Windows XP операциялық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 21:52, курсовая работа

Описание работы

WindowsXP - Microsoft ұсынған операциялық жүйе. Бұл жүйеде бұрын бөлек болған W9x мен NT екеуін біріктіру жоспарланған. Алғашқыда бұл проект Whisler деп аталған. Бірақ сосын ол екіге бөлінді. WindowsXP W9x пен W2kPro-ні ауыстыруға және WindowsNET NT Server-ді алмастыруға бағыттанған. Атауларының түрлі болуына қарамастан олардың барлығы Windows2000-дің тікелей мұрагерлері және WindowsNT тізбегін жалғастырушылары болып табылады. Бұл WindowsXP-дің негізгі ерекшеліктерін анықтайды.
WindowsXP-дің тыңнан қосылған қабылеттері болса негізінен істетушілерге әзірленген, сыртқы көрініс көп дәнекерлік қабылеттерімен торап, қабылеті жағындағы ерекшеліктері болып, өткендегі меңгеру жүйелер барлық қабілет ерекшеліктерімен өз бойына сіңіріп, өзінің кемелденген қабілеттері арқылы алға шыққан.

Работа содержит 1 файл

Искакова Жулдыз Курстык жумыс.doc

— 222.00 Кб (Скачать)

Мөлшері 8 Гбайттан аз дискілер үшін кластердің мөлшері – 4 Кбайт.  ●   Жоғарылатылған сеиімділік және программаларды тезірек жүктеу.

FАТ12 және FАТ16-ға қарағанда  FАТ32 түпкі каталогті жылжыта  алатын және де бірінші көшірме  зақымданғанда, FАТ- тың резервтегі  кешірмесін қолдана алатын мүмкіншлікке  ие. Мұнымен қоса, FАТ32-нің жүктемелі секторы FАТ16-мен салыстырғанда кеңейтілген және аса қажет мәліметтер құрылымының резерв көшірмесіне ие болады.

2.7 NTFS файлдық  жүйесі

 

Windows (NTFS) файлдық жүйесі FАТ (FАТ16 FАТ32) файлдық жүйелерін  қолданғанда қол жеткізбейтін  өнімділікті, сенімділікті және тиімділікті игеруге мүмкіндік береді. NTFS файлдық жүйесін жасаудағы басты мақсат - файлдарда орындалатын стандартты операцияларды жылдам орындау және үлкен дискілерді сығу мен оларды зақымданған файлдарды қалпына келтіру сияқты қосымша мүмкіншіліктерді игеру. NTFS қолданушының маңызды жеке мәліметтерінің тұтастығын қамтамасыз етуде өте маңызды рөл атқаратын артықшылықтарына және мәліметтерге енуді бақылауына көмек бере отырып, қорғалған сипатқа ие. NTFS папкалары мен файлдары ортақ немесе жекелігіне қарамастан, оларға тағайындалған ену кұқығына ие болуы мүмкін. NTFS Windows NТ/2000/ХР операциялық жүйелерінде жекелеген файлдарға кіруге кұқық тағайындауға мүмкіндік беретін жалғыз файлдық жүйе. Бірақ, егер файл NTFS томынан немесе тарауынан FАТ томына немесе тарауьша көшірілсе, NTFS-тің өзіне тән атрибуты мен барлық кіру құқықтары жойылады. NTFS томы туралы басты ақпарат тараудың 0 секторынан басталып, 16 секторға дейін ұзындықты алатын тараудың жүктемелі секторында (Раrtition Boot Sector) болады. Ол екі құрылымнан тұрады:

1) ВІОS параметрлер  блогі. Бұл құрылым томның құрылысы  туралы  және файлдық жүйенің  құрылысы туралы ақпаратты береді.

2)  Компьютерде   орнатылған   кез-келген   операциялық   жүйе  үшін 

     файлды  қалай табуды және жүктеуді сипаттайтын код. х86 

     компьютерлерінде  орнатылған Windows NT/2000/ХР жүйелері 

     үшін бұл  код ИТLDR жүктеуін шақырады.

 

NTFS үшін томды форматтау  бірнеше жүйелік файлдар мен  басты файлдар кестесінің (Master File Tabl,MFТ) құрылуына алып кеп соғады. МFТ-тан NTFS томында орналасқан барлық файлдар мен папкалар туралы ақпаратты табуға болады.

