Жастар арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2012 в 09:57, курсовая работа

Описание работы

Шымкентте "Жасөспірім" деп аталатын шараның барысында 179 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Работа содержит 1 файл

Жастар арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу жолдары.doc

— 120.00 Кб (Скачать)

- 2002 жылы мектептер  мен балабақшаларға шабуыл жасаған  Саудагеровтың бандалық тобы  тұтқындалды. Бұл бандалық топ  аса қатігездікпен күзетшіні  азаптап өлтірген. Саудагеровтың  өзі 30 жаста, тобындағы жастардың жас ерекшеліктері 18-25 жас аралығын қамтиды. Жәбірленушінің туыстары қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді сұраған. 

Бүгінгі күні қылмыскерлер қатарын нәзік жанды қыздардың  толықтырып отырғандығы ешкімді  таң қалдырмайды,-дейді Арман Жусанбай. Біз қызмет барысында қыздар арасында саналы түрде жасалған талай қылмыстық оқиғаның куәсі болдық. Біздің елде қылмыс жасарып барады. Бұл мәселе құқық қорғаушыларды алаңдатып отыр, - дейді ол. 

- 14-18 жас аралығындағы 1661 жасөспірім қалада құқық қорғаушылардың арнайы есебінде тұрады. Олардың 1216-сының отбасылық әлеуметтік жағдайы төмен. Біздің қолымыздағы мәлімет бойынша соңғы тоғыз айда 99 ата-ана өздерінің ата-аналық құқығынан айырылды. Жастар өздерінің қылмыстық әрекеттерінің себебін жұмыссыздықтан, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдан көреді. Өздерін еш кінәлі санамайды. Қиыншылықтан шығудың басқа жолын қарастырғылары келмейді. Мәселенің бәрін әлеуметтік жағдайдың қиындығына тіреп қойсақ онда біздің елде қылмыскер емес адам табылмайтын шығар, - дейді ол. 

Осы хабарды  дайындау барысында біздер жастар арасында болған 1 қылмыстық оқиғаның куәсі  болдық. Небәрі 20 жастағы жігіт жұмысы жоқтықты сылтау етіп, пышақ көрсету  арқылы қарақшылық шабуыл жасап, қылмысқа барды. Жәбірленушінің 50 еуро ақшасымен сымсыз телефонын тартып алған. Қылмыскер 20 минут өткеннен кейін полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Онда 1700 студент жастар бар. 35 отрядтағы 458 жас колледждерде қызмет атқарады. Жастардың қоғамдық тәртіпті сақтауға ат салысуы жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға ықпал етеді дейді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлімінің бастығы Асқар Қажмағанбетов. Алайда, оның айтуынша, өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда биылғы жылы республика бойынша жастар арасындағы қылмыс 2,4 пайызға өсіпті. Ал, жастардың көпшілігі полицияға көмектесетін мұндай жас сақшылары жасағы болғанын құптайды, дегенмен бұған аса ықылас танытпайтындары да кездеседі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жасөспірімдер  ісі жөніндегі бөлімінің бастығы Асқар Қажмағанбетов жас сақшылар өз оқу орындарында болатын әртүрлі шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысады деген сенімде. 

- Олар ішкі  істер басқармаларындағы жасөспірімдер  ісі жөніндегі инспекторларға  тәртібі төмен балалармен жұмыс істеуіне көмектеседі. Жас сақшылар полициямен қоян-қолтық жұмыс істей бастағаннан кейін құқықтық сауаттылықтары да өсе түседі, - дейді А.Қажмағанбетов мырза.

Оның айтуынша, жастар арасындағы қылмыс әлі де проблема күйінде қалып отыр. Ол Павлодар облысының Екібастұз қаласында полицияға көмектесетін жас сақшылар отрядындағы 62 студенттің әрбір учаскелік полиция бөлімшесіне бекітіліп қойған.

- Бұл отряд  мүшелері қаладағы қоғамдық көліктерде  тегін жүреді және олардың  көмегімен өткен жылы 17 қылмыстың беті ашылды, - дейді А.Қажмағанбетов мырза. 

Алайда, Ішкі істер  министрлігінің өкілі жас сақшылардың  республика бойынша қанша қылмысты ашуға атсалысқандығы туралы мәлімет  жоқтығын атайды. Астанадағы мектептердің біріндегі жоғары сынып оқушысы Айнұр жастары жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторларға көмектесетін жас сақшылар отрядының құрылуын құптайды. Жастар кешкі уақыттарда қыдырады. Сол кезде жақын маңдағы полиция учаскелеріне көрген тәртіп бұзушылықтарды айтып көмек көрсетеді. Өйткені, жас балаларды ұрып-соғып кету секілді оқиғалар кеште көп кездеседі деп отыр.  

- Астанадағы  Сарыарқа ауданы бойынша полиция  учаскесінің мамандары бізге  қалай қорғану керектігін үнемі  үйретеді. Біздің сыныпта қоғамдық  тәртіпті сақтауға ат салысатын  арнайы топ бар. Оған көбіне ер балалар қатысады. Қызығушылық білдіретін қыздар да бар, - дейді Айнұр. 

