Қазақстандағы инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 12:05, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Ивестицияның мәні, пайда болуы және даму тарихы....................................5
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары………………….......................7
2 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері..............................................12
2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары ..................................................................................................................15
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ТАРТЫМДЫ РЕСУРСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ..................................20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................31

Работа содержит 1 файл

инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны.doc

— 249.50 Кб (Скачать)

    Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары  енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының ұлтайтылуы сияқтылары енген.

    Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы инвесторлар мен келісім — шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.

    Тәртіпке  сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру жағдайына:

    1) инвестициялық жобаның экономиканың басты секторларына қатысты болуы;

    2) инвестициялық жобаны жүзеге асыруында қазақстаңдық заң тұлғасының негізгі қорларына тікелей инвестицияларды жүзеге асыру.

    Инвестщиялық  жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша Қазақстан Республика агентігін келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:

    - натуралды мемлекеттік гранттар;

    - келісім-шарт жасасудан 5 жыл мерзімге  жер мен мүлік салығынан босату;

    - салық алына бастайтын табыс  алу кезінен 5 жылға табыс салығынан  босату;

    - инвестициялық жобаны жүзеге  асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат, материалдар импортты кезііще кедендік баға салықтарынан толықтай немесе бір бөлігінен босату.

    Салықтық  жеңілдіктер беру мерзімі негізгі  қорға инвестиция көлемі мен экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық жобаны жүзеге асыру жағдайына сәйкес келмеу жағдайында беріледі.

    Мемлекеттік натуралды гранттарға:

    1) негізгі қорлар — жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс құрал-жабдықтары, машиналар, есептеуіш техника және басқалары.

    2) бейматериалды активтер-ғимаратты,  жермен пайдалану құқығы мен  басқадай құқықтар.

    3) өндірістік қорлар, аяқталмаған құрылыс, салықтар, дайын өнім.

    Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлеллі.

    Бұл жағдай инвестициялық саясат аясында  интеграция процестері мен әлемдік  нарыққа шығумен байланысты шараларды  жүзеге асыруын талап етелі. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пеп агроөндірістік кешенің бір бөлігінің потенциалды толықтай қамтылмағандығымен сипатталады.

    Реформалардың бастапқы кезеңіндегі болашақ белгісіздігі, көптеген экономикалық агенттердің  әрекет ету мүдделерін қатты өзгеріске  ұшыратқаңдықтан, инвестициялық механизм тиімсіз әрекет етті. Инвестициялық саланы қалпына келтіру мен халықтың жинақтарын инвестиция түрінде тартуға бағытталған кешенді шаралар экономика реформасының басты бағыты болып табылады.

    Осыған  байланысты отаңдық қор нарығын  дамытудың басты бағыттарына ішкі инвесторлар институтын күшейту мен қаржы құралдар тізімін ұлғайту болып табылады.

    Зейнет  ақы жүйесін реформалау негізінде  зейнетақы қорлары сияқты мүмкіндігі мол инстуцоналды инвесторлар пайда  болды. Қазіргі кезде олардың  активтері 530 млн. АҚШ долларына тең көлемге жеткен. Қазақстан Республикасының орналастырған еурооблигацияларының 45 % дейін көлемі зейнетақы корларына тиесілі.

    Корпоративті  бағалы қағаздарға көп мөлшерде инвестицияларды  екінші деңгейлі банктер жүзеге асыра  алады. Бүгінде шетел банктерінде ностро-есеп шоттарында 52 млрд. теңге сәйкес мөлшерде қаржылар сақталуда. Бұл қаржыларды экономиканың нақты секторына немесе бағалы қағаздарға инвестицияға бағыттауға болады. Ол үшін республикада несиелеу келешегі мол жобалардың көп болуы қажет.

    2000 жылы сақтадыру компаниялары  тарапынан экономикалық нақты секторымен бағалы қағаздарға, инвестиция көлемі 300 млн. АҚШ доллар құрады.

    Қазақстан Республикасы үкіметінің мәжілісінде  сөз сөйлеуде елбасы Назарбаев Н.Ә. жыл сайын елімізге келетін 1,5 млрд. доллар инвестицияны еліміздін  ішкі қорларымыздан алуға толық мүмкіндік барын мәлімдеді.

    Қазіргі кезде Қазақстаңда шикізат секторының басым болуына қарамастан, ғылыми сыйымды өндіріс үлесін жоғарлату  тенденциясы үстем болуы тиіс.

