Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 13:46, курсовая работа
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Қордың құрылу тәртібі мен қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, өзінің сақтанушыларына сатып алу саласы тегінде қарыз беруге құқылы.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Сақтандырудың экономикалық мәні..................................................................5
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі…..-
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері...9
1.3. Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі.........................12
II. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау......................................................................................................................15
2.1. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері................................-
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................21
III. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары.........................................................................................24
3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер.............-
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары..................................................................................................................26
Қорытынды.............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................31
Кесте 1. АҚШ
сақтандыру нарығымен Қазақстан
сақтандыру нарығын салыстыру
ІІ. Қазақстан Республикасының сақтандыру
нарығынығ даму жағдайына талдау.
Біздің елімізде де сақтандыру саласын заңмен реттеп отыратын жалпыға бірдей Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады. Азаматтық кодекске жыл сайын әртүрлі өзгерістер болып тұратындықтан ол өзгерістер сақтандыру саласын да тимей кетпейді. Мысалға 2011 жылдың Азаматтық кодексінде сақтандыру шарттары жайлы былай делінген
Сақтандыру шарты:
1.Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
2. Сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде сақтандыру жүзеге асырылады.
Осы Кодекспен реттелетін
Яғни барлық қатынастар еліміздің заңымен реттеліп жүзеге асып отырады. Жоғарыда АҚШ мемлекетінің сақтандыру саласын мысалға алған кезде, мүлдем өзгеше болған. Мысалға, онда әрбір штаттың өзіне тиесілі заңымен реттеледі. Сонымен қатар осы саланы реттейтін консалтингтік компаниялармен де реттеледі. Ал бізде бүкіл Қазақстанның аумағына жалпы бәрімізге бірдей заңмен бақыланады.
Жоғарыда аталып өткен сақтандыру нысандарының бірі міндетті және ерікті сақтандыру жайлы да Азаматтық кодекстен білуге болады.
Міндетті және ерікті сақтандыру:
Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Ең бастысы сақтандыру кімдерге арналған және бұл қызметтің түрімен кім қолдана алады? Бұл сұраққа келесі баптан жауап алуға болады.
Сақтандыру объектісі:
2. Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды.
3. Осы баптың 2 - тармағына көзделген мүдделер объектісі болатын сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады.
Әрине кез - келген іскерлік қатесіз болмайды. Бірде бір жылда сақтандыру компаниясының шығындары көп болып, сол компания жабылып қалуы мүмкін немесе еліміздің кейбір азаматтары, сол сияқты сақтандыру компаниялары міндетті сақтандыру шарттарын орындамауы да мүмкін. Бұл жағдай да Кодексте қарастырылып, шешімі табылған. Егер азаматтар міндетті сақтандырудан бас тартса, онда бұл міндет сот арқылы шешіледі. Ал егер сақтандыру компаниясы өз уәдесінде тұрмаса, онда олар сақтандырылғандардың алдында жауапты болады.
ҚР Азаматтық кодексінде сонымен қатар сақтандырушы мен сақтанушыларға да анықтама беріледі.
Еліміздің сақтанушы - деп сақтандырушымен шарт жасасқан адамды айтамыз. Мұнда сақтанушы болып заңды және жеке тұлғалар бола алатындығы жайлы сөз қозғалған.
Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға деп айтылған.
Мұнда біз жаңа бір пайда алушы деген сөзбен кездестік. ҚР Азаматтық кодексінің 816 - бабы бойынша: Пайда - алушы деп сақтандыру шартына сәйкес төлемдерді алушы тұлға деп анықталған. Мұнда заңды және азамат пайда алушы бола алады.
Ал жалпы сақтандыру жағдайын заңның 817 - бабы анықтап, оны былай деген: Сақтандыру жағдайы - басталған байда сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға - делінген.
Жалпы сақтандыру кезінде сақтандырушы компания барлық жағдайды өздері жасайды. Өздері заңға сәйкес жарғыларын құрады, ставкаларын қояды сол сияқты міндеттерді атқара отырып, залалдың соңында оның мөлшерін де анықтайды. Бірақ мұның барлығы әрине ҚР Азаматтық кодексімен бекітілген.
Сақтандыру
комланиясының қаржылық-
Сақтандыру компаниясының сақтандыру операцияларынан кейін, табыс көзі ретінде екінші болып келетін олардың инвестициялық қызыметі дұрыс дамымай отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығындағы өскен бәсекенің салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлеуетті сақтанушының тәуекелден қорғаудың баламалы әдістерін таңдауы сақтандырушылардың инвестициялық белсенділігін дамыту проблемасын, ең көкейкесті проблемалардың қатарына қояды.[2;32-34]
Сақтандыру
компаниясының активтері
Акция нарығының дамымауына байланысты өтімді қаржы инструменттерінің тапшылығы тек сақтандыру компаниялары үшін ғана емес, елдің қаржы нарығының да маңызды проблемасы болып отыр. Сондықтан, сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымындағы өзгерістер тек портфельді диверсификациялау, жоғары табыстылығымен немесе аз тәуекелі бар инструментті таңдау қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар салым кездерінің шектеулігімен байланысты. Оған дәлел, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарға салынған салымның көлемінің шұғыл өсуі. Бұл өмірді сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің ерекшелігіне тән емес.
