Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 14:40, практическая работа
Қазақстанның сақтандыру нарығы дамып келеді. 8 айда сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақыларының жиынтық ауқымы 155,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғыдан 27,5 пайызға артық болып отыр. Қаржы нарығын реттеу ұйымдарының хабарлауынша, Қазақстан Кеден Одағы мемлекеттерінің арасында сақтандыру саласы жөнінен 2-ші орында тұр. Қазір Қазақстан, Ресей мен Беларуссияда саланың тұрақты өсімін байқауға болады.
Осылайша, 2012 жылдың бірінші жартысында 3 мемлекет құрылымдардың белсенділігі 24 пайызға артып, барлығы 13,5 млрд. доллардық сақтандыру сыйақылары жиналды. Сақтандыру сыйақылары жөнінен Қазақстандық компаниялар 2-ші орында тұр.