негізгі үлгісі 4-ші суретте көрсетілген.

 

    

      

    Сурет 1 – Инвестициялық белсенділікті реттеу тетігінің ұйымдастырылу - экономикалық моделі

 

    

    1-суретке сәйкес біз инвестициялық белсенділікті реттеу үдерісіне қатысатын үш ортаны бөліп қарастырдық. Бұл, ең алдымен инвестициялық ағымдар қалыптасатын трансферттік ортаға әсер ететін нормативтік құқықтық құралдардан бастап экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарынан тұратын реттелмелі орта. Оларға бюджеттік және басқа да трансферттер жатады, сонымен қатар бүгінгі күні орын алып отырған экономикадағы дағдарыстар кезінде пайдаланылатын инвестициялық ресурстардың резервтік көздері және форсмажорлық жағдайлар да енгізілген. Негізгі анықтаушы бөлім инвестициялау үдерістерін олардың мақсаттылығы тұрғысынан, сонымен бірге инвестициялық қызметтің барлық факторларын енгізу есебінен олардың нәтижелілігін және осы аядағы басқарудың қазіргі стандарттарын бағалауға мүмкіндіктер беретін жүйелік инвестициялық менеджмент болып табылады. 

Кесте 3 - Инвестициялық қызметтерінің  негізгі көрсеткіштерінің серпіні
  Негізгі капиталға салынған инвестициялар Тұрғын  үй құрылысына салынған инвестициялар
млн. теңге өткен жылға %-бен млн. теңге өткен жылға %-бен
2003 1327864 116,6 59524 158,9
2004 1703684 123,1 130495 210,2
2005 2420976 134,1 254287 185,9
2006 2824523 111,1 368354 138,2
2007 3392122 113,5 490375 126,2
2008 4210878 114,8 468039 88,8
2009 4585298 102,9 310848 63,1
 

2 сурет  – Халықтың жан басына шаққандағы  жұмсалған инвестициялар

    Сонымен, инвестициялаудың белсенділігін реттеу тетігі өзінің ұйымдастырылу-экономикалық негізі, инвестициялық үдерістерге  әсер ету сипаты бойынша өте күрделі. Инвестициялық үдерістің өзінің компоненттері бойынша функционалды болуына және әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты міндеттеріне байланысты әртүрлі реттеуіштерді дер кезінде енгізе отырып инвестициялық үдерістердің әрқилы жақтарын жедел түрде реттеуге мүмкіндіктер береді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Экономикалық  жүйенің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда нақты секторға бөлінген инвестициялық  ағымдардың көлемділігі мен серпінінің үлкен мәні бар. Соңғы жылдары  Қазақстан экономикасында оның нақты секторының маңызды салалары мен өндірістерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін көп мөлшерде инвестициялық ресурстардың пайдаланылғаны белгілі. Бірақ инвесторлар үшін әліде болса елдің отын-энергетика кешені тартымды болып саналады, бұл өз кезегінде көптеген өңдейтін кешендер салаларын дер кезінде әртараптандыруға мүмкіндіктер бермейді. Біздің көзқарасымыз бойынша, мемлекет тарапынан дотациялық тетіктер мен басқа да жеңілдіктерді пайдалану негізінде өңдеуші салаларды дамытуға отандық капиталды тартуды күшейту арқылы инвестициялық ағымдарды қайта қайта құрылымдау қажет. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты экономиканың нақты секторларының салалары үшін маңызды. Өйткені осы салаларда өндірілген өнімдер жоғары стандарттар бойынша сертификациялаудан өтеді. Қазақстанның БСҰ кіруі және ЕҚЫҰ басшылық жасау кезінде осы салаларда жаңа технологияларды пайдалану арқылы шаруашылық субъектілеріне қызмет етуге мүмкіндіктер беретін жағдайлар жасаудың маңыздылығы өте зор. Ең алдымен, инвестициялық ағымдарға дер кезінді мониторинг жүргізу негізінде инвестициялық ресурстарға деген қол жетімділікті жеңілдету есебінен инвестициялық ресурстар нарығының субъектілері мен объектілерінің қызығушылықтарын арттыру керек. Сонымен бірге, қазіргі жағдайда орын алып отырған дағдарыстық және тағы басқа форс-мажорлық жағдайларды дотацияны пайдалану да дұрыс болып табылады. Сол арқылы инвестициялық ая бір жағынан, экономикалық жүйедегі дамыған буындардың бірі болып табылса, ал екінші жағынан инвестициялық ресурстардың негізгі көзі болып табылады.

Информация о работе Қазақстандағы инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны