Лекция
№1
Стандарттау
мағынасы. Стандарттау және
стандарттау түрлері бойынша нормативті-құқұқтық
және нормативті құжаттар
Стандарттау негізі
дамыған Еуропа елдерінде 18 ғасырдың
аяғы 19 басында басталған, өнеркәсіп
революциясының басталуымен дүниеге
келді. Тауарлар мен өнімдерді көп
партияда шығаратын, үлкен фабрика және
зауыттардың пайда болуы, өлшемдік тәртіпті,
өнім бірлігін, өзара ауыстырылымдығын
реттеуді талап етті. Ресейде 1715 жылы 1
Петр кезінде Тульск завоттарының отатқыш
қару - жарақтарын өндіруде өлшемді тәртіптерді
енгізу амалдары қолданылды.
Лондонда 1856 жылы
Халықаралық өнеркәсіп қызмет съезінде
бір қатысушы мынадай сұрақ қойды:
«Кез келген шам шамқойғыштың ұясына
сәйкес келуіне, яғни диаметрі бойынша
қатты кішкентай емес, қатты үлкен
емес болуына қол жеткізуге болады
ма?».
СССР-да бірінші
мемлекеттік стандарттар азық-түлік
өнімдеріне 1926 жылы бекітілген болатын.
30-шы жылдары азық-түлік өнімдеріне,
сонымен қатар етке, ет және сүт
консервілеріне, тауыққа және т.с.с.
тауарларға үлкен көлемде стандарттар бекітілген
болатын. Олар тұтынушыларға өнім құрамындағы
анықталған ылғалдыққа, тұзға, майға, қантқа
кепілдік берді. Бірінші мемлекеттік стандарттар
азық-түлік өнімдерінің сапасын жақсарту
маңызды рөл атқарды. ҰОС-да азық-түлік
тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар
енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың
айтарлық саны соғыс уақытындағы талаптардың
есептерімен өзгертілген болатын. Соғыстан
кейінгі уақытта азық-түлік тауарларының
сапасына оданда үлкен көңіл бөле бастады.
Осыған байланысты 1955 жылдан 1960 жылдар
аралығында 200-ден астам стандарттар қарастырылды.
1975 жылдан бастап ИСО халықаралық стандарттарына
сәйкес, халықаралық стандарттар ЭӨО (Экономикалық
өзаракөмек одағы, оның құрамына СССР
елінің социалды лагері – Польша, Румыния,
Болгария, Герман Демократиялық Республикасы,
Венгрия, Чехословакия, Монголия, Куба
кірді) енгізіле бастады.
Үлкен өнеркәсіп
өндірістерінің дамуымен әлемдік стандарттау
қажеттілігі жоғарылайды және келешектегі экономиканың дамуына
және кез-келген мемлекеттің гүлденуіне
қажетті элементтердің бірі болып келеді.
Мысал ретінде ТМД елдерінің, Еуропалық
одақтың және Қытайдың теміржол сораптарының
енінің стандарттарының сәйкессіздігін
келтіруге болады. ТМД-да сорап ені – 1520мм,
Еуропада және Қытайда – 1435мм. Бұл стандарттардың
түйісуі емес қазіргі уақытта мемлекеттегі
сауда байланысының стандарттардың түйісуі
емес қазіргі уақытта мемлекеттегі сауда
байланысының ұлғаюы күрделі өндірілмейтін
шығынға, шекара станцияларындағы теміржол
құрылысының тоқтауына, тасымалдың ұсталымының
жоғарылауына алып келеді. Қытай шекарасы
арқылы Достық станциясын жылына 15
млн. тонна жүк басып өтеді және жыл сайын
жүк тасу көлемі жоғарылайтын болады.
Басқа сораптар арқылы қозғалуға мүмкіндік
болмағандықтан, жүктерді бір вагоннан
екіншісіне ауыстыру немесе вагон арбаларын
ауыстыруға тура келеді. Жақын уақытта
еуропалық сораптар стандартына сай 1435мм
Достық -Ақтау Трансқазақстандық темір
жолдар құрылысы жоспарлануда, ол Қазақстанды
Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтетін болады
және Евразиялық теміржол магистралі
Қытай-Батыс Еуропа бөлігі болып табылатын
болады.
Әр түрлі
физикалық өлшем бірліктерін
қолдану елдердің экономикасына
үлкен шығын келтіреді. Мысалы, АҚШ-та
ескірген Британдық өлшем бірлігінің
жүйесі қолданылады, бірақ ол Ұлыбританияның өзінде аз қолданылады. 1965
жылдан бастап Ұлыбритания жалпыәлемдік
СИ бірлік жүйесіне көше бастады. Ішкі
тұтынуға арналған АҚШ-та шығарылған конструкторлық
құжаттар, өнеркәсіп өнімдері СИ өлшеу
жүйесін қолданатын және керісінше елдердегі
тұтынушылар үшін алдын-ала қалыптасқанша
өткізілмейді.
Өнеркәсіп өндірістерінің көлемінің үлкеюімен,
ғылым мен техниканың дамуы, өнімнің біркелкілік
мәселелері, олардың бөліктерінің өзараауыстырымдылығы
өткір бола бастады. Осы саладағы шаралар
өнімнің арзандауына, оның сапасының жоғарылауына,
оның шығуының үлкеюіне, өтімділік облысының
кеңеюіне алып келеді. Жақандану процесі
осы тенденцияларды күшейтеді, стандарттау
болмаған мәнге ие болады. Тек өнімнің,
тауардың, қызметтің жалпы стандарты негізінде,
елдің әлемдік интеграциясы және олардың
экономикасы мүмкін. Әлемде интеграциялық
процестер күшеюде. Елдер одақ құруда,
Еуропа одағын құрған Еуропаның 27 елі
мысал бола алады. Бүкіләлемдік сауда
ұйымы құрылған, оған Қазақстан жақын
уақытта кіргісі келеді.
Қазіргі уақытта
осы бағыттағы шараларды техникалық
реттеу деп атайды. Техникалық реттеу
– өнімнің, қызметтің, процестің, сонымен
қатар сәйкестікті ратсау, аккредиттеу,
орнатылған талаптарды сақтауды мемлекеттік
бақылау және қадағалау бойынша қызметтердің
міндетті және ерікті талаптарын анықтау,
бекіту, қолдану және орындаумен байланысты
құқықтық және нормативтік реттеу қатынасы.
Техникалық
реттеудің негізгі мақсаттары мыналар
болып табылады:
- Қоршаған орта, адам денсаулығы және өмірі, сонымен қатар өсімдік және жануар әлемдері үшін өнімдердің, қызметтердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігіне байланысты тұтынушыларды жаңылтып жүрген әрекеттерді ескерту.
- Саудадағы техникалық кедергілерді жою.
- Өнімдердің бәсекелестіктерін жоғарылату.
Техникалық
реттеу мынадай принциптерде негізделеді:
- Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің тұтастығы және бірлігі.
- Бірыңғай терминологияны қолдану, өнімге, қызметке, процеске талаптарды қою ережесі.
- Техникалық реттеу мақсатына қол жеткізушілігі және мақсаттылығы, техникалық реттеу процесіне қатысу үшін тең мүмкіндіктерін, қызығушылық жақтар мен мемлекеттік қызығушылық балансын қамтамасыз ету.
- Отандық және импортталатын өнімдер, қызметтер, процедуралар талаптарының теңдігі, олардың қойылған талаптармен сәйкестігін растау.
- Ғылым және техника, техникалық реттеу және стандарттар облысындағы нормативтік құқықтық актілердіі әзірлеу кезінде халықаралық және аймақтық ұйым стандарттарының жетістіктерін басым қолдану.
- Техникалық реттеу облысындағы нормативтік құқықтық актілердің экономиканың, материалды-техникалық базаның және мемлекеттің ғылыми-техникасының даму дәрежесінің талаптарына сәйкестігі.
- Стандарттардың және олар туралы ақпараттардың, оларды әзірлеу тәртібі туралы, бекітудің, басылып шығарылуының, мемлекеттік құпия құратын ақпараттардан басқа, техникалық реттеу облысындағы нормативтік құқықтық актілердің қол жетімділігі.
- Стандарттарды қолдану мақсатына байланысты өз еркімен таңдау.
- Сәйкестікті растаудың біртұтастық жүйесі және ережелері.
- Аккредиттеу, бақылау және сәйкестік құжаттарын беру функцияларының бір ұйымда бірігуін болдырмау.
- Сәйкестікті растау бойынша жұмыстарында бәсекелестіктің шектелуін болдырмау.
- Сәйкестікті растау бойынша жұмыстарда бәсекелестік шексіздігін рұқсат етпеу.
Республикада 2004
жылдың қарашасында «Техникалық
реттеу туралы» заң қабылданды, ол
2005 жылдың 9 мамырынан бастап күшіне
енді. Бұл заңға елдегі стандарттаудың
саясатын жүргізу стратегиясына
жаңа тәсілдерді заңды түрде енгізген.
Осы заңмен экономиканы басқарудың ескі
жүйесінен қалған стандарттау туралы
ұсыныстар нақты түрде күшін жойды. Стандарттаудың
жаңа концепциясы стандарттарды орындаудың
өз еріктілігіне негізделген. Мемлекет
тұтынушылардың қызығушылығын сақтау
бойынша саясатын техникалық реттеу арқылы
жүргізетін болады, реттеудегі негізгі
және жалғыз шектеу критериі – бұл тұтынушы-азаматтардың
өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі.
Басқа қызметтерінде өндірушілер өздерінің
қалауына қарай әрекет етсе болады, мемлекет
олардың ісіне кедергі келтірмейді. Стандарттардың
және басқа да нормативтік құжаттардың
талаптары өнімдердің орнатылған нормаларына
сәйкестігін растау үшін дәлел базасы
болып табылатын болады.
Стандарттау техникалық
реттеудің қажетті құрылымдық процестерінің
бірі болып табылады.
Стандарттаудың
мақсаты – потенциалды, жоспарлы немесе
мәні бар тапсырмаларды шешу үшін, орнатылған
ережелерді, талаптарды, нормаларды кең
түрде қолдануға кез келген қызмет облысында
ретке келтіруде оптималды дәрежеге қол
жеткізу болып табылады.
Стандарттау – бұл мәні бар және потенциалды
тапсырмаларға қатысты жалпы, көп реттік
және ерікті қолдану үшін, ережелерді
орнату көмегімен өнім, қызмет және процес
талаптарын ретке келтірудің оптималды
дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған
қызмет.
Стандарттау бойынша қызметтердің негізгі
нәтижелері – өнімнің, қызметтің сәйкестік
дәрежесін жоғарлату, оларды функционалды
тағайындау, халықаралық тауар ауыстыруда
техникалық кедергілерді жою, ғылыми техникалық
прогреске көмектесу және әр түрлі облыстарда
қызметтес болу.
Стандарттау
объектісі – талаптар, сипаттамалар,
параметрлер, ережелер әзірленетін өнім,
өндіріс, процес, қызмет.
Стандарттау
облысы – стандарттаудың өзарабайланыс
обьектілерінің жиынтығы.
Стандарттау әр
түрлі сатыда орындалады:
- Халықаралық.
- Аймақтық.
- Ұлттық.
- Әкімшілік – территориялық.
Қазіргі уақытта әрекет ететін стандарттау
жүйесі стандарттау обьектісінің сапасын
бағалауды және оны бағалайтын әдістерді
бірінші орынға қояды.
Стандарттау және
стандарттау түрлері бойынша нормативті-құқұқтық
және нормативті құжаттар
Нормативті құқұқтық құжат
– бұл техникалық регламент болып
табылады. Бұл құжатта адамдардың
денсаулығы және өмірлері үшін өнім қауіпсіздігіне,
процесстермен жүйелеріне мемлекеттік
міндетті талаптар көрсетілген.
