Жергілікті желі және Интернет

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 11:41, курсовая работа

Описание работы

Мекемеде бірнеше компьютерлерді порт құрылғылары арқылы байланыстырып. Бір-бірімен информация алмасатын жергілікті компьютерлік желі құру қиын емес, олардың бірін бірнеше компьютерлерге ортақ, басқа компьютерлердің кейбір информация ауыстыру жұмыстарын орындайтын негізгі түйінді компьютер етіп дайындайды да? Оны Сервер деп атайды. Түрлі жергілікті жүйелерді бір-бірімен кабель, т.б. арқылы қосу мүмкін.
Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі-дүние жүзі елдерінің жергілікті және ғаламдық желілері арнайы қызмет көрсету программалары арқылы байланыстырылып қойылған.

Содержание

І. Кіріспе
Жергілікті желі және Интернет
ІІ. Негізгі бөлім:
ТСР/ІР жүйелік хаттамасы
World Wide Web (WWW). Веб-бет. Гиперсілтеме
Internet Explorer.
Веб-бетті іздеу. URL адрестері.

ІІІ. Қорытынды
Мәліметтерді құру және жәберу.
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Интерфейс.doc

— 432.50 Кб (Скачать)

Терезеде орындалатын  іс-әрекеттер:

    • түрлі операцияларды орындау;
    • ЭП адрестерін адрестік кітапқа сақтау және оларды

мәліметтерге кірістіру;

    • мәліметтерді ыңғайлы түрде тез іздеу;
    • мәліметтер тізімін сорттау;

ЭП программасы үздіксіз жетілдіріліп, серверлерде сақталып

отырады. Мысалы, Ресейден шығатын мәліметтердің сақталу  адресі:

news://ms news.Microsoft.com/rus/

Егер қажетті сұраққа  жауап, кеңес алғыңыз келсе, мына сияқты адресті пайдалану керек:

news://ms news.Microsoft.com/Microsoft.publik.ru.ie30

Егер негізгі мәзірге  енгізілсе, ЭП-ны не Outlook Express-ті іске қосу командасы:

Іске қосу –  Программалар – Internet Mail     не

Іске қосу –  Программалар – Outlook Express

Егер мәзірде ЭП программасы бар болса және Интернет

компьютерге қосулы болса, бірінші команда берілген соң алғашқы алты қадамдық терезесі бар «mail-ды бапқа келтіру Шебері» программасы іске қосылады. Терезелерге енгізілу тиіс мәліметтер:

    • пошта жіберетін адамның аты-жөні;
    • оның ЭП адресі, паролі;
    • басқарушы сервер атауы;
    • «Жіберуші» және «Қабылдаушы» пошта адрестері, т.б.

экранда ЭП-ның негізгі терезесі көрінеді. Тперезенің негізгі мәзір пункттеріне ЭП-мен жұмыс істеу режимдерінің командалары енгізілген:

Файл: Ашу, Басу, Түрінде сақтау, Алыстату, Бума (Құр, Ашу, Алып тастау), Жаңалықтарды оқу және т.б.;

Түзету: Көшіру, Оқылған етіп белгілеу, Оқылмаған етіп белгілеу, Мәліметті іздеу, ...;

Түр: Аспаптар панелі, Қалып-күй жолы, Көріп шығу облысы, Бағандар, Сорттау, Символдар жиыны, Жаңарту, ...;

Мәлімет: Мәлімет құру, Жібергенге жауап беру, Бәріне жауап беру, Жіберу, Көшіру, Поштаны жеткізу, Сорттаушы, Параметрлер.

Анықтама: Анықтаманы шақыру, Мағлұматтар және т.б.

Екініші қатарда көрініп  тұратыны – аспаптар панелі. Панельге енгізілген түймелер: Мәліметтер құру, Жібергенге жауап беру, Поштаны жеткізу және тағы басқа.

Терезенің келесі жолына мынандай бумалар тізімі енгізілген: Кірістірілгендер; Шығарылғандар; Жіберілгендер; Алып тасталғандар.

Параметрлер терезесі

ЭП мәзірі арқылы Мәлімет-Параметрлер командасын беріп, «Параметрлер» сұхбаттық терезенің экранға шығуға болады. Терезеде Жіберу, Оқу, Сервер, Шрифтеу, Орфография, Қосу, Қолтаңба қондырмалары бар. Оларға автоматты түрде параметрлер орнатылып қойылған, Сервер қондырмасына поштаны бапқа келтіру үшін сұралатын барлық параметрлерді енгізіп қою мүмкін.

Мәліметтерді  құру және жәберу.

Мәлімет құру үшін мәзір  арқылы берілетін команда:

Мәлімет –  Мәлімет құру (Команданы аспаптар панеліннің «Мәлімет құру» түймесін шерту арқылы беруге де болады.) Экранда осы атаулы терезе көрінеді. Терезеге енгізілген мәзір пунктілері:

Файл: Жіберу, Адрестік кітап, Қасиеттер Жабу;

Түзету: Болдырмау, Кесу, Көшіру, Кірістіру, Бәрін таңдау, іздеу;

Сыртқы түр: Аспаптар панелі, Фороматтау панелі, Символдар жиынтығы;

Мәлімет: Мәлімет құру, Қабылдаушыларды таңдау, орфография, Атауларды тексеру, Маңыздылық;

Кірістіру: Мәтіндік файл, Файл, Қолтаңба;

Формат: Шрифт, Туралау, Маркерлер, HTML форматы, Әдеттегідей мәтін, Бапрқа келтіру, ...;

Анықтамалық: анықтамалықты шақыру. Программа жөнінде.

Терезеде орындалуы  тиіс іс-әрекеттер:

  1. Төмеңгі блокқа мәлімет мазмұнын, «Кімге» қатарына жіберетін электрондық адресті енгізу.
  2. Кірістіру-Қолтаңба командасын беріп, көрінген сұхбаттық терезеге өз аты-жөніңізді, электрондық адресіңізді және мәлімет жазылған уақытты енгізу. Одан әрі Мәлімет құру терезесіне қайтып оралу.
  3. Кірістіру-Мәтіндік файл командасын беріп, жазылған мәліметті файл түрінде сақтап қою.
  4. Файл-Жіберу командасы арқылы поштаны жіберу. Егер файл түрінде сақталған мәліметті жіберу қажет болса, Кірістіру-Мәтіндік файл командасын беріп, қажетті файл атауын шерту керек. Оны бірден жіберу Мәлімет-Поштаны жіберу командасы арқылы орындалады.

Қабылдау режиміндегі  жұмыс:

  • ЭП терезесін экранға шығару
  • оның «Бумалар» тізімінен «Кірістірілгендер» бумасын таңдау. Қабылданған мәлімет атаулары терезеге шығады.
  • атауды таңдау. Таңдалған файл мазмұны терезенің төменгі блогында көрінеді.

Одан әрі Түзету-Оқылған ретінде белгілеу командасын беріп, мәліметтің қабылданғаның белгілеп қойған жөн.

Пошта программасын ІЕ терезесінен қосуға да болады. Ол үшін аспаптар панелінің Пошта түймесін шертіп, көрінген мәзір пункттерінен «Поштаны оқу» жолын таңдау керек.

Outlook Express-пен жұмыс істеу тәсілі де ЭП-мен жұмыс істеуге шамалас. Төменде Outlook Express терезесі көрсетілген 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

    1. Терехов А. Н., Тискин А. В.  // Программирование РАН. –1994. -N 5 
    2. Галатенко В.А. Ақпараттық қауіпсіздік. –М.: 1997
    3. Герасименко В.А., Скворцов А.А Компьютер білімі. –1999
    4. Баричев С. В. Интернет. –М.: Наука, 1998



Информация о работе Жергілікті желі және Интернет