Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 17:46, курсовая работа

Описание работы

ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.

Содержание

Кіріспе........................................................................3
I. ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметі.
1.1.Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы
сауда түсінігі..........................................................4
1.2 Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі
Қазақстан...............................................................8
1.3Кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті.............12
II.Кедендік тарифтердің және баждардың қолдану тәжірибесі.
2.1 Қазақстан ДСҰ-на кіру ерекшеліктері.....................16
2.2 Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы..........................................................19
2.3 Сыртқы саудадағы тарифтік преференциялар және жеңілдіктер................................................................23
2.4 Қазақстандағы кедендік тарифтерді қолдану
ерекшеліктері......................................................26.
III. Қазақстан сыртқы сауда стратегиясы.........................
Қолданылған әдебиеттер......................................29

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 35.66 Кб (Скачать)

ҚР инвистициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлардан кедендік баж салудан босатылады. Кеден  баждарын салудан босату көзделген  кедендік режимдер шеңберінде ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және ҚР көші-қон туралы заңдарына сәйкес кедендік баж салудан босатылатын тауарлар, ҚР салық заңдарына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдары желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар кедендік баждан босатылады. Жалпы преференциялық баж салығы – шеттен әкелінетін тауарлардың барлық немесе жеке топтарын әкелу кезінде бір немесе бірнеше мемлекетке ерекше қолайлы жағдай жасау үшін мемлекет белгілейтін артықшылығы бар баж салығы.

Преференция ұғымы бұл  негізінен – артықшылық, жеңілдік, мәселен, елдер арасындағы сауданы  кеңейту мақсатымен халықаралық  келісім бойынша берілетін сауда  жеңілдігі. Ал тарифтік преференциялар бұлар: Қазақстан Республикасы мемлекеттерге  кеденді баждардан босату не оның ставкасын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота  белгілеу нысанында беретін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп айтылады.

Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасының Үкіметі  шешімі бойынша беріледі.

Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына әкелінетін және ҚР мен кеден одағын немесе еркін  сауда аймағын құратын мемлекеттерде  шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген  мемлекеттерге ҚР кедендік аумағынан  әкетілетін және ҚР шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Қазақстанның кедендік аумағына әкелінетін және ҚР ұлттық преференциялар жүйесін  пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын  тауарлырға төмендетілген ставка бойынша  кеден баждары салынады. Мұндай мемлекеттермен тауарлардың тізбесін, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету  деңгейін ҚР Үкіметі айқындайды. Осы  кедендік тарифтік преференциялар Кеден  кодексінің 7-тарауында яғни тауарлардың  шығарылған елін анықтаудағы көзделген  шарттарды сақтаған жағдайда беріледі.

2.4.Қазақстандағы  кедендік тарифтердің қолдану  ерекшеліктері.

Кеден тарифтік дамуындағы жаңа кезең – « Кеден тарифтері  және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл  заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізіне тарифтік шаралар  жатады.

Қазақстанның кедендік тарифтік механизмдерін пайдалану барысында  келесі негізгі мақсаттар шешіледі: реттеуші, сауда-саяси, фискалды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік  тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 жылғы 20-шілдедегі ҚР Президентінің  « ҚР кеден ісі туралы» Қаулысы  жатады.

Кедендік тарифтердің  қолданудың нақты мақсаттарына мыналар  жатады:

- ҚР тауар енгізудің  тауарлы құрлымын реттеу;

- ҚР тауарлар, валюталық  табыстармен шығындарды кіргізу  және оны шығарудың оңтайлы  қатысын ұстау;

- ҚР тауарлар өндірісімен  тұтыну құрлымында озық өзгерістер  жасауға жағдайлар жасау;

- ҚР әлемдік экономикаға  тиімді шоғырлануына жағдай жасау;

ҚР кеден тарифі Қазақстан  Республикасының кеден шекарасынан  өткізілетін тауарларға қатысты  кеден баж салығы мөлшерлемесінің  жиыны. Сыртқы экономикалық қызметтің  тауарлы номенклатурасы ҚР Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.

Кеден баж салығы мөлшерлемесі ортақ және жеке тұлғалар, мәміле түрі және басқа факторларға қатысты, заңға қатысты көрсетілгеннен өзге өзгермейді.

Шекті мөлшерлемелер Қазақстанға  жақсы әсер ету режимі қолданылатын елде жасалынатын тауарларға салынады. Ал мұндай режим жоқ немесе шығару елі белгісіз тауарларға қойылатын  енгізу мөлшерлемелері заңды негізде  екі есе артады.

Шығарылатын тауарлардың  баж салығы мөлшерлемесі мен олар қолданылатын тауарлар тізімі және сыртқы экономикалық реттеудің тарифтік емес құралдары ҚР Үкіметімен анықталады, әрі Қазақстан территориясында  сыртқы экономикалық қызметті реттеудің  шаралары болып табылады.

