Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:44, лекция
Стандарттау негізі дамыған Еуропа елдерінде 18 ғасырдың аяғы 19 басында басталған, өнеркәсіп революциясының басталуымен дүниеге келді. Тауарлар мен өнімдерді көп партияда шығаратын, үлкен фабрика және зауыттардың пайда болуы, өлшемдік тәртіпті, өнім бірлігін, өзара ауыстырылымдығын реттеуді талап етті. Ресейде 1715 жылы 1 Петр кезінде Тульск завоттарының отатқыш қару - жарақтарын өндіруде өлшемді тәртіптерді енгізу амалдары қолданылды.
Стандарттаудың қазақстандық жүйесі халықаралық тәжірибеге, халықаралық ережелер мен нормаларға және стандарттау тәжірибелеріне сүйенеді.
Қазақстандағы стандарттау бойынша нормативтік құжаттар ҚР «Техникалық реттеу жөніндегі» енгізілген ол:
Мемлекеттік стандарттардағы өнімге, қызметке қойылатын талаптар республикалық сипатта болады. Бұл стандарттарды Қазақстанның Мемстандарты қабылдайды. Мемлекеттік стандарттарда міндетті және кеңес беруші талаптар болады. Стандарттардың міндетті талаптары біртіндеп техникалық регламентке айналады.
Міндетті талаптарға мыналар кіреді:
Ұсыныс беруші талаптарға кіретіндер:
Ұйым стандарты кәсіпорын ішінде қолданылу үшін жасалады. Ол стандарттар регламенттеледі:
Біріккен қоғамдық стандарттар (ғылыми-техникалық қоғам, инженерлік қоғам және т.б.) жаңа өнімге, процеске немесе қызметке, сынаудың алдыңғы әдістері, дәстүрлі емес технологиялар және кәсіпорынды басқару әдістеріне жасалады.
Нормативтік құжатты қолданудың екі негізгі тәсілі ұсынылады:
Стандарттау және метрология
Метрология – өлшеу, тәсілдер мен құралдар, оларды біріктіру мен дәлдікті қажет етудің жетістік әдістерін қамтамасыз ететін ғылым. Қазіргі кездегі анықтама бойынша метрологиялық қамтамасыз ету - стандарт талаптарына сәйкес қажетті өлшем бірлікпен қамтамасыз ететін ғылыми және техникалық құралдар, ережелер мен нормалар кешені.
Метрологиялық қамтамасыздандыру стандарттауға тығыз байланысты өз тапсырмаларын келесідей себептер бойынша тиімді шешеді:
Бұл тапсырманы Мемлекеттік өлшеу бірліктерін қамтамасыз ететін жүйе (МӨЖ) шешеді .
Метрологиялық қамтамасыз ету, өнімді сынау және бақылау әдістері, стандарттау сияқтылардың обьектілерімен тығыз байланысты. Олардың негізінен – өлшенетін параметрлердің номенклатурасын және өлшеу дәлдігінің оптикалық нормасын енгізу, қажетті дәлдікті өлшеу әдістемесін жасау және енгізу.
Дайындаудың типтік технологиялық процестерін стандарттау және өнімді бақылау қолданылатын өлшеу құралдардың (ӨҚ) метрологиялық қызмет көрсетуін талап етеді.
ҚР Мемстандарты метрологиялық қамтамасыздандырудың тағам сапасын, стандарттау деңгейінде ғылыми-техникалық деңгейінің жоғарылауында үлкен рөл атқаратынын ескере отырып,оны негізгі стандарттар кешеніне - метрологиялық қамтамасыздандырудың негізгі жағдайын регламенттейтін, Мемлекеттік өлшеу бірліктерін қамтамасыз ететін жүйеге (МӨЖ) қосты.
Жалпы жағдайы – ҚР СТ 2.0-2001 сәйкес метрологиялық қамтамасыздандырумен керекті өлшеу дәлдігі мен бірлігін алу үшін техникалық құралдарды, нормаларды және ережелерді, ғылыми және негіздерді қолдану.
Өлшеу ақпаратына келесі талаптар көрсетілу керек: өлшеу нәтижелері заңды бірліктермен көрсетілу керек, өлшеу қателігі белгілі болу керек, ол қателік бекітілген мәннен аспауы керек.
Метрологиялық қамтамасыздандырудың негізгі тапсырмалары: