Жастар арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2012 в 09:57, курсовая работа

Описание работы

Шымкентте "Жасөспірім" деп аталатын шараның барысында 179 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Работа содержит 1 файл

Жастар арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу жолдары.doc

— 120.00 Кб (Скачать)

Жастар  арасындағы құқық  бұзушылық және оның алдын алу жолдары

     Ақтөбе  қаласында жасөспірімдер арасындағы қылмыс бой алып барады. Шымкентте "Жасөспірім" шарасының барысында 179 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

      Шымкентте "Жасөспірім" деп аталатын шараның барысында 179 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. "Жасөспірім" және "Отбасы және тұрмыс" деп аталатын шаралар Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшылығымен 27-28-қыркүйекте өткізілді. Оған полицияның күзет қызметі, учаске инспекторлары, кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі инспекторлар қатысты. Шара барысында араққұмарлық пен нашақорлыққа бой алдырған және бұрындары заң бұзғандығымен көзге түскен адамдардың үйлері мен пәтерлеріне рейдтер жүргізілді. Соның нәтижесінде балаларына дұрыс қарамаған 179 ата-ана ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса заң бұзуға бейімдігі байқалған 82 жасөспірім, соның ішінде жасөспірімдердің үш тұрақты қылмыстық тобының мүшелері профилактикалық тіркеуге алынды.

Биылғы жылдың 8 айында облыста осындай тіркеуге алынған жасөспірімдер саны 751-ге жетті. 

Таразда "Жасөспірім : проблемалар және заң" тақырыбындағы акцияның қорытындысы шығарылды

Таразда құқық қорғау мекемелерінің үйлестіру кеңесі биылғы оқу жылының соңында ұйымдастырылған "Жасөспірім : проблемалар және заң" тақырыбындағы акцияның қорытындысын шығарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Жамбыл облыстық прокуроры Қабдолла Төлегеновтың өз баяндамасында атап көрсеткеніндей, акция аясындағы бір айдың ішінде 56 жасөспірім сотқарлығы және ішімдікке әуестігі үшін , ал 26 ата-ана бала тәрбиесі жөніндегі міндетін тиісті деңгейде орындай алмағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Шара барысында қаңғыбастыққа бой алдырған 100 жасөспірім айқындалып, кәмелеттік жасқа жетпеген 34 бала уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орталығына орналастырылды.

Жамбыл облысы бойынша тұтастай алғанда ішкі істер органында тіркеуде тұрған 812 берекесіз отбасында 1381 бала тәрбиеленеді. 53 адам ата-аналық құқығынан айрылған. Сонымен бірге акция аясында прокуратура бюджет қаржысын мақсаттан тыс пайдалану дерегін әшкереледі. Мәселен, мектеп игілігіне жұмсалатын қаржының 1 проценттен кем емес мөлшері кедей отбасынан оқитын балаларға арналуға тиіс. Алайда Жамбыл облыстық білім беру басқармасы бұл мақсатқа тиісті 3,7 млн. теңгенің орнына небәрі 1,5 млн. теңге бөлген. Оның өзінде бұл қаржының тең жартысынан астамы, яғни, 800 мың теңгесі жаңа жыл меркесін өткізу және мектеп түлектеріне арнап аттестат сатып алу мақсаттарына жұмсалған. Соның салдарынан 72 тұлдыр жетім, 939 жартылай жетім бала мен көзі тірі болса да ата-ананың мәпесіне зәру кәмелеттік жасқа жетпеген 112 жасөспірім тиісті көмек-жәрдемнен қағылған деп мәлімдеді Қ.Төлегенов.

Сонымен қатар, 458 орта мектептің 90-ы білім беру жөніндегі лицензиясыз жұмыс істегені белгілі болды. Акция нәтижесінде 6 қылмыстық іс қозғалып, 55 лауазым иесі тәртіптік, 127 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заң бұзудың себеп-салдарын арылту жөнінде 27 ұсыныс жолданып, 12 шағым түсірілді.Өздеріңізге белгілі, қалада жастар арасында қылмыс өршіп барады. «Жасөспірім және Заң» дөңгелек үстел осы мәселеге арналды. Дөңгелек үстелге облыстық ішкі саясат және жастар ісі департаментінің бөлім бастығы Б.С. Ахымбетов, қалалық халыққа білім беру басқармасының тәрбие жөніндегі әдіскері Т.Д. Демеуова, облыстық ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің бастығы, полиция капитаны Жетібаев Г.А., қалалық әкімшіліктің ішкі саясат және жастар ісі басқармасының бастығы Т.О. Жанәділов, КУ ИГУ заң саласының аға оқытушысы З.Ч. Тультабаев, ШЭҚК оқытушысы Ф.Т. Беркулова, №47 мектеп- гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары А.Б. Бейсенбаева , №25 мектеп- гимназиясының құқықтану пәнінің мұғалімі, «Жасөспірім және Заң» үйірмесінің жетекшісі М.Б. Сахова, студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары шақырылды. Талқылау барысында кітапхана қызметкерлерінің жастар арасында жүргізген сауал- сұрақтардың қорытындысы жарияланды. Адам құқын бұзып та «қолынан келсе, қонышынан басып» жүргендер жоқ емес. Олар үшін ар-ұят, адам¬гершілік «естігеннің күлкісін келтіретін қияли жанның пәлса¬фа¬сы ғана». Әңгіме Қазақ¬стан¬дағы жағдайға қатысты. Оның ішінде тіс қаққан заңгерлер мен күш құрылымындағы білектілер¬дің арасында жымын да, жынын да білдірмей жүрген құзғындар жайында болып отыр.  
Біздің елімізде, өздеріңіз біле¬сіздер, биліктегілерге, шен-шек¬пенділерге ғана тән індет санала¬тын жемқорлыққа, қызмет бабын пайдаланушылыққа немесе қан¬дай да бір заңға қайшылыққа қар¬сы бір емес, бірнеше реформа жа¬салып, күресті күшейтуге ай¬рықша көңіл бөлініп жатса да нә¬тижесі көңіл көншітерлік емес. Біздің ойымызша, бұл тұрғыдағы бар мәселе бүтіндей бір құры¬лым¬ды қадағалау арқылы ғана емес, жекелеген адамдардың ізгі қа¬сиет¬терін ірілетумен шешілмек. Ал бұл үшін уақыт керек, сол уақытты босқа өткізбей, «ұлттық идеологияны дамыту» деген қағи¬даны жолға қойып, мықтап қолға алу керек.
 
