Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жағдайы және даму болашағы

Автор: d*****@yandex.ru, 25 Ноября 2011 в 20:32, курсовая работа

Описание работы

ИННОВАЦИЯ (англ, innovation) - нововведение, новшество, новация. В самом общем виде это понятие обозначает: 1) вложение средств в экономику, обеспечивающее смену поколений техники и технологии; 2) новая техника, технология, продукты (товары) и услуги, являющиеся результатом достижений научно-технического прогресса. Инновация - результат инновационного процесса, т.е. изобретение, доведенное до стадии коммерческого использования и распространяющеся на рынке в виде нового продукта или процесса. Развитие изобретательства, появление пионерных и крупных изобретений является важным фактором инновации.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жағдайы және даму болашағы.doc

— 71.00 Кб (Скачать)

УДК 

Қазақстанның  инновациялық дамуының қазіргі жағдайы  және даму болашағы 

ТҚ ж С-08 қазақ тобының студенті Дуанова Венера Жамбылқызы,

ғылыми жетекшісі Ізбасарова Лиза Бақтығалиқызы

Атырау мұнай және газ институты 

      ИННОВАЦИЯ (англ, innovation) - нововведение, новшество, новация. В самом общем виде это понятие обозначает: 1) вложение средств в экономику, обеспечивающее смену поколений техники и технологии; 2) новая техника, технология, продукты (товары) и услуги, являющиеся результатом достижений научно-технического прогресса. Инновация - результат инновационного процесса, т.е. изобретение, доведенное до стадии коммерческого использования и распространяющеся на рынке в виде нового продукта или процесса. Развитие изобретательства, появление пионерных и крупных изобретений является важным фактором инновации.

      INNOVATION (Eng, innovation) - innovation, innovation, innovation. In the most general form, this concept means: 1) investment in the economy, providing a generational change of technique and technology, 2) a new technique, technology, products (goods) and services that are the result of scientific and technological progress. Innovation - the result of the innovation process, ie, an invention brought to the stage of commercial use, and extending to the market as a new product or process. Development of inventions, the emergence of pioneer and major inventions is an important innovation.

     Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан жаһандық экономикада әдемдік тауар рыноктарына  мұнай, қара, түсті, жерде сирек кездесетін және қымбат металдар мен уран өнімдерін  шығаратын ел ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда  пайдалы қазбалардың ірі қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы екені сөзсіз, дегенмен ол классикалық экономика сценарийінен алысқа бармайды. Бұл экономиканың бір жақты дамып отырғанының белгісі. Экономиканың шикізат секторларынан едәуір табысқа ие болып, мемлекет пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Алайда ұзақ мерзімді келешекте шикізат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кең орындары толықтай пайдаланылғаннан кейін тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулі проблемалар туғызады.

     Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат ресурстарына бай кейбір дамушы елдер тұрақты  экономикалық дамуға қол жеткізбей, шикізаттың әлемдік тауар рыноктарындағы өзгерістерге тым тәуелді болып  қала береді. Қысқасы біз экономикамызды әртараптандармасақ, болашақта әлемдік жаһандану үрдісінде өзінің бірегей орнымен ерекшеленетін ұлттық экономикамызды қалыптастыра алмаймыз.

     Қазақстанның  қазіргі таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда:

  • Экономиканың шикізат бағыттылығы;
  • Әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
  • Ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
  • Өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі;
  • Кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;
  • Ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
  • Отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейімделуі;
  • Ғылыми-техникалық өнімді тауар деңгейіне дейін жеткізудің ықпалды тетіктерінің болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейінің төмен болуы.

     Бүгінгі таңда, яғни ХХІ ғасырда экономиканың дамуының ең басты әсер етуші ресурсы ғылым мен технология болып отыр. Қазіргі болашаққа ұмтылған қадамды – білім экономикасына ұмтылған қадам деуге болады. Бүгінгі дамудың жалғыз жолы – инновациялық жол. «Инновацияны» қазақша түсінікті етіп айтатын болсақ, ол – жаңалық, жаңа зат, жаңа құбылыс, жаңа өнер, жаңа әдіс, жаңа жүйе, жаңа техника дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз – Қазақстан экономикасының ғылыми білімге, инновациялық технологияларға, жоғары білікті өндіргіш күшке негізделуі тиіс дегенді білдіреді. Атап айтсақ, табиғи ресурстарды жаңаша игеруге, оларды мүмкіндігінше республикада өңдеуге, тұлғаның шығармашылық қабілеттілігі мен белсенділігін қажет етпейтін шикізаттық экономикадан «өңдеуші және өндіруші» экономикаға өту деген сөз. Қазақстанның болашағы, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты. Осыған орай біздің мемлекетіміздің басты даму бағыттарының бірі – қазіргі білім мен ғылымды барынша дамыту болып табылады. Олай болса істі неден бастау керек? Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы білім беру ісінен бастау керек. Әрі-беріден соң бұл Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жүзеге асар реформалардың стратегиялық мақсаты болуы тиіс.

     Экономикалық  дамудың инновациялық жолы – экономикадағы технологиялардың жылдам жаңаруын, соның ішінде тұтынушының көнілінен шыққан, ғылыми білімді қажет еткен өніммен алмасуын қамтамасыз етуді меңзеп отыр. Жапонияның «Сони» фирмасының президенті Акио Мората ұлттық инновациялық жүйе мен қоғамның инновациялық қабілетін, ұлттық инновациялық менталитетін қалыптастырудың маңызына тоқтала отырып былай дейді: «Жапонияның экономикалық куатының арту себебі, шетелдің маңызды зерттеу нәтижелерін сатып алып отырғанында емес... Оған Жапония улкен нәтижелерге негізделген өнімді шығару жолын табу арқылы жетіп отыр. АҚШ-та технологияларға деген тапшылық жоқ. Алайда, онда осы технологияларды коммерциялық тұрғыда қолдануға бағытталған шығармашылық белсенділіктің төмендігі байқалады. Бұл АҚШ-тағы ең ірі проблема. Ал, Жапониядағы шығармашылық белсенділік – оның ең мықты жағы». Әрине, инновациялық әлеуетті дамыту мен сақтаудың қажетті, басты талабы ғылым екені мәлім. Бұл ретте инновациялық қызметті жүзеге асырудағы маңызды элемент ғылыми өнімнің комерциялануы болып табылады.

     ХХ-шы ғасырдың ортасына дейін мұнай, қару-жарақ, ірі ойынханалар үлкен пайда  алып келетін бизнестің түрлері  болып есептелді. Бұл бизнес түрлерінің бағыты мен табиғаты өте ауыр, әрі  соңында адамдардың физикалық, психологиялық, моральды құлдырауына алып келеді. Алайда 50-ші жылдардан соң үлкен пайда алып келетін адами-интелектуалдық құндылықтарға бағытталған жаңа бизнестің түрі пайда болып, тиісінше ҒТП-ның дамуына айтарлықтай үлесін қосты. Бүгінгі таңда бұл бизнес – венчурлық қаржыландыру атымен танымал. Ол ғылыми сыйымды әрі жоғары технологияларға негізделген шағын және орта кәсіпкерлікке тікелей инвестиция салуымен ерекшеленеді. «Венчур» сөзі бір жағынан кәсіпорын, екінші жағынан тәуекел деген мағынаны білдіреді. Венчурлық бизнес дегеніміз – табыс табу мақсатында біреуі қаражатымен, екіншісі идеясымен инновациялық ғылыми сыйымды өнім шығаруға бағытталған үлкен тәуекелге баратын кәсіпкерлердің бірлескен жұмысы.

     Кәсіпорын 3-5 жылдан соң нарығына акциясын сатуына  болады. Әдетте, венчурлық капиталистер алғашында салған капиталын 5-10 есеге өсіруін қалайды. Әрі олар мақсаттарына жетеді. Мысалы, Ресейде біраз ғалымдар мықты имунитет қалыптастырушы Тимоген дәрілік препаратын ойлап тапқан үшін аз ғана мыңдаған доллар жұмсалған. Бұған бірден бірнеше ел қызығушылық танытты. Тіпті соңында тауарды шығаруға рұқсат берілетін лицензиясының өзін АҚШ бірнеше миллион долларға сатып алды. Сонымен қатар 1975-1979 жылдары танымал емес шағын жоғары технологиялық Apple Computer атты американ компаниясы біраз инвесторлардан 7 миллион доллар алған еді. 1980 жылы 12 желтоқсанда жоғары сұраныспен компьютер шығарып сататын кәсіпорын, өзінің акциясын қор нарығына шығарғанда, бұл құнды қағаздардың бағасы бірақ күнде шарықтап кеткені соншалық 1,7 миллиард долларға көтерілген. Кәсіпорынның негізін қалаушы 25 жастағы Стивен Джобс 24 сағаттың ішінде акция пакеті 4 миллиард долларды құрайтын миллиардер болып шыға келді. Жоғары технологиялы компаниялар мен венчурлық бизнес дамыған елдердің экономикасында негізгі рөлді иеленеді. Егер Дженерал моторс, Даймлер Бенс компанияларының сомасы 360 млрд. долларды құраса,нарықтағы бағасы 127 млрд. долларды құрайды. Ал енді Майкрасофт, Сиско және Интел компаниялары 39 млрд. долларды құраса, нарықтағы бағасы 320 млрд. долларды құрайды. Жоғарыдағы компаниялардың айналымынан 10 есе көп. Бұдан біз мынадай тұжырымға келеміз венчурлық бизнес бұл жаңа идеялармен инновациялық тауарлардың кілті болып табылады.

