Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 18:34, реферат
Халықаралық жауапкершілікке қатысты кодификация нормалары туралы проблемалар Ұлттар Лигасының 1924 ж. «Халықаралық құқықтың прогрессивті кодификациясы» конференциясын өткізу туралы шешімінен кейін ғылыми мекемелермен талқылана бастады.
1926 ж. Халықаралық құқықтың Жапондық ассоциациясы халықаралық құқық кодексінің жобасын дайындады. Кодекстің 2 тарауы жауапкершіліктің проблемалық жағын көрсетті:«шетелдіктердің өміріне, жеке басына және мүлкіне қатысты мемлекеттің жауапкершілігі туралы нормалар».
1927 ж. Халықаралық құқық институты «Мемлекет территориясындағы жеке тұлғаларға немесе шетелдіктердің мүлкіне залал тигізгені үшін мемлекеттің халықаралық жауапкершілігі» туралы резолюция қабылдады.