Техникалық
регламент – бұл орындалуға міндетті
ережелерден құрылған құжат. Регламентті
стандарттау бойынша өкіметтер емес, өкімет
органдары мысалға өкімет немесе парламент
(Қазақстанда Мәжілісте қаралып, Сенатта
келісіліп және Президент бекітеді) қабылдайды.
Техникалық регламент пайда болғаннан
бастап техникалық заң болып табылады.
Регламентте мемлекет аймағындағы барлық
шаруашылық субъектілеріне қойылған талаптарды
және т.б.орындауға шарт қойылады. Қазіргі
уақытта Қазақстанда «Техникалық реттеу»
туралы жаңа заң талаптарына келісе отырып
стандарттарды қайта қарау және техникалық
регламенттерді өңдеу бойынша үлкен жұмыстар
атқарылып жатыр. 2010 жылдың қазан айында
71 техникалық регламент қабылданды және
20 аса регламентті бекітілуге дайындалуда.
Алдағы уақытта 105 техникалық регламентті
құру және 30 мыңнан аса стандарттарды
өңдеу жоспарлануда. Бұл жұмыстарды аяқтау
2012ж жоспарланды. Бұл жұмыстар келесідей
бағыттарда жүргізіледі:
- Өндірістік және өнеркәсіптік қауіпсіздіктері;
- Мекемелерді эксплуатациялау қауіпсіздіктері;
- Өрт қауіпсіздіктері;
- Биологиялық қауіпсіздіктеі;
- Электромагнитті қауіпсіздіктері;
- Экологиялық қауіпсіздіктері;
- Ядорлы және радиационды қауіпсіздіктер;
- Химиялық қауіпсіздіктері;
- Электрлі қауіпсіздіктері;
- Ақпараттау қауіпсіздіктері;
- Токсикологиялық қауіпсіздіктері;
- Өлшеу бірлігі;
- Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі;
- Балалалардың тамақтану қауіпсіздігі;
- Механикалық қауіпсіздіктері.
ҚР
Техникалық регламентіне кіргендердің
тізімі:
- Мұнай-газ өнеркәсібіндегі және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Қазақстан Республикасы аймағында шығарылатын көліктранспорттары жүйелерінің зиянды (ластайтын) затарға қойылатын талаптар.
- Көлік жолдарын жасаудағы қауіпсіздік талаптары.
- Көлік жолдарын эксплуатациялаудағы қауіпсіздік талаптары.
- Көлік транспорттар жүйелерінің қауіпсіздік талаптары.
- Өндіріс аймағындағы дыбыс түрлерін және белгілері қаупсіздік талаптары.
- Мекемедегі жабдықтарға, өздігінен өрт сөндіру жүйелерімен қарулану және өрт шыққанда өздігінен қосылатын дыбыстардың бар болуына, сонымен қатар өрт болған жағдайда адамдарды жинауды басқару бойынша талаптар.
- Буып түюге, белгі салуға және олардың дұрыс шығарылуына қойылатын талаптар.
- Белгіленген аймақтар және мекемелер қаупсіздігіне қойылатын талаптар.
- Құрылыс материалдарына, шикізаттарына және құрастырылуы қаупсіздігіне қойылатын талаптар
- Химиялық тауарлар және жасанды жуғыш заттары қаупсіздігіне қауіпсіздіктеріне қойылатын талаптар.
- Бояу материалдарына және ерітінділер қаупсіздігіне қойылатын талаптар.
- Иіс су өнімдері қаупсіздігіне қойылатын талаптар.
- Астық қаупсіздігіне қойылатын талаптар.
- Мал дәрігерінде қолданылатын дәрі-дәрмек заттарының және биологиялық қондырғылар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Химиялық улы заттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Дәлелдеу сәйкестігіне
- Ет және ет өнімдері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Сүт және сүт өнімдері қаупсіздігіне қойылатын талаптар.
- Ұн-тары өнімдері өнеркәсіптеріне, крахмал және крахмал өнімдеріне қаупсіздігіне қойылатын талаптар.
- Жем және жем қоспаларына қаупсіздігіне қойылатын талаптар.