     Венчурлық қаржыландыру басқа қаржыландырулардан, соның ішінде банктік несиеден қандай айырмашылығы болуы мүмкін:

  1. Инвестор өз қаржысын акцияға салады.
  2. Инвестор жаңа кәсіпорынға көмектеседі (кеңес береді, тәжірибесімен бөліседі, таныстар табады).
  3. Тоқсандық, жылдық пайыздық төлем талап етпейді.
  4. Банктер тәуекелі жоғары әрі ұзақ мерзімге қаржы беруден сақтанады.
  5. Венчурлық капитал беруші акционері ретінде сәтсіздіктерді де, жауапкершілікті өзінің мойнына алады. Кәсіпорынның негізін қалаушы мен инвестор әріптес ретінде жұмыс істейді.

     Сондықтан бизнестің бұл түрі Қазақстан  үшін өте тиімді деп айтуға болады. Венчурлық кәсіпкерлікті іске асырудың басты нәтижесі республикада экспортқа бағытталған экономика секторын құру болып табылады. Мемлекетімізде венчурлық бизнестің дамуы:

  • Ғылыми және техника жетістіктері негізінде ең бірінші кезекте елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге;
  • Өнеркәсіптің базалық салаларының жаңа технологиялық тәртіпке және қайта жасауға көшуін жүзеге асыруға;
  • Шағын және орта кәсіпорындарды дамыту есебінен ЖІӨ-нің құрылымындағы ірі кәсіпорындардың үлесін төмендету жолымен экономиканың тұрақты қамтамасыз етуге;
  • Шағын инновациялық бизнесті дамыту үшін жағдай жасауға;
  • Меншік иелерінің экономикалық белсенді қабатын қалыптастыруға;
  • Ғылымның дамуына;
  • Қор нарығының дамуына;
  • Халықтың арасында орта таптың қалыптасуына мүмкіндік береді.

     Өнеркәсіпті өркендетудің негізгі факторларына шаруашылық субьектілерінің қызметінің институционалды және заңнама шарттарын нақтылау және бюджет-қаржы жүйесін жетілдіру жатады. Қазіргі кезде өнеркәсіп салаларын жандандыру үшін қолдау көрсету мемлекеттің негізгі міндеті болып көзделуде. Қазақстан өнеркәсібін дамытудың басты бағытына ішкі тұтыну нарығын бәсекеге қабілетті жоғары отандық тауарлармен толықтыру мақсатында импорттық тауарларды ығыстыру көлемін 15-20%-ға дейін төмендету болып отыр.

     Бәсекеге  қабілетті өнеркәсіптің индустриялдық деңгейін көтерудің негізгі тетіктеріне:

  • Өнеркәсіптің өңдеуші салаларының инвестициялық тартымдылығын көтеруге қолайлы жағдай жасау;
  • Монополияға қарсы шаралардың тиімділігін арттыру, тауар нарығында монополиялық құрылымдардың пайда болуына тосқауыл қою;
  • Өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті өңдеуші салаларын көтеру үшін жеке түрде артықшылықтар мен преференциялар беру;
  • Бәсекелестік ортаны қалыптастыру және қолдаудың тиімді механизмі ретінде сауда биржасын дамытуды ынталандыру, себебі сауда биржасын көтеру арқылы бюджетке салықты түсіруді көбейтуге мүмкіндіктер ашылады;
  • Ішкі нарықта демпингтік бағалармен күрес жүргізу,бақылау әдістерін жетілдіру, кәсіпкерліктің табысынан бірнеше есе асатын айыппұл мен өсім салуға шек қою, демпингке қарсы іс қозғау ұйымдарын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  • Менеджмент деңгейін көтеру;
  • «Көлеңкелі экономикамен» және коррупцияға қарсы күрес жүргізу.