Адам құқықтары мен заңды¬лықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросында болып, көңілімізге кірбің түсіп, қабыр¬ға¬мыз қайысып қайттық. Ең алды¬мен заңгер мамандардың айтқан әңгімесінің тоқетеріне тоқталсақ, «Қазақстан Республикасы Қыл¬мыс¬тық процессуалдық Кодек¬сінде пәлендей кемшілік жоқ. Бәрі дұрыс жазылған. Алайда сол сақ¬талмайды ғой. Міне, гәп қайда жа¬тыр» дейді олар. Мамандар сон¬дай-ақ мемлекеттік қызметте¬гілердің барлығын кінәлаудан аулақ. Ал «арам пиғылдылар, әсі¬ресе, заң органдары саласында көп» дегенді жасырған жоқ. Оны оларға түсіп жатқан хаттардан-ақ білуге болады. Қарапайым жан¬дардың араша сұраған жанайқайы жан сыздатады. Хатта кім не дейді, ол жөнінде сәл кейінірек. Алды¬мен кейбір тәртіп сақшылары та¬рапынан болып жататын заңға том¬пақ қайшылықтарға тоқтала кеткенді жөн санадық. 
Қылмыстық процессуалдық Кодекстің 132-бабында тәртіп сақ¬шылары қамауға алынған адамның туған-туыстарына ұсталғандығы жайлы он екі сағаттың ішінде ха¬барлауы тиіс екен. Өкінішке қа¬рай, мұндай заңға басым бөлігі пыс¬қырып та қарамайтын сияқты. Ал шетелдік азамат ұсталса, ол жа¬йында алдын ала тергеу қызме¬тін¬дегілер елшілікке жеткізу керек. Сөз болып отырған талап-міндет айқын көрсетілген Кодекстің бұл бабы да жиі бұзылатын көрінеді. Осындай арыз-шағымдарды тексе¬ріп, шара қолдануға тиісті проку¬ратурадағылар үшін де мұндай әре¬кет «бас қатыруға тұратын шаруа емес» сияқты. 
Ішкі істер органдары қызмет¬кер¬лері сезіктіні қамауға аларда заңда көрсетілген төрт негізге жү¬гінуі тиіс. Мәселен, куәгер не нақ¬ты айғақты зат болса және қыл¬мыс¬тың үстінен түскен жағдайда яки жәбірленуші нақты адамды көрсетсе ғана. Мамандардың мә¬лім¬деулеріне қарап, «кейбір по¬лиция қызметкерлері қамауға алу тәртібін ұмытып кеткен бе?» деген ойда қалдық. Тәртіп сақшылары¬ның өздерін әңгімеге тарта қалса¬ңыз, көбіне «қылмысты мойын¬дату оңай шару емес. Сондық¬тан кей кез¬дері қулыққа баруға тура ке¬леді» дейді. Бәл¬кім, егер қылмыс жасаған адам екеніне толық көз жеткізіп тұрса, оларды түсінуге де болатын шы¬ғар. Алайда олар адам құқына еш нұқсан келтірмей, қыл¬мыстық істі өзінің кәсіби шебер¬лігінің арқа¬сында ғана әшкереле¬се, қандай тамаша болар еді... 
Сотталғандар арасындағы айық¬пас ауруға шалдығып, өлім мен өмір ортасында жатқан жандарды Денсаулық министрлігі мен тағы бірнеше құзырлы сала болып бе¬кіткен қаулыға сәйкес, туған-туыс¬тарының қасына жіберу ке¬рек¬тігі көпшілікке мәлім. Алайда келіп түс¬кен хаттарды алға тартқан ма¬ман¬дардың «мұндай шара кө¬біне осын¬дай істі шешуге жүктел¬гендермен тіл табысып, келісе біл¬гендерге, өтінішін «ренжітпей өт¬кізе» ала¬тын¬дарға қолданылады» деген күйі¬ні¬шіне қо¬сыл¬мау мүм¬кін емес. 
