Қазақстанның сақтандыру нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 14:40, практическая работа

Описание работы

Қазақстанның сақтандыру нарығы дамып келеді. 8 айда сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақыларының жиынтық ауқымы 155,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғыдан 27,5 пайызға артық болып отыр. Қаржы нарығын реттеу ұйымдарының хабарлауынша, Қазақстан Кеден Одағы мемлекеттерінің арасында сақтандыру саласы жөнінен 2-ші орында тұр. Қазір Қазақстан, Ресей мен Беларуссияда саланың тұрақты өсімін байқауға болады.
Осылайша, 2012 жылдың бірінші жартысында 3 мемлекет құрылымдардың белсенділігі 24 пайызға артып, барлығы 13,5 млрд. доллардық сақтандыру сыйақылары жиналды. Сақтандыру сыйақылары жөнінен Қазақстандық компаниялар 2-ші орында тұр.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның сақтандыру нарығы.docx

— 15.84 Кб (Скачать)

Қазақстанның сақтандыру нарығы

 Қазақстанның сақтандыру нарығы дамып келеді. 8 айда сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақыларының жиынтық ауқымы 155,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғыдан 27,5 пайызға артық болып отыр. Қаржы нарығын реттеу ұйымдарының хабарлауынша, Қазақстан Кеден Одағы мемлекеттерінің арасында сақтандыру саласы жөнінен 2-ші орында тұр. Қазір Қазақстан, Ресей мен Беларуссияда саланың тұрақты өсімін байқауға болады.

 Осылайша, 2012 жылдың бірінші жартысында 3 мемлекет құрылымдардың белсенділігі 24 пайызға артып, барлығы 13,5 млрд. доллардық сақтандыру сыйақылары жиналды. Сақтандыру сыйақылары жөнінен Қазақстандық компаниялар 2-ші орында тұр. Қаржы нарығын реттеу және қадағалау комитетінің хабарлауынша, шілденің біріне шаққанда елде 662,9 млн. доллардың сыйақылары жиналды. Бұл өткен жылғыдан 12,5 пайызға артық. 3-ші орында Беларуссиялық әріптестер. 2012 жылдың бірінші жартысында елдің сақтандыру құрылымдары 232 млн. доллардың сақтандыру сыйақыларын жинады. 8 айда сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақыларының жиынтық ауқымы 155,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғыдан 27,5 пайызға артық болып отыр.Нарық қатысушылары міндетті сақтандыру саласында сыйақылар көлемінің артуы қуантып отыр -, дейді. Алайда, қазір нарықты алаңдатып отырған да жағдайлар жетерлік.

 Дағдарысқа дейін сақтандыру құрылымдарының дені ұжымдық салаға көп мән берген еді. Мұнда бір келісім шартқа қол қою арқылы, мыңдаған долларға қызмет етуге болатын. Жеке тұлғаларды сақтандыру нарығының шығыны көп, бір келісім шарттан түсетін пайданың ауқымы да аз. Алайда, дағдарыс басталған сәтте көптеген ірі және орта деңгейлі компаниялар өз бюджетін қайта қарады. Осыған орай, сақтандыру компанияның кірісі бірнеше есеге төмендеп кетті.Осылайша, дағдарыс қызып тұрған сәтте құрылымдар бұрын соңды бармаған амалдарды іздей бастады. Олар өздерінің даму бағыттарын қайта қарауға мәжбүр болды. Бірінші орынға жеке тұлғалар мен тұтынушылар шыға келді. Бұл жұмысқа сақтандыру компаниялары мен сақтандыру саласының ойыншылары да кірісіп кетті.                                                                                                                                                                                                                                           Жыл сайын Қазақстанда медициналық сақтандыру қызметіне сұраныс артып жатыр. Демек, осы сала бойынша жасалған төлемдердің де артқаны анық. Алайда, бұған нарықтағы баға өсімі де әсер етіп отыр. Дәл осы себептен, АвтоКАСКО құны өсті. Сақтандыру омбудсмені таратқан статистикаға сүйенер болсақ, даудамайлардың 54 пайызы көлік апаттарына тиесілі болып отыр. Осыған орай, алдағы уақытта жол апаты кезінде, зақым алған көлік жүргізушісі көлікті сақтандыру полисінің негізінде қаржыға үміт арта алмайды. Тұтынушылар көлікті жөндеуге болатын орталықтарды таңдаумен шектеледі. Көп жағдайда жол апатына тауешкі белгісінде туғандар тап болады. Ең көп зардап шегіп отырғандардың арасында шаяндар бірінші орында келе жатыр. Бұл статистиканы сақтандыру компаниляларының біріңғай базасында табуға болады. Бұл жүйе 5 жыл бұрын нарықты реттеуші органмен енгізілген еді. Сақтандыру компаниялары апатарға өз зерттеулерін жүргізді. Құжатқа сәйкес жылда республика бойынша 35 000 жол апаты тіркеліп отырады. Әйлер адамдар сақтандыру компанияларын шығынға батырмайды екен. Айта кететін жайт, кейбір елдерде сақтандыру полисі сатылған кезде адамның жынысына көп мән беріледі. Мысалы, Италия, Франция, Австрия мен Испанияның нәзік жандылары полисті ерлерге қарағанда арзан алады. Себебі, олар жолда мұқият болады. Бұны қазақстандық статистика да дәлелдеп отыр. Қазақстанда көлік жүргізушілерінің басым бөлігі ерлер. Көп жағдайда атапқа жиі тап болатын жүргізушілердің саны 25-35 жас аралығындағы ерлер. Шымкент, Тараз қалалары мен Жамбыл облысында жол апаттары жиі орын алып тұрады.

 Сарапшылар көліктің түсі мен жүргізушінің мінезі бір біріне қатты ұқсас болады деп отыр. Көліктің түсі жүргізушінің айдау мәдениетіне сай келеді. Мысалы, қара және қызыл түсті таңдап отырғандар жолда жылдам жүргенді қалады. Олар бірден жол апатына жиі түсетіндердің тізіміне енеді. Айта кететін жайт, спорттық үлгідегі көліктердің басым бөлігінде қызыл және қара түс болады. Жасыл және көк түсті көліктердің жүргізушілері байсалды болады. Бүгінде Қазақстандағы көлік саны 3,5 млн. дананы құрап отыр. 2012 жылы сақтандыру компанияларының төлемдеріне кепілдік беру қорының ауқымы 1 млрд. теңгеге жететін болады. Жеке капиталдың ауқымы 10 млн. еуроны құрайды. Осы шамадаға қаржы елде сақтандыру тәуекелдерін ұстап отыруға әсер етеді дейді сарапшылар. Бір сөзбен айтқанда сақтандыру компаниялары тәуекелдерін сыртқа шығара алмайды. Осының арақасында тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы өзгереді.

 Қаржыгерлер бұл шығыны  жоғары мүмкіндік деп отыр, ол өзін тез арада ақтай алмайды, Бір айда сақтандыру компаниясы 200-ден 400 000 теңгелік шығынға батып отырады. Бір компанияда бекітілген қызметкерлер саны еңбек етіп отыруы қажет болады. Шетелдік ойыншылар Қазақстанның сақтандыру нарығында айтарлықтай өзгеріс болмайды деп сендірді. Алдағы 2-3 жылда бар ойыншылар өз мүмкіндіктерін арттырады.


Информация о работе Қазақстанның сақтандыру нарығы