Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 13:46, курсовая работа
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Қордың құрылу тәртібі мен қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, өзінің сақтанушыларына сатып алу саласы тегінде қарыз беруге құқылы.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Сақтандырудың экономикалық мәні..................................................................5
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі…..-
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері...9
1.3. Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі.........................12
II. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау......................................................................................................................15
2.1. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері................................-
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................21
III. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары.........................................................................................24
3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер.............-
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары..................................................................................................................26
Қорытынды.............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................31
Жоспар
Кіріспе.......................
I. Сақтандырудың экономикалық мәні..........................
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны,
даму тарихи аспектісі…..-
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және
ұйымдастыру ерекшеліктері...9
1.3. Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік
тәжірибесі....................
II. Қазақстан Республикасының сақтандыру
нарығының даму жағдайын талдау........................
2.1. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық
негіздері.....................
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру
нарығының жағдайын талдау........................
III. Қазақстан Республикасының сақтандыру
саласының мәселелері және оларды шешу
жолдары.......................
3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру
саласындағы мәселелер.............-
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру
саласындағы мәселелерді шешу жолдары.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Соңғы кездері Қазақстанның саяси -экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан сан - алуан өзгерістер іскерліктің көптеген түрін тудырып, оларды жүзеге асырумен қоғамды жанталастыруда. Шетелдіктердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олардың капиталдарының нығаюының бір көрінісі - ол сақтандыру нарығының дамуы болып табылады. Сақтандыру нарығы тек жеке капиталды ғана емес елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне де әсерін тигізуде. Мысалға, сақтану дәрежесі оның сақтанушысының мәртебесін көрсетеді. Тіпті, қазіргі кезде шетелдегі сақтандыру түрлері көптігі соншалық, соған орай олардың тұтынушыларының көлемін де көрсетеді. Біздің елімізде сақтандыру 90 жылдары дами бастап, сол жылдары сақтандыру компаниялары ашыла бастады. Бірақ өкінішке орай сол кезде олардың дамып кетуін тежеген - заңнаманың нашар дамуы болды. Олардың заңнамасы тұрақты емес, әр жыл сайын өзгеріс енгізілуде, не үкімет тарапынан еш жағдай қарастырылмаған, тіпті сақтандыру саласының дамуын көздейтін бағдарламалар жасалынбаған. Тақырып осы аталған және курстық жұмыстың барысында әлі де қозғалатын мәселелермен өзекті болып келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Нысанаға алынып отырған тақырыпты жан - жақты зерделеу. Қазіргі кездегі сақтандыруға қатысты заңнаманы қарастыра отырып, болып жатқан олқылықтарды ашып - көрсету. Қандай жақтан тежеу көруде, неліктен олардың дамуы әлі күнге дейін толық пісіліп жетілмеген? Осы және тағы басқа да сұрақтарға жауап табу. Шетел тәжірибесін қарастыра отырып, біздің елмізде оларға деген жетпей жатқан көмекті қарастыру. Курстық жұмыстың мақсаты сол тәжірибелерді танып біліп, жіберіліп отырған қателіктерді көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Нарықтық
экономика шарттарында
Қоғамдық - экономикалық қатынастар жүйесінде өзіне тән бөлімдеріне байлансты, көптеген құбылыстарға байланысты бөлінеді. Ол құбылыстармен курстық жұмыстың бірінші бөлімінде танысуға болады.
Бұл қатынастар табиғат пен адамның арасында объективті қарама -қайшылықтың бар болуымен байланысты және қоғамдық өндіріс барысында тәуекел болатын құбылыстар көптеген жағдайларда көзделмеген сипатқа ие болады. Үздіксіз қоғамдық өндірістің объективті талаптары, бір жағынан мұндай құбылыстардың жағымсыз нәтижелерінен қорғану қажеттілігінен, екінші жағынан бұл құбылыстар әсерінен шығындардың (жоғалтулардың орнын толтыруын қажет етеді) болуын туындатады.
Сондықтан қоғамда, жеке өндірушілерде, олардың топтарында (салалық немесе аумақтық) қажетті қаражаттармен жабдықтау, табиғи - заттай запастар немесе резервтер, сонымен бірге өндіріс процесін жалғастыру мақсатында оларды сатып алу үшін ақша ресурстарының бар болуы керек, сондай - ақ азаматтардың жекелеген категориясының өмір сүру деңгейін тұрақты ұстау керек.
Мұндай ақша - қаражаттары сақтандыру және резервтік қорлар түрінде құрылады.