Жиі кездесетін тағы бір құқық бұзушылық – ішкі істер органда¬ры заңда жазылғандай, тергеуші жәбірленуші жақты айыпкерге не қылмыскерге қатысты қозғалған істің барысымен, мән-жайымен хабардар етіп тұруға міндетті. Сал¬ғырттық таныта ма, әлде қасақана жасай ма, әйтеуір тергеушілер еш асықпайтын сияқты. «Қасақана ма?» деп күмән келтіріп отырған себе¬біміз, қамауға алынған кез келген адам тергеушінің аузын майлауға тырысады. Ал тергеушіге ұсынған¬ды ұстап қалу үшін істің артының дауға айналып кетпегені қажет. Әлбетте, дауды жәбірленуші ғана шығаруы мүмкін. Тергеушілердің тергеу процесіне жалған куәлар тар¬туы сияқ¬ты сорақылықтарын дәлел¬деу қиынның-қиы¬ны. Көп нәрсенің ақ-қара¬сын ажыратып беретін сот-дәрігерлік анықтамаға қатысты да олқы тұстар шаш етек¬тен көрінеді. Айта берсе, тергеу ісі барысында кетіп жататын түрлі кемшіліктерді жасырмай тізіп шық¬қан заңгер-мамандарды қын¬жыл¬татыны – қарпайым жандар¬дың басым бөлі¬гінің құқықтық сауатының жоқ¬тығы. Сондықтан да өзіне қарсы көрсетіліп жатқан заңсыздықтар¬мен күресе алмайды. Тегін қызмет көрсететін қорғаушы негізінен айыпкерге ғана берілсе, жә¬бір¬ленуші өзі жалдауы тиіс. Әжеп¬теуір гонорар сұрайтын қор¬ғаушы ақшасы жоқпен сөйлеспей¬ді де. «Ал тәжірибе көрсеткендей, қыл¬мыскердің істегені аздай, тер¬геу¬шіден де, соттан да араша орны¬на қысым көретін жәбірленушілер жоқ емес» дейді бюродағылар. Оларды Ресейдегідей біздің елдің азаматтары қажет болған жағдайда еуропалық елдердегі адам құқын қорғайтын ұйымдарға шағымдана алмайтындығы өкіндіреді. Себебі Қазақстан сондай заңның негізін¬де жұмыс істейтін еуропалық кеңес¬ке мүше емес. Ал көрші Ре¬сей бұл құжатқа әлдеқашан қол қойған. 
Үкім шығару құзырын иеленген соттарға да «өкпелі» екен маман¬дар. 
– Мәселен,– дейді олар,– ауыр қылмыс жасағанды жеңіл жаза¬ласа, оған керісінше болмашы қыл¬мысы үшін бірнеше жылды арқалатып жіберетін соттар бар¬шы¬лық. Алқа билері енгізіліп жа¬тыр ғой. «Не істеймін, өзім біле¬мін» деп келген соттар сол кезден бас¬тап сабасына түседі деп ойлай¬мыз. 
Сөз болып отырған бюроға хат жолдаушылардың саны бір аптада 10-15-ке жететін көрінеді. Ал нә¬ти¬желі аяқталатындары негізінен әйелдер мен балалар ісіне қатыс¬ты. Ер адамдар төңірегінде болып жататын даулы істерге келсек, оған көп күш жұмсау қажет пе деп қалдық. «Көп жағдайда күш құры¬лымында жұмыс істейтін қызмет¬керлер заңды белшесінен басса да, оны дәлелдеп, жазаға тарту мүмкін емес» деген бюро маманы мына бір оқиғаны баяндап берді. Бір жі¬гітке қарақшылар шабуыл жасай¬ды. Жәбірленуші дер кезінде «02»-ге хабарлап үлгергенін қайтейік, көмек араға төрт сағат салып ке¬леді. Ал ол кезде қылмыскерлер әлгі жігітті өлімші етіп соққыға жығып, бар затын алып қашып ке¬теді. Ауыр жарақат алған жәбірле¬нуші нәтижесінде мүгедек болып қалған. Ем-домға қыруар қаражат жұмсаса да, баласын аяғынан тік тұрғыза алмаған ана ашынып, ке¬шіккен полиция қызметкерлерінің үстінен сотқа арыз жазады. Өкі¬нішке қарай, арызданушының әділ¬дік іздеп жүргеніне екі жылға жуықтапты.

