Қазақстан республикасының инвестициялық заңнамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 20:17, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады.
Тәжірибеден өткен технологияларға арналған ерекше орталықтар нарықтың өсуіне ықпал жасайды. Мемлекет саясаты энергияны балама энергияға айналдыру жұмыстарының қаржыландыруын қамтамасыз етеді және ол қаржыландыру перспективасын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне өз кандидатурасын ұсынуы, әрі «Болашақтың энергиясы» атты жаһандық мүдделерді топтастыратын тақырыпты таңдауы әлем назарын өзіне аударатыны хақ. Өйткені, адамзат алдындағы күрделі мәселе – энергияға деген тапшылықты жойып, балама қуат көздерін кеңінен іске қосатын кез келді. Адамзат баласына көмірді, мұнайды, газды толығымен игеруге орта есеппен 40-50 жыл кетті, балама энергетиканы игеруге де шамамен сонша уақыт керек. Бұл шара – біздің елімізде балама энергетиканың қарқынды дамуына жол ашары сөзсіз.
Н.Ә. Назарбаевтың бастауымен «ҮІІ Еуразиялық Kazenergy» форумы, «Expo-2017» бүкіләлемдік көрмесі, «Астаналық Экономикалық форумдары» өтті. Сонымен қатар елбасының жасыл экономика ұсынысы да экономиканы дамытуда балама көздерді қарастырады.
Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестицияларын тарту макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

Иивестиция түсінігі.......................................................................................4

Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасы.........................6

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................11

Работа содержит 1 файл