Қазақстанда инвестициялық қызметтің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 21:38, курсовая работа

Описание работы

Зерттелетін тақырып бойынша көптеген теориялық және практикалық мәселелерге қатысты ресейлік және шетелдік зерттеушілердің, сонымен бірге қазақстандық ғалымдардың еңбектері қолданылды. Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізін қарастырылатын мәселе бойынша отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу барысында ҚР Президентінің жарлықтары, үкімет қаулылары, заңдар мен нормативтік құжаттар, Президенттің жолдаулары, мемлекеттің даму бағдарламалары қолданды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізгі мәні.............................5

Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы.......................................5
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар..............................................................................................................8
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің қалыптасу ерекшеліктері.....................................................................................................10

Қазақстан экономикасының дамуындағы шетелдік инвестицияның ролі....................................................................................................................13

Шетел инвестициялары: Қазақстан экономикасына құйылу серпіні...................................................................................................................13
2011 жылы Ақтөбе облысының негізгі капиталына салынған инвестицияны талдау....................................................................................................................15
Мұнай өндіруші салалардағы инвестициялық үрдістердің қазіргі жағдайы................................................................................................................16

Қазақстан Республикасының экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың қазіргі жағдайы.........................................24

Қорытынды..........................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс инвестиция.docx

— 135.65 Кб (Скачать)

Соңғы жылдары жаһандану  үрдісінің символына айналған БЭФ-ке Елбасы алғаш рет 1992 жылы қатысқан болатын. Содан бергі өткен жылдар ішінде дүние жүзілік озық ой мен тың тәжірибелер тұғырына айналған Давос форумына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сегізінші рет қатысып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Давос форумындағы екінші күнін өз салалары бойынша дүние жүзінде бірінші орын алатын әлемнің ең ірі 30 компаниясының жетекшілерімен арнайы кездесулер өткізуден бастады. Бұл компаниялар мұнай, мұнай-химия, энергетика, металлургия және өнімді қайта өңдеу салалары бойынша мол тәжірибе жинақтап, әлем экономикасында өзіндік қолтаңбаларын қалдырды. Президентіміздің әлемдік форумда осы компания жетекшілерімен арнайы жеке кездесу өткізудегі мақсат бүгінгі дағдарыс кезіндегі күрделі уақытта Қазақстанға келетін инвестиция тасқынын төмендетпеу мен дағдарыстан кейінгі кезеңде қуатты инвестиция арқылы ел экономикасының дамуына тың серпін беру болып табылады. Сонымен қатар, бұл кездесуде инвестициялық қор жетекшілері, Майкл Портер сияқты әлемдік дәрежедегі экономистер, Дж.Сорос секілді дүние жүзіне әйгілі қаржыгерлер қатысты.

Елбасы кездесуде сөйлеген сөзінде дүние жүзінің ірі  іскер топтарының өкілдеріне Қазақстанды  жан жақты таныстырды. Қаржы дағдарысына  қарамастан елімізде іске асырылып жатқан үлкен индустриялды-инновациялық жобалар  туралы айтты. Әлемдік қаржы дағдарысының қиындықтарына қарамастан біз жұмыс  істеп жатырмыз және экономиканың әртүрлі салаларына инвестиция тартуға мүдделіміз, деп атап көрсете келіп, Президент шетел инвесторларын қызықтыратын ауыл-шаруашылығы, қайта өңдеу өндірісі, минералды шикізаттарды қайта өңдеу, мұнай-химия және мұнай-газ өндірісінің машиналарын жасау салаларына инвестиция салуға шақырды. Алдын ала деректер бойынша республиканың мұнай өндіруші компаниялары 2010 жылдың 9 айында газ конденсатын қоса алғанда жорамал мәлімет бойынша 58932 мың тонна (104,8%) мұнай өндірді. 2012 жылы жоспарға сәйкес Қазақстанда мұнай және газ конденсатын өндіру – 80,0 млн.тоннаны (104,6%) құрайды. Газ конденсатымен бірге мұнай өндірудің негізгі өсімін мына компаниялар қамтамасыз етті: «ТеңізШевройл» ЖШС, «Buzachi Operating ltd», «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «СНПС-Айданмұнай» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.». Мұнай және газ конденсатының экспорты 52997,686мың тоннаны (105,9%), оның ішінде Атырау – Самара – 9265,786 мың тонна (87,6%), ОГӨЗ – 1305,077 мың тонна (106,8%), Каспий Консорциумы Құбыры – 8399,664 мың тонна (104,1%), Атасу – Алашанькоу – 7549,009 мың тонна (172,6%); теңіз порты арқылы – 997,208 мың тонна (86,1%); темір жол арқылы – 4570,942 мың тоннаны (153,6%) құрайды. 2010 жылы мұнай экспортының көлемі – 37800 мың тонна (105,5%) деңгейінде күтіліп отыр. Республиканың мұнай өңдеу зауыттары 9 ай ішінде 10456,2 мың тонна мұнай (120,5%) және 2252,5 мың тонна бензин (120,9%), 1788,2 мың тонна дизель отыны (111,8%), 2835,0 мың тонна мазут (122,2%), 387,2 мың тонна керосинді (154,6%) қайта өндірді және шығарды. 2010 жылы 13,1 млн. тонна мұнай (108,2%), 2815,0 мың тонна бензин (108,7%), 3909,0 мың тонна дизель отынын (103,0%), 3194,0 мың тонна мазут (98,6%), 104,0 мың тонна авиациялық керосин (129,4%) өңдеу және шығару күтіліп отыр. Мұнай тасымалдау бағыттарын ішкі нарыққа әртараптандыру Қазақстан – Қытай мұнай құбыры бойынша Қазақстан – Қытай мұнай құбырының құрылысы екі сатыда іске асырылады. Бірінші сатысы жылына 10 млн. тонна өндірумен Атасу – Алашанькоу мұнай құбырының жобасын 2006 жылғы шілдеде іске асыру болып табылады. Өткізу қабілеті жылына 10 млн.тонна мұнаймен Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырын салу жобасын іске асыру Қазақстан-Қытай құбырын салу жобасының 2-ші кезеңінің бірінші кезегі болып табылады және КҚК ЖШС күшімен қытай тарапының басымдық негізінде 2006 жылғы 20 желтоқсандағы Қытай Ұлттық Мұнай-газ корпорациясымен және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасындағы «Қазақстан-Қытай құбырының екінші кезеңінің басты құрылыс принциптері туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылды. 2010 жылдың 9 ай ішінде Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбыры бойынша 2,6 млн.тонна мұнай тасымалданды. Қазіргі уақытта, қытай тарапы Қазақстан-Қытай мұнай құбырының екінші кезеңін салу жұмыстарын жалғастыру үшін, жұмыс істеп тұрған Кеңқияқ-Құмкөл, Құмкөл-Атасу, Кеңқияқ-Атырау, Атасу-Алашанькоу мұнай құбырларының өткізу қабілетін Алашанькоу нүктесінде жылына 20 миллион тоннаға дейін кеңейту жағдайларын талқылау жөнінде ұсыныс білдірді. Каспий Құбыры Консорциумы (КҚК) бойынша «Теңіз» қазақстандық мұнай кен орнын және Новороссийск портына жақын Қара теңіздің ресей жағалауындағы мұнай терминалын біріктіретін жалпы ұзақтығы 1510 км. КТК мұнай құбыры. Теңіз және Қарашығанақ кәсіпорындарында мұнай өндіру көлемдерін ұлғайту және Қашаған кен орнын пайдалануға беру жоспарланған жағдайларда КҚК-нің өзекті мәселелерінің бірі мұнай құбырының өткізу қабілетін кеңейту болып табылады. 2011 жылдың 31 желтоқсанға дейін КҚК-нің акционерлері, Ресей мен Қазақстан Үкіметтерін қоса алғанда, КҚК бойынша қолданыстағы келісімдерге тиісті өзгерістерді енгізуі қажет. КҚК акционерлерінің «Транснефть» ААҚ компанияларының шешіміне сәйкес РФ, ҚР аумағында және тиісінше теңіз терминалында жобаның іске асырылуын өздерінің белгіленген үлестес компаниялары арқылы ұйымдастырушы басқарушы компаниялар рөлінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Шеврон» білдіреді. Басқаруға тиісті шарттарды КҚК акционерлері 2010 жылғы 11 ақпандағы «КҚК-К» ЖАҚ соңғы мәжілісінде және «КҚК-Р» ЖАҚ Директорлар кеңесінің отырысында бекітілді. Қазақстандық Каспий Тасымалдау жүйесі бойынша ҚКТЖ бірінші кезекте Қашаған (2 кезең) және Теңіз (келешектегі даму жобасы) кен орындарында өндірілетін, Каспий теңізі арқылы халықаралық нарықтарға Баку-Тбилиси-Жейхан жүйесі немесе Әзірбайжан Республикасының аумағында орналасқан басқа мұнай көлігі жүйелері арқылы жеткізілетін Қазақстан мұнайының өсіп отырған көлемінің экспортына арналған. ҚКТЖ құрамы: Ескене-Құрық мұнай құбыры мен Транскаспий жүйесі (Каспий теңізінің қазақстандық жағалауындағы терминал, танкерлер және кемелер, Каспий теңізінің әзірбайжандық жағалауындағы терминал және Баку-Тбилиси-Жейхан жүйесіне дейінгі жалғастыру құрылыстары. Өткізу қабілеті: бастапқы кезеңде жылына 23 млн.тонна тасымалдау, кейін жылына 35-56 млн.тоннаға дейін өсуімен. Жобаның іске асыру кестесі жеткілікті ресурстық базасы құрылысымен байланысады. ҚКТЖ Қашаған және Теңіз кен орындарымен бірге қазақстандық мұнайды экспорттау үшін белгіленген және Ескене-Құрық мұнай құбыры мен Транскаспий жүйесінен тұрады. Қазіргі уақытта, Қашаған жобасының тәжірибелік-өнеркәсіптік фазасы үшін ғана айқындылық бар. 2-ші фазасының іске асырылу мерзімі анықталуда. Ескене-Құрық мұнай құбыры қазіргі уақытта ережелері Спикапаг компаниясына Ескене-Құрық мұнай құбыры жобасын іске асыруды бастау сәтіне қарай осы жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізуге опцион беруді көздейтін жаңа меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланып жатыр. Транскаспий жобасы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Әзірбайжан Республикасы Мемлекеттік Мұнай Компаниясының (ӘРМММ) арасында 2009 жылғы 2 қазанда тепе-тең жағдайларда жұмысты қаржыландырумен техникалық-экономиялық негіздемені бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылды. Келісімнің негізгі принциптері туралы жағдайларға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен ӘРМММ мұнай тасымалдаудың кепілді көлемдері бойынша және Транскаспий жобасын іске асырудың негізгі жағдайлары жөнінде СК ӨБКҚ мердігер компания атынан әлеуетті жүк тасымалдауыштармен бірге келіссөздерді жалғастыруда. Конкурстың қайта жариялануы 1-2 ай мерзімінде жоспарлануда. ТКП жобасы бойынша ТЭН-ді әзірлеу мерзімі 12 айды құрайды.

 

 

Қорытынды

 

Шетелдік тікелей инвестицияның  өсу себептері және күтілетін  үрдістері түралы мыналарды айтуға болады. Халықаралық капитал жылжуының  негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режиммен ерекшелінетін елдерге  емес,нарықтық үдерістер белсенді дамыған  елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер  жатады: бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру , үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар  келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын атауға болады : ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС,МЕРКОСУР. Себебі, олар бизнестің ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу және қолдануға жағдай жасайды.

2000-2004 жылдары елімізге  тікелей инвестиция тарту бағдарламасына  сәйкес , «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға  шетелдік инвестицияны тарту  бағдарламасының « орындалу нәтижелерін сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды. 1993-2001 жыл аралығындағы біздің елге тартылған тікелей шетел инвестициясының жалпы көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын құрайды . 1999 жылы экономикамызға қозғау салған шетел инвестициясының жалпы мөлшері , 1.85 млрд. АҚШ долларына тең келіп, 1998 жылға қарағанда 1.5 есеге өскені айқындалды. Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның көлемі 49 пайызға өскені , яғни 2.75 млрд. АҚШ долларына жеткені белгілі болды. Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына» келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді. 2001 жылы шетелдік инвестицияның көрсеткіші , мамандар есептеуінше, 4.41 млрд. Ақш долларын құраған. Инвестициялық белсенділік Қазақстанда Ресейден де жоғары дәрежеде екенін мына мәліметтен – ақ аңғаруға болады . 1998 жылы жекелеген инвесторлар Ресей экономикасына 25.8 пайыз қаржы салса, Қазақстан нарығында ол көрсеткіш 65 пайызға жуықтайды. Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі екен. Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт негізінде шетел инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн . АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен . Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы саласына қатысты жалпы саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 млн . АҚШ долларын қолма – қол иемденіп , 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады. Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астанаың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2001 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты.

Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл  өткен сайын артып келеді . Мәселен, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім шарт жасалып , 817 млн . Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына араласты. Бұл – 2000 жылға қарағанда 7.6 есе , 1999 жылға қарағанда 1.4 есе көп . Шетел алпауыттарының Қазақстан бюджетінің жыртығын жамауға себін тигізуі ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық нормаларына сәйкестендіруге , яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып жатқан шетелдік инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын құрап отыр. Еліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары деп мыналарды айтуға болады :

  • Нидерланды – 580 млн. АҚШ доллары («Испат Кармет» ААҚ);
  • Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы);
  • Түркия – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);
  • Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);
  • Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан – Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы).

Аралығында инвестициялық  жобаларды іске асыру нәтижесінде  келісім- шарт бойыншат 40мыңнан астам  жаңа жұмыс орындары ашылды , 1168.5 млн. АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7 млн. АҚШ долларының өнімі экспортталды. Кіріс министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бюджетке 31.4 АҚШ доллары көлеміндегі түсімдері түскен. Алайда шетелдік инвестицияны тарту барысында да көп кедергілер бар көрінеді .             Олар мыналар :

- Қазақстан нарығының  іскерлік белсенділіктің төменділігі;

- Реттеуші шаралар шалағайлығы ;

- Өтімді қаржы құралдарының  азаюы , төлем күшінің әлсіздік  дағдарыстың орын алуы ;

- Шынайы ақпараттың жеткіліксіз  болуы ;

Инвестициялық саясаттың  ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті , Ұлттық мұнай – газ  қоры , мемлекеттік неие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге  мән беруі шарт.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы;
  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін индустриалды-инновациялық даму стратегиясы;
  3. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы;
  4. Омарова А.К. «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу»: Оқулық.-Алматы: Таугуль – ПРИНТ, 2009жыл;
  5. Асилова А.С. «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу»: Оқулық/ - Алматы: Экономика, 2011 жыл;
  6. Әлжанова Н.Ш. «Инвестициялық жобалау»: Оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2007 жыл;
  7. Н.Н. Кадерова, А.А. Макенова, Ж.М. Әбуова. «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу»: - /Оқулық, - Алматы: ТОО «Print – S», 2011 жыл;
  8. Әубәкіров Я., Есқалиев Н. «Экономикалық теория негіздері» - Алматы, 1994жыл;
  9. Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006 г;
  10. Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г;
  11. Әкімбеков С., Баймұхамедова А., Жанайдаров У. «Экономикалық теория» - Оқу құралы Алматы, 2011 жыл;
  12. Алжанова Н.Ш. «Инвестициялық жоба» / Қазақ университеті. А. 2006 жыл;
  13. Супугалиева Г.И. Банк аясындағы инвестициялау. // Хабаршы – Вестник, №3, 2009 жыл;
  14. Тулеубаева М.К. ҚР-ң инвестициялық қызметінің талдауы. // Хабаршы – Вестник, №5, 2009 жыл;
  15. Қазақстанның мұнай өндіруші саласындағы шетелдік инвестициялардың қолданысын талдау.// Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. -2006. -№2. 115-120–Б;
  16. Қазақстан Республикасының мұнай өндіруші саласына инвестицияларды тарту механизмдері.//Алматы, Ізденіс.- 2008 .-№1.17-19–Б;
  17. Қазақстанда қазіргі инвестициялық үрдістің даму мәселелері мен бағыттары.//  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. - 2006. - №3. 73-78–Б;
  18. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекеттерді жандандыруда трансұлттық компаниялардың қызметін жетілдіру. // Хабаршы ХҚТУ №3, 2008.201-206-Б;
  19. Қалдияров Д.А. Инвестициялық жобалар мен инновация тиімділігін бағалау әдістемелері туралы. // ҚазНУ хабаршысы, №6 (88), 2011-34-37бб.;
  20. Өтебаев Б.С. Қаржылық талдау: Оқулық. – Астана, ҚазЭҚХСУ, 2008 – 230б.;
  21. Бохаев Д. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері // Экономика негіздері, №6 2010. – 4-7 бб.;
  22. www.google.kz.
  23. www.afn.kz.
  24. www.aktobe.stat.kz.
  25. www.wfin.kz.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

 

Кесте 2 – Ақтөбе облысының  негізгі капиталына салынған инвестициялар (мың теңге)

 

 

                                        2011ж.қаңтар - қазан

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

Өткен жылға,%

Соның ішінде төмендегілердің  қаражаты есебінен қаржыландырылған

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

меншік

шетелдік

қарыз

Қазақстан Республикасы

3711711435

100,8

х

х

х

х

х

224,6

Ақтөбе облысы

281628175

102,1

29606592

9254364

196806987

22021378

23938854

360,7

Ақтөбе қ.ә.

73085975

132,4

15483141

3188585

50300017

906439

3207793

177,6

Алға ауданы

2299015

54,0

700135

365408

1233472

-

-

59,1

Әйтеке би ауданы

2191627

129,5

682674

401936

430356

676661

-

85,8

Байғанин ауданы

36479746

86,2

707277

530945

19387041

15319420

535063

1623,3

Қарғалы ауданы

1811828

115,9

389478

996600

343878

-

81872

108,9

Қобда ауданы

8236653

229,5

7120594

465022

651037

-

-

425,9

Мәртөк ауданы

8965933

210,4

636502

359191

1388280

-

6581960

304,1

Мұғалжар ауданы

89992086

92,8

287300

480739

86093930

2664831

465286

1428,4

Ойыл ауданы

775887

150,9

162832

466500

146555

-

-

41,7

Темір ауданы

24224156

93,1

291155

1182656

21745005

195481

809859

685,0

Хромтау ауданы

27555713

114,4

1734473

248597

12838377

1667260

11067006

683,8

Шалқар ауданы

4275175

114,5

216185

477306

1820383

591286

1170015

95,5

Ырғыз ауданы

1734381

15,1

1194846

90879

428656

-

20000

117,1


 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1- Қазақстанға жасалған шетел инвестицияларының ағыны, млн АҚШ доллары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инфра-құрылымды дамыту


Мемлекеттік кепілдік қорын  құру


Нормативтік құқықтық базаны құру


Тікелей шетел инвестицияларын  ынталандыру


Мұнай өндірісі саласында  инвестициялық қызметті мемлекеттік  реттеуді жетілдіру


Инвестициялық салықтық преференциялар


Кеден баж салығынан босату


Мемлекеттік натуралық гранттар беру


Бәсекеге қабілетті өндірісті  құру үшін мұнай өндірісі саласында  инвестицияларды тиімді басқару  қызметін қалыптастыру


Мемлекеттің инвестициялық  саясаты


Мұнай өндірісі саласы бойынша  тікелей шетел инвестицияларын  тартудың қолайлы ахуалын қалыптастыру



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қаржылық қолдау:- міндетті сақтау



 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 – Мұнай өндіру саласында қолайлы инвестициялық ортаны қалыптастыруда мемлекеттік инвестициялық саясат үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

«Экономика» факультеті

 

«Есеп және қаржы» кафедрасы

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Пәні: Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу

 

Тақырыбы: Қазақстандағы  инвестициялық қызметтің дамуы

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Орындаған: Қаржы-301 тобының күндізгі

                                                                               бөлім студенті Қуатова Б.Х.

                                                          Тексерген: Э.ғ.к., аға оқытушы

                                                                             Қалденова Г.С.                                                          

 

 

 

 

 

 

 

                                 

Информация о работе Қазақстанда инвестициялық қызметтің дамуы