Қазақстанның инновациялық жағдайы және даму перспективасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 12:04, реферат

Описание работы

ХІХ ғасырда Ұлыбританияда технологиялық инновацияның әсерінен болған өнеркәсіптік төңкеріс әлем елдерінің ғылымды дамытуға ерекше назарын аударды. Технологиялық инновацияны адамзат қоғамының дамуының маңызды бөлігі, сондай-ақ экономикалық табыстың үлкен көзі екендігін түсініп, осы бағытты дамытуды қолға алған елдер бүгінгі күнде әлемдегі ең озық державалардың қатарында.

Работа содержит 1 файл

Мақала.docx

— 249.51 Кб (Скачать)
 

      Бұл ретте елімізге шетелдік  тәжірибеде өз нәтижесін берген  өзгерістерді енгізуіне болады. Американдық инновациялық институт сарапшыларының ойынша, инновациялық мақсатқа берілетін несиелердің пайыз мөлшерлемесі 5-6 %-дан аспауы тиіс. [5, 92-бет] Еуропалық Одақ елдерінің заңнамаларында байланыс және коммуникация кәсіпорындарында салықтан босатылған инновациялық қор құруға мүмкіндік берілген. Ал, Жапонияда инновациялық дамуы төмен салалардың белсенділігін арттыру ұшін мемлекет кәсіпорындарға заң жүзінде талап та қойған. Ел үкіметі құрылыс компанияларына жылдық айналымының кем дегенде 5 % -ын ғылыми-технологиялық зерттеу жұмыстарына бөлуді міндеттеген. Бастапқыда бұл талап қатаң көрінгенмен, нәтижесінде құрылыс материалдарының сапасы жоғарылады.

         Болашақта қазақстандық инновацияның  әлемдік нарықтан орын алуы  үшін мемлекеттік қолдауды негізгі  сұранысқа ие болатын салаларға  бағыттаған дұрыс. Қазіргі уақытта  дүние жүзінде энергия тапшылығы  байқалуда. Әлем елдері балама энергия көздерін ойлап тауып, өндіріске енгізуде. Қазақстан атом өнеркәсібінің негізгі шикізаты уран қорына бай болғандықтан, оны өндіріп, өңдеудің жоғарғы стадиясына жеткізіп, шет елдерге экспорттауына мүмкіндік мол. Еліміз дүние жүзінде уран қоры бойынша 2-орында, оны өндіру бойынша 3-орында, ал отын таблеткаларын шығарудан 15-орынға табан тіреді. Алдағы уақытта радиофармпрепараттарды шығаруды қолға алған дұрыс. [12] Соңғы жылдары бидайдан экологиялық таза жанармай өндірілуде. Оны толығырақ зерттеп, инвесторларды тарту арқылы коммерциялық мақсатта қолдануға болады. Дүние жүзінде халық санының жедел өсуіне байланысты, сарапшылар таяу жылдары азық-түлік дағдарысы болатынын айтады. Жасанды жолмен жасалған тағамдар көбейіп, экологиялық таза өнімдердің бағасы қымбаттайды. Еліміз үлкен аграрлық әлеуетке ие. Әлемдік аграрлық нарықта 11 көрсеткіш бойынша Қазақстан алғашқы ондыққа кіреді. [12] 
Бұл ретте Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында кластерді дамытып, бәсекеге қабілетті экспорттық өнімдер шығаруды қолға алуы қажет.

       Қазіргі уақытта Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму перспективасы жан-жақты жетілу үстінде. Инновациялық даму үрдісіне мемлекеттің қолдауымен қатар, қоғамның көзқарасы да үлкен ықпал етеді. Қазақстан табиғи ресурстарын тиімді пайдаланып, инновацияны ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне байланысты дамытатын болса, елдің болашағы да жарқын болмақ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бижанова Д.Е. Макроэкономический анализ инновационного развития Казахстана // CАЯСАТ-POLICY. 2009 ж. №3.
  2. Ситенко Д.А. Перспективные направления инновационного развития Казахстана // CАЯСАТ-POLICY. 2009 ж. №2.
  3. Бегентаев М.М. Совершенствование системы инновационного обеспечения инновационной деятельности в Казахстане // CАЯСАТ-POLICY. 2009 ж. №5.
  4. Әмірбекұлы Е. Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының бүгінгі нәтижелері және болашақ бағдарлары//ҚБТУ хабаршысы, 2010.
  5. Мендалиева С.И. Роль государства в финансировании инноваций // Транзитная экономика. №4-5, 2010
  6. Таскимбаев А.К., Утаров А.К. Государственная поддержка и стимулирование инновационного предпринимательства в экономике развитых стран// Транзитная экономика. №4-5, 2010
  7. Сулейменова Г.Н. Наличие инновационного момента как важнейшая составляющая развития предпринимательства // АльПари, 2010 жыл, №3.
  8. Өмірбеков Ә.Д. Венчурлік бизнесті ұйымдастыру // АльПари, 2010 жыл, №3.
  9. ҚР Индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының концепциясы, - Астана, 2009.
  10. Прозрачность нефтяных доходов. Цифры и факты. 21-09-2010 | Раздел: root. Бюро экономических и бизнес-исследований.
  11. Жумабеков А. Анализ инновационного процесса в Казахстане//Элемент - научно-популярный журнал, 13.05.2011
  12. Алшанов Р. Экономика Казахстана//Казахстанская правда. 9 июнь, 2011
  13. ҚР статистика агенттігінің ресми сайтының материалдары - www.stat.kz
  14. Қазақстан Даму Банкінің ресми сайтының материалдары – nif.kz
  15. ҚР Индустриалық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы – Астана, 2009.

Информация о работе Қазақстанның инновациялық жағдайы және даму перспективасы