Сақтандыру резервтерін жұмсаудың екінші маңызды көзі - мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылады. Олардың үлесіне инвестициялық портфельдің төрттен біріне тең. Алайда сақтандыру компаниялары оларды сатып алу арқылы экономиканың нақты секторын инвестициялау деген сөз емес. Өйткені, корпоративті қағаздардың көп бөлігі екіншіші деңгейдегі банктердің борыштық, міндеттемесіне және аз бөлігі нақты сектордағы кәсіпорындардың облигацияларына тиесілі. Қорлар портфеліндегі корпоративті қағаздардың 31,44% тек қана 4% акцияларға тиесілі.
Осылайша,
қазіргі таңда нақты секторды
инвестициялауға мемлекеттік
Қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі корпоративтік қағаздардың нарығы және акция нарығының дамымай отырғандығы. Қаржы нарығынан экономиканың нақты секторына ақшаны аударудың нарықтық механизмінің болмауы, тек осы нарықтың емес, жалпы ел зкономикасының дамуының тежеушісі болады.
Корпорацияларды қаржыландырудың шетелдік және отандық тәжірибесін талдауы көрсеткендей, экономиканың трансформация жағдайында өндірістің құрылымдық өзгерістері мен жеделдетілген дамуы кезінде тартылған көздердін, рөлін күшейту маңызды. Бұл кезде ұдайы өндіріс процесін үздіксіздігімен және кеңеюін қамтамасыз ету үшін инвестициялық өсу меншікті көздерінің жеткіліксіздігі қаржы нарығына шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығуы және өндірушілердің, саудагерлердің, жеке жинақтаушылардың және институционалды инвесторлардың, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бос ақша қаражаттарын жинақтау арқылы толтырылады.
Осы аталған мәселелерге қатысты бірқатар бағытта өзгерістер жүргізілуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың « 2010 жылғы сақтандыру нарығы : дағдарыстан кейінгі өсу» бағдарламаны атап кету керек. Оның мақсаты қаржылық, әлеуметтік және басқа да тәуекелден мемлекетті, азаматтарды және шаруашылық жүргізу субъектілерді қорғаудың тиімді механизмі ретінде сақтандырудың ролін нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын қайта құру болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарының қызмет ету стандарттарын бекіту, корпоративтік басқаруды жетілдірудің ынталандырмасын қалыптастыру, тәуекел қаупі үлкен қаржы нарығының аймағында қадағалау ресурстарын шоғырландыру, өмірді жинақтаушы сақтандыру және аннуитет жүйесін дамытудың ынталандырушы жағдай тудыру мақсатында 2011 жылдан «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңымен (2010 жылғы 26 қарашадағы № 356-IV) Салық кодексiне және Салық кодексiн енгізу туралы Заңға өзгерiстер енгiзілді. Бұл заңды аннуитетті сақтандыру бойынша корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі алынатын сақтандыру сыйақысының сомасынан 2% және 1% дейін төмендетілді.
Қазіргі
таңда, Республикада жеке сақтандыру секторы
дамымай отыр. Жеке сақтандыруды жүргізудің
ерекшелігі қазіргі таңдағы проблемалармен
байланысты. Халықтың табыс деңгейінің
төмендігі; Посткеңестік кезеңдегі
жеке сақтандырудың жағымсыз тарихы; Сенімді
қаржы инвестициялық
инструменттердің шектеулігі; Болашақта әлуетті сақтанушылардың сенімсіздігі; Халықтың жекелеген сақтандыру делдалдарымен сақтандырушылардың сақтандыру мәдениетінің темендігі; Ұзақ мерзімді жеке сақтандыруда халықтың қатысуы үшін экономикалық ынталандырмаңың болмауы. Бұл тізімге, халық тарапынан сақтандыруға деген сенімнің болмауын кіргізе аламыз. Бұл өткен кезеңдердегі ірі дауларға және КСРО мемлекеттік сақтандыру жасаған шарт бойынша сақтандыру сомаларының құнсыздануымен байланысты.
Сонымен
қатар, 2010 жылы Үкімет мына Бағдарламаларды
қарастырып, бекітті: кор нарығын дамыту,
әлеуметтік реформаларды тереңдету және
институтционалды инвесторларды ары қарай
дамыту, зейнетақы қоры және сақтандыру
компаниялары. Бұл бағдарламалар институтционалды
инвестор бөлігінде сақтандыру резервтерін
инвестициялау мүмкіншіліктерін кеңейту,
олардың қаржы тұрақтылығын күшейту, салымшылардың
мүдделерін қорғау деңгейін арттыру бойынша
кешенді шараларды қарастырады. Инвестициялау
бөлімінде тәуекелді хеджерлеу мақсатымен
туынды қаржы инструменттерін сатып алу,
басымды сектордағы нақты инвестициялық
жобалардың жобалық бонды және басқалары
сияқты институтционалды инвесторлардың
активтерін инвестициялаудың жаңа инструменттері
мен механизмдері ұсынылады. Бұл сақтандыру
резервтерін табыстылығы мен тәуекелдің
оңтайлы үйлесуімен қаржы инструменттеріне
салымшы мүддесіне сәйкес орналастыру
міндеттіне сай келеді. Бастапқыда анықталғандай,
салымшылардың жинақтары ұзақ мерзімді
ішкі инвестициялардың көзі болды. Бұл
тек салымшыларға табыс әкелмей, сондай-ақ,
ел экономикасының көтерілуіне себеп
болып, Қазақстанның дамуың ынталандырды.