Айнұрдың құрбысы  Гүлзат та жас сақшылар отряды жұмысын  құптайды. Жол тәртібін сақтауға көмектесетін жас сақшылар кішкентай балалардың жолдан өтуіне, тіпті оларды ренжітіп жатса оған да олар көмектеседі. Бір жағынан өз құқықтарын білуге үйренеді дейді ол. Гүлзаттың пікірінше, жастар арасындағы қылмыс отбасындағы тәрбиеден және бала араласатын ортаға байланысты дейді. Ал Еуразия ұлттық университетінің студенті Айда Тұрдалиева полиция көмекшісі жұмысын өзінің атқара алмайтынын айтады. Ресми деректерге қарағанда, биылғы жылдың жазында Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск қаласында колледждің 50-ге тарта оқушысы полицейлерге көмектеспек екен.

Жеткіншектердің қылмысқа ұрынуына себептер көп. Ең әуелі, отбасындағы берекесіздік баланы қылмысқа итермелейді.  

Екіншіден, тәрбиеге шақыратын тиісті мекемелердің мәселеге атүсті, салғырт  қарауы қынжылтады. Облыстық ішкі істер департаментінің,  кейбір аудандық ІІБ-ның кәмелетке  толмағандар ісі жөніндегі бөлімше инспекторлары тек істі тіркеумен, анықтаумен шектеліп, тәжірибелік жұмыстарда жайбарақаттық танытады. Өткен жылы осындай жұмыспен айналысатын инспектордың өзі жас жеткіншекті сабап, сот үкімімен бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға кесілуі    жастары 18-ге толмағандардың конституциялық құқығын қорғаудың орнына заңға қайшы әрекет жасағанын  көрсетеді.

Өткен жылы Орал қаласындағы кәмелетке толмағандарды  уақытша ұстау, сауықтыру, бейімдеу орталығына барлығы 271 жасөспірім жеткізілген.  Сондай-ақ  кәмелетке толмағандар арасында тіркелген қылмыстардың ішінде өзгенің мүлкін ұрлау фактісінің көбейе түскені кім-кімді де ойландыруы тиіс. ҚР «Отбасы және неке

туралы» Заңының 62-бабында атап көрсетілгеніндей, кейбір ата-аналар  балаларына мүмкіндігінше дұрыс тәрбие беріп, олардың адал еңбек етіп, толыққанды азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетін орындамайды.  Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың орын алу себептері мен күрделі қылмыстық  қалыптасқан жағдайларға облыстық прокуратура назар аударып, қолға алынған шаралар нәтижесінде сол жауапты органдардың жұмысы жандана бастады. Қалай десек те, қылмыс күшіне мінген сайын таяқтың бір ұшы ішкі істер бөліміне тигені рас. Демек, сала басшыларының өз міндеттеріне сергектікпен қарағаны жөн. Үшіншіден, жасөспірімдер қылмысының етек алуына білім  ошақтарының да кінәсы жоқ емес. Егер мектеп қабырғасында үйірмелер ұйымдастырылып, түрлі ойындар, спорт жарыстары қаланың әр көшесінде, ауласында тұрақты түрде өтіп тұрса, оқушының бос уақыты тектен-тек көше кезумен өтпес еді.

Мектептерге бекітілген инспекторлар да қас-қабақты бағып  өскен жетім балалармен, оларға бекітілген ата-аналармен байланыс жасап, бала тәрбиесіндегі олқылықтарға жүйелі бақылау жүргізудің орнына енжарлық танытады. Инспекторлар жалпы қылмыстың алдын алу негізінде мектептерде  кеңейтілген кеңестердің жиі өткізіліп тұруына мұрындық болулары керек.

Осындай кемшіліктерді  зерттеген облыстық прокуратура  өткен жылы құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде білім беру, тәрбие мекемелері басшыларының қатысуымен қаралып, орын алған олқылықтарды жоюға мүдделі органдарға ұсынбалар берілді. әр мектеп бойынша қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар жөнінде мәліметтер көрсетіліп, білім бөлімдерінде аталған мәселеге жауапкершілікпен қарап, мектеп қабырғасында қылмыс жасалуына жол берген лауазымды адамдардың тәртіптік жауапкершілігін шешу қаралуда. Бұл ретте прокурор  мұғалімдерді не мектеп басшыларын кінәлау, жазалауды мақсат тұтпайды, ең басты мәселе – бала тәрбиесіне түбегейлі бет бұруға қол жеткізу.  Қазіргі кезде облыстық ішкі істер департаментінің бастамасымен қала әкімдігі және  жоғары оқу орындарының үш жақты келісімшарты жасалып, қылмыс атаулының, әсіресе, жастар мен жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылықтың алдын алуға қам жасалуда. Мұндай бағыттағы іс-шаралар өз нәтижесін беруі тиіс.

Информация о работе Жастар арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу жолдары