Қазақстанның инновациялық жағдайы және даму перспективасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 12:04, реферат

Описание работы

ХІХ ғасырда Ұлыбританияда технологиялық инновацияның әсерінен болған өнеркәсіптік төңкеріс әлем елдерінің ғылымды дамытуға ерекше назарын аударды. Технологиялық инновацияны адамзат қоғамының дамуының маңызды бөлігі, сондай-ақ экономикалық табыстың үлкен көзі екендігін түсініп, осы бағытты дамытуды қолға алған елдер бүгінгі күнде әлемдегі ең озық державалардың қатарында.

Работа содержит 1 файл

Мақала.docx

— 249.51 Кб (Скачать)

                                                                                                   

Қазақстанның инновациялық жағдайы және даму перспективасы 

        ХІХ ғасырда Ұлыбританияда технологиялық инновацияның әсерінен болған өнеркәсіптік төңкеріс әлем елдерінің ғылымды дамытуға ерекше назарын аударды. Технологиялық инновацияны адамзат қоғамының дамуының маңызды бөлігі, сондай-ақ экономикалық табыстың үлкен көзі екендігін түсініп, осы бағытты дамытуды қолға алған елдер бүгінгі күнде әлемдегі ең озық державалардың қатарында.

        Дүниежүзілік қауымдастықта жас мемлекет ретінде танылған Қазақстанның мақсаты – әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін ұлттық экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, ғылым мен білімге баса назар аудару негізгі талап болып табылады. Шетелдік тәжірибелер көрсеткендей, халық шаруашылығының барлық салаларына ғылым мен білімнің соңғы жетістіктерін, жаңа технологияны енгізу арқылы ел экономикасын айтарлықтай деңгейде дамытуға болады.

          Алайда, нарықтық экономикаға енді ғана бет бұрып келе жатқан Қазақстанның алдында инновацияны дамытуда көптеген мәселелер орын алған. Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыруға кедергі болып отырған негізігі факторларға мыналарды жатқызуға болады:

  • инвестициялау және несие берудегі тиімсіз жағдайлар;
  • тапсырыс берушілердің төлемқабілеттілігінің жеткіліксіздігі;
  • жаңа енгізілімдердің құнының жоғарылығы;
  • жеке меншік қаржылық құралдардың жеткіліксіздігі;
  • білікті мамандардың жетіспеушілігі;
  • мемлекет тарапынан қаржылық қолдаудың жоғары болмауы.

          КСРО-ның құрамында Қазақстан өңдеу өнеркәсібі дамымаған, шикізаттық ел ретінде қалыптасты. Одақтас елдерді тек шикізатпен қамтамасыз етіп отырған елімізде қосынды құны жоғары дайын өнім шығарылмағандықтан, технологияны дамыту, инновацияны өндіріске енгізу мәселелері күн тәртібінен қалып қойды. Кеңестік елдердің бір-біріне тәуелді экономикалары ыдырағанда, Қазақстан экономикасы да үлкен дағдарысты басынан өткерді. Осы жылдары Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуеті әлсіреп, ғылымды қажетсінетін өндірістер дағдарысқа ұшырады. Ғылыми нәтижелерге сұраныс азайып, ғалымдардың беделінің төмендеуінен Қазақстан сияқты жас мемлекеттің болашағына күдікпен қараған білікті мамандар шетелге қоныс аударды.

         Еліміздің инновациялық даму жоспарын іс жүзінде іске асыруға кәсіби шеберлігі жоғары мамандардың болмауы кедергі келтіреді. Көптеген кәсіпорындарда кәсіби білікті мамандардың жетіспеушілігі байқалуда, алайда олардың қаржылық жағдайы бұл мәселені шешуге мүмкіндік бермей отыр. ҚР статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша, қызметкерді оқытуға және дайындауға бөлінетін шығындар 0,6 % -дан аспайды. Маркетингтік салада да осындай жағдай орын алған. Инновациялық шығындар көлеміндегі маркетингтік зерттеулерге арналған шығындар 0,11 % - ды құрайды. Бұдан кәсіпорындардың көп бөлігінің нарықтағы жаңа өнімінің сұранысын арттыру және жарнамаға арналған арнайы шығындарды талап ететін өнімдерді шығаруға бейімделмегендігін көруге болады.

