Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:32, курсовая работа
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Сақтандыру нарығының түсінгі мен мәнін баяндау;
• Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдай отырып, оның проблемалары мен даму тенденцияларын анықтап көрсету;
• Шет елдердегі сақтандыру нарығының жағдайларын талдау арқылы Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективаларын қалыптастыру;
1.1 Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні..............................................5
1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы....................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.......................................................21
3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі........24
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары....................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................38
Осы бағдарламадан күтілетін
Сақтандыру ұйымдарының
Нарықтың негізгі
Қазіргі кезде әлемдік тәжірибені пайдалану,
жаһанды масштаб бағдарламаларына қатысу
қажеттілігі анық көрінуде. Және де қазіргі
кездегі Қазақстанның сақтандыру нарығындағы
позитивті тенденцияларды қарай отырып,
2010 жылға қарсы біз әлеуметтік және қаржылық
қауіпсіздікті максималды қамтамасыз
ететін жан-жақты дамыған қаржы қызметтерінің
нарығына жетеміз деп айтуға болады.
3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН
ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Сақтандыру нарығының
қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі
Шетелдік тәжірибе ретінде мен еліміздің
экономикалық, саяси және басқа
да қатынастары бойынша серіктес елдерінің
сақтандыру нарықтары жайлы айтқым келіп
отыр. Осылайша, мен Қытай Халық Республикасы
мен Америка Құрама Штаттарының нарықтарын
қарастырып өтпекпін.
Қытай Халық Республикасының сақтандыру
нарығы. Сақтандыру нарығы Қытайдың ақша-несие
нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып
табылады. Қытай Халық Республикасындағы
сақтандыру негізінен мүлікті сақтандыру,
азаматтық жауапкершілікті сақтандыру,
кепілді сақтандыру және жеке сақтандыру
сияқты төрт негізгі сақтандыру түріне
бөлінеді. Қазіргі кезде Қытайда сақтандыру
компаниялары сақтандырудың 400 түрі бойынша
қызмет көрсетеді. Қытайдың сақтандыру
мекемелерінің ішінде ерікті және міндетті
болып бөлінетін қайта сақтандыру операциялары
кеңінен тараған.
Реформалардың тереңдеуі және Қытай Халық
Республикасының сақтандыру нарығының
ашыла түсуіне байланысты сақтандыру
операцияларының, әсіресе өмірді сақтандыру
операцияларының қарқынды дамуы өтіп
жатты. Егер 2006 жылы өмірді сақтандырудан
түсетін табыстар сақтандыру табыстарының
55%-н құраса, 2007 жылы 60%-ды құрады. 2007 жылы
Қытай Халық Республикасының сақтандыру
саласының табыстары 124,7 млрд юань (15 млрд
$), оның ішінде 49,96 млрд юань (8,2 млрд $) -
мүлікті сақтандырудан, 68,3 млрд юань (8,2
млрд $) - өмірді сақтандырудан түссе, қалған
сақтандыру операцияларынан түскен табыс
- 6,5 млрд юань немесе 783 млн $ құрады. Дәл
сол жылы мүліктік нұқсандар бойынша және
қысқа мерзімді жеке сақтандыру бойынша
өтемдер 31,8 млрд юань (3,8 млрд $) құрады.
Өмірді сақтандыру бойынша өтемдер 23,8
млрд юань немесе 2,9 млрд $ құрады. Қытай
Халық Республикасының ұлттық экономикасындағы
сақтандыру саласының үлесі жылдан-жылға
өсуде. Осылайша, ЖІӨдегі сақтандыру саласының
үлесі 2002 жылы 0,25%-дан 2007 жылы 1,48%-ға дейін
өсті. Соңғы 6 жылы Қытай Халық Республикасының
сақтандыру саласының орташа жылдық өсу
қарқыны 34% құрайды. Бұл жайлы 4-кесте мәліметтерінен
көруге болады.
3 кесте - Қытайдағы сақтандыру саласының
2002-2007 жылдардағы табыстары. (млрд юань)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2006 жылдың басындағы жағдай
Елдің сақтандыру нарығында акционерлік
және шетел компанияларының
болғандығына қарамастан, елдің сақтандыру
нарығының едәуір үлесін бұрынғыдай мемлекеттік
сақтандыру компаниялары бақылап отырады.
Мысалы, өмірді сақтандырудың Қытай компаниясының
үлесіне елдегі өмірді сақтандыру көлемінің
52% келеді. Екінші орында “Пинань” компаниясы
(24%) тұр. “Тайпинян” компаниясы 11%-ды,
ал “Синьхуа” компаниясы 3,5%-ды бақылайды.
Осылайша, қазіргі кезде тек төрт сақтандыру
компаниялары ғана Қытайдағы өмірді сақтандырудың
90%-н қолында шоғырландырған.
2005 жылдың басында Қытай Халық Республикасында
ресми түрде 13 ұлттық сақтандыру компаниясы
(шетелдік және бірлескен сақтандыру компанияларын
қоспағанда) тіркелген болатын. Оның ішінде
2 – бас сақтандыру компаниялары, 7 – мүлікті
сақтандыру компаниялары, 3 - өмірді сақтандыру
компаниялары, 1- қайта сақтандыру компаниясы.
Территориялық белгісі бойынша олар 8
жалпы мемлекеттік сақтандыру компанияларына
және 5 аймақтық сақтандыру компанияларына
бөлінеді. Жалпы мемлекеттік сақтандыру
компанияларының 10 мыңдай бөлімшелері
мен операциялық пунктері бар. Қызметкерлерінің
саны - 150 мың адам. Қытай сақтандыру компаниялары
250 мыңнан астам сақтандыру агенттерінің
қызметін пайдаланады.
Қытай басшылығының елді сыртық экономикалық
қатынастарға ашық екендігін жариялануымен
сақтандыру нарығына шетелдік сақтандырушылар
ене бастады. Өкілетттіктердің ең көп
санымен Австралия, Ұлыбритания, Германия,
Гонконг, Италия, Канада, Корея, Нидерланды,
Сингапур, АҚШ, Тайвань, Франция, Швейцария
және Жапония сақтандыру компаниялары
ерекшеленеді. АҚШтың, Канаданың, Жапония
мен Ұлыбританияның 9 сақтандыру компаниясы
Шанхайда және Гуанчжоуда 12 операциялық
агенттіктердің негізін салды. Ал 17 елдің
113 сақтандыру компаниясы Қытай Халық
Республикасында 202 өкілеттігін құрды.
Сақтандыру саласының өсу қарқыны 2007 жылы
ЖІӨнің өсу қарқынынан 7%-ға артық болды.
Сақтандыру саласы құрылымдық реформаны
жүзеге асыра алды және есептеулер жүйесін
жетілдіре алды.
2007 жылдың басындағы жағдай бойынша, Қытай
Халық Республикасында шет елдің қатысуымен
37 сақтандыру компаниясы және де 300-ге
жуық басқа шетелдің сақтандыру мекемелері
(өкілеттіктер, агенттіктер және тағы
басқалар) бар.
АҚШ сақтандыру нарығы. Қазіргі кездегі
Америка Құрама Штаттарындағы сақтандыру
нарығы мен бизнесі әлемде ең жақсы дамыған
нарық болып табылады.
Америка Құрама Штаттарының монополиялары
дамыған елдердегі бүкіл сақтандыру нарығының
50%-дан астамын бақылап отырады. Америка
Құрама Штаттарында 10 мыңдай сақтандыру
компаниялары жұмыс жасайды, олардың 8
мыңнан астамы мүліктік сақтандыруды
жүзеге асырады. Америка Құрама Штаттарының
әр штатының өзінің сақтандыру туралы
заңы және сақтық бақылауы болады, сондықтан
да ол жақта бірыңғай сақтандыру туралы
заң
және сақтық бақылау органы жоқ.
Әрине, әр штат өзінің жарғылық капиталын,
көрсетілетін сақтандыру түрлерін бекітеді,
өзіне қарасты сақтандыру ұйымдарына
бақылау жүргізеді, сақтандыру қызметін
қадағалап, реттейді, брокерлерге, агенттерге
және сақтандыру компанияларына лицензиялар
береді.
Америка Құрама Штаттарында сақтандыру
ұйымдарының екі типі бар: акционерлік
қоғамдар және өзара сақтандыру қоғамдары.
Ол жақта мемлекеттік сақтандыру компаниялары
жоқ. Компания акцияларын жеке және заңды
тұлғалар иеленеді. Америка Құрама Штаттарында
тарихи түрде сақтандыру компаниялары
арасында өзара сақтандыру қоғамдарының
үлесі басым болады деген ой қалыптасқан,
бірақ олардың саны акционерлік қоғамдардан
әлдеқайда азырақ.
Ел ішінде сақтандырудың үш типі қалыптасқан:
Қазіргі кезде АҚШтың барлық сақтандыру
компанияларының активтері 2 трлн доллардай
соманы құрайды немесе орта есеппен
алғанда әр компанияға 200 млн доллардан
келеді. Барлық сақтандырушылар бақыланып
отырады. Олардың қызметі : A.M.BEST, Moody
S, Standart & Poors сияқты үш консалтингтік
компаниялармен талданады. Бұл компаниялар
қаржылық жағдайы туралы хабарлайды,
сақтандырушылардың қызметі бойынша
каталогтар шығарады, сенімділік рейтингін
және төлем қабілеттілігі туралы
мәліметтерді жариялайды.
Брокерлік компаниялардың өздерінің айрықшалықты
бөлімшелері болады. Бұл бөлімшелер басқа
компаниялардың қызметін талдайды, олардың
қаржылық жағдайын, төлемдерін, сервистік
қызмет көрсету деңгейін, қызметіндегі
икемділікті, қызметтер бағасын және тағы
басқаларды зерттейді.
Сақтандырушының қызметінің тиімділігінің
критериі болып жоғалтулар деңгейі, табыстар
және инвестициялар бойынша пайда коэффициенті,
дебиторлық қарыз деңгейі саналады.
Америка Құрама Штаттарында өмірді сақтандыру
бойынша ірі сақтандыру компаниялары
жоғары авторитетке ие, сондықтан да олардың
қызметіне әртүрлі зейнетақы қорларына
тиесілі бірнеше миллиардтық ақша қаражаттарын
капиталды одан әрі көбейту мақсатында
береді. Бұл қаражаттарды басқарғаны үшін
сақтандыру компаниялары комиссиондық
сыйақы (шамамен 0,1%) алады.
Америка Құрама Штаттарының сақтандырушылары
өндірістік корпорациялармен тығыз байланыста.
Осылайша, өндірістік корпорациялардың
әрбір 100 директорлар кеңесінің 27-сінде
сақтандырушылар отырады.
Сақтандыру ұйымдарының ұйымдық негізін
акционерлік қоғамдар мен өзара сақтандыру
қоғамдары құрайды. Андеррайтерлер мен
сақтандыру брокерлерінің – сақтандыру
агенттерінің немесе тәуелсіз брокерлік
фирмалардың институты бар. Осылайша,
өмірді сақтандыру бойынша “Пруденшл”
ірі сақтандыру қоғамының 20 мыңнан астам
сақтандыру брокерлері бар. Сондай-ақ,
“Марш-Макленан”, “Александр энд Александр”,
“Фрек Холл”, “Фред С.Джеймс” және тағы
басқа да брокерлік фирмаларды атап өтуге
болады.
Кейінгі уақытта Америка Құрама Штаттарының
көптеген штаттарында мөлшерлемелер (сақтандыру
төлемдерінің) қозғалысына шектеу алынып
тасталып, кейбір жағдайларда олар 40 пайызға
дейін төмендеді. Бұл көптеген ұсақ сақтандыру
компанияларының, әсіресе мүлікті сақтандырушы
компаниялардың шығындалуына әкеліп соқтырды.
Америка Құрама Штаттарының сақтандыру
компаниялары қаржылық конгломераттар
деп айтса да болады. Олар өздерінің еншілес
компаниялары арқылы өздерінің негізгі
қызметінен басқа несиелер мен қарыздар
беру, клиенттерге чектік қызмет көрсету,
есептесуші несиелік карточкалар эмиссиялау,
мүлікпен, бағалы қағаздармен операциялар
жүргізу, клиенттің тапсырысы бойынша
мүлікті және капиталды басқару сияқты
қызметтер атқарады. Сақтандыру ісінің
одан әрі интернационализациялануы жүруде.
70-жылдардағы халықаралық сақтандыру
нарығындағы қатаң бәсекеден кейін Америка
Құрама Штаттарының үлесі өскені айқындалуда.
Жетекші сақтандыру компанияларына “Стейт
фарм мьючуэл отомобил иншуранс компани” трансұлттық
компаниясы жатады. Бұл компания 1922 жылы
Иллинойс штатында негізі қаланып, көлікті,
мүлікті, жазатайым уақиғалардан, авиацияны
сақтандырумен және қайта сақтандырумен
айналысады. Жиналған сыйақыларының көлемі
бойынша әлемдегі алғашқы орындардың
бірінде.
Басқа ірі компаниялар болып 1868 жылы Нью-Йоркте
құрылып, өзара келісім негізінде өмірді
сақтандыратын “Метрополитен Лайф иншуранс
К°” компаниясы, жетекші диверсификацияланған
компаниялардың бірі болып саналатын,
“Коннектикут дженерэл корпорейшн” және
“ИНА корпорейшн” деген екі ескі қоғамның
бірігуі нәтижесінде 1982 жылы құрылған
“Сигма” компаниясы табылады. Бұл “Сигма”
компаниясы мүлікті және жауапкершілікті
сақтандырады.
“Америкэн Интернешл групп (АИГ)” – жетекші
халықаралық диверсификацияланған сақтандыру
топтарының және Америка Құрама Штаттарындағы
саудалық және өндірістік тәуекелдерді
сақтандырушы ірі компаниялардың бірі.
Кейіннен бұл компания холдингтік компанияға
айналып, қазіргі кезде 130 елде 44 еншілес
компаниясын басқарып отыр.
Тек қызметкерлерінің саны 28 мыңнан астам
адамды құрайды.
Сондай-ақ, ірі сақтандыру компаниялары
болып:
1853 жылы құрылған “Континентал корпорейшн” компаниясы;
1876 жылы құрылған “Пруденшл Иншуранс оф
Америка” компаниясы;
1913 жылы құрылған “Олстейт Иншуранс компани” компаниясы
саналады.
Көріп отырғанымыздай, әрине бұл елдердің
сақтандыру нарығының даму деңгейі, олардың
сақтандыру компанияларының қаржылық
көрсеткіштері біздің еліміздегі жағдайдан
артық. Бірақ, жоғарыда көрсетілген еліміздің
сақтандыру нарығының мәліметтерін ескере
отырып, республикадғы сақтандыру компанияларының
жағдайы бірер жылдан соң осындай елдердің
компаниялары қатарына қосылады деп үлкен
сенімділікпен айтуға болады.
3.2 Қазақстан Республикасының
сақтандыру нарығының даму перспективалары
Елдің сақтандыру нарығын дамыту саласында
сақтандырудың бірқатар міндетті түрлері
енгізілді,сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры, мемлекеттік аннуитеттік компаниясы,
экспорт-импорт кредиттерін сақтандыру
жөніндегі мемлекеттік корпорация құрылды,
отандық сақтандыру нарығына шетелдің
қатысу мүмкіндігі кеңейтілді.
