Сақтандыру нарығының теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:32, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
• Сақтандыру нарығының түсінгі мен мәнін баяндау;
• Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдай отырып, оның проблемалары мен даму тенденцияларын анықтап көрсету;
• Шет елдердегі сақтандыру нарығының жағдайларын талдау арқылы Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективаларын қалыптастыру;

Содержание

1.1 Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні..............................................5
1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы....................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.......................................................21
3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі........24
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары....................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................38

Работа содержит 1 файл

сақтандыру.docx

— 144.39 Кб (Скачать)
  1.  
    Міндетті сақтандыру шарттары заң арқылы немесе үкіметтік нормативтік акт арқылы бекітіледі. Осыған сәйкес, сақтаушы сәйкес объектіні сақтауға, ал тиісті лицензиясы бар сақтандырушы осы объектіні сақтандыруға қабылдап алуы міндетті.
  2.  
    Міндетті сақтандырудың заңда көрсетілген объектілерді тұтас қамтуы және оның (міндетті сақтандырудың) таратылуының автоматтылығы. Бұл принцип ең алдымен мүліктік сақтандыруда байқалады. Мысалы, ауылшаруашылығы кәсіпорындарындағы жануарларды сақтандыру кезінде олардың барлығы дерлік сақтандырылған болып есептеледі жаңадан қосылған жануарлар жөнінде хабарлап отыру міндетті емес, олар автоматты түрде сақтандырылған болып саналады. 
  3.  
    Сақтық қамтамасыз етудің мөлшерленуі (нормалануы). әдетте міндетті сақтандыруда орны толтырылатын залал мөлшерінің белгіленген шегі болады. 

 
Ерікті сақтандыру формасы төмендегідей принциптерге негізделеді: 

  1.  
    Сақтандыру шарттары сақтандырушының ережелері арқылы реттеліп, сақтаушымен келісіліп отырады.
  2.  
    Сақтандыру қатынастарына сақтаушының да сақтандырушыныңда өз еркімен қатысуы.
  3.  
    Сақтандырудың объектілерді таңдамалы түрде сақтандыруға алуы. Ол ең алдымен сақтаушылардың барлығының түгел дерлік бұл қатынастарға араласқысы келмейтіндігімен және түгел барлық объектіні сақтандырмайтындығымен түсіндіріледі. 
  4.  
    Ерікті сақтандыруда келісім-шарт келісілген уақыт мөлшерімен шектеледі.
  5.  
    Ерікті сақтандыру тек келісілген мөлшердегі сақтандыру төлемі төленген жағдайда ғана қызмет етеді.
  6.  
    Ерікті сақтандыру бойынша сақтық қамтамасыз етілудің көлемі сақтаушының қалауына байланысты және тараптардың келісімімен бекітіледі. Бірақ, мүлікті сақтандыруда сақтық қамтамасыз етілудің көлемі сақтандырылған мүліктің сақтандыру бағасымен шектеледі.

 
2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ  САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ  
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау 
Экономиканың нарық жағдайындағы дамуы кезеңіндегі ақша-несие жүйесінің түбірлі өзгерістері процесінде сақтандыруды, сақтандыру қатынастарын және осы қарым-қатынастар жүріп жатқан нарықты зерттеу - өте маңызды, өйткені бұл мәселе халық, коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттің мүдделерін қозғайды. 
 
Сақтандырудың әлемдік нарығының жаһандануы көрінісінде Қазақстанның көрсеткіштері біршама төмендеу көрінеді. Егер 2007 жылы сақтандыру компанияларының саны 41 болса, 2009 жылы 39 компания болды. Сақтандыру компанияларының активтері абсолютті шамамен де, салыстырмалы шамамен де Қазақстанның қаржы қорында және экономикада елеулі рөл атқармайды. Сақтандыру компанияларының активтері   2007 жылы  368,3 млрд теңгеден 2009 жылы 1 124,7 млрд теңгеге дейін көбейді (өсім 205,3%). ЖІӨ қатысты сақтандыру компанияларының активтері онша өсе қойған жоқ: 3,1%-дан 6,8%-ға дейін ғана өсті. Сақтандыру компанияларының меншікті капиталы 2007 жылы 142,6 млрд теңгеден 2009 жылы 330,8 млрд теңгеге өсті (өсім 132%), көрсеткіш ЖІӨ-ге қатысты 1,2%-дан 2,0%-ға көбейді.   
 