NTFS - барлық файлдарды  атрибутты объект ретінде өңдейтін  объектілі-бағытты файлдық жүйе. Томағы дерлік барлық объектілер  файл болып табылады. Ал файлдағы басқа заттар атрибуттар болып келеді -мәліметтер атрибутты, қауіпсіздік жүйесі атрибуты, файл атауының атрибутын қосқанда. NTFS томындағы бос емес сектор қандай-да бір файлдың иелігінде. Файлдың бөлігі болып файлдық жүйенің метамәліметтері де танылады (файлдық жүйенің өзінің сипатын берегін ақпарат).

Windows 2000 операциялық жүйесіне NTFS-тің жаңа версиясы - NTFS 5.0 енгізілген  болатын. Осы әрекеттің құрамында  пайда болған мәліметтердің жаңа  құрылымы Windows 2000 ОЖ-нің өзіндік мүмкіншіліктерін  пайдалануға мүмкіндік береді, мысалы, әрбір қоданушы үшін диск қолдануға квота, өту кестесі (junction points), файлдарды шифрлеу, орнатылған свойствалар жинағы (native property sets). Сонымен қатар, NTFS 5.0 томдарына қосымша дискілік кеңістікті қосуды қайта жүктеусіз жүзеге асыруға болады. Windows ХР бұл файлдық жүйе үшін айтарлықтай жаңалыктар ұсынбайды, дегенмен, кейбір жақсартулар бар.

NTFS - үлкен көлемді  томдармен жұмыс үшін ең тиімді  таңдау. Бұл жағдайда егер жүйеге  көтерінкі талаптар (олардың қатарында  қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен сығудың тиімді алгоритмін қолдану бар) қойылса, олардың бір бөлігі тек NTFS көмегімен жүзеге асыру мүмкін екендігін екеру қажет. Сондықтан, кей жағдайда (кішігірім томдар болса да) NTFS-ті қолдану қажет.

2.8 NTFS 5.0 мүмкіндіктері

 

Бұл бөлімде Windows 2000/ХР-де қалыпты болып есептелетін NTFS файлдық  жүйесінің 5.0 версиясының ерекшеліктері  қарастырылады. Тек осы жүйе ғана Windows 2000/ХР-дің жинақтаушы дискілердегі мәліметтердің сақталу сенімділігі  мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. NTFS 5.0 келесі мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

   ● Мәліметтерді  шифрлау. Шифрлаушы файлдық жүйе  (Encrypting File Sustem, EFS) сақтаулы ақпараттың   жасырындығын қамтамасыз етеді, Windows ХР-де ақпараттың шығып кетуіне мүмкіндік беретін бірқатар механизмдер алынып тасталған.

●    Дискідегі квоталар. Жекелеген пайдаланушылардың иемдене алатын кеңістігін шектеуге болады.

●   Қайта   өңдеу   нүктелері   механизмі   (reparse points). Атап айтқанда қосу нүктелерін (junction points) пайдалануға мүмкіндік береді. Олар арқылы компьютердің NTFS 5.0 файлдық жүйесіндегі есімдер кеңестігінде бар мақсатты папкалардың бірқатарын бос папкаға айналдырады. Windows ХР үшін мүмкін жолдардың кез келгені мақсатты папкада бола алады.

●    Сиретілген  (sparse)   файлдар. NTFS көп бос байттары бар файлдарды жақсы сақтайды.

●   Өзгерістер  журналы   (change journal),   мұнда  файлдар   мен томдарға ену  жөніндегі барлық операциялар тіркеледі.

Windows 2000-мен салыстырғанда  Windows ХР жүйелері NTFS -пен жұмыс  істеуде біршама жақсартылған:

●   Місrosoft компаниясының  айтуынша әрекет жылдамдығы  5-8 процентке  өсірілген, және NTFS те FАТ секілді өнімділікке  ие.

●   Convert.ехе командасын пайлана отырып жасалатын жүйелердің жаңартылуы  тезірек  жүзеге   асады.  Мұндайда  кластерлердің белгіленген өлшемдері емес 4 Кбайтқа дейінгі түрлі өлшемдер пайдаланылуы мүмкін.

 ●    Жаңартылған    томдарға     бастапқы     томдарда    қабылданған кеңейтілулер орнатылады.

●     Дефрагментацияға арналған жаңа мүмкіндіктер қолданылған.

Файлдық жүйелерді шектеу және сәйкестік мәселелері

Төменде көрсетілген  кестелерде NTFS және FАТ файлдық жүйелерінің  сәйкестігі туралы мәліметтер келтірілген.

