Қазақстанда инвестициялық қызметтің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 21:38, курсовая работа

Описание работы

Зерттелетін тақырып бойынша көптеген теориялық және практикалық мәселелерге қатысты ресейлік және шетелдік зерттеушілердің, сонымен бірге қазақстандық ғалымдардың еңбектері қолданылды. Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізін қарастырылатын мәселе бойынша отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу барысында ҚР Президентінің жарлықтары, үкімет қаулылары, заңдар мен нормативтік құжаттар, Президенттің жолдаулары, мемлекеттің даму бағдарламалары қолданды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізгі мәні.............................5

Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы.......................................5
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар..............................................................................................................8
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің қалыптасу ерекшеліктері.....................................................................................................10

Қазақстан экономикасының дамуындағы шетелдік инвестицияның ролі....................................................................................................................13

Шетел инвестициялары: Қазақстан экономикасына құйылу серпіні...................................................................................................................13
2011 жылы Ақтөбе облысының негізгі капиталына салынған инвестицияны талдау....................................................................................................................15
Мұнай өндіруші салалардағы инвестициялық үрдістердің қазіргі жағдайы................................................................................................................16

Қазақстан Республикасының экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың қазіргі жағдайы.........................................24

Қорытынды..........................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс инвестиция.docx

— 135.65 Кб (Скачать)

4. Қазақстандағы жалпы  инвестициялық ахуалды саралай  келе инвесторлардың құқықтарын  қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық  негізді қалыптастыру әлуетті  инвесторларға қызмет көрсететін  аймақтарда ақпараттық кеңес  беру орталықтарын құру, инвестициялық  мүмкіндіктерді таныту шараларының  аясында индустриалды-инновациялық  сектор салаларын дамыту, шетелдік  инвесторларлың мүддесін қорғауға  бағытталған кепілдіктер және  инвестицияларды мемлекеттік ынталандырудың  экономикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, әдістемелік және әлеуметтік  шараларын жетілдіру қажет. 

5. Мұнай және мұнай  өнімдері нарығының қызмет етуінің  мәселелеріне жасалған зерттеу  нарықтың қызмет ету тетігін  жетілдіруге ыңғай қалыптастыру  қажеттілігін, оның орындылығын  көрсетті. Біздің ойымызша, мемлекет  өзінің қол астындағы нарықты  реттеу тұтқаларын қолдана алады  және қолдануы тиіс. Бір жағынан мемлекет, айқын және нақты “ойын тәртібін” орнатуы тиіс. Екінші жағынан, мемлекеттің экономиканың стратегиялық салаларын басқаруға араласуы бұл үшін мұнай нарығын басқару үрдісін жетілдіру қажет.

6. Сонымен, зерттеу қазақстандық  нарықтың әлемдік нарыққа интеграциясы  жағдайында мұнай-газ секторын  дамыту тиімділігі, ең алдымен  қазақстандық жақпен ғана қамтамасыз  етілуі мүмкін екендігін көрсетіп  отыр. Бірінші аспект капиталды  қабылдау жүйесі, заң режимі қандай  болатынымен және олардың елдің  ұлттық мүддесіне сәйкестендірілуімен  шартталады. Екінші аспект мұнай  нарығындағы жекелеген буындарды,  соңғы нәтиже - ЖҰӨ-ді ұлғайту  үшін жұмыс істейтін жүйеге  келтіруге мүмкіндік беретін  кең шараларды қолдануды қарастырады.  Олар:

- мұнай өнімдерінің экспортын квоталау жүйесі;

- ішкі нарықтағы бағаларды реттеу;

- мұнаймен сауда әдістері және формаларын жетілдіру;

- сыртқы сауда саясаты;

- мұнай өнімдерін тасымалдау мен өткізу тетіктерін жетілдіру.

7. Республикадағы инвестициялық үрдісті басқаруды сараптай келе мынадай негізгі даму бағыттарын атап көрсетуге болады:

- инвестициялық ахуалды  үздіксіз жетілдіру;

- инвестициялық қызметтің  құқықтық қамтамасыз етілуін  жақсарту;

- инвестициялық үрдісті басқарудағы мемлекет пен ұлттық инвесторлардың іс-әрекетін жандандыру;

- даму институттарының  (Қазақстан Даму банкі, Инвестициялық  қор, «ұлттық инновациялық қор»  АҚ, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ) рөлін күшейту;

- банктердің экономиканы  инвестициялауға белсене араласуын  қамтамасыз ету;

- инвестициялауға оңтайлы  әрі өркениетті жанасудың негізі  ретінде жобалық менеджментті  дамыту (жуырда Қазақстанның Жоба  менеджерлері одағы құрылды, Қазақстанда РМІ – Project Managemenet Istitute бөлімшесін ашу жоспарлануда) және т.б.

8. Мұнай өндіру саласында  шетел инвестицияларын тартуда  трансұлттық компаниялардың ролін  күшейту қажет, сондай-ақ олардың іс-әрекетін өнеркәсіп өндірісі саласында шаруашылық жүргізудің тиімді де әсерлі құрылымы ретінде қарастыру керек. Себебі ТҰК еліміздің экономикасына келесідей мүмкіндіктер береді: Қазақстан Республикасын әлемдік нарық жүйесіне енгізу;  шетелге мұнай экспортының үлесін арттыру; бюджетке валюталық түсімдердің келісін ұлғайту.

Сонымен қатар, ТҰК іс-әрекеті  отандық экономиканың өңдеуші салаларының дамуын тежейтін импорттық тәуелділікті күшейту арқылы экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді.

9. Зерттеу нәтижелерін  сынақтан өткізу қорытындысы  бойынша мұнай өндіру саласын  дамыту стратегиясын қалыптастыруда  пайдалануға болатын инвестицияларды  тиімді қолданудың стратегиялық  үлгісі ұсынылды.

10. Мемлекеттік және аймақтық  деңгейде мемлекеттік реттеу  тетіктерін қолдау арқылы мұнай  өндіру саласында қолайлы инвестициялық  ортаны қалыптастыру, мұнай өндіру  саласы қызметінің тиімділігін  арттырады және бәсекеге қабілетті  мұнай өндіру саласын құруға  мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстан Республикасының экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың қазіргі жағдайы

 

Қазіргі таңда Қазақстан  әлемдік шаруашылықтың толық  қанды мүшесі болып табылады. Республикамыздың экономикасының дамуы экономикалық ортада инвестициялық бағытты құруды талап етті. Инвестицияның құйылуы өндірістің масштабының кеңеюіне және сонымен қатар экономиканың әлеуметтік экономикалық дамуының сапалы, жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз етеді. Экономикадағы жаңалықтар мен өсулер инвестицияның көлемімен, құрылымымен және олардың жүзеге асырылу сапалары мен қарқынымен анықталынады. Сонымен қатар, инвестициялық жинақтаулар мен олардың материалдық ресурстарынсыз инвестицияда ешқандай оң нәтижелер болмайды.

Инвестициясыз ішкі және сыртқы рыноктардағы тауар өндірушілердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету, қазіргі кездегі капитал жұмсалымдарының  болулары мүмкін емес. Рыноктік инфрақұрылымдардың және әлемдік тауар өндірушілердің құрылымдық және сапалық өзгертулерінің процесстері инвестициялаудың есебімен және жолымен жүзеге асырылады. Инвестициялау экономикалық өсуді, аймақтың әлеуметтік жағдайын, халықтың жұмыспен қамтылуын және сонымен қатар елдің экономикасының дамуын анықтайды.

Қазақстан Республикасының  экономикасының дамуы отандық және шетелдік инвестициялаудың тартылуымен  тығыз байланысты болып келеді. Шетел  инвестициялары Қазақстан Республикасының  территориясындағы  кәсіпкерлік  қызметтің объектісіне шетел  инвесторына тиісті азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша, бағалы қағаздар, интеллектуалды қызметті және тағы басқа  мүліктерді, сонымен қатар қызмет пен ақпарат нәтижелеріндегі  ақшалай бағасына ие мүліктік құқықтар түрінде шетел капиталын салу болып табылады.

