Сақтандыру курсына кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 08:20, курс лекций

Описание работы

1. Сақтандыру курсының маңызы.
2. Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері.
3. Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы.

Работа содержит 1 файл

Сақтандыру курсына кіріспе.doc

— 323.50 Кб (Скачать)

   Сақтрандыруда  бір жағы, сақтанушы әрдайым жарна  төлеп отырады, ал келесі жағы, сақтандырушы өз төлемін сақтандыратын  жағдай туған кезде ғана төлейді,  егер бұл жағдай келісімде көрсетілген уақыт ішінде болмаса, сақтандырушының міндеттері орындалмай қалуы да мүмкін. Яғни бұнда қауіп белгісі анықтаушы рол атқарады.

   Сақтандыру  шартының маңызды жағдайларына  мыналар жатады:

  • сақтандырушы мен сақтандырылғандардың атаулары;
  • сақтандыру обһектілері;
  • сақтандыру жауапкершілігінің көлемі;
  • сақтандырудың қамтамасыз етілуі;
  • сақтандыру сомасы;
  • сақтандыру мерзімі; сақтандыру төлемінің тарифтік ставкасы (жарна)

Маңызды жағдайлар  сақтандыру полисінде жазылады және мыналар жатады: шартты толтыру процедурасы, сақтандыру төлем мөлшері, төлемді төлеу тәртібі мен уақыты, шартты мерзімінен бұрын бұзу жағдайлары, зиян көлемін анықтау және орынын толтыру төлемін анықтау тәртібі, франшиздер өлшемі, талас-тартысты шешу тәртібі, шартқа өзгерістер енгізу тәртібі және т.с.с. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру бизнесін заңды реттеу жүйесін құру процесі ұзаққа созылды.

   «Қазақстан  Республикасында сақтандыру туралы»  бірінші заң 1992 жылы 3-ші шілдеде  қабылданып, 1-ші қыркүйектен бастап  күшіне енді. Заң онша сәтті шыққан жоқ. Өйткені бұл заңда сақтандыру ұйымдарын тіркеу механизмдері, лицензия беру және мемлекет тарапынан бақылау механизмдері қарастырылмаған. Осыған байланысты заң жұмыс жасамай, ол адал бәсекені қамтамасыз ете алмады, осының кесірінен сақтандырушылар көп зиянға ұрынды.

   1994 жылы 16 сәуірде осы аталған кемшіліктер  Президент Жарлығымен толықтырылды. Осы Жарлыққа сәйкес Қазақстан  Республикасының Қаржы Министрлігі  жанынан сақтандыру Департаменті  құрылды. Сақтандырудың құқықтық  негізін қалыптастыру 1995ж. 3 қазанда Президенттің Заң күші бар «Сақтандыру туралы» Жарлығымен жүзеге асырылды. Бұл жарлық мемлекеттік және жеке сақтандыру ұйымдарының адал бәсеке үшін ішкі сақтандыру нарығын ашты.

   Тұтастай  алғанда Жарлық кешендік құқықтық  құрылыс болып табылады. Бірінші жағынан ол азаматтық құқыққа, екінші жағынан әкімшілік, қаржылық және т.б. құқық ережелеріне негізделген.

   Сақтандырушының  міндеттері көп қырлы болып  келеді. Өйткені ол объектіні  қарап бағалайды, сақтық төлемдерін  есептейді және сақтанушыға сақтық полисін береді.

   Сақтандырылған  жағдай туғанда сақтандыру актысын  жасайды, шығынның көлемін анықтап,  орнын толтыру құнын белгілейді  және төлемдерді төлейді. 

   Сақтандырушы  зиянға себепкер жақтан төленген  төлемді өндіріп алуға арыз  береді және төлемнен бас тарту туралы шешім қабылдайды. Сақтанушы өз кезегінде жарнасын төлейді, шартқа қажетті мәліметтерді сақтандырушыға береді, шартты мерзімнен бұрын бұза алады.

   Сақтандыру  шешімі жазбаша түрде жасалады  және сақтанушы сақтандыру төлемін төлеген сәттен бастап күшіне енеді және жағдай тууына байланысты сақтық төлем сәттен бастап жұмысын тоқтатады. Жарлыққа сақтық орын толтыру төлемін төлеу тәртібі анықталған.

   Сақтандыру  орнын өтеу мүлікке қатысты  алғанда нақты зиян өлшемінен  артық болмайды. Мүлікті сақтандыру шарты жағдайларында зиянның орнын, ақшалай құны жағынан пара-пар, табиғи түрде толтыру қарастырылған.

   Сақтандырушы  кейбір жағдайларда зиянның орнын  толтырудан бас тартылады. Оған  сақтанушының өтірік мәлімет  беруі, сақтандырылған мүлікті құтқаруға шара қолданғаны, зиянға тікелей кінәлі адамнан зиян құнын ақшалай немесе заттай алуы, сақтандырушыға болған жағдайдың себептерін зерттеуге кедергі жасауы осы жағдайлар қатарына жатады.

   Сақтандырушының  ақша төлеуден бас тартуына  байланысты, сақтанушы сотқа шағым жасай алады. Сақтандырушының келісімімен оған өзінің сақтандырған мүлкіне құығын бере алады, және сақтық орнын өтеу құнын толық сомамен ала алады.     

 

Дәріс бойынша  қорытынды сұрақтар:

  1. Сақтандырушылардың төлем қабілеттілігінің проблемасы.
  2. Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары.
  3. Сақтандыру резервтерінің түрлері және оларды қалыптастыру тәртібі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортақ сақтандыру және қайта сақтандыру

  1. Ортақ сақтандыру және қайта сақтандырудың мәні және теориялық негізі.
  2. Активті және пассивті қайта сақтандыру.
  3. Қайта сақтандыруға тәуекелді көшіру әдісі бойынша қайта сақтандыру операциялары.

2000 жылы Республикада  сақтандыру индустриясының дамуын  жеделдету, сақтандыру және қайта  сақтандыру ұйымдарының сенімділігін көтеру нақты перспективалық міндет, ол сақтандыру қызметі нарығын жақсарту ең негізгі болып табылады.

  2000 жылдың  желтоқсанның 18-де Қазасқстан Республикасында  «Сақтандыру туралы» Заңы және 2000 жылдың 27-ші қарашасында бекітілген  Президенттің Жарлығына сәйкес 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамуы жөнінде Мемлекеттік бағдарлама шықты.

  Мемлекеттік  бағдарламаның атауында сақтандыру  нарығының нұсқаулық талдауды  және оның мақсаты көрсетілген:  экономикалық және өндірістік  қызметтер, кәсіби, әлеуметтік кепілдіктер заңдық салалар бойынша сұрақтар және де міндетті сақтандыру түрлері (оннан астам) мәлімделген. Бірақ, нақты механизмдердің қолданылуының қатысы жоқ.

   Осыған  байланысты қаржыландыру жағдайы,  тарифтері, заң шығарушылық деңгейде оның тізімі және басқа да сұрақтарды анықтауға тиіс.

  Соңғы жылдары  сақтандыру ұйымдары сақтандырудың  міндетті түрін қолданып, автокөлік  иелерінің азаматтық-құқтық жауапкершілігін  міндетті сақтандыру арқылы және  сақтандыру пайдалығының өсуін жеделдету маңызды мәселе болды.

  Қазіргі  уақытта, нарықты сақтандыру ұйымдарының  белсенді өсуін, яғни жауапкершілікті  сақтандыру пайдалылығы көптеген  жағдайларға байланысты өзгертіп  отырады.

  Өткен жылы  сақтандыру бизнесінің деңгейі  төмендеді, өйткені Қазақстанда жалпы қабылданған сақтандыру және мемлекеттік ережені қолдануға либеральды заң шығарушы рұқсат етпейді. Бұдан нарықта көптеген беделсіз сақтандыру ұйымдары жұмыс істейді, яғни білікті мамандар мен менеджерлерді қоспағанда.

  Жалпы сақтандыру  ұйымдары әлі де болса қазіргі сақтандыру технологиясын аз пайдаланып, капиталдың жеткіліксіздігінен, яғни оның потенциалды мүмкіндігін шектеледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру қызметін қадағалап, өкілетті мемлекеттік орган арқылы реттейді және де олардың қызметінде басқа да көптеген проблемалар бар.

  Басқа жағынан  қарағанда сақтандырудың дамуына  әсер ететін маңызды және объективті  себептердеде бар. Қазақстанда  сақтандыруды пайдалануға байланысты  негізгі статистикалық мәліметтер  болмады, оның орнына сақтандыру  қорғаныстары мен зерттелмеген  тәуекелдер болды. Бұл бағыттағы мемлекеттік органдардың жергілікті қызметімен және нақты өндірістік айсмақтағы сақтандыру туралы белсенді жұмысы қаралмады.

  Мемлекеттің  сақтандыру жүйесінің дамуы ұзақ  мерзімге өмірді сақтандыру нарығына  байланысты, яғни біршама экономикалық құрылғыларды тартуға жағдай жасайды. Осыған байланысты анықталған заң шығарушы орган құрылды. Мұнда сақтандыру және зейнетақы жүйесін өзара байланыстыруды анықтау талап етілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының талданған әлеуметтік қорғау концепциясы көрсетілген.

  Өмірді сақтандыратын  сақтандыру ұйымдары шетелдік  тәжірибелері бар (АҚШ және  т.б. елдері) батыс мемлекеттерінің  институттарының инвесторлары болып  табылады.

Дәріс бойынша  қорытынды сұрақтар:

  1. Қайта сақтандыру пулдарының қызметтері: мәні, маңызы.
  2. Қайта сақтандыру сақтанушы операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретінде.
  3. Қайта сақтандыру келісімі-пропорционалды және пропоруионалды емес.