 

Әр түрлі операциялық  жүйелерде файлдық үйелерді қолдау.

Операциялық

        жүйе

 Файлдық жүйе                 NTFS       FAT16 

FAT32MS-DOS, Windows           3.x

Windows            95

(OSR2-ге дейінгі

версиялада)

Windows            95

OSR2,    Windows

98 және  Windows

ME

Windows NT 3.51

 

Windows NT 4.0

 

Windows 2000/XP                   – 

 

                  –

 

 

                  ○

   (NTFS 5.0-ден басқа)

                  ○

    (NTFS 5.0 – Service

          Pack 4-пен)

                  ○

 

Файлдың жүйелердің шектеулері.

Шектеулер

  NTFS

FAT16 FAT32

  Тараудың    мөлшері

 

Файлдардың мөлшері

Тараудың минимал мөлшері орта есеппен 8 Мбайтты құрайды.

Прпактикада мөлшері 2 Тбайттан аспайтын том құру ұсынылады.

NTFS-тің көмегімен дискет форматтауға болмайды.

Теориялық тұрғыдан файлдың мөлшері 16 экзабайт құруы мүмкін. FAT дискеттің көлемінен 4 Гбайтқа дейінгі томдардың мөлшерін қамти алады.

FAT32 32 Мбайттан  8 Гбайтқа дейінгі томдардың көлемін қамти алады. Windows XP операциялық жүйесінің басқаруында отырып FAT32 үшін көлемі 32 Гбайттан  аспайтын томдарды форматтауға болады.

FAT мөлшері 2 Гбайттан аспайтын файылдарды қамтиды.

FAT32 мөлшері 4 Гбайттан аспайтын файылдарды қамтиды. 

 

 

 

 

 

3  Жүйе мен  мәліметтерді қалпына келтіру

3.1 Қалпына  келтіру консолы.

3.1.1 Қалпына  келтіру консолы туралы жалпы  мәлімет

 

Қалпына келтіру консолі (Recovery Console) бірінші рет Windows 2000 операциялық жүйесінде пайда болды және осы пайдалы жаңалықты техникалық қолдау тобының көпетеген администраторлары мен мамандары бағай білді.

Қалпына келтіру консолі (Recovery Console) интерфейсі командалық жол болып келген консоль. Ол өз кезегінде администраторларға және администраторлық құқыққа иелік еткен қолданушыларға жүктеу кезіндегі проблемалары бар жүйелерге қалпына келтіру процедураларын жүргізуге

мүмкіндік береді. Қалпына келтіру консолі (Recovery Console) сервистерді іске қосуға және тоқтатуға, дискілерді форматтауға, локалді қатты дискілерде мәліметтерді оқуға және жазуға (NTFS файлдық жүйесі үшін форматталған дискілер), зақымданған басты жүктемелі жазбаның (МВК) және зақымданған жүктемелі секторлардың проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

Егер жүйені қалпына келтіру үшін бір немесе бірнеше жүйелік файлдарды (дискетадан немесе компакт-дискіден) қатты дискіге көшіру үшін, сервисті немесе Windows 2000/ХР ОЖ жүктеуге кедергісін тигізетін драйверлердің үйлесімсіздігін қайта үйлесімге келтіру үшін қалпына келтіру консолі пайдалы және қолайлы.

Қалпына келтіру консолін қосудың келесі әдістері болады;

●   Егер қатты дискіден Windows ХР ОЖ жүктеу орындалмаса, онда қалпына   келтіру   консолін   Windows ХР-дің   дистрибутивті компакт-дискісінен қосуға болады(егер BIOS-та First Вооt ретінде СD-RОМ тұрса). Егер компакт-дискіден жүктеу мүмкін болмаған жағдайда, жүктемелі     дискетадан     компьютерді     жүктеп, командалык жол арқылы Windows ХР ОЖ орнату программасын қосу керек.

●   Қалпына келтіру консолін қатты дискіге орнатуға болады және оны                    жүктеу менюіне енгізуге болады.