1 кесте– Қазақстан Республикасы сақтандыру компанияларының даму үрдісі   

 
Көрсеткіштер

 
Жылдар

 
2007

 
2008 

 
2009 

 
сақтандыру компанияларының саны

 
41

 
44

 
39

 
сақтандыру компанияларының меншікті капиталы,млрд. тенге

 
142,6

 
224,6

 
330,8

 
ЖІӨ-ге %

 
1,2

 
1,6

 
2,0

 
сақтандыру компанияларының меншікті капиталы, млн. долл.

 
1171,4

 
1 879,4

 
2 812,4

 
ЖІӨ-ге %

 
1,2

 
1,6

 
2,0

 
сақтандыру компанияларының  
 
активтері,млрд. тг.

 
368,3

 
729,9

 
1 124,7

 
ЖІӨ-ге %

 
3,1

 
5,2

 
6,8

 
сақтандыру компанияларының активтері, млн. долл.

 
3026,1

 
6108,0

 
9562,2

 
ЖІӨ-ге %

 
3,1

 
5,2

 
6,8


 
     Соңғы жеті жылда сақтандыру компаниялары активтерінің ең жоғарғы өсімі - % 2009 жылы болды. 2006 жылдың нәтижесі бойынша сақтандырукомпанияларының активтерінің өсімі 84,7% болды. Қорыта айтқанда сақтандыру рыногының өсуі өте қарқынды, оны 3 бөлікке бөлуге болады: міндетті сақтандыру, нақты ерікті-мәжбүрлі сақтандыру және ерікті сақтандыру. Алдыңғы екі бөліктердің арқасында қарқынды өсу пайда болды. Жұмыс берушінің міндетті сақтандыруы жөніндегі Заң күшіне енді. Оған бөлінетін сыйақылардың мөлшері 9-10 млрд. теңгені құрайды. Халыққа және ұйымдарға кредиттер беру өсіп отыр, бұл «ерікті-мәжбүрлі» сақтандыру рыногының өсуіне үлкен көмегін тигізеді. Ерікті сақтандыру рыногына келсек,менің бағалауымша, мұндағы өсу 10%-дан аспайды.Ал осы сақтандыру сферасында жүргізілген төлемдерді төмендегі диаграммадан көруімізге болады: 
 
 
2сурет – 2009 ж сақтандыру компанияларынан ерікті сақтандыру бойынша жасалған сақтандыру төлемдері. 
Диаграммадан көріп отырғанымыздай 2009 ерікті сақтандыру төлемдері бойынша операцияларды ең көп жүргізген «КИС «Халық-Казахинстрах» АҚ болып табылады. Ол шамамен 1,81 млрд т. төлемдер жүргізген, яғни бұл көрсеткіш төлемдердін 29% құрайды. Келесі орынды «КК ЗиМС «ИНТЕРТИЧ» АҚ компаниясы иеленеді. Оның төлемдері 1,42 млрд.т. көсеткішімен 23% құрайды. Келесі 3 орынды 11% үлестерімен «БТА Банкінің «БТА Забота» еншілес ақтандыру компаниясы»АҚ, «КЖС Мемлекеттік аннуитеттік компания»АҚ , сонымен қатар «СК «Еуразия»АҚ компаниялары алып отыр. Ал қалған екі орынды «Казкоммерц-Полис «СК» Ақ 9% үлесімен және де «Мұнай сақтандыру компаниясы» Ақ 6% корсеткішпен алып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстанның қор рыногы еліміздің экономикасының дамуының негізгі үрдісін көрсетеді және олардың шамалы ғана өзгерістерін байқап отырады. Сақтандыру рыногында соңғы екі жылда жақсы үрдістер сақталды, оны  сақтандыру сыйақылары көлемінің тез өсуінен байқауға болады. Былтырғы жылдағы жиналған сыйақы көлемі 79,1%-ға өсіп 120,2 млрд теңгені құрады.   Бұл жағдайда сақтандыру сыйақысының көлемі (міндетті, жеке өз еркімен және мүлікті өз еркімен сақтандыру) 17,8 –12,9 және 89,5 млрд теңгені құрап, тиісінше 36,9-65,4 және 93,3% болды.    Өмірді сақтандырудың перспективалық түрі бойынша сыйақының өсуі өте маңызды. Қаржыны қадағалау агенттігінің мәліметі бойынша 2009 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда “өмірді сақтандыру ” саласы бойынша  сыйақысының көлемі 2008 жылы 2,6 есеге немесе 3,7 млрд теңгеге өскен, өмірді сақтандырудың жыйынтық сақтандыру сыйақысындағы үлесі 1 қаңтар 2009 жылы 2,1% қарсы, 3,1%-ға жеткен. Бірақ, сақтандыру сыйақысындағы үлесі аз мөлшер болса да, соңғы үш жылда озық өсудің тұрақты үрдісі байқалуда. Оны төмендегі 2-ші кестеден көруге болады.  
 
2 кесте – Сақтандыру компанияларында өмірді сақтандыру бойынша жасалған сақтандыру төлемдері 

 

 
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары

 
2007

 
2008

 
2009

 
2009 жылды 2007 жылмен салыстырғанда, %

 
1

 
"Альянс-Полис" СК" АҚ

 
108 281

 
156 466

 
231657

 
144

 
2

 
" Amanat insurance" СК" АҚ

 
29 952

 
53 541

 
110465

 
2,5

 
3

 
"АМСГ" СК" АҚ

 
61 740

 
56 018

 
17063

 
-27,6

 
4

 
"Еуразия" СК" АҚ

 
248 501

 
498 394

 
669542

 
169,4

 
5

 
"Казахинстрах" КИС" АҚ

 
1 016 811

 
2 592 990

 
1810008

 
78

 
6

 
"Алтын-Полис" СК" АҚ

 
19 732

 
78 126

 
0

 
0

 
7

 
"Казкоммерц-Полис" СК" АҚ

 
189 113

 
481 397

 
550778

 
191,2

 
8

 
"Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ

 
317 299

 
388 311

 
396160

 
24,2

 
9

 
"БТА Сақтандыру" АҚ

 
1 033

 
724

 
0

 
0

 
10

 
ТұранӘлем Банктің еншілес сақтандыру компаниясы "БТА Қамқорлық" АҚ

 
460 218

 
807 383

 
692037

 
50,3

 
11

 
"Коммеск-Өмір" АСК" АҚ

 
124 762

 
179 168

 
167813

 
34,5

 
12

 
"НОМАД Иншуранс" СК АҚ

 
23 347

 
25 465

 
45788

 
96,1

 
13

 
"ИНТЕРТИЧ" ДС ж МС ҚК" АҚ

 
483 629

 
972 502

 
1426874

 
195,1

 
14

 
ТұранӘлем Банктің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы "БТА  Өмір" АҚ

 
485 992

 
773 622

 
513530

 
5,6

 
15

 
"АТФ Полис" СК " АҚ

 
214 278

 
-

 
-

 
-

 
16

 
"PREMIER САҚТАНДЫРУ" АҚ

 
783

 
21 845

 
24693

 
3053,6

 
17

 
"Қазақмыс" СК" АҚ

 
61 791

 
60 515

 
35483

 
-42,6

 
18

 
"Атланта-Полис" СК" АҚ

 
517

 
9 360

 
2703

 
443

 
19

 
"ТрансОйл" СК" АҚ

 
8 057

 
1 898

 
2074

 
-74,2

 
20

 
"Нұрполис" Сақтандыру компаниясы" АҚ

 
9 292

 
30 146

 
29035

 
212,4

 
21

 
"Лондон-Алматы" СК" АҚ БК

 
2 178

 
521

 
1724

 
-21

 
22

 
"Cентрас Иншуранс" СК" АҚ

 
19 000

 
60 258

 
53976

 
184

 
23

 
"ӨСК Мемлекеттік аннуитеттік  компаниясы" АҚ

 
140 777

 
368 730

 
703384

 
399,6

 
24

 
"Астық сақтандыру компаниясы" АҚ

 
0

 
0

 
0

 
0

 
25

 
"Виктория" СК" АҚ

 
1 530

 
552

 
836

 
-45,3

 
26

 
"АСКО" СК" АҚ

 
8 130

 
9 408

 
9304

 
14,4

 
27

 
"НАСКО-Казахстан" ҰСК" АҚ

 
0

 
0

 
0

 
0

 
28

 
"Валют-Транзит-Полис" СК" АҚ

 
329

 
-

 
-

 
-

 
29

 
"Эко Полис" СК" АҚ

 
42 808

 
100 888

 
83920

 
96

 
30

 
"ЭйАйДжи Казахстан" СК" АҚ

 
39 678

 
78 315

 
71002

 
78,5

 
31

 
"Казкоммерц-Life" ӨСК" АҚ

 
34 746

 
91 342

 
281761

 
711

 
32

 
"Валют-Транзит Life" ӨСК АҚ

 
33 372

 
53 400

 
0

 
0

 
33

 
"САЯ" СК" АҚ

 
9 757

 
13 712

 
19055

 
95,2

 
34

 
"Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ

 
237

 
0

 
0

 
0

 
35

 
"ЦАСО" СҚ" АҚ

 
0

 
0

 
0

 
0

 
36

 
"Пана Иншуранс" СК"

 
4 524

 
2 921

 
2013

 
-55,5

 
37

 
"Алатау" СК" АҚ

 
0

 
0

 
0

 
0

 
38

 
"Халык-Life" ӨСК" АҚ

 
10 404

 
59 931

 
449143

 
4217

 
39

 
"Темір Ат" СК" АҚ

 
0

 
0

 
0

 
0

 
40

 
"Чешска поиштовна" АҚ ЕК  Қазақстан Чех сақтандыру компаниясы - ӨС" АҚ

 
102

 
9 308

 
-

 
-

 
41

 
"Alliance-Өмірді сақтандыру "Сақтандыру  компаниясы АҚ

 
0

 
20 772

 
85670

 
0

 
42

 
"Allianz Kazakhstan СҚ" АҚ

 
-

 
159 791

 
85510

 
0

 
43

 
"Астана-финанс"ӨСК" АҚ

 
-

 
2 169

 
114274

 
0

 
44

 
АО "Медициналық сақтандыру компаниясы "Архимедес - Казахстан"

 
-

 
19 940

 
264530

 
0


 
Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай өмірді сақтандыру саласы бойынша Қазақстан  Республикасында сақтандыру(қайта  сақтандыру) ұйымдарының саны 2007 жылы 41 және 2008 жылы 44 болса,ол көрсеткіш 2009 жылы 39 –ға дейін қысқарған. Берілген мәліметтер бойынша «АТФ Полис «СК» АҚ, «Валют-Транзит-Полис «СК» АҚ, «Валют-Транзит Life» ӨСК АҚ және "Чешска поиштовна" АҚ ЕК Қазақстан Чех сақтандыру компаниясы - ӨС" АҚ компаниялары 2007-2009 жылдар аралыгында өз қызметтерін тоқтатқан. Жалпы  алғанда соңғы 3 жыл ішінде өмірді сақатандыру компанияларының көбісінде  тұрақты өсу байқалады. Мысал  келтіретін болса, өз қызметін атқаруымен және де даму темпінің жылдамдығымен  елеулі жетістіктерге жеткен бірнещше сақтандыру ұйымдарын атап көрсетуге  болады.Осы ұйымдардың ішінде ең көзге  түсетін компания "Халык-Life" ӨСК" АҚ болып табылады. Бұл компанияның 2007 ж төлемдері 10404 мың теңгені  құраса, бұл көрсеткіш 2009 ж 449143 мың  теңгеге жеткен. Осыған байланысты сол жылдар аралығындағы өсімі 4217% құрады. Келесі орынды "PREMIER САҚТАНДЫРУ" АҚ иеленеді. Оның 2007ж төлемдері 783 мың  т. болса,2009ж ол көрсеткіш 24693мың  т. дейін жетті, ал өсімі 3053,6% жетті. Ал 3 орынды "Казкоммерц-Life" ӨСК" АҚ алды. Оның 2007ж төлемдері 34746 мың  т. құраса, 2009ж ол көрсеткіш 281761 мың  т. жетті, ал өсімі 771% құрады. Сонымен  қатар осы жылдар ішінде керісінше  сақтандыру төлемдері төмендеген компаниялар да жоқ емес. Олардың ішінде ең алғашқы орында "ТрансОйл" СК" АҚ тұр. Кестеден көріп отырғанымыздай бұл компанияның 2007ж жүргізген төлемдері 8057мың т. болса, ол көрсеткіш 2009ж 2074 мың т. төмендеген, сәйкесінше осы жылдар аралығында оның төлемдері 74,2% төмендеген. Екінші орынды "Пана Иншуранс" СК" иеленеді. Оның 2007 ж төлемдері 4 524мың т. болса, ал 2009ж ол 2013 мың т. құрады, яғни компанияның төлемдері 55,5% төмендеген. Ал келесі орындарды Виктория" СК" АҚ, "АМСГ" СК" АҚ, "Лондон-Алматы" СК" АҚ БК компаниялары өзара бөліскен. Олардың төлемдері сәйкесінше 42,6%, 27,6% және 21% төмендеген. Өкінішке орай, бұл берілген тізімде мүлдем 3 жыл бойына да ешқандай іс жүргізбеген компаниялар да бар. Олар: "ЦАСО" СҚ" АҚ, "Астық сақтандыру компаниясы" АҚ, "Темір Ат" СК" АҚ және т.б компаниялар болып табылады.  
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары. 
Бүгінгі таңда сақтандыру нарығының даму проблемаларының негізгілері болып республикада өмірді және жеке басты сақтандырудың басқа түрлерінің, сақтандыру ұйымдарын корпоративті басқару жүйелерін енгізудің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық және өзге де мәліметтер базасының қол жетерлігін қалыптастыру мен қамтамасыз етудің жеткілікті түрде дамымауы табылады.  
 
Сақтандыру секторының проблемаларының ішінде келесілерді атап өткен жөн: 

  •  
    ұзақ мерзімді және өмірді жинақтаушы сақтандыруды қосқанда, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулігі;
  •  
    сақтандыру өнімдерінің (сақтандырудың міндетті түрлерінен басқа, бұнда ақы заңдылық негізінде бекітіледі) айтарлықтай қымбат тұруы және оларға сұраныстың төмендігі;
  •  
    нарықтағы бірқатар сақтандыру ұйымдарының жеткіліксіз белсенділігі;
  •  
    сақтанушылардың сақтандыруға, атап айтқанда өмірді сақтандыруға қызығушылығының төмендігі;
  •  
    сақтандыру ұйымдарының өздерінің тәуекелдерін дұрыс басқара алмауы (анықтау, бағалау, есеп беру);
  •  
    сақтандыру ұйымдарының жинақтаушы өмірді сақтандыру келісім-шарттары бойынша сақтанушыларға қарыз беру жүйесінің дамымауы;
  •  
    халықтың сақтандыру нарығына деген сенімділігінің төмендігі, сақтандыру ұйымдарындағы қызмет көрсету сапасының төмендігі;
  •  
    сақтандыру бизнесі облысындағы алдап-сулаушылық.

 
Сақтандыру нарығының құқықтық базасындағы  едәуір өзгерістердің, сондай-ақ жоғарыда атп өткен проблемаларды шешу жолындағы шаралар ішінде Қазақстан  Республикасының сақтандыру нарығын  дамытудың 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік  бағдарламасын ерекше атап өткен  жөн. Мақсаты – ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрі реформалау. Бағдарламаның алдына қойған негізгі жұмыстары: 

  •  
    жеке басты сақтандыруды, соның ішінде оның жинақтаушы және ұзақ мерзімді түрлерін дамыту;
  •  
    өзара сақтандыру жүйесін дамыту;
  •  
    халықтың сақтық мәдениетін жоғарылату;
  •  
    сақтандыру ісінің ақпараттық және автоматизация деңгейін жоғарылату;
  •  
    міндетті сақтандыру облысында мемлекеттік саясатты дайындау және сақтандыру нарығының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру;
  •  
    сақтандыру аясындағы мамандардың мамандану дәрежесін дайындау және жоғарылату;
  •  
    сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау стандарттарын жоғарылату;
  •  
    қайта сақтандыру және бірлесіп сақтандыру тетіктерін жетілдіру.

Информация о работе Сақтандыру нарығының теориялық негіздері