       Республикадағы инновациялық іс-шаралар  әзірге әлемдік нарықтағы еліміздің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру  тетігіне айналған жоқ. Қазақстанның  инновациялық дамуындағы мәселелердің  бірі - ғылыми зерттеулердің аяқталмауы және олардың өндірістен алшақтығы болып табылады. Жүргізілген инновациялық зерттеулер коммерциялық мақсатта қолданылмайды және өндіріске енгізілмейді. Сонымен қатар, шетелдік компаниялармен салыстырғанда, отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі салыстырмалы түрде төмен деңгейде. ҚР статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша, бұл көрсеткіш елімізде 4,8 %- ды құрайды. Мысалы, АҚШ-та кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 50%-ға жуық, Түркияда – 33%, Венгрияда – 47%, Эстонияда – 36% болып келеді. [1. 27-бет]

         Қазақстанның ЖІӨ-дегі ғылыми зерттеулерге бөлінетін шығындардың дамыған елдерге қарағанда үлесі аз. Технологиялық инновацияға жұмсалған шығындар ЖІӨ-нің 1% -нан да кем. Ал Еуропалық Одақ елдері ғылыми зерттеулер мен дамытуға жыл сайын ЖІӨ-нің 1,9%-ын, АҚШ - 2,64%, Жапония - 3,4%, Швеция -3,6%, Финляндия -3,1% жұмсайды. [11]

1-сурет.  Әлем елдерінің ғылыми зерттеулер  мен өңдеуге арналған ішкі  шығындар динамикасы

                Әлемдік тәжірибені қарайтын болсақ, инновация екі түрлі жолмен қаржыландырылады: мемлекет және жеке меншік сектордың қаржысынан. Экономикасы дамыған елдерде, қаржыландырудың көп бөлігі жеке меншік сектордан, соның ішінде өндірістік компаниялардан (70%) келіп түседі. Тәуекелдің жоғары болуына қарамастан, жеке сектордан инновацияға инвестиция салудан түсім көп түседі.

        Қазақстанда инновациялық жобалардың  көп бөлігін мемлекет қаржыландырады. Бұл ретте жеке меншік капиталдың  үлесі төмен деңгейде. Қазіргі  уақытта 2-деңгейлі қазақстандық  банктерден 3 жылдан ұзақ мерзімге  берілетін несие көлемі жалпы  несие көлемінің 15% -нан аспайды.  Жеке инвесторлар ұзақ мерзімді  несие алуға тәуекелдікке бармайды. [5, 93-бет]

      Кәсіпорындардың техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылым мен өндірістің арасында байланыстың болмауы, экспорттың шикізаттық бағыты еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Себебі, Қазақстан экспортының құрылымын және экономикасының ресурқа ұзақмерзіміді бағытталуын зерттегенде, ел экономикасының ресурсқа тұрақты тәуелділігін көруге болады. Егемендік алғаннан кейінгі макроэкономикалық көрсеткіштерге назар аударсақ, ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тіпті соңғы екі-үш жылда ЖІӨ-нің өсу деңгейі 10% көлемінде болып отыр.[8] Бұл шама еліміз үшін үлкен жетістік, яғни әлем бойынша ЖІӨ-нің өсу деңгейі бойынша алдыңғы орындардамыз. Бірақ мұндай жетістіктерге жетуіміз Қазақстанның жер қойнауындағы минералдарға бай болуына және соңғы жылдардағы мұнай және метал бағасының өсуімен тікелей байланысты. Қазақстан экспортының 90 %-ы минералдық ресурстар мен металдарға тиесілі. Жоғары технологиялық өнімдер (машина, құрал-жабдық, транспорт) экспорттың 2 % - ын ғана құрайды. Мұнай экспорты 2010 жылы жалпы экспорт көлемінің 79%-ын құрады. Қазақстанның ЖІӨ-дегі мұнай экспортының динамикасын қарайтын болсақ, соңғы төрт жылда мұнайға тәуелділік ЖІӨ –нің 30 %- нан кем түспеді. Қазақстан экономикасының әлемдік нарықтағы шикізат бағасына тәуелділігін келесі графиктен көруге болады. [10]

2-сурет.  1994-2009 жж экономикалық өсім және мұнай бағасы

         Ел экономикасының әлемдік биржадағы шикізат бағасына тәуелділігін азайту үшін, экономиканы әртараптандырып, шикізат өндіруден технологиялық өңделу деңгейі жоғары, дайын өнім өндіруге көшуі тиіс. Ол үшін өндірістік және инновациялық инфрақұрылымның қажеттілігі туындайды. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, әлемдік баға тербелісіне тәуелділігін азайту мәселесі мемлекеттің инновациялық дамуға қолдау білдіруіне алып келді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында осы бағыт бойынша ұзақмерзімді мақсаттар қойылған:

  • экономиканың тұрақты дамуына қол жеткізу;
  • жалпы ішкі өнімдегі шикізаттық ресурстарды біртіндеп жоғарытехнологиялық, экспорттық өнімге айырбастау;
  • елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін тиімді пайдалану.
 

        Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстанның индустриальды-инновациялық даму стратегиясы қабылданды. Бұл стратегия бойынша, ең алдымен бәсекеге қабілетті соңғы өнімді шығару үрдісін қамтамасыз ететін инновациялық инфрақұрылымды құру жобасы жасалған болатын. Осыған сәйкес, 2003 жылы инновациялық қызметке маманданған субъектілерді құру жұмысы басталды. Қазақстанда инновациялық инфрақұрылымды ұлттық және аймақтық технологиялық парктер, индустриалдық парктер, арнайы экономикалық зоналардан көруге болады. Қаржылық инфрақұрылым инновациялық даму саласындағы ғылыми-өндірістік және білім беру үрдістерін қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Инновациялық кәсіпкерлік пен инфрақұрылымға мемлекет тура және жанама әдістермен қолдау білдіреді, ол келесідей элементтерден тұрады: мемлекеттік даму институттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б.

        Республикадағы инновациялық саясат мемлекеттің даму институттары арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – ның құрамында 5 даму институты бар. Олар: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Kazyna Capital Management» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Экспорттық сақтандыру жөніндегі корпорация», «Даму кәіпкерлікті дамыту қоры»АҚ. Бұл институттар 100% мемлекеттің қатысуымен құрылған. 

        Қазақстан экономикасындағы шаруашылық субъектілерінің инновациялық іс-әрекеті ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы бойынша реттеледі. Инновациялық қызметтің маманданған субъектілерінің және даму институттарының басты мақсаты – ұзақмерзімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау болып табылады.  

          Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) өз жұмысын бастағаннан кейін 154 инвестициялық жобалар мен 2,7 млрд. АҚШ доллары тұратын экспорттық операцияларды мақұлдаған. 2008 жылдың басында банктің қаржылық қолдауымен 30 жаңа және модернизацияланған өндіріс орындары эксплутацияға берілді. [1, 24-бет] ҚДБ 2009 жылы инновациялық зерттеулерге 4,4 млрд. теңге бөлді. 2010 жылы банк «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС –мен «Ароматты көмірсутек өндіретін кешен құрылысы» жобасы бойынша несиелік келісім жасап, зауытқа 1,06 млрд. АҚШ доллары көлемінде несие берді.

        Қазіргі уақытта елімізде Ұлттық инновациялық қордың (ҰИҚ) көмегімен мемлекеттік-жеке сектор әріптестігі негізінде 6 венчурлік қор құрылған. ҰИҚ- дың қазақстандық венчурлік қордағы үлесі – 49%- ды құрайды. Бұл қордың инвестициялық саясаты IT-технологиясы саласындағы жобаларды іздеу және тарту, жаңа құрылыс материалдары, фармацевтика және экспорттық потенциалы бар басқа да салаларға бағытталған. Қазақстандық 6 венчурлік қордың жарғылық капиталы 130 млн. АҚШ долларын құрайды.   [1, 23-бет]       

         Инновациялық даму стратегиясын  жүзеге асырудың бірінші дайындық  кезеңі (2003-2005)  табысты өтті деп  баға беруге болады. Бұл кезеңде  заңнамаларға қажетті өзгерістер  енгізілді, дамудың салалық бағдарламасы  жасалды, ғылымды, білім беруді, білікті мамандарды дайындауды қаржыландырудың көлемі анықталды. Сондай-ақ, мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын даму институттары құрылды. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру мен жаңа өндіріс орындарын құруға бағытталған индустриалдық-инновациялық инфрақұрылым объектілері жасалды. [1, 27-бет]

         «Морпорт Ақтау», «Астана-жаңа қала», «Ақпараттық технологиялар паркі» сияқты арнайы экономикалық зоналар жұмыс істейді. Астана және Қарағанды облыстарының жерінде жоғарытехнологиялық өндіріс орындарының құрылысы басталды. Стратегия аясында 2007 жылы желтоқсанда Павлодар қаласында электролиз зауыты іске қосылды. Өскемен қаласында автомобиль бөлшектерін жинақтаушы зауыт, Көкшетауда «Камаз» жүк көліктерінің өндірісі, Семейде автобустарды жинап шығару кәсіпорындары пайда болды.

       Стратегияны жүзеге асырудың 2006-2010 жылдардағы екінші кезеңі әлемдік қаржылық дағдарыс әсерінен кедергілерге тап болды. Бұл кезеңде ұлттық валюта девальвацияға ұшырап, инфляция деңгейінің жоғарылауы іскерлік белсенділікті төмендетті. Алайда, бүкіләлемдік дағдарыс Қазақстанның инновациялық бағытта дамуының дұрыстығын дәлелдеп берді. Дағдарысты еңсеруге мемлекет тарапынан антикризистік бағдарлама жасалып, ұлттық экономиканы қолдау үшін Ұлттық қордан қажетті қаржы бөлінді.

      Қазіргі уақытта инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен оларды жүзеге асыру үрдісі жалғасуда. Елбасы өз мәлімдемесінде Атыраудағы мұнайхимия кешенінің құрылысы жалғасатынын, Мойнақ СЭС-ның құрылысының аяқталатынын, Балқаш ЖЭС-ның құрылысының басталатынын атап өтті. Осындай жобалардың нәтижелі жұмыс істеуі еліміздің индустриалдық елдер қатарына өтуіне үлкен септігін тигізеді. Ал еліміздегі инновациялық белсенділікті арттыру үшін, ең алдымен, сол саладағы орын алған мәселелердің нақты шешу жолын қарастырған дұрыс. Мемлекет инновациялық саланы білікті мамандармен қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін ғылым мен технология саласында білім жүйесін реформалау қажеттілігі туады:

  • мектептерде жаратылыстану-техникалық бағытта білім сапасын көтеру;
  • университеттерде теориялық білімді практика жүзінде көрсету;
  • ғылыми-зерттеу лабараторияларын ашу;
  • жас ғалымдарды қолдау;
  • кадрларды шетелдерге тәжірибе алмасуға жіберу.
 

      Соңғы жылдары еліміздің ұлттық  ғылыми-техникалық элитасын дайындауға  мемлекет тарапынан ерекше көңіл  бөлінуде. Қазақстанның әр аймағында  қазіргі заманғы материалдық  базамен жабдықталған интеллектуалдық  мектептер, арнайы мамандандырылған  физика-математика мектептері көбеюде.  Мемлекет техникалық саладағы мамандарды даярлауға басымдық беріп, жыл сайын ЖОО-на техникалық мамандықтарға білім гранттарын көп бөледі. Ұлттық деңгейдегі кластер құруға Назарбаев Университетінің үлкен мүмкіндігі бар. Университет зертханасында ғарыш, инженерия және медицина саласында күрделі ғылыми зерттеулер жасауға болады. Кәсіби мамандарды даярлағаннан кейін оларды жұмыс орнымен қамтамасыз ету өзекті мәселе. Шешу жолдары:

  • кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру;
  • ғылыми жаңалықтарға сұранысты көбейту;
  • инновациялық жобаларға салықты төмендету;
  • несие беруді оңтайландыру.

Информация о работе Қазақстанның инновациялық жағдайы және даму перспективасы