3.1.2 Windows ХР орнату программасы арқылы қалпына келтіру консолін қосу

 

Жоғарыда атап өтілгендей қалпына келтіру консолін Windows ХР орнату прогрпаммасы арқылы жіберуге болады. Әрине ол үшін Windows ХР дистрибутивті компакт-дискісі керек. Windows ХР Setup программасы қосылғаннан кейін бірнеше минут күту керек (бастапқы файлдарды көшіру біткенше). Windows ХР Setup программасы келесілерді таңдауды ұсынады: Windows ХР операциялық жүйесін орнату, Windows ХР зақымданған көшірмесін қалпына келтіру, орнату программасының жұмысын аяқтау.

Содан соң Windows ХР Setup программасы қатты дискідегі Windows ХР -дің калпына келтіруді қажет ететін көшірмесін іздеуді орьндайды. Windows ХР Setup программасы көшірмелерді тапқаннан кейін, қалпына келтіруді керек ететін көшірмені таңдауды және Админмистратордың (Administrator) паролін енгізуді сұрайды. Windows ХР жүйесіне кіргеннен соң қолданушы жүйені қалпына келтіру құралдарын қолдануға мүмкіншілік алады. Яғни, келесі операцяларды орындауға болады:

  ●    тарауларды форматтау;

  ●    сервис қосу және тоқтату;

  ●    файлдарды оқуды және жазуды орындау;

  ●    зақымданған басты жүктеу жазбасын қалпына келгіру;

3.1.3 Қалпына келтіру консолін қатты дискіге орнату

 

Қалпына келтіру консолін қатты дискіге орнату үшін және оны жүктеу менюіне опция ретінде енгізу үшін келесілерді орындау керек:

1. Windows ХР   операциялық   жүйесінің   администратор   немесе Админисртралар (Administrators) тобына жататын қолданушы ретінде тіркелу керек.

2.  Windows ХР дистрибутивті компакт-дискісін СD-RОМ-ға салу керек.

3. Егер Windows ХР операциялық жүйесін жаңартуды орындауды сұраса, Жоқ (N0) батырмасын басу керек.

4. Командалық жол режимінде Windows ХР операциялық жүйесінің дистрибутивті компакт-дискіге ауысып, келесі команданы енгізу керек

           \і386\winnt32.ехе/cmdcons

5. Экранға шыққан нұсқауларды орындау керек.

3.1.4 Қалпына келтіру консолін өшіру

 

Жүктеу менюіне опция ретінде енгізілген қалпына келтіру консолін өшіру керек болса, онда келесілерді орындау керек:

 

1. жүйелік тараудың түпкі каталогінен \Сmdcons папкасын және Сmldr файлын өшіру керек.

2.  Вооt.іnі  файын  редакторлеу  үшін   ашып,   ондағы   қалпына келтіру консоліне байланысты жолды өшіру керек. Мысалы:

С: \cmdcons\bootsect.dat=”Microsoft Windows XP Recovery Console”/cmdcons

 

 

 

 

 

 

 

3.1.5 Қалпына келтіру консолін қолдану

 

Қалпына келтіру консолі интерфейсі командалық жолдың толық экранды интерфейсінен тұрады (MS-DOS-тағыдай). Қалпына келтіру консолінде қолданылатын командалардың қысқаша тізімі:

●    Attrib - файлдың немесе каталогтің атрибутін өзгерту;

●    Batch - көрсетілген текстік файлдағы командаларды орындау;

●    ChDir(CD)- басқа каталогке ауысу;

●    Chkdsk - Сhkdsk программасын қосу;

●    Cls - экранды тазалау;

●    Сору - көрсетілген жалғыз файлды көшіру;

●   Delete(DEL) - жалғыз файлды өшіру;

●   Dir- каталог ішіндегілердің тізімі;

●     Disable - жүйелік сервистер мен драйверлерді тоқтату;

●    Diskpart - қатты дискідегі тарауларды басқару;

●  Enable - сервистер мен драйверлерді қосу;

●    Exit - қалпына келтіру консолінің  жұмысын   аяқтау  және компьютерді қайта жүктеу;

●    Expand - сығылған файлды шығару;

●    Fixboot - жүйелік тараудағы зақымданған жүктемелі секторды дұрыстау;

●    Fixmdr - зақымданған басты жүктеу жазбасын дұрыстау;

●    Format - дискіні форматтау;

●    Неlр - қалпына   келтіру   консолі   бойынша   анықтамалық ақпаратты шығару;

●    Listsvc - жүйедегі  барлық  қолданылатын  сервистер мен драйверлердің тізімін шығару;

●   Logon - Windows ХР жүйесінде тіркелу;

Информация о работе Windows XP операциялық жүйесі