Ал сақтандырудың түрлерімен және ұйымдасу принциптерімен курстық жұмыстың барысында танысуға болады. Сонымен қатар курстық жұмыста АҚШ мемлекетінің сақтандыру нарығы мысалға алынып, қарастырылған.
Екінші бөлімінде еліміздегі сақтандыру нарығына талдау жасалып, заңнамалық құжатымен танысуға болады. Қазақстанда жұмыс атқарып отырған “БТА Өмір” БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы” АҚ өмірді сақтандыру компаниясы мысалға алынып, оның экономикалық маңызы көрсетілген.
Ал
үшінші бөлімде сақтандыру нарығындағы
мәселелер және олардың шешу немесе болдырмау
жолдары қарастырылған.
I.
Сақтандырудың экономикалық мәні.
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі.
Адам мүлікке ие болғанннан бастап, оның сақталуына, апатқа ұшырауынан қауіп қатер төне бастады. Сондықтан өз мүліктерін сақтау үшін адамдар тәуекелді ықтымақты және өзара бөлу жолдарын іздестірді. Адамдар мүлікті сақтау үшін алуан түрлі қорлар құрыла бастады. Ең алғашқы сақтандыру бастамасы ежелгі Гректер мен Вавилондар да пайда болды. Ең алғашқы сақтандыру полисі 1584 жылы Триполь және Марсель қала арасындағы жүкті сақтауды қамтамасыз ететін 5% мөлшерінде алынып отырды. Сақтандыру — қоғамның эканомикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестернін жалғастыру, азаматтарды жекелеген талаптарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, және өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерді) натуралдық -заттай қосалқы қорларында немесе резервтерінде, сондай ақ ақша ресурстарында бірінеші ретті қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Қоғамдық - экономикалық қатынастар жүйесінде өзіне тән бөлімдері келесі құбылыстарға байланысты бөлінеді:
Бұл қатынастар табиғат пен адамның арасында объективті қарама -қайшылықтың бар болуымен байланысты және қоғамдық өндіріс барысында тәуекел болатын құбылыстар көптеген жағдайларда көзделмеген сипатқа ие болады. Үздіксіз қоғамдық өндірістің объективті талаптары, бір жағынан мұндай құбылыстардың жағымсыз нәтижелерінен қорғану қажеттілігінен, екінші жағынан бұл құбылыстар әсерінен шығындардың (жоғалтулардың орнын толтыруын қажет етеді) болуын туындатады.
Сондықтан
қоғамда, жеке өндірушілерде, олардың
топтарында (салалық немесе аумақтық)
қажетті қаражаттармен
Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымдары өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы кездейсоқ өгеде оқиғалар туындаған кезде және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар шешеді.
Сарапшы мамандардың пайымдауынша, эканомикалық қатынастардың жаңа жүйесін өткеннен кейін шығынды өтеудің тиімді механизмі әрі табыс көзі ретінде сақтандыруға деген объективті қызығушылығын арттыруға тиісті болатын.
Сақтандыру мемлекетік саласының бір қатар мәселелерін шешуге және эканомикаға инвистиция салуға жәрдемдеседі. Сақтандыру компаниялары ел эканомикасына нақты ішкі инвесторлар бола алады.
Сақтық қызметі сақтық ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады. Бұл қызметтен басқа ол қызметтін мынадай түрлерін: уәкілетті мемлекеттік органнның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тіртіппен инвестициялық қызметті; сақтандыруға тиісті жинақтаушы сақтық шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді; сақтандыру ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез-келген түрінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты келіп түскен мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтандыру саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтау агенті ретінде сақтандыру делдалы болады; консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Қордың құрылу тәртібі мен қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, өзінің сақтанушыларына сатып алу саласы тегінде қарыз беруге құқылы.
Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі оның өз қаржылық міндеттемелерін уақытында және толық орындау қабілетімен анықталады.
Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері, активтердің өнімділігі ескеріле отырып, қабылданған міндеттемелер арасындағы нормативтік арақатынастардың сақталуы болып табылады. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы сыртқы қаржылық және өзге де факторлардың қолайсыз әсер етуі мемкіндігін ескере отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттмелердің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде өзінің төлем қабілеттілігін сақтау қабілетімен айқындайды. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері мыналарды біріктіреді: жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерін; активтердің құны және олардың әртраптандырылуы дәрежесін; сақтандыру резервтерінің және өзге де міндеттемелердің мөлшерін; төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін; сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттмелер көлемінің арақытынасы; көрсетілетін сақтық және сақтандыру қызметінің пайдалылығын жүзеге асырылатын инвеститциялық саясыттың тиімділігі.