ҚР « ҚР кеден ісі  туралы заңы» заңы кеден төлемдеріне  арналған 40-баптан тұрады.

Заң мынадай кеден төлемдерін (баж, алым, төлем) қарастырады: кеден  бажы, мезгілдік баж, арнайы баж, демпингке  қарсы баж, өтемдік баж; кеден  органдарының лицензия бергені үшін алынатын алым; кедендік ресімдеу бойынша  маманның біліктілік аттестатын бергені  үшін алынатын алым, кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік алымы, тауарларды сақтау үшін алынатын кеден алымы, тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымы, ақпараттандырғанымен кеңес бергені  үшін ақы, алдын ала шешім қабылдағаны  үшін төлемақы, кеден аукциондарына  қатысқаны үшін төлемақы.

Бұдан кейінгі өзгерістерде кеден бажының өзінен басқа, сондай-ақ ақпараттандырғанымен кеңес бергені  үшін және кеден аукциондарына қатысқаны  үшін төленетін төлемақыдан басқа  барлық баждар алынып тасталды.

Қорытынды.

Әр елдегі кедендік қызметтің  ұйымдастырушылық құрылымы – елдің  экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен  ауқымына тәуелді болады.

Кедендік тарифтер қазіргі  кездегі сыртқы сауданы реттеудің  негізгі элементі болып табылады. Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.

Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде  экспорттық-импорттық ағымдардың базаның  көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден  салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің  түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін  беру тәртібін анықтайды.

1991 жылғы 16-желтоқсаннан  бастап тәуелсіз мемлекет деп  жарияланған Қазақстан Республикасы  жөнінде сөз қозғалып отырғандықтан,  заңды және тұлғалар да, жалпы  алғанда, бүкіл республика оның  өзі халықаралық саудаға белсенді  түрде қатыса алады.

Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез-келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екенін атап өту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің  кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі  шарттарды ұсынатын көптеген елдер  қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру кезінде  серіктесті анықтау қажеттілігі  туындайды.

Сондықтан тауар өндіріген  елді анықтаудағы мақсат – Қазақстан  Республикасы территориясына әкелінген  және оның шекарасынан әкетілу процесінде тарифтік және бейтарифтік реттеуді жүзеге асыру қажет.

Қорыта айтқанда Қазақстан  Республикасында кеден саласы –  сыртқы сауданың реттелуіне өз үлесін қосып, ел экономикасының өркендеуіне  өз ықпалын тигізуде.

Қолданған әдебиет  тізімі

1. Андреещев Р.Ю. «Один  шаг вперед, два шага назад», электронды  құжат: http://www.ebiblioteka.ru/ sources/ article;

2. Андреещев Р.Ю. «Проблемы  торгово-экономических отношений  России и Казахстана» Доклад  на научной конференции «Актуальные  проблемы международных отношений  в начале XXI века», ақпан 2001. РФ  СІМ Дипломатиялық академия. http:// www.ebiblioteka.ru;

3. Елемесов «Халықаралық  экономикалық қатынастар» Алматы 2001 ж;

4. Ержанов «Халық аралық  экономикалық қатынастар» Алматы 1999 ж;

5. Жуков Е.Ф. «Халықаралық  экономикалық қатынастар» Москва 1999ж;

6. «К вопросу о межрегиональном  приграничном сотрудничестве с  Казахстаном» Ресейдің СІМ ТМД  елдері Үшінші деартаментінің  анықтамасы, 2000 ж шілде, www.ebiblioteka.ru;

7. Майдан-Әли Байгісиев  «Халықаралық экономикалық қатынастар»  Алматы 1998 ж;

8. Мамыров Н.Қ «Халықаралық  экономикалық қатынастар» Алматы 1998ж;

9. «Международная экономика» I том Москва «Международные отношения» 2000 г;

10.Николаенко В. Россия  и Казахстан. «Международная жизнь», 1998. №11-12;

11.Ресей-Қазақстан Сауда-экономикалық  сабақтастығы. Ресейдің СІМ ТМД  елдері Үшінші деартаментінің  анықтамасы, 1999 ж қыркүйек, www.ebiblioteka.ru;

12. Сахариев С.С, Сахариева  А.С. «Әлем экономикасы» I том,  Алматы 2003 ж;

13. Семенов К.А. «Халықаралық  экономикалық қатынастар» Москва 1998ж;

14. Стюарт Ю. «Соглашение  о партнерстве между ЕС и  Казахстаном – спустя 5 лет». Мысль  – 2005 №2;

15. Саясат журналы «1999 жылдың I жартысындағы Қазақстан  Республикасы экспортының даму  тенденциялары» 1999 ж тамыз;

16. Токаев К. «Политика  новой эпохи» РФ 1999 №19;

17. Экономика Республики  Казахстан. Ресейдің СІМ ТМД  елдері Үшінші деартаментінің 


Информация о работе Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері