Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 17:46, курсовая работа

Описание работы

ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.

Содержание

Кіріспе........................................................................3
I. ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметі.
1.1.Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы
сауда түсінігі..........................................................4
1.2 Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі
Қазақстан...............................................................8
1.3Кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті.............12
II.Кедендік тарифтердің және баждардың қолдану тәжірибесі.
2.1 Қазақстан ДСҰ-на кіру ерекшеліктері.....................16
2.2 Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы..........................................................19
2.3 Сыртқы саудадағы тарифтік преференциялар және жеңілдіктер................................................................23
2.4 Қазақстандағы кедендік тарифтерді қолдану
ерекшеліктері......................................................26.
III. Қазақстан сыртқы сауда стратегиясы.........................
Қолданылған әдебиеттер......................................29

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 35.66 Кб (Скачать)

— Жеке тұлғалар тауарларды оңаңтылған тәртіппен өткізу кезінде  кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгіленген  жиынтық кедендік төлем түрінде  төленуі мүмкін.

Кедендік төлемдер ставкаларының  мынадай түрлері бар:

1. Салық салынатын тауарлардың  құнына процентпен есептелінетін  – адваларлық ;

2. Салық салынатын тауарлардың  бірлігі үшін белгіленген мөлшерде  есептелінетін – ерекшелікті;

3. Кедендік төлемдер ставкаларының  аталған екі түрін де ұштастыратын  – құрамдас болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының  кедендік төлемдеріне толықтай тоқталып өтетін болсаң:

1. Кедендік баждар.

Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау  кезінде төленеді, бұларға орналастыру  жағдайы Қазақстан Республикасының  кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді. Кедендік баждардың  ставкаларын Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейлі және оларресми  жарияланғаннан кейін күнтізбеліп  отыз кү өткен соң күшіне енеді.

2. Кедендік алымдар.

Кедендік алымдарға:

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым; кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым; тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.

Көрсетілген іс-әрекеттерді  орындағаны үшін кеден органдары  шығындарының құны кеден алымдарының  мөлшерін айқындау үшін негіз болып  табылады.

3. Алымдар Кеден органдары  алатын алымдарға: лицензия бергені  үшін алым; кедендік ресімдеу  жөніндегі маманның біліктілік  аттестатын бергені үшін алым  жатады.

Осы белгіленген алымдардың бірінші тармағын алымдар мөлшерін ҚР-сы Үкіметі айқындайды.

4. Алдын ала шешім үшін  төлемақы.

Тауарлардың жіктемесіне, шығарылған елін және құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны  үшін ҚР-ның үкіметі белгіленген  мөлшерде алдын-ала шешім үшін төлемақы алынады.

Күрделі кеден тарифі –  айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық экономикалық одақ қалыптасқан  нақты елдерге ғана таралған, сондай-ақ, оған дамушы елдер де кіреді. Жеңілдіктер  мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі  нөлдік маңызын көрсетеді, яғни бұл  салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі  кеден тарифі қосымша демпипке қарсы  және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді  қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз көтереді. Конго, Венесуэлла, Мали елдерінде күрделі тариф  қолданылады.

Кедендік тариф – тариф  ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда  процесі нарықтық реттеуге жатады. Кеден салығы – ақша жинағы ретінде  не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді.

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым.

Тауарлармен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде  кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.

Тауарларды сақтай үшін кедендік алым.

Иелері кеден органдары  болып табылатын кеден қоймалары  мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін ҚР-ның үкіметі  белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар  алынады.

Кеден тарифтері – тауарлардың  жүйеленген тізіміне төленетін ақының мөлшерін айқындайтын мөлшерлеме жүйесі.

Тариф – түрлі қызметтер  ресми түрде белгілейтін ақы  төлеу жүйесі. Мысалы: көлік тарифі, комуналды қызмет тарифі, кеден тарифтері.

2. Кедендік тарифтердің  және баждардың қолдану тәжірибесі.

2.1 Қазақстан Респулбикасының  Дүниежүзілік Сауда Ұйымына

кіруі ерекшеліктері.