Жастар

Өскемен қаласында төмендегідей жастар ұйымы белсенді қызметін жалғастыруда: «Шығыс Қазақстан облысының Жастар және Балалар ұйымдарының Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі, Өскемен қаласының Жастар Парламенті, "Элита-плюс" федерациясы,  "Стимул"инициативті тобы, «21 ғасырдың көшбасшылары» жастар орталығы, "ТЭК" экологотуристикалық орталығы, "Шығыс Қазақстанның Студенттік Заңды Ассоциациясы", "Балалар мен жасөспірімдер клубтарының қалалық бірлестігі" ҚБ, "ШҚО скауттар бірлестігі», жас мұғалімдердің "Мақсат" бірлестігі, "УМЗ жастар ұйымы" және басқалар.

Жастардың ҮЕҰ-мен өзара қарым-қатынас мақсатымен тоқсан сайын «дөңгелек үстел» басында кездесулер өткізіледі. "Қала балаға дос" бағдарламасына жазылу бойынша "ЮНИСЕФ" қорының өкілдерімен ҮЕҰ кездесуі өткізілді. Жұмыс жоспары өңделді. 
"Өскемен қаласындағы жастар мен жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған комплексті бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатымен жастармен жұмыс жасауда төмендегідей басым бағыттар бар: 

Азаматтылық пен патриотизмнің дамуы

Тоқсан сайын жастардың үкіметтік емес ұйымдарымен қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған шаралар өткізіледі.            

Еңбек және жұмыспен қамту

Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жастар балалар және жасөспірімдер клубының қалалық бірлестігінде, қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарында, Шығыс Қазақстан облыстық тұрғындарды еңбек пен әлеуметтік қорғау Министрлігінің, әділет және ішкі істер Департаменттерінде, 2006 жылы төленетін қоғамдық жұмыстардың орындалуына әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімімен келісім жасаған  қоғамдық бірлестіктер мен басқа ұйымдарда жұмыс істейді. Студенттер мен оқушы жастардың еңбек жасақтарының қоғамдық қалалық Штабы жұмысын жалғастыруда. Студенттердің жұмысқа орналасуы үшін, уақытша жұмыс істемейтін жастардың, жоғары сынып оқушылары үшін жазғы демалыс кезінде төмендегідей жасақтар құрылады: 

  • құрылыстық (өңдеп шығаратын жұмыстар);
  • аумақтың жайлы орналасуы мен көркеюі бойынша;
  • сервистік (сауда және қоғамдық тамақтану қызметтері саласындағы жұмыс);
  • педагогикалық (балалар мен жасөспірімдер клубындағы, мектеп жанындағы және қала сыртындағы тәрбиелеу жұмысы);
  • ауылшаруашылық (шаруа қожалығындағы жұмыс).

Жас таланттарды қолдау мен дамыту 
Өскемен қаласында балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын өткізуге арналған ұйымдарда 8 000 адам келіп тұратын 37 аула клубы бар. Ведомстволық мәдениет мекемелерінде жастардың қызығушылықтары бойынша клубтар жұмысын жалғастыруда. Жастардың рухани даму саласында қала кітапханалары мақсатты бағытталған жұмыс жүргізеді. Орталық қалалық кітапхананың филиалдарында әр ай сайын тематикалық сабақтар өткізетін «Жасөспірім және заң» клубы, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған "Солнышко" клубы,  "Легенда" қиял-ғажайыпты жақсы көрушілердің клубы қалыптасқан. Орталық қалалық кітапхананың №3 филиалында "Шабыт" жас ақындар мектебі мен «Қауырсын қалам» жас журналистер клубы жұмыс істейді.  Орталық қалалық кітапхананың №2 филиалында "Всплеск" жастар патриоттық клубы белсенді жұмыс жасауда.  
 
Жастармен әлеуметтік жұмыс  
Жастарды әлеуметтік қорғаудың сұрақтарын шешуде қаламызда жұмыс іздеу клубы істейді және жастарды жұмысқа орналастыру мен оларға кәсіби білім беруде көмек көрсететін «Жастар тәжірибесі» әлеуметтік бағдарламасы жүзеге асуда. Өскемен қаласында әлеуметтік қызметтерді құру жүруде, сонымен қатар, кәсіби бағыттағы жұмыс ұйымдастырылды. «Үлбі» медико-әлеуметтік орталығы 100-ден аса мүгедек балалардың үйлеріне барып қызмет етеді.    
Нашақорлықтың алдын алу, салауатты өсір салтын насихаттауда  жастарды ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатымен қала көшелерінде нашақорлыққа қарсы баннерлер орналасқан: «Біз – салауатты өмір салты үшін!», «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» және т.б.

