Инновациялық менеджмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 09:40, реферат

Описание работы

Инновациялық менеджмент зерттеу үрдісінде кәсіпкерліктік, корпоративтік, мемлекеттік деңгейлердегі басқарудың инновациялық қызметтің басқарылуы мен ұйымдастырылуы бойынша шешімдері, наықтамалары, түсініктері мен терминологиясын және негізгі жағдайларын қолданатынын зерттейтін, оның құрылымымен таныстырылады. Олар теориялық негіздерін игереді және инновацияларымен ғылыми басқарылу шешімдерін шешу практикалық қабілеттіліктерін алады, қоғамның ғылыми және ғылыми-техникалық дамуының қазіргі кезеңінің ерекшіліктерін зерттейді, инновациялық үрдістерді моделдеу әдістерімен, инновациялық дамудың стратегиясымен, ғылыми-техникалық үрдістің болжану әдістерімен, Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық дамуының заңдылықтарымен қамтамасыз етілетін және басқаруды ұйымдастыруымен таныстырылады.

Работа содержит 1 файл

Инновациялы_ мененджмент.doc

— 143.50 Кб (Скачать)

   Мемлекеттiк  бюджет (республикалық, жергiлiктi бюджеттер, мемлекеттiң қатысуымен ұйымдардың қаражаты) қаражатының қатысуымен құрылған инновациялық инфрақұрылымның қазiргi уақыттағы субъектiлерi осы бағдарламаның ережелерiне және оны орындауға қабылданған нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес өз қызметiнiң бағыттары мен тетiктерiн қайта қарауы тиiс. Мұндай ұйымдардың қызмет бейiнiн өзгертудiң мүмкiн еместігі кезiнде осы ұйымдардың құрылтайшылары инновациялық дамуды қолдау жүйесiне жататын ұйымдардың және шағын және орта кәсiпкерлiкке жәрдемдесу, жұмыспен қамту ұйымдардың қызметiн екiтүрлi түсiндiрудi болдырмау мақсатында олардың атауларына өзгерiс енгiзу тиiс. Өз кезегiнде, аталған ұйымдар ҰИЖ құру және дамыту процестерiмен байланысты бюджеттiк қаржыландыру саласында орналаспайтын болады.  

  ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ЖОБАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ЫНТАЛАНДЫРУ  

   Қолданбалы  ҒЗТКҚ-iн қаржыландыру ҰИЖ гранттарын ұсыну жолымен жүзеге асырылатын болады:

   бiр  жобаға 55 мың АҚШ доллары сомасындағы "шағын грант";

   гранттық  бағдарламалар бойынша:

   өтiнiш  берушiге 5 мың АҚШ долларына дейiнгi сомада толық кешендi құжаттар дайындау үшiн "жоба алдындағы грант" (толық техникалық жазылуы, бизнес жоспар және басқа да құжаттар);

   зерттеулердi аяқтау және оларды тәжiрибелiк үлгiге немесе өнертапқышқа және өндiрiске  беруге дайындыққа дейiн жеткiзу үшiн "iрi грант". Қазақстанның жағдайында жеке тұлға мен шағын инновациялық кәсiпорындардың қатарынан әрбiр өтiнiш берушiге 250 мың доллары жеткiлiктi, бұл ретте осындай гранттардың санын 2007-2008 жылдары жылына бiрте-бiрте 100-ге дейiн жеткiзу қажет.

   50-100 мың доллары сомасында шетелдегi ҒЗТКҚ нәтижесiнде патенттердi ресiмдеуге қажеттi "патенттеу үшiн гранттар";

   және  басқа да бағдарламалар.

   Бастапқы  сатыдағы инновациялық жобаларды мемлекеттiк  инвестициялау жеке капиталмен тiкелей  әрiптестік (құрылған компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысуы) жолымен жүзеге асырылатын болады. Осындай жолмен, мемлекет тиiстi даму институты арқылы кәсiпкермен және жеке инновациялық жобаға тән жеке тәуекел инвестормен бөлiседi.

   Мемлекет  ҒЗТКҚ жүзеге асыру, бастапқы кезеңдегі инновациялық жобаларды қаржыландыру кезiнде айтарлықтай жеңiлдiктер ұсынатын фискалды инструменттер әзiрлейтiн болады. Осы кезде қызмет түрi бойынша белгiленген инвестициялық преференция инвестициялардың көлемiнен тәуелдi. Сонымен қатар, айтарлықтай емес инвестициялардың көлемiне қарамастан инновациялық жобалар ғылымды қажетсiнетiн өмiрлiк циклының ерекшелiктерiне байланысты өтелiмдiлiктiң ұзақ мерзiмi болуы мүмкiн.