- Ас сулары қаупсіздігіне қойылатын талаптар.
- Сусын және сусын өнімдері қаупсіздігіне қойылатын талаптар.
- Тұқым, көкөніс, тұқым өнімдері және оларды өңдеу қаупсіздігіне қойылатын талаптар.
- Мұнай базалары және көлік құймалары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Балалар тағамдары, құнарсыз және емдік-профилактикалық тамақтану қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Жинақталған ас суларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Нан және нантоқаш, кондитер өнімдері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Тағам қоспалары олардың өндірсітері және айналымдарына қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Қоршаған ортадағы әр түрлі электрлі жылу беруге қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Балаларға арналған өнімдер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Жол құрылыс материалдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Аймақтар өрттен қорғау техникасы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Желдеткіш жүйелері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Газ толтыру және газ орнату қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Металлургиялық өндіріс процесстері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Метрополитен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Газ жүйелерімен байланысты жерасты құрылыстары және теңіз өндіріс қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Төмен кернеудегі жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Бу өткізу құбырлары және ыстық су қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Автоматтандырылмаған өлшеу таразы құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Темір бетондар, бетон құрылысы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Металл құрылысы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Ағаш құрылысы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Басқа да материалдар құрылысы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Балық және балық өнімдері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Ауылшаруашылық және орман шаруашылық тракторлары, тиеуіштер және көлік қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Құрылыс өндірісіндегі қоршаған орта қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Жеңілөнеркәсіп өнімдері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Майлы өнімдері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Тағам өнімдеріне қосылатын биологиялық қоспа лар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Байер-пісіру әдісімен өңделген глинозема өндірісіндегі қоршаған орта қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Жерасты шахталарды орнату қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Руда, рудаға кірмейтін және өлкесіне себу тәсілдері процесстерін өңдеу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Жерасты көлік заттары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Стационарлы тоңазытқыш орнату қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Су жыту және бу жүйелері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Газдандыру жүйелері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Өрт сөндіру қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар.
- Жанармай, дизель және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Келісім шарттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Медицина техникасы және медицинаға тағайындалған өнімдер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Көлік транспорт жүйелері үшін арнайы арналған сұйықтықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеуге арналған жабдықтар және малшаруашылық өнімдері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеуге арналған жабдықтар және өнім қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Ядор орнатуды зерттеуде ядорлы және радиоционды қауіпсіздіктері.
- Атом станция жүйелерінің ядорлы және радиоционды қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Көмір және оларды алудың өндірістік процесстері, өңдеу, сақтау және тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Теміржол транспорттарымен жіберілетін почталар және жүк тасымалдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- Шарап өнімдері қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Стандарт негізгі
нормативттік құжат болып табылады.
Стандарт- бұл
өкімет органдарында бекітілген және
белгіленген аймақтарда үлкен деңгейде
қамтуға бағытталуға келісім
негізінде өңделген нормативттік құжат.
Стандартта
– нақты бар немесе ықтимал
міндеттерге қатысты жаппай және
көп мәрте пайдалану үшін белгілі
бір салада ережелерді реттеудің
оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге
бағытталған қызмет. Стандарттау
ғылыми зерттеу нәтижелеріне, техникалық жетістіктеріне және тәжірбиелік
мүмкіншіліктеріне негізделген.
Стандарттардан басқа нормативттік құжаттар
бар. Ол стандарттау жөніндегі қызметтің
әр түріне және олардың нәтижелеріне қатысты
нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды,
принциптерді белгілейтін және тұтынушылардың
қалың көпшілігі қол жеткізе алатын құжат.
Стандарттарды әзірлеудің негізгі принциптеріне:
ынтымақтығы, ашықтылығы, еріктілігі,
экономикалық тиімділігі жатады.
Стандарттар құжат ретінде ұсынылатын
сипаттамалары бар, бірақ орындауға міндетті
емес.
Мұнда экономика
нарығының принциптерінің бірі –
тыйым салуды азайту, таңдау еркіндігі
принципі сақталуы тиіс. Өндірушілерге
әсер жанама әдістермен, негізінде
экономикалық шаралармен жүзеге асады.