Инвестицияларды әр түрлі  қаржы құралдарын шығара отырып тарту  бүгінгі күні кең көлемде қолға  алынады. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тиізуде. Қай елде болмасын инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесіне және оны анықтайтын факторларға тікелей байланысты. Инвестициялық климатты анықтау шетел инвесторларын тарту мен пайдалану саясатының негізгі міндеті болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел инвесторларына әсер ететін факторларды анықтауға, екіншіден мемлекеттегі жағдайды тереңірек бағалауға, үшіншіден шетел субъектілерінің мінез-құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық климат мемлекетте, аймақта және қалада инвестицияның  қызмет жағын анықтайтын заңдық, нормативтік, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени және тағы басқалары  бір-бірімен байланысты факторлардың әсерінен қалыптасады. Яғни, инвестициялық  климатты бірнеше көрсеткіштер (факторлар) арқылы бағалауға болады. Оларға: экономикалық реформаның жағдайы; банк жүйесінің тұрақтылығы; саяси реформаның тұрақтылығы; табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі; инвестициялық қызметтің құқықтық реттелу дәрежесі және халықаралық стандартқа сай жасалған заңдылықтар мен нормативтік актілердің болуы; инфляция қарқыны; сыртқы экономикалық байланыстар дәрежесі; білікті жұмыс күшінің болуы; мемлекеттік нарық потенциалының сипаты (ЖІӨ, халық саны); нарық инфрақұрылымының және валюта нарығының дамуы және тағы басқалар жатады.

Шетел инвесторлары инвестициялық  климаттың бұл көрсеткіштерін бағалап  мемлекеттегі  инвестициялық климатты жағымды немесе жағымсыз екендігін  анықтайды. Егер инвестициялық климат жағымды болса, онда инвесторлар  инвестиция туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан ұзақ мерзімге бағытталған  ʺҚазақстанның 2030 жылға дейінгі  даму стратегиясынаʺ сәйкес өзінің динамикалық  дамуын жалғастыруда, сонымен қатар  біздің алдымызда – Қазақстанды  әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына енгізуіміз қажет деген стратегиялық мәселеміз тұр.

Қазақстан еліміздің экономикасына  шетел инвесторларын тарту саласы бойынша көптеген нәтижелерге жетті. Қазақстанның экономикасына тартылған  тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы  түсімінің өсулері 60-65% көлемін құрайды. Егер 2010 жылы Қазақстандағы тікелей  шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 10,6 млрд.долларды құраса (2009 жылмен салыстырғанда 60%-ға өскенін көрсетеді), ал 2011 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы 17,5 млрд.долларды құрады (2010 жылмен салыстырғанда 65%-ға өскенін көрсетеді.

2011 жылдың бірінші кварталында  тікелей шетелдік инвестициялардың  жалпы түсімдері 3,3 млрд.долларды, ал екінші кварталында 3,972 млрд. долларды құрады. Яғни, мұндай жағдайда әлемдік қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария, Ресей елдерінен белсенді түрде құйылуда.

Қазақстан экономикасының саясатының алғашқы даму кезеңдерінде тікелей  шетелдік инвестицияларды тарту  мұнай өнеркәсібіне және оның инфрақұрылымына  ірі жобаларды жасауға негізделінді. Жоғарыдағы көрсетілген тікелей  шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдерінің негізін мұнай газ саласы құрады. 2011 жылдың бірінші кварталында жалпы  инвестициялық түсімдердің көлемінің 68%-ы мұнай жобаларына бағытталынды. Мұнайдың бағасы тұрақтандырылған және оларды төмендетуді тоқтатқан жағдайды мұнай саласы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бұрынғыдай белсенді рөл атқарады. Жалпы елімізде тікелей инвестициялар негізінен мұнай өндіру және өңдеу өндірісіне, түсті және қара металлургия кәсіпорындарына, газ өнеркәсібіне және байланыстарға құйылуда. Инвестицияның көлемі бойынша ірі инвесторлардың бірі АҚШ елі болып келді. Соңғы кездері Қытай мен Ресей елдері де біздің елімізге өз инвестицияларын салуда. Бірақ, соған қарамастан қазіргі кезде мұнай-газ саласына инвестицияларды тартуда қиыншылықтар туындауда деп айтуға болады.

Сонымен қатар, Қазақстанда  экспорттық бағытталған экономиканы  және де бәсекеге қабілетті, жоғары технологияны дамыту үшін жағдайлар жасау мақсаттарында  жұмыстар жүргізілуде. Бұл алға қойылған мақсаттарға жету шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен жүзеге асырылады. Шетелдік және отандық инвесторлардың қызметтері Қазақстанда «Инвесторлар туралы» заңымен реттелінеді. Бұл заңмен шетелдік және отандық инвесторларға құқықтық режимі бірдей және заң бойынша біртұтас талаптар қойылады.

