Сақтандыру курсына кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 08:20, курс лекций

Описание работы

1. Сақтандыру курсының маңызы.
2. Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері.
3. Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы.

Работа содержит 1 файл

Сақтандыру курсына кіріспе.doc

— 323.50 Кб (Скачать)
  1. Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін сақтандырудың ерекшеліктері.
  2. Мүлікті сақтандыру түрлерінің даму перспективалары.
  3. Регрессивтік талап.

 

Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру.

  1. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты объектілердің сипаттамасы.
  2. Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру – инвестиция, табыс немесе пайда.
  3. Банктік тәуекелді сақтандыру, оның түрлері.
  4. Қаржылық тәуекелді сақтандыру.

  Революцияға  дейінгі Ресей ипериясының құрамында  болған Қазақстан аумағындағы  сақтандырудың даму деңгейі жөнінде  ақиқат мәліметтер әзірше жоқ.  Қазақ халқының шаруашылық жүргізу  түрімен өмір сүру деңгейі  және экономика мен өндіргіш  күштердің дамуының төменгі деңгейі сақтандыру ісінің кеңінен таралуына ықпалын тигізе алмады. Тек кейбір сақтандыру келісімдері Ресеймен шекаралас ірі қалаларда (Орынбор, Атырау, Орал және т.б.) жер шаруашылығы аймақтарында жасалды.

  Сондықтан  да революциядан кейінгі жылдары ғана Қазақстан Халқының күнделікті өмірі мен экономикасына сақтандыруды енгізу қарқынды дами бастады.

  Қазақстан  территориясындағы сақтандыру ісін  ұйымдастыру тәртібі 1921 жылы 14-ші  желтоқсандағы ҚССР ХК-н бекіткен  мемлекеттік мүліктік сақтандыру  туралы Ережемен анықталды.

  1928 жылы  наурызда Мемлекеттік сақтандырудың  Өлкелік Кеңсесі құрылды. Осы  уақыттың ішінде сақтандыру түрлері  қалыптасты. Яғни, құрылыстарды, жануарларды,  ауылшаруашылығы егістерін міндетті  және ерікті сақтандыру, кепілдік  сақтандыру, өмірді және бақытсыз жағдайдан сақтандыру түрлері.

  1933 жылы  Алматыда Қазақ Мемлекеттік Сақтандыру  басқармасы, облыстарда – басқармалар,  аудандарда инспекциялау ұйымдастырылады.  Бұдан кейінгі құрылымдық қайта  құрулар жалғаса келе 1995 жылы 17-ші  сәуірде Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің қаулысымен «Сенім» сақтандыру компаниясы Ашық акционерлік қоғамы құрылды.

  Қазіргі  жағдайда сақтандыру ісін ұйымдастыру  принциптері бірінші жағынан  нарықтық экономиканың қызмет  жасауының ортақ экономикалық заңдарымен, екінші жағынан осы принциптерге Қазақстан Республикасының өтуінің өзіндік ерекшеліктерімен анықталады.

  Дамыған  нарықтық экономика – икемді  реттелетін жүйе. Осы реттеуші  элементтердің бірі – сақтандыру. Қазіргі кездегі сақтандыру ісін  ұйымдастырудың принциптік басты белгісі – оның монополиясыздандырылуы болып мемлекеттік сақтандырумен қатар жеке акционерлік ұйымдар өткізетін сақтандыруда дамып келеді.

  Мемлекеттік  сақтандыру – бүгінде сақтандырушының  орнында мемлекет атынан өкілетті  орган арқылы бекітілген мекеме болатын сақтандырудың бір түрі. Ең көп тараған ұйымдық түрі акционерлік сақтандыру болып табылады.

  Қазақстан  Республикасы Президентінің «Сақтандыру  туралы» Жарлығына сәйкес акционерлік  қоғам сақтандыруды ұйымдастырудың  жалғыз мемлекеттік емес түрі болып табылады.

  Сақтандырудың  Қазақстандағы үш түрі мыналар:  өзара сақтандыру; бұл сақтандырушыларды  өзара көмек көрсету мақсатында  біріктіруге жатады, яғни әрбір  сақтандырушы бір мезгілде өзара  сақтандыру қоғамының мүшесі  болады. Өзара сақтандыру түрі - кооперативтік сақтандыруға жатады. Өзара сақтандыру қоғамы коммерциялық емес сипатта болады. Отандық сақтандыру нарығының дамуы үшін маңызды мәселе шетелдік сақтандыру ұйымдарының қызметке көз қарасы болып табылады.

  Президент  Жарлығымен Республика көлемінде қызмет етуші шетелдік сақтандыру компаниясының жұмысына шекетулер қойылды, олар біздің елде тікелей қызмет жасай алмайды.

  Шетелдік  компаниялардың жарғылық қордағы  үлесі 25%-дан аспайды. Сақтандыру  нарығына бәсекеге әр түрлі  сақтандырушылар қатысады және олар клиенттер үшін күрес жүргізеді.