Сақтандыру секторы: мақсаты мен міндетi. Орта
мерзімді перспективада сақтандыру нарығын
дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерімыналар
болып табылады:
- азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің
сақтандыруды қорғаудағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру жəне мемлекет экономикасын
дамыту үшін ұзақ мерзімді инвестициялық
ресурстарды шоғырландыру жөніндегі шараларды
əзірлеу жəне іске асыру;
- халықты əлеуметтік қорғаудың құралы
ретінде өмірді сақтандыруды дамыту міндетті
сақтандыру жүйесін жетілдіру;
- халықтың сақтандыру ұйымдарына сенімін
жəне сақтандыру қатынастары барлық субъектілерінің
сақтандыру мəдениетін арттыру;
- үздік халықаралық практика негізінде
сақтандыру қадағалауын жетілдіру.
Ағымдағы жағдай. Соңғы жылдары республика
экономикасының тұрақты өрлеуі жəне ұлттық
сақтандыру индустриясын реформалау жөнінде
мемлекет қабылдаған шаралар осы саланың
шапшаң дамуына ықпал етті. Сақтандыру нарығының
негізгі көрсеткіштерінің бірнеше жыл
ішіндегі серпініне оң баға берілуде.
Дегенмен, елде өмірдісақтандыру жəне
жинақтаушы жəне ұзақ мерзімді сақтандырудың
өзге түрлері нарығы жеткіліксіз дамыған.
Қазіргі кезде өмірді сақтандыру жөніндегі
сақтандыру ұйымдарының инвестициялық
мүмкіндіктерін кеңейту мəселесі өзекті
болып қалып отыр. Сақтандыру ұйымдарын
капиталдандыру төмен деңгейде, олар жинаған
сақтандыру сыйлықақыларының басым бөлігі
қайта сақтандыру арналары арқылы шет
елдерге беріледі.
Бұдан басқа, міндетті сақтандыру жүйесінде
бірқатар проблемалар бар. Айталық, міндетті
сақтандырудың ұлттық жүйесінің өзінің
барлық əлеуетін толық көлемде пайдалануға
мүмкіндік бермейтін бірқатар проблемалары
бар. Міндетті сақтандырудың тиімділігін
төмендететін басты проблемалардың қатарына
мыналарды жатқызуға болады: сақтандырушылардың
міндетті сақтандыру туралы заңнаманы
сақтауын мемлекеттік қадағалау деңгейінің
жеткіліксіздігі мен қолданыстағы заңнаманың
жетілдірілмегендігі;
міндетті сақтандыруды қолдану туралы
нормаларды қамтитын салалық заңдарды
əзірлеуді шектеу қажеттілігі.
Көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ын міндетті
сақтандыру сақтандырудың бұқаралық түрлерінің
бірі болып табылады, бұл көлік құралдары
иелерінің жəне жол қозғалысының басқа
қатысушыларының мүдделерін қозғайды. Сондықтан
сақтандыру нарығында осы сақтандырудың
проблемалары неғұрлым өткір сезіледі.
Жақын арадағы жылдары сақтандыру нарығының
инфрақұрылымын дамыту бөлігіндегі маңызды
мəселе өзара сақтандыру жүйесін дамыту
болады. Өзара сақтандыру қазіргі заманғы
сақтандыру нарығы элементтерінің бірі
болып табылады. Өзара сақтандырудың қажеттігі,
ең алдымен əрқилы себептерге: көп шығынға,
сақтандыру сомаларының жоғары мəніне
байланысты коммерциялық сақтанушылар
сақтандыруға қабылдаудан бас тартатын
тəуекелдердің көп болуымен негізделген.
Бұдан басқа, сақтандыру ұйымдарында тəуекелдерді
басқару жүйесі дамытуды талап етеді. Негізгі
шаралар:
1. Сақтандыру ұйымдары қызметінің ашықтық
деңгейін арттыру (шоғырландырылған қадағалауды
жүзеге асыру) - осы сəтте қолданыстағы
шоғырландырылған қадағалау туралы заңнамада қаржы
ұйымының нақты меншік иесін, қаржы ұйымының
шешімдерін анықтайтын аффилиирленгентұлғалар
тобын анықтау мүмкіндігі көзделді, қаржы
ұйымы қабылдайтын шешімдерге елеулі
əсер ететін қаржы ұйымдарының акционерлерін
анықтау бөлігінде банктермен сақтандыру
жəне зейнеткерлік заңнаманы біріздендіру
жүргізілді.
Жүйелік тəуекелдері бар неғұрлым ірі
сақтандыру ұйымдары банк конглометрлеріне
жатады жəне оларды шоғырландырылған негізде
реттеу банк конглометрі арқылы жүзеге
асырылады. Сонымен қатар банк конгломератына
жатқызылмаған 24 сақтандыру ұйымына шоғырландырылған
негізде пруденциялық реттеуді жүзеге
асыру мүмкіндігі аз қолданылады.
Бұл кең көлемде олардың арасында қаржы
кангломератын құрайтын заңды тұлғалар
тобының іс жүзінде жоқтығымен түсіндіріледі.
Осылайша осы бағыттағы келесі саты осы
сақтандыру ұйымдары мен олар құрған топтар
үшін шоғырландырылған негізде пруденциалдық
реттеуді жүзеге асыру болады.
2. Міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін
арттыру
Қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті
сақтандыру жүйесі, тұтастай алғанда қалыптасты.
Міндетті сақтандырудың енгізілген түрлері
субъектілердің ауқымды шеңберін түрлі,
оның ішінде қаржылық,
əлеуметтік, экологиялық, табиғи, техногендік
тəуекелдерден сақтандырумен қамтиды.
Сонымен қатар, міндетті сақтандырудың
ұлттық жүйесінің өзінің барлық
əлеуетін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік
бермейтін бірқатар проблемалары бар.
Міндетті сақтандыру жүйесін неғұрлым
нақты ұйымдастыру жəне оның жұмыс істеуі
мақсатында мыналар:
сақтандыру ұйымдарының сақтандырудың
міндетті түрлері бойынша қызметті жүзеге
асыру құқығына лицензиялар алу үшін шарттар
анықтау;
қаржылық есептілік нысандарын жетілдіру
жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
Үкімет тарапынан сақтандырушылардың
міндетті сақтандыру туралы заңнаманы
сақтауын мемлекеттік бақылау жүйесін
ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау
жөніндегі бірқатар шаралар жүргізілетін
болады.
Осымен бір уақытта міндетті сақтандыру
жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша
шараларды қабылдау қажет.
Көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыру
өзекті мəселелерінің бірі сақтандыру
тарифтері мөлшерінің республикадағы
жол қозғалысы тəуекелдерінің деңгейіне
барабарлығы мəселесі болып отыр. Төмен
рентабельдікке, ал кейбір сақтандыру
ұйымдарында сақтандырудың осы түрі бойынша
операциялардың шығындылығына байланысты
сақтандыру ұйымдарының сақтандыру төлемдерін
жүзеге асырудан бас тартатын, сақтандыру
шарттарын жасасудан бас тартатын, агенттік
пункттер санын
қысқартатын жағдайлар орын алып отыр,
бұл сайып келгенде, сақтандырушыларға
жəне жол-көлік оқиғасының нəтижесінде
зардап шеккен тұлғаларға келеңсіз əсер
етеді.
Жолдарда апаттардың жоғары деңгейін,
елдің автопаркінің икемсіз өсуін жəне
сақтандыру төлемдерінің көлеміне əсер
ететін өзге факторларды ескере отырып,
көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыруының
жəне тарифтерге байланысты проблемаларға
жедел əрекет етудің тұрақты мониторингін
ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.
Көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыру
жөніндегі, оның ішінде сақтандыру жағдайын
қарау тəртібін жеңілдету жəне қысқарту
жəне сақтандыру төлемін жүзеге асыру
мақсатында заңнаманы жетілдіру жөніндегі
жұмыстарды жалғастыру қажет. Халықаралық
тəжірибені жəне осы жүйені қолдану практикасын
ескере отырып, шығындарды тікелей реттеу
жүйесін енгізу мүмкіндігі əзірленетін
болады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның
əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы Қазақстан
өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»
атты 2007 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске
асыру мақсатында Қазақстан Республикасының
Президентінің 2007 жылғы 11 сəуірдегі №
86 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы əзірленген
болатын, оның негізгі мақсаттары көлік-коммуникациялық
кешенін одан əрі дамыту, сондай-ақ Қазақстанның
көлік жүйесін дүниежүзілік көлік жүйесімен
ықпалдастыру болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген стратегия атап
айтқанда Қытай мен Ресей сияқты елдерді
қамтитын пайдалы, сенімді жəне қол жетімді
транзиттік бағыттарды құра отырып, елдер
арасында өсіп отырған сауда байланыстарын
қамтамасыз етуге бағытталған.
Осыған байланысты Еуразия экономикалық
қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ), немесе Шанхай
ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде
қолданыстағы «Жасыл карта» халықаралық
автосақтандыру жүйесіне ұқсас көлік
құралдары иелерінің жауапкершілігін
сақтандырудың халықаралық жүйесін құру
мүмкіндігі əзірленетін болады. ЕурАзЭҚ
немесе ШЫҰ шеңберінде көлік құралдары
иелерін сақтандырудың халықаралық жүйесін
енгізу Қазақстанның «Жасыл карта» жүйесіне
қосылуы жөніндегі жұмысты жалғастыруға,
сондай-ақ мемлекетаралық автомобиль
қатынасы проблемасын шешуге мүмкіндік
береді.
Отандық практиканы жəне халықаралық
тəжірибені ескере отырып, қызметкердің
еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау
кезінде зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандыруды жүргізу ережелері мен тəртібін
одан əрі жетілдіру жөніндегі жұмысты
жалғастыру қажет. Бұл ретте экономикалық
қызмет түрлерін кəсіби тəуекел топтарына
жатқызу тізбесін нақтылау жəне сақтандырудың
осы түрінің басқа шарттарын жаңғырту
қажет. Жұмыс берушінің жауапкершілігін
сақтандыру сақтандырудың міндетті түрі
болып табылатындығын ескере отырып, оның
жүргізудің барлық шарттары айқын жəне
осы құқық қатынастарының барлық қатысушылары
үшін түсінікті болуы тиіс. Осыған байланысты
сақтандырудың осы түрі бойынша аннуитетті
өнімдерге қатысты бірыңғай ең төменгі
міндетті
талаптарды белгілеу мүмкіндігі зерделенетін
болады.
3. Міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге
асыру кезінде дауларды шешудің соттан
тыс тетіктерін құру
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыруға
байланысты дауларды жою жөніндегі проблемаларды
шешу мақсатында сақтандыру омбудсман
түрінде соттан тыс тетіктерді құру қажеттілігі
туындады. Дауларды шешуде мұндай тетікті
қолдану икемділікке негізделген, ол тұтынушылардың
да, сақтандырушылардың да мұқтаждарына
неғұрлым сəйкес келеді, атап айтқанда:
төмен
шығындар, рəсімдердің жылдамдығы мен
формалдық емес сипаты, сақтандырушылардың
қабылданған шешімді міндетті орындауы.
Сақтандыру омбудсманы институттарын
қолданудың дүниежүзілік тəжірибесі үкіметтік
агенттіктердің, заңнамалық комитеттердің,
сақтандыру ұйымдары өкілдерінің жəне
сақтандыру қызметтері тұтынушыларының
тұтынушылар тарапынан сақтандыру қарым-қатынастарын
бақылау мақсатында оларды құру жөніндегі
мүдделерін біріктіруге негізделген.
4. Сақтандыру нарығының инфрақұрылымын
дамыту
Сақтандыру нарығын дамыта отырып сақтандыру
нарығының дамыған инфрақұрылымының болуы үлкен
əсер алып отыр. Осыған байланысты сюрвейер,
андеррайтер, апат комиссарлары жəне т.с.с.
сияқты сақтандыру нарығы қатысушыларының
өкілеттіктерін заңнамалық бекіту талап
етіледі. Аталған нарық қатысушыларын
дамыту сақтандырылатын тəуекелдерді
жəне сақтандыру жағдайы басталу нəтижесінде
келтірілген зиянның мөлшерін нақты бағалауды
жүзеге асыру қажеттілігімен шартталған.
Сақтандыру ұйымдарының делдалдары - агенттер
желісін дамытуға ерекше көңіл бөлінетін
болады. Сақтандыру агенттерінің тиімді
жұмыс істейтін желісін құру сақтандыру
ұйымдарына өз сақтандыру
өнімдеріне сату көлемін ұлғайтуға жəне
сақтандырушыларды неғұрлым кең қамтуды
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Агенттік
желісін құрудағы маңызды сəт агенттердің
кəсіби даярлығын ұйымдастыру болып табылады.
Қандай да бір сақтандыру өнімінің біліктілік,
білім, оның ар-намысын көрсету деңгейіне
тұтастай алғанда сақтандыруды дамыту
жəне атап айтқанда өмірді сақтандыру
тəуелді. Қолданыстағы заңнамаға сақтандыру
нарығының аталған қатысушыларының мəртебесін,
біліктілік талаптарын, қызметінің шарттары
мен жауапкершілігін анықтайтын тиісті
түзетулерді енгізу қажет.
Сақтандыру агентінің жеке кəсіпкерлікке
жатқызу мəселесін қарау ұйғарылады. Жеке
кəсіпкер ретінде сақтандыру агенті қызметінің
басымдықтары мыналар болып табылады.
Сақтандыру агенттері салық салудың оңайлатылған
жүйесін алатын болады, сақтандыру ұйымдары
пайда тартуға бағытталған өз қызметінде
мүдделі білікті агенттерді алады, ол
түптеп келгенде сақтандыру қызметін
кеңейтуге жəне ұсынылатын сақтандыру
өнімдер санының артуына, қызметтер ұсыну
сапасының жақсаруына əсер етеді. Мемлекеттің
атынан уəкілетті органдар сақтандыру
ұйымының ішкі құрылымының айқын моделін
алады.
Осылайша сақтандыру нарығы инфрақұрылымының
бір бөлігі ретінде өзара сақтандыру жүйесін
дамытуға көңіл бөлінетін болады. Өзара
сақтандыру қазіргі заманғы сақтандыру
нарығы элементтерінің бірі болып табылады.
Өзара сақтандыру қажеттілігі ең алдымен
коммерциялық сақтандырушылар түрлі себептерге:
таза шығындар, сақтандыру сомаларының
жоғары мəніне байланысты сақтандыруға
қабылдаудан бас тартатын тəуекелдердің
көп санының болуымен шартталған.
Сақтандыру нарығының инфрақұрылымын
дамыту бөлігінде маңызды мəселе сақтандыру
нарығының түрлі қатысушыларын біріктіретін
қоғамдық ұйымдарды құру жəне дамыту болып
табылады. Мұндай ұйымдарға оқу бағдарламаларын
дайындау, əзірлеу жөніндегі өкілеттіктерді
жүктеу жəне сақтандыру нарығында қызметті
жүзеге асыруға пиғылды тұлғаларды оқытуды
жүргізу, сондай-ақ сақтандыру нарығына
қатысушылардың, оның ішінде сақтандыру
агенттерінің, андеррайтерлер мен т.б.
қызметін сертификаттау қажет.
Сақтандыру секторын дамытудың маңызды
сатысы кепілдік беру институттарының
қызметін одан əрі жетілдіру, оны халықаралық
практикаға сəйкес келтіру болып табылады.