Дүниежүзілік Сауда Ұйымына  кіру мәселелеріне тоқтамас бұрын, «Дүниежүзілік  Сауда Ұйымы дегеніміз не?»  деген сұраққа жауап берейік.

1994 жылға дейін жұмыс  істеген ГАТТ (Генеральное соглашение  по тарифам и торговле) ұйымының  нормаларын ескеріп отыратын  ДСҰ өз қызметін 1995 ж. 1-қаңтардан  бастады.

ДСҰ жалпы институционалды  шектеулерді құруды қарастырады. Жаңа ұйым өз қызметтерінде жанжалдарды реттеу ережелері туралы Меморандумын және сауда саясатын қайта қарастыру Механизмін жетекшілік ету керек.

ДСҰ-ның негізгі мақсаты  болып өмір деңгейін жоғарылату үшін мүше мемлекеттердің коммерциялық және экономикалық бағытын мыналар арқылы жүзеге асыру болып табылады:

- толық жұмысбастылықты  қамтамсыз ету;

- тауар мен қызметтердің  өндірісін және сауда айырбасын  өсіру;

- ұзақ мерзімді даму, қоршаған  ортаны сақтау мен қорғауды  қамтамасыз ету мақсатында шикізат  көздерін оңтайлы пайдалану.

Сыртқы сауданы реттеуді қолдану үшін ГАТТ-ның Уругвайлық раунд шешімі негізінде және басқа  да кейбір келісімдер бойнша рұқсат етіледі. Мысал үшін келесідей шараларды  қолдануға рұқсат беріледі:

o -экономикалық емес мақсаттардағы  сыртқы сауданы әкімшілік шектеу;

o -экономикалық тығырықтан (ұлттық өндіріске келтірілген  зиян, төлем балансының тепе-теңдігінің  бұзылуы және т.б.)шығу мақсатында  сыртқы сауданы әкімшілік шектеу;

o -шетел тауарларын жабдықтаушылардың  әділетсіз бәсекелестігін қатаң  шектеу;

o -экспорттаушы және импорттаушы  елдердің фирмалары немесе үкіметінің  өзара келісімі бойынша эспорт  пен импортты ерікті түрде  шектеу.

Алайда, кейбір экономикалық емес мақсаттарда қолданылатын шаралар, саналы түрде протекционистік мақсаттарда  қолданылады. Сонымен қатар 2000 жылы экспорт пен импортты ерікті түрде  шектеу жойыту керек болатын, ал әділетсіз  бәсекелестікті шектеу шараларының  жұмыс ітеу мерзімі 5 жылға дейін  шектелді.

2001 жылы ДСҰ-ға кірген  ҚХР-дың мысалы осы саладағы  мәселелердің бар екендігін куәландырады. Қытай 200 маңызды ескертпелермен  ДСҰ-ға қабылданды. Сонымен қатар,  Қытай шетел инвесторларына өзінің  ішкі сақтандыру нарығын толығымен  ашу керек және ел экономикасының  дамуында маңызды роль атқарған  арнайы экономикалық аймақтардағы  инвестициялаудың ерекше шарттарын  жою керек болды. 15 жыл ішінде  Қытай нарықтық экономикасы бар  мемлекет деп саналмайды, яғни  қорғаныс ретіндегі антидемпингтік  процедураларды қолдана алмайды  және ДСҰ-ның Roster сотына шағымдана  алмайды. Бұнымен мемлекет ДСҰ-ға  қайта қабылданған мүшелерінің  маңызды құқықтарының бірінен  айрылған болып табылады. ҚХР-ды  қабылдау кезіндегі алдына қойылған  шарттарға сай келуінің көзқарасына  сәкес ДСҰ экономика саласындағы  және экономиканы реттеу тәжірибесіндегі  елдің заңнамасына мониторинг  жүргізеді.