Шетел фирмаларының тікелей  инвестициялары тек ішкі капитал  салымдарының қосымша көзі ретінде  ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген  технологияларға, сыртқы нарықтағы өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Шетел инвесторлары жаңа өндірістерді тез құруға көмектесуі мүмкін. Инвестициялар нәтижесінде мемлекеттік табыстардың артуы мемлекеттің жалпы экономикалық-әлеуметтік өсуіне, тұрғындардың өмір сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін құруға жағдай туғызады.

Шетел инвесторларының пікірі бойынша, Қазақстан инвестициялық  салымдар жасау үшін тартымды нарық  болып табылады. Біздің еліміз пайдалы  қазбалар, ауыл-шаруашылығы жерлерінің қорларына және квалификациясы жоғары жұмыс күшіне бай, сондай-ақ үлкен  өндірістік потенциалға ие, бірақ  оларды тиімді қолдану үшін инвестициялық  салымдар жасалуы қажет.

Тікелей шетелдік инвестицияларды  елімізге тарту бір жағынан еліміздің өндірістік тиімділігін арттыруға және жұмыс орындарын құруға қажет. Екінші жағынан, Қазақстандық рыноктің тікелей шетелдік инвестицияға өтуі отандық өндірушілердің жұмыстарына кері әсерін тигізеді деген қауіп тудырады.

Шетелдік инвестицияларды  тарту жаңа технологияларды ендіруге, сонымен қатар менеджмент пен  маркетингтің қазіргі кездегі әдістерін  ендіруге, инвестициялық салаға жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті мамандарды үздіксіз оқытуға және де рынок жағдайына байланысты олардың  біліктіліктерін көтеруге алып келеді. Нәтижесінде, алынған техникалар мен  технологиялар отандық тауар  өндірушілердің өндірісін қолдауға және ынталандыруға алып келеді. Сондықтанда, Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту стратегиялық және тактикалық мәселелерді шешуге бағытталған объективтік қажет процесс болып табылады.

Биылдан бастап еліміз үш жылдық бюджет жоспарымен жұмыс істейді. Мұның  бір артықшылығы – үш жылдық кезеңге  арналған экономиканы және әлеуметтік саланы дамытудың басым бағыттарын заңнамалық айқындау жергілікті кәсіпкерлер  мен шетелдік инвесторларға өздерінің  бизнестерін барынша ауқымды  жоспарлауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, ʺҚазақстан-2030ʺ стратегиялық бағдарламасының жүзеге асуын ұзақ мерзімді бюджеттік жоспарлау сүрлеуден адастырмайды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы  әлемдік дағдарыстан Қазақстан  экономикасын сауықтыру үшін қазіргі  таңда атқарылатын жұмыстарды саралай  келіп, бес бағытты нақтылап берді. Оның біріншісі – банк секторын тұрақтандыру, екіншісі – құрылыс  саласын және үлескерлер мәселесін  шешу, үшіншіден – дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнестің зардап шекпеу керектігін, төртінші – ауыл-шаруашылығын ойдағыдай дамыту, бесінші – индустриялық-инновациялық бағдарламаларды дамыту.

Қазақстан Республикасында  ағымдағы жылы көптеп күткен жұмыстар қолға алына бастады. Мысалға  айта кететін болсақ, Мойнақ су электр стансасы құрылысының бірінші кезеңі аяқталса, Қазақ-Қытай магистральды газ құбыры, Батыс-Еуропа – Батыс  Қытай транзисттік автокөлік жолдарын жөндеу, Қорғаныс-Жетіген темір жолын салу жобаларын орындайтын құрылыс мекемелері анықталып, жаңа жұмыстың алғашқы қадамына негіз қаланып, инвестиция тарту арқылы жүргізілмекші.

Сонымен қатар, Қытайдағы  ʺДатангʺ корпорациясы мен Талдықорғандағы  ʺТТ - ГРУППʺ ЖШС өзара келісімге  келіп, бірлескен кәсіпорын құру арқылы Көксу өзенінен екі бірдей су электр стансасын салуды қолға  алмақшы. Өңірде қолға алынатын басқа  да жобалар толыққанды жүзеге асса, тұтынушыны қуат көзімен қамтамасыз етумен қатар оны сатып пайда  табуға да мүмкіндік бар.

Информация о работе Қазақстанда инвестициялық қызметтің дамуы