    Реформалар  жүргізудің алғашқы кезеңдерінде Казақстан Республикасына инвестицияларды тарту мәселесі объективті сипатта болды. Ішкі қаржы ресурстарынын жетіспеушілігіне байланыста мемлекеттің экономикалық саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту мен қолайлы инвестициялық хал-ахуалды калыптастыру басты бағыт болды.

    Жыл сайын тартылатын тікелей шетел  инвестициялар көлемі бойынша Қазақстан  ТМД елдері ішінде бірінші орында болып, шетел инвестицияларының  көлемі әр түрлі жылдарды 1 млрд. АҚШ  доллары мөлшерінде болды.

    АҚШ мемлекетінің республика экономикасына инвестиция ағымынын басты ерекшелігіне оның 90 жылдардың ортасында күрт өсуі болды. 1998-1999 жылдары капитал салымдарының көлемі 2.9 млрд. долларға тең болды. 1999 жылдан бастап жыл сайынғы көлемі 1 млрд. доллардан төмен болған жоқ. 2000 жылы республикаға 2 млрд. доллардан астам инвестиция келді, бірақ осы жылы қайтарым 785 млн. долларды құрады. 2001 жылы азиялық дағдарыс әсерінен тікелей шетел инвестиция көлемі күрт төмендетеді, бірақ оның мөлшері 1 млрд. доллардан төмен түскен жоқ.

    Тікелей шетел инвестиция көлемі бойынша  абсолютті көрсеткішке 2002 жылы қол  жеткізілді, бірақ осы инвестиция қайтарым көлемі 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады.

    1994 жыл мен 2000 жыл аралығында инвестициялық  іс-әрекетті реттейтіи заң негіздері  қалыптастырылып, инвестициялық механизмдер үйлестірілді. "Шетел инвестициялары туралы" және "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" заңдар қажетті кепілдіктерді беріп, экономикаға шетел капитталының келуіне жағдай жасады.

    Қазіргі Казақстан экономикасы дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу деңгейіне жетті. Осы жағдай инвестициялық саясатта өзгерістерді тудырды.

    Бүгінде бұл инвестициялық саясат бір  қатар мәселелерді шешуі шарт. Біріншіден, тартылатын инвестициялардың сапалық сипаттамаларына басты назар аудару. Екіншіден, барлық экономика субъектілері үшін тең дәрежелі жағдайды қалыптастыру. Үшіншіден, экономикалық жан-жақты әлеуметтік бағытын ұстану болып табылады.[19;26]

    Жаңа  жағдай заң негіздерін жетілдіру етеді. "Инвестициялар туралы" жаңа заң қабылданды, сонымен қатар "Қазақстан Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы", "Жер қойнауы мен оны пайдаланушылар туралы", "Мұнай туралы" заңдар дайындалып, "акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделуде.

    Жаңа  инвестициялық саясат концепциясында нарықтың барлық агенттерінің халықтың, банктердің, қаржы институтарының, қор нарығы, инвестициялық белсенділігін  жоғарлату маңызды орын алуда.

    Қазақстан Республикасының инвестициялық іс-әрекетті реттеудің тиімділігін жүзеге асыру мақсатында жаңа Салық кодексінде 138-140 беттерінде инвестициялық салықтың преференциялар қарастырылған. Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті мүлікке табыс салығы бойынша беріледі.

    Инвестициялық салық преференциялары жаңа өндірісті  қалыптастыру, не әрекет етуші өндірісті  ұлғайту мен жаңарту мақсатында негізгі қорға инвестиция жасаушы  салық төлеушілерге, жалпы жылдың табыс салығын белгіленген сомаға қысқарту, немесе негізгі қор мүлігі салықтан босату мүмкіндігі қарастырылған.

    Қазақстан Республикада инвестициялық іс-әрекетті реттеуге бағытталған заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар, оны белсенді жүргізілуі ықпал етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ТАРТЫМДЫ РЕСУРСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 

