Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жағдайы және даму болашағы

Автор: d*****@yandex.ru, 25 Ноября 2011 в 20:32, курсовая работа

Описание работы

ИННОВАЦИЯ (англ, innovation) - нововведение, новшество, новация. В самом общем виде это понятие обозначает: 1) вложение средств в экономику, обеспечивающее смену поколений техники и технологии; 2) новая техника, технология, продукты (товары) и услуги, являющиеся результатом достижений научно-технического прогресса. Инновация - результат инновационного процесса, т.е. изобретение, доведенное до стадии коммерческого использования и распространяющеся на рынке в виде нового продукта или процесса. Развитие изобретательства, появление пионерных и крупных изобретений является важным фактором инновации.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жағдайы және даму болашағы.doc

— 71.00 Кб (Скачать)

     Ал, өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық әлеуетті көтеру үшін, автордың пікірінше, келесі бағытта шаралар жүргізілуі қажет:

  • кәсіпорындардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша әлуетін бағалау және көтеру;
  • творчестволық, зияткерлік еңбектің ерекшелігін ескере отырып, нысандар мен әдістер жиынтығы көмегімен инновациялық-инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыру;
  • ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуге мүмкіндік беретін ғылыми өндірістік орталықтарды құру (өндірістік-технологиялық әлеуетті жетілдіру жөнінде кеңес беру, мемлекеттік сараптау, сертификация жүйелерімен ақпараттық байланыс орнату);
  • кәсіпорындарға ғылыми-техникалық жаңарту үрдістерін ынталандыру тетіктерін ұйымдастыру. Бұл тетіктердің қатарына жеделдетілген амортизация әдісін қолдану, құрал-жабдықтарды жеңілдетілген түрде сатып алуға ықпал ететін лизингтік орталықтарды құру сияқты шараларды жатқызуға болады;
  • кәсіпорындарды инновациялық даму шеңберінде қызмет көрсету шарттары мен талаптарына бейімдеу;
  • «көлеңкелі экономика» зардаптарын болдырмау мақсатында лицензиялау түрлерін шектеу;

     Стандарттау – сертификаттау және техникалық реттеу шараларын ұтымды жүргізу.

     Қазақстанда инновациялық климаттың қалыптаспай  отыруының тағы бір негізгі себебі, жеке бизнестің инновациялық үрдіске  тікелей қатыспауы болып отыр. Сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың  жаңа инновациялық технологиялармен, қондырғылармен қамтамасыз етудің төмен деңгейі болып табылады. Бұл жағдайдан шығудың бір жолы: Жеке бизнестің төмен инновациялық белсенділігіне қарай, мемлекет алғашқы этапта қаржыландыруды 100% өз мойнына алуы керек. Мемлекет ғылыми жетістіктер мен инновациялық жолмен алынған өнімнің шет елге кетіп қалмауын қадағалап, инновациялық өнім иесіне қайтарымсыз гранттар беруі қажет. Инновациялық өнім мен технологияларды шығаруға жеке инвестицияларға толығымен сенген елдер, әдетте перспективті инновациялық переспективті өнімдермен технологияларды қаржыландыруды тікелей мемлекет жасағаннан араласқан елдерден әлде қайда қалып отырған. Оған тарих куә. Мемлекет инновациялық даму үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы, халықтың инновациялық белсенділігін ынталандыра отырып, инновациялық қызмет саласында өндірістік кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін болады. Республикада қолайлы инновациялық ахуал жасау Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған және нарықтық экономикасы дамыған жоғары индустриялды қоғамға айналуының базалық факторы болады. Алғашқы қадамды мемлекет жасағаннан кейін жеке капиталды тарату керек. Болашақ инвестордың назарына бұл салаға қаржы салу арқылы бір салада монополиялық жағдайда болғаннан гөрі әлде қайда көп табыс таба алатыны туралы ақпарат беру керек.

     Қорытынды: Қорыта айтқанда, Қазақстан аймақтық дамудың өңірлік экономикалық локомативіне айналуы тиіс. Ал венчурлық бизнес экономикада жаңа барыстың секірісін жасайды. Еліміздің инновациялық жобаларға тез бейімделіп, үлкен экономикалық серпілістер жасау бүгінгі күннің талабы. Венчурлық қорлар немесе венчурлық қапиталистер дейтін ұғымдар бүгінгі Қазақстан үшін жабайы емес. Инновациялық жобаларға мемлекеттің қатынасы жоғарыда айтылғандай болса нұр үстіне нұр болмақ. Мемлекеттік қаржыландыру жеке фирмалармен тең дәрежеде инвесторлық қызметін атқарып, кейін өзінің акциясын сатып жіберуі керек. Алдыңғы қатарлы дамыған елдердің негізгі жетістіктерінің құпиясы осы деп есептеймін. Еліміздің инновациялық жобаларға тез бейімделіп, үлкен экономикалық серпілістер жасайтындығына сенімдімін. Не болса да мемлекетіміз үшін бұл жаңа бағыт болмақ. Қазақстанның жарқын болашағы әлі алда! 
 

    Қолданылған әдебиеттер:

  1. Венчурлық финансирование: теория и практика. – М., 1998
  2. Фонштейн Н.М: Основы реализации результатов НИОКР и технологии. – М., 1999. – 272 стр.
  3. Балабан А.М., Балабан М.А. Венчурное финансирование инновационных проектов. – М., 1999. – 248 стр.
  4. Қазахстанская правда 13.08.2004 «Венчур даст прибыль».
  5. Journal of Financial Economics 1999 – v.51. - №2. – p. 6-10

    
 

         

Информация о работе Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жағдайы және даму болашағы