«Шығыс Қазақстан Студенттік Заңды Ассоциациясы» қоғамдық ұйымы тұрақты өткізетін заңды кеңестердің аясында оқушылар мен студенттердің арасында салауатты өмір салтына құнды қарым-қатынасты қалыптастыруға, нашақорлықтың алдын алуға бағытталған лекция мен тренингтер ұйымдастырылды.   Қалалық ішкі істер басқармасы "Подросток", "Занятость" алдын алу рейттерін өткізді.  
Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау Департаментінің қалалық бөлімі медициналық зерттеулер мен жасөспірімдерді сауықтыруды өткізеді.

Өскемен қаласындағы  оқушылар мен студент жастарды физикалық  тәрбиелеуді дамыту мақсатымен 6 000 адамды қатитын 83 спорт залын,11 спорт мектебін, 3 спорт-сауықтыру мектебін қалыптастыруда.  Спорттық шараларға қатысу жас ерекшелігіне қарамай, ақысыз жүргізіледі..  
Балалар мен жасөспірімдер клубының қалалық бірлестігі балалар мен жасөспірімдердің тұрғылықты жеріне байланысты бос уақыттарын өткізуді ұйымдастыру, ішімдікке әуесқойлықтың алдын алу бойынша белсенді жұмыстарды жүзеге асырады.

Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету  
Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы жүзеге асырылады. "Рудный Алтай", "Дидар", "Устинка плюс" газеттерінде үнемі жастарға арналған беттер бар, "Город и мы" бағдарламасында, "Калкен ТВ" телеканалы мен  "Микс" радиосында орыс және қазақ тілдерінде жастар ортасында маңызды мәселелерді қамтитын жастар айдарлары бар. "Өскемен қаласындағы жастар мен жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалуы бойынша шараларды жүзеге асыру тұрақты бақылауда.

Жастар және қылмыс

01.11.2003

Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Күн өткен сайын  бүгінгі қоғамда өмір сүру күрделеніп барады. Себебі, қазіргі жаппай жаһандану жағдайы қоғамның қай буын өкілінің болмасын өміріне өз ықпалын тигізуде дейді, Алматы қалалық ішкі істер бас басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Арман Жусанбай.  

Сондықтан да құрметті радио тыңдаушылар бүгінгі «Жас толқын» апталық бағдарламамызда жастар арасындағы қылмыс жайында әңгіме қозғамақпыз. Алматы қалалық ішкі істер бас басқармасы қызметкерлерінің мәліметіне қарағанда бір ғана Алматы қаласының өзінде жастар арасындағы қылмыс 31.5 пайызды құрап отыр екен.  

Бүгінгі нарықтық экономиканың кең тарамданып, тамыр  жаюы жұмыссыздықтың етек алуы, мемлекеттік  оқу орындарында тегін білім  алу жағдайының шектелуі жастар арасында қылмыстың өршуі мен өсуіне себепкер болып отыр,- дейді ол.  

- Алматы қаласы  бойынша жастар арасындағы қылмыс 31,5 пайызды құрап отыр. Олардың  жас айырмашылығы 14-30 жас аралығы.  Жасөспірімдер арасында 7 кісі өлімін  туындату, 3 әйел зорлау, 3 тән жарақатын  салу, 67 ұрлық, 2 бопсалау, 39 кісі тонау, 20 қарақшылық оқиғасы, 5 алаяқтық оқиғасы, 5 көлік ұрлау, 13 нашақорлыққа тарту, 20 бас бұзақылық оқиғасы, 1 отты қару сақтау оқиғалары тіркелген.  

Полиция капитанының  мәліметіне қарағанда 14 пен 30 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар арасында ұрлыққа түсу оқиғасы өте көп тіркелген.

Жалпы соңғы 9 ай ішінде Алматы қаласы бойынша жастар қолымен жасалған 4289 қылмыстық іс тіркелген. Соның 1638-і ауыр қылмыс категорияларына  кісі өлімін туындату, әйел зорлау, қарақшылық шабуыл жасау, тән жарақатын салу түрлеріне жатады. 

Жастар арасындағы орын алған ең ауыр қылмыс туралы ол былайша әңгімеледі. 

Информация о работе Жастар арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу жолдары