Міндетті стандарттау
арқылы әкімшілік басқарудың болмауы кәсіпорынның өз жұмысына
деген жауапкершілігін жоғарылатады,
ұйым ішінде, кәсіпорын ішінде қолданатын
стандарттар жасап шығаруын талап етеді.
Кәсіпорын өз бизнесін басқара отырып,
өзінің шаруашылық қызметін өзі реттейтіндей
мүмкіндік алады, ол үшін жеке меншік нормативтік
құжаттарын, өз стандарттарын құрастыра
білу керек.
Ерікті стандарттау
бәріне рұқсат беру және хаос дегенді
білдірмейді, мүлдем олай емес. Көптеген
өнеркәсіптері дамыған елдерде
бұл жүйе бұрыннан бар, сонымен қатар,
ол жақтарда ешқашан мемлекеттік әкімшілік
стандарттау болған емес, мысалы АҚШ-та.
Нарық принциптарына негізделген стандарттау
әкімшілік стандарттауға қарағанда
қатал болады. Нарық заңдары өндірушілерге
тұтынылатын өнімдер қасиеттерінің нашарлауына
әкелетіндей стандарт талаптарынан ауытқуына
жол бермейді, егер ондай жағдай болса
онда компанияның қаржылық күйреуіне
әкеп соқтырады.
Стандарт
түрлері – негізге алынатын, терминологиялық,
бақылау әдісі, өнімге, процеске, қызметке,
үйлесімділікке, жағдай, әдістемелік жағдай,
ашық мәндері бар сипаттамалық жағдай.
- Негізге алынатын стандарт – белгілі бір салаға арналған жалпы және басқарушылық жағдай негізделген нормативтік құжат. Олар басқа стандарттарды шығаруға негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады. Негізге алынатын стандарттың мысалы ретінде ҚР СТ 1.0-2006 – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесін алсақ болады.
- Терминологиялық стандарт – терминдер анықтамалары, қолданылу мысалдары және т.б. көрсетілген нормативтік құжат.
- Өнім, процесс, қызметтің бақылау әдісіне стандарт – әртүрлі бақылау әдісінің процедурасын, ережесін, әдістемесін тағайындайтын нормативтік құжат.
- Өнімге стандарт - біркелкі өнімдер топтарына немесе нақты өнімге талаптар белгілейді. Берілген бұл стандарт түрі толық немесе толық емес болуы мүмкін. Өнімге арналған толық стандарт сынау үшін үлгіні алу ережелерін, сынауды жүргізу тәртібін және т.б. белгілейді. Өнімге арналған толық емес стандартта өнімге арналған талаптардың бөлігі (мысалы, тек қана жабдықтау ережелеріне талаптар) болады.
- Процеске (қызметке арналған) стандарт – нақты процеске (мысалы, өндіру технологиясына) немесе қызметке (мысалы, автокөлік аумағында, банкттік қызмет көрсету, білім беру аумағында қызмет көрсету) талаптар белгілейтін нормативтік құжат.
- Үйлесімділікке стандарт – бүтін өнімге және өнімнің жеке бөлшектеріне үйлесімділігіне талаптар енгізетін нормативтік құжат. Стандарттың бұл түрі үлкен жүйеге (мысалы, ауаны тазалау жүйесіне, сигналдау жүйесіне) арналып жасалуы мүмкін.
- Ашық мәндері бар стандарт – келісім-шарттық қарым-қатынаста (кейбір жағдайларда талаптарды жеткізушілер, ал кейбірінде – тұтынушылар белгілейді) анықталатын, сипаттамалар тізімі бар нормативтік құжат.
- Әдістемелік жағдай – нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестік көмегімен операциялар, процестер құратын әдістемелері бар нормативтік құжат.
- Сипаттамалық жағдай – өнім бөлігінің және бөлшектер өлшемін, шығатын материал құрылысын, конструкция сипаттамасын негіздейтін нормативтік құжат.