ДСҰ-ға кірген жағдайда Қазақстан  Республикасының енді дамып кле  жатқан өндірісіне экономикалық қауіп  төнуі мүмкін. Бұл өз кезегінде  ДСҰ-ға мүше елдер протекционизмді  қолдана алмайтындығы белгілі болып  тұрған жағдайда олардың, яғни отандық  өндірушілердің өндіріс мүмкіншіліктерін нашарлауына әкеліп соғады. Мысалы, технологияның дамымау салдарынан кластерлік жүйені кемеліне дейін жеткізу  ұзаққа созылып жатыр, тіптен қанша  уақыт алатыны белгісіз. Ал дамыған  елдердің ДСҰ-ға кіруі кедергісіз болмағаны  жоқ, оның өзінде ол мемлекеттердің экономикасы  біздің елге қарағанда анағұрлым  жоғары болатын (Австрия, АҚШ, ҚХР).

Қорытындылай келе, Қазақстан  Республикасының ДСҰ-ға кіру мәселелерін  қысқа уақыт мерзімінде шешу мүмкін емес немесе ол шешім оңды нәтижелерге  әкелмейді. Себебі коптеген елдер, мысалы ҚХР мен Араб Әмірлігі сияқты елдер  ДСҰ-ға кірмес бұрын олардың алдында  тұрған шарттарды орындау үшін көптеген жылдар бойы дайындалды. Олар өз заңнамалары  мен нарыққа деген дәстүрлі козқарастарын  өзгертуге мәжбүр болды, ал оны кез-келген мемлекет жүзеге асыра алмайды.

ДСҰ сияқты ұйымға Қазақстан  Республикасының кіруі біздің өнімдеріміздің сертификациясын, стандартизациясын  және, әрине, оның сапасының жоғарылауын  білдіретін болады. Дегенмен, олар жалпы  ел үшін және ұлттық экономиканың жеке салалары үшін маңыздылығы жағынан  бірдей емес, тіпті қарама-қайшы  болуы айқын. Мұнымен ДСҰ-ға кіру жайлы радикалды көзқарастарды  түсіндіруге болады.

2.2Сыртқы экономикалық  қызметтің тауарлық номенклатурасы.

ҚР кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар сыртқы экономикалық қатынастардың тауарлық номенклатурасы арқылы тауар кодтарының сәйкесінше өткізіледі.

Сыртқы экономикалық қызметтің  тауарлық номенклатурасы дегеніміз  – сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік  реттеу мақсатында тауарлардың жүйелік  тізімі, бұған тауарлардың толық  атауы, қажеттілігі және өлшем бірлігі  берілетін кодтар кіреді.

Сыртқы экономикалық қызметтің  тауар номенклатурасы – цифрлық  белгі немесе цифрлық белгілер тобы ( кодтары) түріндегі тауар топтарын, позицияларын, кіші субпозицтяларын  қамтитын тауарлар жіктеушісі. Жіктеудің  кезкелген деңгейіндегі позицияларға ескертулер, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын  түсіндірудің негізгі ережелері  Сыртқы экономикалық қызметтің тауар  номенклатурасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметтің  тауар номенклатурасы тарифтік және тарифтік емес реттеу ҚР кедендік статистикасын  жүргізу үшін қолданылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын  ҚР үкіметі бекітеді. ҚР қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтің тауар  номенклатурасы Дүниежүзілік кеден  ұйымының тауарларды сипаттаумен кодтаудың  үйлестірген жүйесіне және ТМД-ның  Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес келеді.

ЕврАзЭҚ елдерінің сыртқы экономикалық тауарлық номенклатурасы ТМД елдерінің тауарлық номенклатурасының  негізінде құрылған. Ал ТМД елдерінің  сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы Гармониялық жүйенің  негізінде құрылған. Гармониялық  жүйе туралы халықаралық конвенцияға 1988 жылы 1қаңтарында қол қою күшіне енген бұл құжатқа қосымша  болып гармониялық жүйенің номенклатурасы болып табылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы Сыртқы экономикалық қызметті мемлекетті реттеу үшін статистика ақпаратты жинау  үшін қолданылады. Сонымен қатар  ҚР кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар декларациялау мемлекеттік  маңызы бар тауарлардың экспортын  және импортын бейтарифтік реттеу шараларын  қолдану.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі  өклетті орган сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын  жүргізуді жүзеге асырады.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі  өклетті орган:

1. Халықаралық ұйымдарда  халықаралық негізді әзірлеу,  өзгерту, толықтыру, түсіндіру  және қолдану бөлігінде Қазақстандық  тараптан өкілдік етеді. Сыртқы  экономикалық қызметтің тауар  номенклатурасы халықаралық негізінің  өзгерістерімен толықтыруларын, бұл  негізді түсіндіру жөніндегі  халықаралық анықтаулар мен шешімдерді  қадағалауды қамтамасыз етеді.