   Бұдан өзге, инновациялық жобаларды iске асыруда  жеке инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру компаниясы құрылатын болады. Бұл компания шағын және орта бизнес үшiн және iрi қазақстандық және халықаралық корпорациялар үшiн және венчурлiк қорлар үшiн венчурлiк инвестициялардың қатерiн азайтуға мүмкiндiк бередi.  
 
 
 
 

Инновациялық іс-әрекеттерді ұйымдастыру  
 

   Мемлекет, инновациялық қызмет саласындағы мамандардың  дамуына бағытталған негiзгi шаралар  ретiнде:

   мемлекеттiк  бiлiм беру стандарттарында көрсетiлген мамандықтарды енгiзуге байланысты, Қазақстанда инновациялық қызметтi жүзеге асыратын тиiстi сұраныстағы мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында жүйелiк оқытуды ұйымдастыру;

   менеджменттiң  білiктiлігін арттыру, сондай-ақ қазiргi заманғы әдiстемелiк қабылдаулар  мен қазіргі заманғы техникалық құралдарды, бұл ретте даму институттарының әлеуетiн пайдалану мүмкiндiгiн пайдалана отырып интерактивтi режимде оқып үйретудi жүргiзу;

   басқарушылық  және кәсiпкерлiк мәдениеттi дамыту;

   жоғарғы оқу орындары мен жоғарғы оқу  орындарынан кейiн оқып-үйрететiн, оның iшiнде шетелдерде қысқа мерзiмдi курстарды, семинарларды, жұмыс iстейтiн менеджерлердiң бiлiктілігін арттыруға арналған дөңгелек үстелдердi қамтитын кадрларды дайындаудың жүйесiн құруды болжап отыр. 

Инновациялық  басқару обьектісін реттеу  

   "Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 54 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 6 қазандағы № 1027 қаулысымен Индустрия және сауда министрлiгi инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi уәкілеттi орган болып айқындалған. Осыған байланысты, осы бағдарламаны iске асыру мақсатымен ұлттық инновациялық жүйенi құру және инновациялық қызметтi дамыту мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, даму институттарының, кәсiпкерлiк субъектілерiнiң қызметiн үйлестiру бөлiгінде уәкілеттi органның функцияларын ұлғайту қажеттілігі туындайды.

   Елдiң  инновациялық дамуын тиiмдi басқаруды  қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк  саясатты iске асыру жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк органдар инновациялық қызметті дамыту саласында - Индустрия және сауда министрлiгi және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында - Білiм және ғылыми министрлiгi өз құзыретi шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асыратын болады:

   1) ғылымның ел экономикасының инновациялық  дамуының ғылыми-техникалық қамтамасыз етуiнiң басым бағыттары, iргелiк және қолданбалы ҰИТКЖ-н қаржыландыру жөнiнде бюджет бағдарламасын әкiмшiлiк ету, ғылыми-техникалық өнiмдердiң рыногын қалыптастыру;

   2) орта және жоғарғы оқу орындарын  қоса алғанда кәсiптiк, инженерлiк, ғылыми, басқару кадрларын дайындау және қайта дайындауды жүзеге асыратын инновациялық қызмет үшiн кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесiн қалыптастыру;

   3) инновациялық өнiмдердi шығаратын  кәсiпорындарды қоса алғанда,  инновациялық инфрақұрылымды кейiннен қалыптастыру, инновациялық кәсiпорындарды және өндiрiстердi құрайтын және ықпал ететiн ұйымдар, технологиялық парктер, бизнес инкубаторлар, арнайы конструкторлық және технологиялық бюро және т.б.;

   4) отандық өндiрiстiң ішкi және  сыртқы рыногына жоғары технологиялық өнiмдердiң кіру жүйесiн қалыптастыру. Отандық өндiрушiлердiң экспорттық және жоғарытехнологиялық өнімдері үшін жеңiлдiк жүйелерді, жағдайларды жасау;

   5) инновациялық даму үшiн тікелей  әсер ету, оның iшiнде, жобалар  мен бағдарламаларды әзiрлеушiлер, өнертапқыштар және бастамашылардың мүдделерi мен зияткерлiк меншігін қорғайтын заңнама базасын қалыптастыру.

Информация о работе Инновациялық менеджмент