  Бәсекемен  қатар сақтандыру ұйымдары арасында  көпжақты қарым-қатынас жасау  үшін де жағдай жасалған. Мұндай  қарым-қатынас түріне сақтандырушының  одақтары мен ассоциаларын құру  жатады. Қазақстан Республикасындағы мұндай қоғамдар сақтандырушыларға әдістемелік және ұйымдық көмек көрсетеді, сақтандырушыларға қатысты заң ережелерін дайындауға қатысады, сақтандыру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын, семинарлар ұйымдастырады және де сақтандырудың қаржылық орнықтылығын нығайту жөнінде кеңестер ұсынады.

Дәріс бойынша  қорытынды сұрақтар:

  1. Биржалық және валюталық тәуекелдіктерді сақтандыру.
  2. Қолма-қол келісім, келісілген және фъючерстік мәмілелер.
  3. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру келісімінің ерекшеліктері.

 

 

Несиелік тәуекелді  сақтандыру

  1. Несиелік тәуекелді сақтандырудың объектілері.
  2. Экспорттық коммерциялық несиені сақтандырудың: мәні, ұйымдастыру қағидалары.
  3. Өтелмеген несиелер тәуекелін ерікті сақтандыру.

Белгілі экономист  В.Леонтьевтің айтуынша мемлекеттік реттеудің жеке кәсіпкерлікке бірігуі нарықтық экономикаға әсер етеді. Сонымен қатар, бұлар толықтай сақтандырумен байланысты.

   Сақтандыру  саласындағы мемлекеттік реттеудің  міндеттері.

  1. Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрлымын қалыптастыру;
  2. сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау;
  3. сақтандыру негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті сақтандыру түрлерін халықарарлық сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерін белгілеу;
  4. сақтандырушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Сонымен қатар  мемлекеттік реттеу белгілі-бір  нысанға байланысты дәйекті саясат жүргізу үшін және отандық сақтандыру бизнесін шетелдік капитал көлемімен қатыстыруға қажет. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сақтандыру нарығындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті мемлекеттік орган және мемлекеттің өзге де органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

   Бүгінгі  күні Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының  сақтандыру қатынастарын мемлекеттік  реттеудің уәкілетті органы болып  табылады.

   Уәкілетті  мемлекеттік орган- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкіметтікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

   Жарлық  бойынша, Ұлттық банк сақтандыру  ісін қадағалап және оның жұмыс  істеуінің реттелуін несиелер арқылы көрсетеді.

  • Қазақстан Республикасында ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрлысын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру нарығының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізеді;
  • Сақтандыру мен қайта сақтандыру ұйымдары үшін жарғылық қордың минимальды көлемін белгілейді.
  • Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлеріне арналған біліктілік талаптарын белгілейді және де оларды сайлауға келісім береді;
  • Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, оларды бақылап отыру құқығын иемденуге, олардың өз еркімен қайта құрылуына және Қазақстан Республикасының аумағында да, оның аумағының шегінен тыс жерлерде де сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілеттіктерін ашуға келісім береді;
  • Сақтандыру қызметін, сақтандыру боркерінің қызметін, сақтандыру нарығындағы актуалий қызметін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитін жүзеге асыру құқығына лицензиялар береді;
  • Таратылатын сақтандыру (қайта с/у) ұйымдарын тарату комиссияларының қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
  • Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төмен қабілетіне талдау жасауды, баға беруді және бақылауды жүзеге асырады.
  • Сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерін) есепке алу тәртібін белгілейді;
  • Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, актуарилердің және уәкілетті аудиторлардың тізімін жүргізеді;
  • Статистика мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің статистикалық есебінің тізбесін, нысандарын және табыс етілу мерзімін белгілейді;
  • Сақтандыру нарығының қатысушыларына берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензияларды кері қайтарып алу туралы шешімдер қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіліктер мен құқықтарды жүзеге асырады.

Сақтандыру  нарығын құру процесіндегі реттеудің  басты әдістерінің бірі сақтандыру сақтандыру ісін лицензиялау. Лицензиялаудың мәні, яғни сақтандыру қызметін жүргізетін сақтандыру ұйымдарының дайындағын тексеріп, сол саладағы сақтандыру ісін анықтау.

   Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі  сақтандыру және қайта сақтандырушы брокерлердің, қайта сақтандырушы ұйымдардың және сақтандыру ісін лицензиялау жағдайын және тәрібін, нормативтік құқықтық актілермен белгілейді. Осыған байланысты «Сақтандыру туралы» Жарлықта өмірді сақтандыруға байланысты құқығы бар лицензия алған сақтандыру ұйымы, басқа да сақтандыру ісімен айналысуға құқығы жоқтығы көрсетілген.

   Сақтандыру  агентінің қызметі лицензиялауды  қажет етеді, бірақ та сақтандыру  ісі сақтандыру төлемінің көлемімен  және сақтандыру тәуекеліндегі  бағамен өте тығыз байланысты.

   Лицензия – бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің бірден-бір негізгі тапсырмасы сақтандыру ісін қадағалау және өкілетті орган арқылы реттеу. Сонымен қатар сақтандырушының ең аз мөлшеріндегі қаржысының тұрақтылық жағдайын сақтандыру операцияларымен бақылау болып табылады.

   Сақтандыру  ұйымының қаржылық тұрақтылығын  сыртқы қаржылық және өзге  де факторлардың қолайсыз әсер  ету мүмкіндігін ескере отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру  шарттары бойынша қабылданған  міндеттемелрдің бүкіл қолданылу  мерзімі ішінде өзінің төлем қабілеттілігін сақтау қабілетімен айқындалады.

   Сақтандыру  ұйымының қаржылық тұрақтылығының  көрсеткіштері:

  1. жарғылық және өз капиталының тұрақтылығының ең аз мөлшерін;
  2. активтердің құны және олардың әрталаптандырылу мөлшерін;
  3. сақтандыру резервтерінің және өзге де міндеттемелердің мөлшерін;
  4. төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін;
  5. сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер көлемінің арақатынасын;
  6. көрсетілген сақтандыру және қайта сақтандыру қызметінің рентабельділігін (пайда келтіруін);
  7. жүзеге асыратын инвестициялық саясаттың тиімділігін қамтиды.

Сақтандырушылар мен сақтанушылардың мүдделеріне  қатысты Ұлттық банктің лицензия беру немесе оның күшін жою т.б. қатысты  шешімі сол мүдделі жақтардың  бастамасымен сота қайта қаралуы  мүмкін.

   Сақтандыру  қатынастарына біріншіден сақтандырушылар  мен сақтанушы, екіншіден басқа  заңды және жеке тұлғалар- сақтандырылғандар,  сақтандыру агенттері, брокерлер,  банк мекемелері, қаржы, салық,  құқық қорғау ұйымдары, мемлекеттік  билік ұйымдары және т.б. қатынасады.

Дәріс бойынша  қорытынды сұрақтар:

  1. Өтелмеген несие алушының жауапкершілігін сақтандыру.
  2. Қарыз алушының несиені төлеу қабілеттілігін бағалау.
  3. Сақтандыру келісімінің жасалу тәртібі, сақтандыру жағдайы кезінде екі жақтың жауапкершілігі мен міндеттері.

 

Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету

  1. Сақтандырушылардың қаржыларын ұйымдастырудың жалпы қағидалары.
  2. Сақтық қорғауын қамтамасыз ететін сақтандыру ұйымдарының ақша айналымын айналым қаражытына бөлу және де сақтандыру қызметін ұйымдастырумен байланысты қаржы айналымы.
  3. Сақтыққорғауды қамтамасыз ететін, ақша қаражаттарының айналымының ерекшеліктері.

Сақтандыруды  жүргізуге байланысты барлық құқықтық қатынастарды 2 топқа бөлуге болады: сақтандырудың өзін реттеуші құқықтық қатынастар, яғни сақтандыру қорларын жасау және пайдалану процесі және де сақтандыру ісін ұйымдастыруға орай пайда болатын құқық қатынастары, яғни сақтанатын банк мекемелерін, бюджеттен, мемлекеттік басқару ұйымдарымен, бақылау және реттеу органдарымен өзара байланысты қатынасты құқық қатынастары.

   Бірінші  топтағы құқықтың қатынастар  азаматтар құқық нормаларымен  реттеледі, ал екінші топтағы  құқық қатынастары әкімшілік,  қаржылық, қылмыс процесуалдық және  т.б. құқық салалары мен сала  білімдері арқылы реттеледі.  Азаматтық құқыққа мүдделі жақтардың тең құқысына негізделген келісім бойынша шарттың дипозиттік құқықтық реттеу әдістері тән. Ал екінші топтағы құқықтарға реттеудің әкімшілік әдістері тән. Азаматтық құқықтық қатынастар меншік құқығын, заттық құқықты, міндеттеме құқықтарын қамтиды.

   Сақтандыруға  қатысушылардың бір жағы-сақтандырушы  сақтандыратын жағдай туған сәтте,  келісімде көрсетілген мөлшерде  зиянның орнын толтыруға, төлем  төлеуге міндеттеме алады. Сақтанушы  жақ келісілген сақтандыру төлемдерін төлеуге, сақтандырушыға болған оқиға жөнінде келісімде көрсетілген тәртіппен, мерзім ішінде хабарлауға, сақтандыруға байланысты басқа жұмыстарды орындауға міндеттеме алады. Сонымен сақтандыру міндеттері арқылы, сақтандыру қызметі үшін сақтанушы сақтық жарнасын төлеп отырады. Сақтандырушы келісім міндеттемелерінің өзіндік ерекшелігі бар.

Информация о работе Сақтандыру курсына кіріспе