2. Сыртқы экономикалық  қызметтің тауар номенклатурасын  оның халықаралық негізіне сәйкес  келтіру жөнінде Қазақстан Республикасының  Үкіметіне ұсыныс енгізеді,мүдделі  мемлекеттік органдармен бірлесіп  сыртқы экономикалық қызметтің  тауар номенклатурасын әзірлеу,  өзгерту және толықтыру туралы  ұсыныстар дайындауды қамтамасыз  етеді.

3. Сыртқы экономикалық  қызметтің тауар номенклатурасының  эталон данасын әзірлейді және  оны сайма-сай қалыпта ұстап  отырады. Сыртқы экономикалық  қызметтің тауар номенклатурасын, халықаралық түсініктемелермен халықаралық негізді түсіндіру жөніндегі шешімдердің жариялануын қамтамасыз етеді.

4. Жекелеген тауарларды  жіктеу бойынша орындау үшін  міндетті шешімдерді әзірлейді,  бекітеді және жариялауды қамтамасыз  етеді. Сыртқы экономикалық қызметтің  тауар номенклатурасын жүргізуге  қажетті өзге де функцияларды  жүзеге асырады.

Сыртқы экономикалық қызметтің  Тауарлық номенклатурасында тауарларды жіктеу, тауарларды декларациялау кезінде  декларант олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодын дұрыс көрсетпеген  жағдайда кеден органы мұндай тауарды  өз бетінше жіктеуге құқылы.

Кеден органдарының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдер міндетті болып табылады. Кеден органдарының шешімдеріне кедендік кодексте белгіленген  тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Тауарларды жіктеу кезінде кеден  органдары тауарлар кодтарын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес қолданылады. Тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ сараптама ұйымдары беретін  қортындылар, анықтамалар, сараптама  актілері көмекші (ақпараттық) сипаттама  болады және тұлғаларды жіктеу кезінде  назарға алынады. Тұлғаның сұрату бойынша  кеден органы осы бөлімге сәйкес тауарлардың жіктемесі бойынша  алдын ала шешім қабылдайды.

Сыртқы экономикалық қызметтің  тауарлы номенклатуралары ҚР Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.

2.3Сыртқы саудадағы  тарифтік преференциялар және  жеңілдіктер.

Преференцияның жалпы  жүйесі – даму және сауда жөніндегі  БҰҰ конференциясында қабылданған  дамушы елдерден шығатын тауарлар туралы жеңілдетілген кеден режимі.

Кедендік төлем бойынша  жеңілдіктер ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты  кедендік төлемдердің босату түріндегі  жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсіндіріледі. Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер  Кеден кодексінің 330 және 331 баптарында көзделген жағдайларды қоспаларда, дербес сипатта бола алмайды. ҚР басқа  нормативтік құқықтық актілерінен  кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер  беруге тиым салынған.

ҚР кедендік төлемдер салудан  босату кедендік кодексте жазылып көрсетілген. Кедендік баждарды салудан: жүктерді, багажбен жолаушыларды тұрақты халықаралық  тасымалдауды жүзеге асыратын көлік  құралдары, сондай-ақ жол жүру кезінде, аралық аялдама бекеттерінде оларды пайдалануға қажетті немесе осы  көлік құралдары апаттарының  зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшін шетелден сатып алынған материалдық  техникалық жабдықтау заттары, керек  жарақтар, отын, азық-түлік және де басқа  мүліктер босатылады. Ұлттық және шетел  валютасы сондай-ақ олардың ҚР заңдарына  сәйкес бағалы қағаздар кедендік баждарды салудан босатылады. Ізгілік көмек  ретінде ҚР кедендік аумағына әкелінетін немесе ҚР кедендік аумағынан әкетілетін, акцизделетін тауарлардан басқа  тауарлар кедендік баждардан босатылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері