Халықаралық
жауапгершілік құқығының кодификациясы
Азат Фариза
МП(К)-303
Халықаралық
жауапкершілік құқығының
кодификациясы
Доктриналық кодификация
Ресми кодификация
Доктриналық
кодификация
Халықаралық
жауапкершілікке қатысты кодификация
нормалары туралы проблемалар
Ұлттар Лигасының 1924 ж. «Халықаралық
құқықтың прогрессивті кодификациясы»
конференциясын өткізу туралы шешімінен
кейін ғылыми мекемелермен талқылана
бастады.
- 1926 ж. Халықаралық құқықтың Жапондық ассоциациясы халықаралық құқық кодексінің жобасын дайындады. Кодекстің 2 тарауы жауапкершіліктің проблемалық жағын көрсетті:«шетелдіктердің өміріне, жеке басына және мүлкіне қатысты мемлекеттің жауапкершілігі туралы нормалар».
- 1927 ж. Халықаралық құқық институты «Мемлекет территориясындағы жеке тұлғаларға немесе шетелдіктердің мүлкіне залал тигізгені үшін мемлекеттің халықаралық жауапкершілігі» туралы резолюция қабылдады.
- 1929 ж. Гарвард универсситетінің Заң факультеті «Мемлекет территориясындағы жеке тұлғаларға немесе шетелдіктердің мүлкіне залал тигізгені үшін мемлекеттің халықаралық жауапкершілігі» туралы резолюция қабылдады. 1956 ж. қайта өңдеп, аты өзгертілді «Шетелдіктерге залал келтіргені үшін мемлекеттің халықаралық жауапкершілігі туралы конвенция жобасы». Бұл жоба БҰҰ халықаралық құқық Комиссия хатшысының өтінішімен жасалды. 1960 ж. Бас Ассамблеяның отырысында бірнеше мемлекет өкілдері Гарвард университетіне жоба дайындау туралы өтініш білдіргені үшін Хатшылықты сынға алды.
- Мемлекеттің халықаралық жауапкершілігі туралы кодификация нормаларының жобалары бөлек ғалымдармен де орындалды.
- 1927 ж. К.Штрупп мемлекеттердің халықаралық құқыққа қайшы әрекеті үшін жауапкершілігі туралы келісім жобасын жарыққа шығарды.
- 1932 ж. А.Ротаның мемлекеттердің халықаралық құқыққа қайшы әрекеті үшін жауапкершілігі туралы конвенция жобасы жарыққа шықты.
Ресми кодификация
- 1953 ж. Бас Ассамблея халықаралық құқық Комиссиясына мемлекеттің жауапкершілігін реттейтін принциптерді кодификациялауды бастауы туралы арнайы резолюция қабылдады.
1956 ж. арнайы баяндамашы
Ф.Гарсиа-Амадор өзінің шетелдіктерге
залал келтіргені үшін мемлекеттің
жауапкершілігі туралы алғашқы
баянадмасымен таныстырды. Г.И.Тункин
бұл жобада жауапкершілік жайлы
емес шетелдіктердің құқықтары
туралы көрсетілген деп мәлімдеді.
Егиепет заңгері Эль-Эриан БҰҰ
Жарғысының агрессия мен отаршылдыққы
тиым салған қағидаларын бұзғаны
үшін жауапкершілікке тартылу
туралы нормаларды кодификациялауды
қажет деп ұсынды.
1960 жылғы Бас
Ассамблея Комиссиясының баяндамасын
талқылау барысында бұл көзқарас
мемлекеттер өкілдерінен қолдау
тапты. Яғни, мемлекеттің жауапкершілігі
тек шетелдіктерге залал келтіруімен
шектелмей кең мағынада түсіндірілуі
керек. Нәтижесінде 1962 ж. Комиссия
мемлекет жауапкершілігін толық
қарастыру туралы шешім қабылдады.
- 1963 ж. Комиссия арнайы баяндамашы ретінде Р.Аргоны тағайындады.
- 1979 ж. Р.Аргоның ұсынған 7 баяндамасында жауапкершілік нормасы туралы кодификациясының жаға амал-тәсілдері көрініс табады. Баяндамашы халықаралық құқыққа қайшы әрекеттері үшін мемлекеттердің жауапкершілігін реттейтін принциптерінің баптарда бекітілуіне негізделді.
- 1975 ж. Комиссия жобаның алғышқы баптарын мақұлдады.
- 2001 ж. Комиссияның жобаны талқылауы тоқтатылды.
- Жауапкершілік туралы кодификация нормалары регионалды халықаралық ұйымдардың идея, ұсыныстары жобаға толықтырылып отырды.
- Мысалы: 1957 ж. Афро-азиялық консультативті құқықтық комитет бірнеше жылдар бойы шетелдіктерге залал келтіргені үшін мемлекет жауапкершілігі туралы мәселені қарастырып отырды.
Назарларыңызға
рақмет!