     Кәсіпорындардың негізгі қорларын қайта бағалау, амортизация мөлшерін моральдық  және табиғи тозуына қарай анықтау  арқылы ынталандыру жүйесіне жаңалықтар енгізу өнеркәсіптегі инновациялық белсенділік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Ғылым мен техника жаңалықтарын өндіріске енгізу көптеген қаржы ресурстарын талап ететіні белгілі. Қаржыландыру көздерінің шектеулілігі өнеркәсіптің материалдық-техникалық әлеуетінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Индустриялық дамыған мемлекеттерде ғылымға салынатын қаржылар көлемі өте жоғары.

     Біздіңше, мемлекеттің ғылыми-техникалық жетістіктерді  өндіріске енгізу бағыттарын қолдаудың  тиімділігі оның заңдылық негіздерін қалыптастыру мен оны қаржыландыру көздерін белгілеу арқылы шешіледі. Бұл тарапта өндірістерді инновациялық дамыту, ендігі кезекте, Үкіметтің 2001 жылы №617 Қаулысымен бекіткен «2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен 2002 жылы қабылданған «Инновациялық қызмет туралы» ҚР Заңының аясында жүргізілмек. Кейінгі болған қаржы дағдарысының әсерінен біз 2015 жылға дейін индустриялы елдердің қатарына кіре алмайтын болдық. Сондықтан үкімет «2010-2020 жылдарға арналған үдемелі индустриялық инновациялық даму» бағдарламасын қабылдады. Үкіметтің қаржы дағдарысына қарсы қабылдаған «Бес батыл қадам» бағдарламасында индустриялы-инновациялық дамуға Ұлттық қордан 1 млрд. доллар бөліп отыр. Бірақ, бұл да мүлдем мардымсыз қаражат. Еліміздің экономикасының болашағы болып саналатын бұл салаға мемлекет дұрыс қолдау көрсетпесе халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсарып, біз индустриялды ел боламыз деген сөз жәй ертегі болып қалмақ.

     Біздің  пайымдауымызша, осы заң мен мемлекеттік  инновациялық дамыту бағдарламасының негізінде халық шаруашылығының әрбір саласына қатысты арнайы инновациялық дамыту бағыттарын анықтаған жөн. Өйткені, әрбір саланың өндірістік ерекшеліктері мен оны дамыту қажеттілігі, қаржыландыру көлемі мен оны алу көздері, мемлекеттік маңызды нысандары мен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығы осыны қажет етеді.

     Өнеркәсіптің  индустриялық-инновациялық дамуын қалыптастыратын  құрылымға:

  • индустриялық-инновациялық дамудың экономикалық тетіктер жүйесіне салық саясаты-ғылыми шығындарын үнемі арттырып отыратын субъектілер үшін жаңа технологияны игеруші шағын және орта бизнес үшін салық жеңілдіктерін бекіту;
  • белгілі бірмерзімге венчурлық бизнесті салықтан толық босату;
  • инновациялық қызметтің қаржы-несиелік механизмі-жеңілдік несиелер беру, жеңілдетілген амортизациялар;
  • жаңа технологиялар нарығын дамыту – технологияны сатып алу-сату механизмін пайдалану;
  • индустриялық-инновациялық қаржыландыру жүйесіне инновациялық қорлар,инвестициялық-инновациялық банктер, бюджеттік қаржыландыру, шетел инвестициялары, кәсіпорынның өз қаржылары;
  • инновациялық инфрақұрылымдар жүйесіне – технопарктер, технополистер, бизнес-инкубаторлар және т.б., жаңалықтарды тарататын және өндіріске енгізетін дербес түрде жұмыс істейтін фирма-делдалдар құру, ынталандыру қорларын қалыптастыру және т.б.;
  • мемлекеттік және өнеркәсіптік, салалық инновациялық бағдарламалар жасау, мемлекет, өнеркәсіп салаларын және халықаралық деңгейде дайындау жатады.

Информация о работе Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жағдайы және даму болашағы