Шет мемлекеттердегі  сақтандыру.

  1. Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру.
  2. Сақтандырудың негізгі түрі және нысаны.
  3. Сақтандыру қызметінің даму тенденциясы.
  4. Әртүрлі мемлекеттердегі сақтандырушылардың өзара іс-әрекеттері және өзара байланысы.

 

  Сақтандырудың  дамуы коммерциялық ұйымдардың  және халықтың бір жағынан  сақтандыру қызметінің дәрежесіне байланысты. Сондықтан да бұл үшін «Сақтандыру мәдениетінің» қатысуымен құрылған және түсіндірілген жұмыс қажет. Сақтандыру бірте-бірте сөзсіз басқаның ішінен біздің өмірімізді табады. Яғни күнделікті бір нәрсенің ерекше белгісіне тұрады. (зейнетақы есптері мен банктік есеп –айырысулар, РНН және т.б.)

  Қазіргі  кезде сақтандыру ұйымдырының  банктік мекемелерімен, жинақтаушы  пошта жүйелерімен және несиелік  ұйымдармен ынтымақтастығы үлкен  үміт күттіреді, яғни бүгінгі  күн үшін республиканың барлық  аймағында сақтандыру өнімдерін тартуға, инфрақұрлымын дамытуға мүмкіндігі бар.

  Қазіргі  жағдайда ұлттық сақтандыру нарығын  кеңінен көбеюіне, сақртандыру және  қайта сақтандыру жүйесінің европалық  түрде енгізілуіне Қазақстан  халықаралық интеграциялық және  ынтымақтастыққа мүмкіндігі бар.

  Осыған байланысты  «Сақтандыру туралы» Заңда сақтандыру  және қайта сақтандыру шетелдік  құрылтайшылар ретінде толық,  нақты жағдайда қарады.

  Бұл заң  ең жоғары талаптарға жауапты,  яғни сақтандыру қызметін мемлекеттік  стандартқа сай реттуде және оны қадағалауда активтерді қолдануды ұйғарды.

  Сақтандыру  нарығына актуарилер институтын  енгізуді (сақтандыру ұйымдарымен  қабылданған, яғни сақтандырудың  міндеттемелерін жақсы меңгерген  мамандар) және өкілетті аудиторлар (сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарындағы аудитқа қосымша лицензия берілуін) дұрыс деп шешті. Оның қызметі сақтандыру ұйымдарына дұрыс мәліметтердің жеткізілуін және сақтандыру нарығының адалдығын қамтамасыз ету. Мұның мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен жеке тұлғаларды қадағалауды қаржылық және басқа да мүмкіндіктермен байланыстыра отырып нығайту.

  Сақтандырушылар  мен сақтандырушылардың мүдделеріне  қатысты Ұлттық Банктің лицензия  беру туралы шешімі сотта қаралады.

  Жаңа жүйеде  сақтандыруды жіктеу мақсаты, оны лицензиялау, яғни тәуекелдер көлемін дұрыс бақылау көзделген және сақтандыру ұйымдарының оның қаржылық және басқа да мүмкіндіктерін тәуелді болуын көрсеткен.

  Пруденциялық  нормативтерде сақтандыру қызметі  субъектілерінің төлем қабілеттілігі  және олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге (яғни сақтандыру ұйымдарындағы кәсіпкерлік қызметтің қосымша түрлеріне, ірі келісімдерге және т.б.) талаптарға шектеу қойылған.

  Сақтандыру  және қайта сақтандыру қызметі  туралы жаңа заңдар мемлекеттік  қызмет бағдарламаның және нұсқама-ережелердің шығуы реализация кезеңдері бойынша, сонымен қатар сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдарының бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлату, сақтандырушының ұйымдарының бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлату, сақтандырушының мүддесін заң негізінде қорғау және де сақтандыру саласының болашақта зерттелуін тексеру көрсетілген.

  Жалпы, сақтандыру  қызметі дегеніміз – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау  мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.

   Жалпы  сақтандыру қызметін ұйымдастыру  және мемлекеттік ретту мен  лицензиялауды жүзеге асыру үшін  сақтандыру салаларына, дейін сыныптар мен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру саласы» бойынша жүзеге асырылады.

  «Өмірді  сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру  нысанында мұндай сынптарды қамтиды:

  1. өмірді сақтандыру;
  2. аннуитеттік сақтандыру; 

Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған және ол сақтану мерзімі біткенге дейін  немесе сақтану шартында белгіленген  жасқа дейін өмір сүруге жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды  көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

  Аннуитеттік  сақтандыру, сақтандырушы белгілі  бір жасқа жеткен, еңбек ету  қабілетін (жасына байланысты , мүгедектігіне  байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс  болған, жұмыссыз қалған жағдайларда  сондықтан, сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне және одан айырылуына әкеп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңмен сақтандыру түрлерің жиынтығы болып табылады.

Информация о работе Сақтандыру курсына кіріспе