    Дағдарыстық кезеңдерде жиынтық инвестициялық  сұраныстың төмендейтінің айта кеткен жөн және өндіруші секторға тиімді инвестициялардың құрылымдық қайта құрулары орын алады, сонын есебінен инвестициялық салымдардың көлемі сақталады. Мысалы, 1996 жылы ЖЭК саласына өндірістік күрделі салымдардың 51,1% бағытталған. Бұл экономиканың көптеген басқа да салаларының өндірістік аппаратының ескіруіне, олардың негізгі қорларының тозуына әкелді. 2000 жылы негізгі қорлардың тозу деңгейі жалпы 38,7%-ды құраса, соның ішінде өнеркәсіпке – 43,2%, электроэнергетикасына – 19,1%, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерге – 43,5%. Сонымен қатар, 2009 жылдың бірінші жарты жылдығындағы мәліметтер бойынша инвестициялық салымдардың басымдылығы бар бағыттарының бірі кеңөндіруші өнеркәсіптер, көлік және байланыс салалары болып табылды. Олардың үлестері сәйкесінше 29,9 және 26,8% -ды құраған. Бірақ бұл жағдайларда инвестициялар өздерінің технологиялық құрылымы бойынша өткен дағдарыстық кезеңнен өзгешеленеді, яғни онда машиналарға, құрылғыларға, инвентарларға және тағы да басқа күрделі шығындарға жұмсалған инвестициялық салымдар басымдылыққа ие болып отыр. Оны келесі кесте мәліметтерінен көруге болады.  

    Кесте 1 – ҚР негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың бағыттары 

Жұмсалған инвестициялар 
2008 жылғы  қаңтар-маусым қорытындыға пайызбен 2009 жылғы  қаңтар-маусым
млрд.тг. Қорытындыға пайызбен
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар-барлығы

одан:

  • үйлер мен ғимараттар салу және күрделі жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар
  • машиналар, жабдықтар, аспаптар, мұқаммал
  • өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар
 
100,0 
 
 
 

54,0 

30,1 
 

15,9

 
1794,1 
 
 
 

700,4 

602,1 
 

491,6

 
100,0 
 
 
 

39,0 

33,6 
 

27,4

 

    1-ші кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында өндірістік аппаратты жаңартуға бағытталған инвестициялық салымдар 602,1 млрд. теңгені құраған және бұл инвестицияның жалпы құрылымының 33,6%-ды көрсетеді. Осы көрсеткіш 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға көп болған. Қаржылық сферадағы болып жатқан дағдарыстық жағдайларға қарамастан өндірістік әлеуетті жаңартудағы инвестициялық белсенділік төмендеген жоқ, керісінше олардың өсу үрдісі сақталды. Бұл инвестициялық сұраныста біртіндеп кеңейіп келе жатқан бәсекелестік ортада шаруашылық субъектілерінің қызмет етуі үшін өте маңызды болып табылатын өндірістік аппаратты жаңарту факторларының басымдық алатындығын көрсетеді.

    Әрбір шаруашылық субъектісі үшін бәсекелік мәртебені сақтау өте маңызды. Бірақ, олар үшін шаруашылықты жүргізу шарттары әртүрлі болып келеді. Оған инвестицияларды тарту, капиталдардың әлемдік нарығына шығу және шаруашылық байланыстарын жасау мүмкіндіктері әсер етеді. Ірі холдингтер, корпорациялардың жалпы инвестициялық сұраныстың сипатын қалыптастыратын инвестициялық кеңістіктегі мүмкіндіктері жоғары. Ең бастысы – олар инвестициялық белсенділікті және басқа да капиталдар нарығының қатысушыларын төмендетуге қызығушылықтар танытпай отыр. Бұл дағдарыстардың жағымсыз салдарын ұстап отыр. Мәселен, 2009 жылдың 1-жарты жылдығындағы мәліметтер бойынша ел экономикасының ірі кәсіпорындарының салған инвестициялық салымдарының көлемі 837,5 млрд. теңгені құраған, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 8,3%-дан жоғары.

    2007 жылы басталған жаһандық қаржылық  дағдарыс ел экономикасындағы  инвестициялық ағымдардың құрылымына  әсер етті. Оның соңғы екі жылдағы  серпінін келесі кесте мәліметтерінен  көруге болады.  

    Кесте 2 – 2009 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ҚР экономикасындағы инвестициялық ағымдардың құрылымы 

Инвестициялардың  қайнар көздері 2008 жылғы  қаңтар-маусым қорытындыға пайызбен 2009 жылғы  қаңтар-маусым
млрд.тг. Қорытындыға пайызбен
Барлығы –

Оның  ішінде мыналардың есебінен қаржыландыратын:

-бюджет  қаражатының

Одан:

Республикалық

Жергілікті

Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың қаражаты

Шетел инвестициялары

Қарызға алынған қаржы

100,0 
 

16,1 

11,7

4,3 

48,4

19,9

15,7

1794,1 
 

236,5 

194,3

42,2 

615,3

766,2

176,3

100,0 
 

13,2 

10,8

2,4 

34,3

42,7

9,8

Информация о работе Қазақстандағы инвестициялық қызметтің мәні мен мазмұны