Кепілдікті схемаларды құру мақсаты сақтандыру
қызметінің тұтынушылары жəне сақтандыру
нарығының тұрақтылығын сақтау үшін сақтандыру
ұйымын мəжбүрлеп тарату зардаптарын
жұмсартуға негізделген. Сақтандыру ұйымын
мəжбүрлеп таратқан жағдайда сақтандырушылардың
құқықтары мен мүліктік мүдделерін қорғауды
қамтамасыз ету қолданыстағы «Сақтандыру
төлемдерін кепілдендіру қоры» акционерлік
қоғамының негізгі міндеті болып табылады.
Қор міндетті сақтандырудың неғұрлым
жаппай түрлері бойынша, атап айтқанда
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру
жөніндегі жəне тасымалдаушының жолаушылар
алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру
төлеміне кепілдік береді. 31 сақтандыру
ұйымы Қордың қатысушылары болып табылады.
Қордың жəне сақтандыру ұйымдарының тікелей
өзара байланысын ескере отырып Қорды
акцияландыру туралы мəселені қарау қажет.
Бұл Қордың жұмысын нарық қажеттілігіне
бағыттауға, үлкен икемділік пен басқарушылық
алуға мүмкіндік береді, бұл Қордың өзінің
де, тұтастай алғанда сақтандыру нарығының
да елеулі дамуына əкеп соқтырады.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру
жүйесін одан əрі кеңейту мақсатында сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне сақтандырудың
басқа міндетті түрлерін, сондай-ақ өмірді
сақтандыруды кезең- кезеңмен енгізуге
бағытталған шараларды қабылдау қажет,
өйткені осы сəтте оның барлығынан да
артық жоғары əлеуметтік мəнге ие болуына
байланысты осындай кепілдіктерге мұқтаж.
Кепілдік беру резерві сомасының сақталуы
мен көбеюін қамтамасыз ету үшін оларды
инвестициялауға рұқсат етілген қаржы
құралдарының тізбесін кеңейту қажет.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 20
ақпандағы «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру
мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Заңында сақтандыру ұйымдарына
өз қызметін «ипотекалық сақтандыру»
сыныбы бойынша жүзеге асыру мүмкіндігі
берілген. Осымен қатар, «Қазақстандық
ипотекалық кредиттерге кепілдік беру
қоры» акционерлік қоғамының қызметін
одан əрі жетілдіру шеңберінде оның қызметін
халықаралық тəжірибеге сəйкес келтіру
ұйғарылады, ол сақтандыру ұйымына оны
қайта ұйымдастыру дегенді білдіреді.
5. Сақтандыру ұйымдарын одан əрі капиталдандыру
5-8 жыл бойы сақтандыру нарығының іс жүзінде
өмір сүруі жəне дамуы кезінде сақтандыру
нарығында сақтандыру ұйымдарының банкроттық
мысалдары іс жүзінде жоқ. Ішінара бұл
уəкілетті органның сақтандыру ұйымын
капиталдандыру деңгейіне қоятын талаптарының
тұрақты артымен шартталған, оны барлық
сақтандыру ұйымдары уақтылы қамтамасыз
ете алмайды. Осыған байланысты, мəжбүрлеп таратудың
себебі жеке меншік капиталдың жеткіліктігі
бөлігінде пруденциалдық нормативтерді
орындамау, болып табылады. Бұған бірнеше
себептер ықпал етеді: акционерлердің
мөлшерінің аздығына байланысты капиталдың
талап етілетін мөлшерін төлей алмауы
(мəжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымдарының
көп бөлігі шағын акционерлері бар үлкен
емес болып табылады), сондай-ақ жеке меншік
капиталдың жеткілікті жоғары өсуін қамтамасыз
етуге мүмкіндік бермейтін барабар емес
тарифтік саясаты, жылдам пайда алу үшін ашылған
бірқатар сақтандыру ұйымдарының
алыпсатарлық бағыттылығы жəне өзге объективті
жəне субъективті факторлар.
Бұл ретте жеке меншік капиталдың ең аз
мөлшеріне қойылатын
талаптарды арттырудың негізгі міндеттері
жеке меншік капитал өсімінің тиісті қарқынымен
қамтамасыз етілмеген жиналатын сақтандыру
сыйақылары көлемі өсуінің жоғары қарқыны,
ЕС Директиваларында белгіленген талаптарға,
атап айтқанда 2-3 млн. eypo жақындауы. Жеке
меншік капиталдың ең аз мөлшерінің осы
сомасы сақтандыру (қайтасақтандыру) ұйымдарын
капиталдандырудың кезең-кезеңмен үш
жылдық жоспарын аяқтағаннан кейін 2008
жылдың басына қамтамасыз етілетін болады.
Кейіннен сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруды
сақтандыру ұйымдарының акционерлері
тікелей жүргізетін болады, ол объективті
себептермен, атап айтқанда сақтандыру
ұйымы қызметінің өсуімен шартталған.
6. Сақтандыру ұйымдарын пруденциалдық
реттеуді одан əрі жетілдіру
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 20
ақпандағы «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру
мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Заңына сəйкес пруденциалдық
нормативтер ЕС Директиваларына (Solvency)
жəне IAIS қағидаттарына сəйкес келтірілді.
Risk based supervision енгізу жолымен пруденциалдық
реттеуді одан əрі жетілдіру жəне Solvency
II төлем қабілеттілігі жүйесіне көшу талап
етіледі. Мұның бəрі сақтандыру нарығын
реттеуге жəне сақтандыру ұйымының тəуекелдерін
басқару жүйесін орнатуға жағдайлар жасайды.
7. Сақтандыру статистикасының базасын
қалыптастыру, сақтандыру тарифтерін реттеу
Қазіргі сəтте Агенттікке сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының тарифтерін
есептеу əдістемесін қарау жөніндегі өкілеттіктер
берілген. Көрсетілген өкілеттік объективтік
қажеттілікпен шартталған.
Айталық, көптеген сақтандыру ұйымдары
клиенттерді тарту мақсатында сақтандырудың
ерікті түрлері бойынша тарифтердің деңгейін
кірістіліктің жеткілікті деңгейін жəне
тиісінше сақтандыру ұйымының қаржылық
тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін мəннен төмен азайтуға мүмкіндік
береді.
Осыған байланысты, сақтандыру статистикасының
толыққанды базасы қалыптастырылатын
болады, жиналатын деректерді, бірінші
кезекте міндетті сақтандыруда u1089 сақтау
жəне өңдеу осы сəтте сақтандыру нарығын
дамытудың маңызды міндеттерінің бірі
болып табылады.
Сақтандыру статистикасының деректерін
жинау үшін сақтандыру ұйымдарынан өзге
мемлекеттік органдар, оның ішінде ішкі
істер, мемлекеттік статистика, еңбек
жəне əлеуметтік қорғау органдары тартылатын
болады.
8. Сақтандыру қызметтерін сатуда жаңа
технологияларды дамыту
Бүгінде сақтанушылар неғұрлым алданғандар
болып барады жəне кез келген уақытта
сақтандыру қызметтерін беруді талап етеді.
Мұның шешімі Интернет-сақтандыру бола
алады, ол тұтастай алғанда, əсіресе ерекше
консультацияларды талап етпейтін қарапайым
сақтандыру өнімдерін тікелей сату мəнін арттырады.
Кейбір деректер бойынша жыл сайынғы дүниежүзілік
сақтандыру
нарығының интернет-айналымы 250 млн. долларға
жетеді, ол Интернет-сатудың жалпы көлемінің
2-2,5%-ын құрайды. Қазіргі уақытта сақтандыру
ұйымдары кірістерінің 2 %-ы электрондық
коммерцияға келіп отыр. Сондықтан, Қазақстанда
Интернет-сақтандыруды дамыту мəселелері
əзірленетін болады.
9. Сақтандыру ұйымдарының тəуекел-менеджменті
жүйесін жетілдіру
Сақтандыру ұйымдарының қызметі айқын
еместікке негізделетіндігін назарға
ала отырып, сақтандыру ұйымдары оның ағымдағы
жəне алда күтілетін қаржы жағдайын қозғауы
мүмкін барлық міндеттемелер спектрін
ескеру қажет. Осыған байланысты, бүгінгі
күні сақтандыру ұйымдарының тəуекелдерін
басқару жүйесін құру мəселесі өзекті
болып отыр.
Тəуекелдерді басқару жүйесі тиісті корпоративтік
саясат пен рəсімдерді дамытуды, тəуекелдерді өлшеудің
сандық əдістерін пайдалануды, олардың
тəуекелдеріне сəйкес өнімдер мен қызметтерді
бағалауды, тəуекелдердің шектерін белгілеуді,
ырықтандыру жəне хеджерлеу арқылы тəуекелдерді
басқаруды, шығындарды жабу үшін «қауіпсіздік
жастығын» құруды (міндеттемелер мен капитал
тарапынан) қамтиды.
Бұл құралдарды қолдану тəуекел түріне
жəне қадағалау режиміне байланысты.
Сақтандыру ұйымының тəуекелдерді басқару
жүйесінің негізгі мақсаты қандай-да бір
тəуекелдерді қабылдау мүмкіндігін жəне
оларды өлшеу мен басқару үшін көзқарастарды
белгілеуді анықтау болып табылады
ҚОРЫТЫНДЫ
Сақтандыруды барлық елдер үшін маңызды
институт деп және нарықтық экономиканың
тұрақты дамуының факторы деп тану экономикалық
аксиома болды. Сақтандыру кез-келген
елдің тұрақты және тепе-теңдік дамуына
себебін тигізетін ұлттық экономиканың
құрамдас бөлігі. Біздің республикамызда
соңғы жылдары сақтандырудың пайда болуы
мен дамуы өтуде. Сақтандырудың қалыптасуы
мен дамуы бірқатар проблемалармен ұштасуда.
Сақтандыру қызметі нарығы реформаланушы
экономиканың төмендегілерге әсер ететін
маңызды секторларының бірі:
Жоғарыдағы талдау негізінде төмендегідей
қорытындыға келдім:
инвестициялаудың нарықтық жағдайларын
зерттейді, көптеген инвестициялық
жобалардың ішінен тиімдісін таңдаумен
айналысады.
Қаржылық-экономикалық дағдарыс және
экономикалық тұрақсыздық жағдайында
сақтандыру нарығы әлеуметтік-экономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын
экономикалық тетіктердің бірі болып
саналады. Ол халық қаражаттарын ел
экономикасына тарту арқылы экономиканың
өсуіне алғышарт жасайды, сондай-ақ, азаматтар
мен ұйымдарды сақтандыру арқылы
оларға сенім ұялатады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ:
1 2
Информация о работе Сақтандыру нарығының теориялық негіздері